БЕКІТЕМІН
«Қаракемер кәсіптік колледжі»
МКҚК аға шебері
____________ Тукеева Ж.С .
Сабақ жоспары №12
Күні-айы: 08.01.2016 Топ: ЭД-03 Курс: I
Мамандығы: 1114000- дәнекерлеу ісі
Бөлімнің тақырыбы: Дәнекерлеу орнының жабдықтарының негізі
Сабақтың тақырыбы: Тексеру жұмысы
Мақсаттары:
Білімділік: Білім алушыларға тексеру жұмысы барысында слесарлық жұмыстардың әдіс тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсету.
Дамытушылық: Электр газымен дәнекерлеуші шеберханасында жүргілген тексеру жұмысы барысында білім алушылардың жұмысқа қабілеттілігін және ой-өрісін дамыту .
Тәрбиелік: Студенттерді жұмысты ұқыпты орындауға, тианақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы.
Сабақтың әдістері: Ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулыөқпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету ), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау).
Материалды –техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Пісіру трансформаторларды, түрлендірушілер мен түзеткіштер, төмен көміртекті болат тіліктері өлшемі 250×150×10 мм, Э-42 немесе Э-46 электрод типтері. Д= 4-5 мм. Дөңгелек сымдар Б= 30-40 мм, Б=3-5 мм, балғалар, болат щеткалар, соққыштар, сызғыштар, бор, жікті өлшегіштер, тақтайлармен маскалар, арнайы киімдер – брезент кеудешелер, шалбарлар, бас киімдер және қолғаптар.
Өткізілетін орны: Электр газымен дәнекерлеуші шеберханасы
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі: (1-3мин)
Сәлемдесу;
Білім алушыларды түгендеу;
Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру;
Кіріспе нұсқау : (45 мин)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатттармен таныстыру;
Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру:
1.Арнайы киімді қалай дұрыс кию керек?
2.дәнекерлеу жұмыс орнын қалай дұрыс дайындауға болады?
3. дәнекерлеу жұмысы кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері қандай?
Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;
Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;
Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;
Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;
1.Арнайы киімді қалай дұрыс кию керек?
2.дәнекерлеу жұмыс орнын қалай дұрыс дайындауға болады?
3. дәнекерлеу жұмысы кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері қандай?
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;
Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу(4сағат)
3.1.Білім алушылардың өзіндіңк оқу – өндірістік жұмыстары:
- Металды дәнекерлеуге дайындау ережесі,еңбек қауіпсіздігіне нұсқау, - металды түзету және белгілеу,
- әртүрлі металдарды кесу, тазалау,
-металды шабу және бөлу,
- бұрғылау және бұранда салу.
3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы ):
- Электр газымен дәнекерлеуші шеберханасындағы жұмыс орнын ұйымдастыру жағдайын тексеру;
- еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;
- технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;
- жұмыстарды қабылдау.
4. Қортынды нұсқау (15 мин):
4.1. Сабақты қортындылау .
4.2. Жіберілген қателіктерді талдау.
4.3. Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру.
4.4. Үй тапсырмасы: доғаны қыздыруға қол жаттықтырып үйден қайталап келу .
5. Жұмыс орнын жинастыру.
Ө/о шебері: ___________Тебірекұлы Ә.
Достарыңызбен бөлісу: |