Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының «Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорын
Сабақ жоспары № 2
Пән аты: «Автомобільдер электржабдығы».
Оқытушы: Молдажанов Талгат Т.
Топ: 34ТР.
Сабақ тақырыбы: «Аккумуляторлық батарея».
Сабақ мақсаты:
Білімділік: аккумулятор қызметі мен құрылысы жайында білім беру, аккумулятордың шарт белгісі туралы түсінік беру, аккумулятор батареясының жұмыс істеу тәсілін түсіндіру.
Дамытушылық: негізгі техникалық сипаттамаларына байланысты аккумулятор батареясын дұрыс пайдалану, техникалық сөздер қорын байыту.
Тәрбиелік: болашақ мамандықтарына қызығушылықты арттыру, сабаққа белсенді қатыстыру, ой-өрісін кеңейту.
Пән аралық байланыс: «Электротехника электроника негіздерімен», «Автомобиль құрылысы».
Сабақтың түрі: жаңа тақырып.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, техникалық диктант.
Жабдықтар: мультимедия проекторы.
Көрнекілік: аккумулятордың суреттері, электрикалық сұлбалар, аккумулятор бөлігі, аккумулятордың жұмыс макеті.
Сабақ құрылымы:
№
|
Сабақ құрылымының элементтері
|
Уақыт
|
I.
|
Ұйымдастыру бөлімі
|
5 минут
|
II.
|
Жаңа тақырып
|
72 минут
|
ІІІ.
|
Тақырыпты бекіту
|
10 минут
|
ІV.
|
Үй тапсырмасы
|
2 минут
|
V.
|
Сабақтың қорытындысы
|
1 минут
|
І. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу. Дәрісхананың тазалығына, балалардың киім үлгісіне назар аудару. Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру.
ІІ. Жаңа тақырып. Сабақ тақырыбын жария ету, таныстыру, оқушыларға сабақ мақсатын түсіндіру. Жаңа тақырыпты тусіндіру.
Аккумуляторлық батарея. Жалпы ережелер. Аккумулятордың анықтамасы, яғни атқаратын қызметі. Компьютерлік бағдарлама арқылы аккумулятордың ток көзі ретінде жұмысын көрсету.
Аккумулятор батареясының ток көзі ретінде ерекшеліктері. Аккумулятордың негізгі тұтынушысы - стартер. Аккумулятордың түрлері. Техникалық қызмет көрсетуді талап ететін және талап етпейтін аккумуляторлар.
2. Батареялардың шарт белгісі. Аккумулятордың шарт белгісі (таңбалануы). Мысалы: 6СТ 60 ЭМС аккумуляторының шарт белгісі. Шарт белгісінің мағынасын ашу. Аккумулятор батареясының сыйымдылығы. С20 аккумулятор сыймдылығы туралы ақпарат. Аккумуляторды отырғызу тогы: І=0,05× С20. Шекті кернеу.
3. Аккумулятор батареяларының құрылымы. Аккумулятор батареясының құрылымы. Оң және теріс пластиналар. Айырғыштардың қызметі. Жеке аккумулятордың және жалпы кернеуі. Аккумуляторларды ретпен қосу арқылы ортақтасуы. Аккумулятордың моноблогы. Электролит туралы ақпарат. Аккумулятор батарея құрылысынан үлестіргіш материал таратылады.
4. Аккумулятордың жұмыс істеу тәсілі. Қарапайым аккумулятордың сұлбасы. Пластиналардың оң және теріс иондары. Химиялық реакцияны талқылау. Аккумулятор батареясының макетінің көмегімен химиялық реакцияны іс жүзінде көрсету.
PbO2 + Pb + 2H2 SO4 ↔ PbSO4+ PbSO4 + 2H2O
ІІІ. Тақырыпты бекіту. Бекіту үшін техникалық диктант:
1. Аккумулятор батареясы элетротехника аспаптарының қатарында қайысысына жатады?
2. Аккумулятордың негізгі тұтынушысы?
3.Аккумулятордың үлкен сыйымдылығының арқасында қандай қасиеті пайда болады?
4. Қышқыл мен судан тұратын аккумулятордағы ерітінді?
5.Бір аккумулятордың кернеуі қанша?
6. Аккумуляторлар өзара қалай қосылады?
7. Әртекті пластиналарды қысқа тұйықталудан қорғайтын бөлшек?
8. Екі жаққа да жүретін химиялақ реакцияның атауы?
9. Аккумулятордың шарт белгісіндегі 60 деген бұл?
10. Ампер-сағат қандай көрсеткіштің өлшем бірлігі болып табылады?
ІV.Үй тапсырмасы: Ж.Күзембай «Автомобильдің электр-құрал жабдықтары», 10-15 беттер.
V. Сабақтың қорытындысы. Сабақтың жалпы мақсаттарын қайталау. Сабаққа белсенді қатысқандарды бағалау.
Оқытушы ________Молдажанов Т.Т.
Достарыңызбен бөлісу: |