Пәні: информатика
|
Сынып: 8 «А»
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Excel-дің графикалық мүкіндіктері
|
Оқып үйренудің негізгі мақсаттары.
|
Диаграмманы құру кезінде төрт қадамды орындап, мәнін меншіктеу. Диаграмманың типін, түсін және форматтауды жүзеге асыру. Диаграмма құруды, типін, форматтауды үйрету.
|
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Оқушыларды топқа бөлеміз. Үй жұмысы сұрақ-жауап әдісі арқылы сұралады. Жаңа сабақтың тақырыбын сөзжұмбақты шешу арқылы ашамын. Жаңа сабақ «Алты қалпақ» стратегиясын пайдаланып меңгерту. «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы сабақты бекіту.
|
Түйінді идея
|
Excel бағдарламасында диаграмма құра білу.
|
Оқып- үйренудің нәтижесі
|
Диаграмманы құру кезінде төрт қадамды орындап, мәнін меншіктей алады. Диаграмманың типін, түсін және форматтауды жүзеге асыра алады.
|
Үйрену мақсатындағы бағаны қоса, бағалау
|
Алған білімдерін жиынтық бағамен бағалау.
|
Негізгі дерек көздері.
|
Интерактивті тақта, суреттер, плакаттар, слайд, стикерлер.
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімінің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер
|
Кіріспе
Психология-лық ахуал орнату
|
7 мин
|
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
«Менің арманым........» тренингін қолдану.
2 топқа бөлу. (Монитор және жүйелі блоктың қиындылары арқылы топқа бөлу).
Бағалау критерилерімен таныстыру өту. (сабақта оқушыларды бағалау тақтасына мұғалім бағалап отырады)
Үйге берілген тапсырманы сөзжұмбақты шешу арқылы сұраймын.
|
Мұғаліммен амандасады. Оқу – құралдарын түгелдеп, бар назарын сабаққа аударады. Мұғалімнің нұсқауымен 2 топқа бөлінеді. І топ – Word, ІІ топ – кесте деп аталады.
|
формативті
|
Плакат
|
Тұсаукесер
|
2 мин
|
Сөзжұмбақтан жаңа сабақтың тақырыбы шығады.
|
Оқушылар интерактивті тақтада берілген сұрақтарға жауап береді.
|
формативті
|
Презентация
|
Негізгі бөлім
|
11 мин
3 мин
|
Жаңа сабақты ашу үшін «6 қалпақ» стратегиясын пайдаланамын.
Ақ қалпақ: Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламада диаграмманы гистограмма, бағандар, пирамидалар, конустар, және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді. Диаграмманы құру үшін Кірістіру – Диаграмма командасын орындаймыз немесе диаграмма шебері құралын пайдаланамыз.
Сары қалпақ: Диаграмма бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Қара қалпақ: Оқулықта диаграмманың барлық түрі толық көрсетілмеген.
Қызыл қалпақ: Диаграмманың тиімді , жақсы жақтарын айтып өтеді.
Жасыл қалпақ: Шығармашыл қалпақ болғандықтан эссе жазады.
Көк қалпақ: Сарапшы қалпақ.
|
Оқулықпен жұмыс жүргізеді. Өздері таңдаған шляпа бойынша мәліметтерді іздейді.
|
формативті
|
Оқулық
|
Практика-лық тапсырма
|
15 мин
|
Біз бүгінгі сабақтан алған білімімізді іс-жүзінде білу үшін практикалық тапсырма орындайық.
|
Оқушылар берілген тапсырмаларды компьютерде орындайды.
Дарынды және талантты балалар есептерді алғашқылар болып шығарады.
|
формативті
|
Кеспе қағаздар, компьютер
|
Қорытынды
|
4 мин
|
«Ыстық орындық» старетигясы бойынша сұрақтарға дарынды және талантты оқушылар жауап береді
|
«Ыстық орындаққа» отырған оқушыларға сұрақтар қояды.
|
|
Орындық
|
|
1 мин
|
Инсерт кестесі бойынша Білемін, Не білдім? Не білгім келеді?
|
Оқушылар не үйренгені, не үйренгісі келетінін кестеге толтырады.
|
|
Кеспе қағаздар
|
Рефлексия
|
1 мин
|
Оқушылар сабақтардың барысында өздерінің қай сатыда тұрғанын көрсетуі керек
|
Оқушылар стикерге жазып өздерісінің тұрған сытысын және неліктен ол сатыда тұрғанын айтып өтеді.
|
|
Плакат
|
Бағалау
|
1 мин
|
Оқушылардың алған білімдерін жиынтық бағамен бағалау
|
Алған бағаларын күнделікке қою
|
|
Жиынтық бағалау
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
§11.3 . 197 беттегі тапсырманы орындау
|
|
|
|