Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару.
(Ашық сабақ жоспары. 5 сынып)
Математика пәнінің мұғалімі: Макарова Раушан Темрешқызы
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару.
Сабақтың түрі: Аукцион сабақ.
Сабақтың типі: Қайталау және пысықтау.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектер туралы ережелерді әр түрлі есептеулерде пайдалана білу, өтілген сабақтарды оқушы санасына бекіту.
Тәрбиелік: Дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: таблицалар, ауызша жаттығулар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың тақырыбы.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың өтілу жоспары.
Қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма.
Сабақты жүргізуші мұғалім:
Бүгінгі біздің сабағымыз аукцион сабақ. Соған байланысты бізде білімімізді сынап көрейік. Аукцион затты, нәрсені ең жоғары баға атаған тұтынушы сатып алатын жұртшылық саудасы. Бүгінгі сабақта сендердің білімдерің бағамен белгіленеді. Жақсы жауап берген, есепті дұрыс шығарған оқушы жақсы баға алады.
Бүгінгі аукцион сабағымыздың мақсаты сендерге «3», «4», «5» деген бағалар сату арқылы сендердің жай бөлшектерге амалдар қолдану жөніндегі білімдеріңді сынып, пысықтап қорытындылау.
І аукцион
Пысықтау сұрақтарына жауап беру керек.
Ондық бөлшекті жай бөлшек түріне қалай жазамыз?
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру.
Жай бөлшекті толықтыру.
Жай бөлшекті ортақ бөлімге келтіру тәсілдері.
Жай бөлшектерді қысқарту.
Жай бөлшектерді көбейту.
Аралас санды жай бөлшектерге айналдыру.
Аралас санды көбейту, бөлу.
Жай бөлшекті бөлу.
Жай бөлшекті натурал санға көбейту және бөлу.
Жай бөлшектерді салыстыру.
Үш қатардан 3 оқушы шақырылады. Қалған оқушылар өз қатарының есебін орындарында отырып орындайды.
1 есеп. Жай бөлшек түрінде жаз.
5,6=5; 2) 72,3; 3) 0,49;
4) 4,038=4; 5) 100,005 = 100;
2 есеп. Ондық бөлшек түрінде жаз.
=7,1; 2) =1,4; 3) =0,43; 4) =0,15; 5) =0,125;
3 есеп. Ондық бөлшекке айналдыр:
3=3,5; 2) 18=18,48;
ІІ аукцион
Аукционға қатысқан оқушы төмендегі тапсырмаларды орындау қажет:
0,85-= - = = = ;
+ 0,25 = + = + = + = ;
0,75 - = - = - = - = = ;
Достарыңызбен бөлісу: |