«Қазақ әдебиеті» пәнінен сабақ жоспары
(1108000 «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша
орыс тілінде оқитын 1-курс студенттеріне)
Макимова Аймкуль Кайргельдиновна,
Астана қаласы, М.Тынышпаев атындағы
Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
Ақмола колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті
және орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы студенттердің білімдерін тереңдету; әдеби шығармаларымен таныстыру;
Дамытушылық: студенттердің сөздік қорларын тоықтыру; өз ойын дәлелді айту, сипаттау, мәнерлеп оқу, салыстыру, талдау, өздігінен жұмыс істеу және зерттеу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: студенттерді ұлтжандылыққа, жаман әдеттен жирендіру; білімділікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ақпараттық технология; СТО стратегиясы: «Миға шабуыл», «Шеберхана» әдісі.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақта жұмыс істеу түрі: жұппен, топпен
Сабақтың көрнекілігі:
«Қазақ әдебиеті» оқулығы, О.Абдиманұлы, С.Дюсебаев - Алматы, «Мектеп», 2010; 14-26- бет;
«Қазақ әдебиеті» хрестоматия, О.Абдиманұлы, С.Дюсебаев - Алматы, «Мектеп», 2010; 3-10- бет;
«Қазақ әдебиеті» оқу-әдістемелік құралы, С.Тайманова, К.Махатова, Ә.Жаулыбаева – Қызылорда, «Тұмар», 2009ж.; 71-78-бет;
«Қазақ әдебиеті» 11-сыныпқа арналған электронды оқулық, Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы, 2013ж.
А.Байтұрсыновтың шығармалар жинағы;
И.А. Крыловтың шығармалар жинағы;
Ноутбуктар, слайдты материалдар
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: студенттердің сабаққа қатысуын және дайындықтарын тексеру.
2. Психологиялық дайындық: әр студент жанындағы көршісіне жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тілейді.
3. Оқытушы сабақтың тақырыбымен, типімен, күтілетін нәтижемен және бағалау шарттарымен таныстырады.
4. «Миға шабуыл»: Тарих толқынында. Мақсаты: студенттерді жаңа материалды қабылдауға дайындық.
4.1 Блиц сұрақ-жауап:
- ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ елінде қандай тарихи оқиғалар болды?
- ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің қандай ғасыры?
- Әдебиет қандай өнердің бір түрі?
- Осы кезеңдегі қазақтың қандай тарихи тұлғалары естеріңізге түсті?
- «Бес арысқа», «Үш бәйтерекке» кімдер жатады? Олар неге солай топтастырылған?
4.2. «Миға шабуыл» сәтін қорытындылау.
5. Сөздік жұмысы: оқулықтың 25-бетінде берілген сөздерді жеке және хормен мәнерлеп оқу, аудармасымен танысу.
6. Жаңа материалды меңгеру: «Шеберхана» әдісі:
6.1 Студенттер төрт топқа бөлініп тапсырмалар беру арқылы ғаламтордан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді тауып, ноутбукта, дәптерлерінде орындайды. Зерттеу жұмыстарына қойылатын негізгі талап: орыс тілді аудиторияға түсінікті болуы, сөздікті және берілген слайд, фотосуреттерді қолдана отыра, тірек конспект әзірлеу.
1-топ: А.Байтұрсыновтың өмірбаяны туралы.
ӨМІРДЕРЕК («Екі жазба күнделігі» бойынша):
1872 ж.
|
Қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде дүниеге келген.
|
1882-1884жж.
|
Көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады.
|
1886-1891жж.
|
Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша –қазақша училищесінде білім алады.
|
1891-1895жж.
|
Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.
|
1895ж.
|
Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады.
|
1909-1910жж.
|
Семей абақтысына сотсыз, үкімсіз 8 ай бойы қамалады.
|
1911ж.
|
Орынборда «Маса» кітабы жарық көреді.
|
1913-1918жж.
|
«Қазақ» газетінде редактор болып жұмыс істейді.
|
1923ж.
|
Мәскеуде «Күншығыс» баспасынан «Ер Сайын» эпостық жыры шығарылады.
|
1926ж.
|
Мәскеуде екінші фольклорлық мұрасы «23 жоқтау» жарық көрді.
|
1926ж.
|
Ташкентте «Әдебиет танытқыш» кітабы жарық көрді.
|
1929ж.
|
Абақтыға қамалып, лагерьде ұзақ азап көріп, 1929 жылы қайтып келеді.
|
1937ж.
|
Репрессия құрбаны болады.
|
1988ж.
|
Жоғарғы сот коллегиясы қылмыс құрамы болмағандықтан толығымен ақтады.
|
2-топ: А.Байтұрсыновтың жалпы шығармашылығы .
Ахмет Байтұрсыновтың артында қалған мұралары
Мақалалары
|
Қазақ тілі мен әдебиетке байланысты оқу құралдары
|
Қазақ тілінің әдістемесіне байланысты мақалалары
|
«Оқу жайы», «Бастауыш мектеп», «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізуге болады?»
|
«Оқу құралы», «Тіл құралы»,
«Әдебиет танытқыш»
|
«Ана тілінің әдісі», «Қай әдіс жақсы», «Жалқылауды жалпылау әдісі»
|
Өлеңдері:
«Маса»
«Қырық мысал»
|
Фольклор
«Ер Сайын»
«23 жоқтау»
|
Аудармалары
А.С.Пушкин
Н.В.Гоголь
Л.Н. Тостой
Н.А.Некрасов
шығармалары
|
Сергіту сәті:Психологиялық үйлесімдік туралы «Кактус» бейнеролигін тамашалау
3-топ: А.Байтұрсыновтың хрестоматияда берілген туындыларымен таныстыру. Концептуалдық кесте:
Шығарманың атауы
|
Тақырыбы
|
Идеясы
|
Кейіпкері
|
Моральдық мәні
|
|
|
|
|
|
4-топ: А.Байтұрсыновтың мысал аудармаларын И.Крыловтың туындыларымен салыстыру.«Лебедь, щука и рак» - «Аққу, шортан һәм шаян» мысалын мәнерлеп оқып, салыстыру және Венн диаграммасын пайдалану.
А.Байтұрсыновтың мысалдарының ерекшелігі
|
Шығармалардың ортақ қасиеттері
|
И.Крыловтың мысалдарының ерекшелігі
|
6.2. Жаңа материалды бекіту (жұппен дайындайды):
«Синквейн» – Бес жол өлеңмен ақын шығармашылығын қорытындылау.
7. Үй тапсырмасы: 1). Синквейн бойынша А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндау; 2). «Достыма хат» өлеңі бойынша «Достық қасиет қандай болу керек?» деген тақырыпқа шағын эссе жазу.
8. Рефлексия: «Тыныс белгілер сезімі» ойыны арқылы студенттер сабақ туралы өз ой-пікірлерін ортаға салады: !!! – тамаша; ! – жақсы; ??? – жауап беруден қиналамын; ? – түсінбеген тұстарым бар; +++ - ұсыныс айтқым келеді. (Егер түсінбеген тұстары болса, сол студентке түсіну жолдары беріледі).
9. Бағалау. Топ басшыларының пікірін ескере отыра, оқытушы студенттердің білімдерін бағалайды және сабақтың мақсатына жету-жетпеуіне өз түйінін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |