Сабақ жоспары 5 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна



бет2/5
Дата27.05.2018
өлшемі1,9 Mb.
#40829
түріСабақ
1   2   3   4   5
§10 оқу

Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері. 3.2.2 - тапсырма



2)Оқушыларды бағалау

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.

«Тексерілді»:

Оқу ісінің меңгерушісі:

«___________» ________20 ж

Күні: 19.11.2014

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту.

Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1.«Файлдар», «қапшықтар», «таңбашалар», «себет» ұғымдарымен және қапшықтың құрылыммы мен объектілер жасау ережелерімен таныстыру

2. Оқушылардың файлдар, қапшықтар, таңбашалар не екенін,

қапшықтар құрылымын, қапшықтар, таңбашалар құру ережелерін

білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар баяндап көрсету

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - файлдар, қапшықтар не екенін;

- қапшықтар құрылымын;

- қапшықтар құру ережелерін;

- таңбаша деген не екенін;

- таңбашалардың арналуын;

- таңбашалар құру ережелерін.



Оқушылар үйренуі тиіс:

- файлдар мен қапшықтарды құруды;

- таңбашалар жасауды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақты Windows-тың белгілі объектілерін қайталаудан бастау керек.

3.4.1. Тапсырма. Сен Windows-тың қандай объектілерін білесің?

Windows объектілерін бөлу кестесі берілген тақырыпты мұғалімнің түсіндіруі кезінде немесе оқулықтан өз бетімен оқуы кезінде толтырылады.


Windows объектілері

Негізгі

Арнайы

  1. Қапшықтар

  2. Бағдарламалар

  3. Құжаттар

  4. Таңбашалар

  1. Бас меню

  2. Басқару тақтасы

  3. Менің компьютерім

  4. Себет


Файл-бұл Windows 98 жүйесінде жұмыс жүргізетін ақпараттың негізгі құрылымдық бірлігі. Мұндай ақпарат қандайда бір тұрақты жадтайтын құрылғыға, мысалы, дискетаға немесе винчестерге жазылады және оны көптеген өзіне ұқсас файлдардан ажырату үшін нақты аты болады.

Файлдардың негізгі типтері: құжаттар, суреттер, бағдарламалар.



Windovs 98 жүйесінде файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтау керек:

  1. Файлдың аты мен кеңейтілу болады.

  2. Файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символмен жазылу мүмкін. Бірақ басқа үйелермен жұмыс істегенде, мысалы, МS-DOS жүйесінде файлдың аты 8 таңбадан аспауы керек екенін есте сақтау керек.

  3. Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды:

дефис (-), астын сызу (____), леп белгісі (!) және мына символдарды: @, #, $, %, &, (,), {,} қолдануға болады.

  1. Файлдың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша (*), қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), бөлгіш (/), үлкен (<), кіші (>), тырнақша («»), нүкте (.) қолдануға болмайды.

  2. Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы:

  1. txt, doc, dot, rtf - мәтіндік файлдар;

  2. exe, com-бағдарламалар және қолданбалар файлдары;

  3. bat- командалық файл;

  4. bmp-графикалық файл;

  5. htm-Web-Internet беті;

  6. rar arj, zip-архифтік файл;

  7. hlp - анықтама файлы;

  8. Lip, obj, dll –кітапханалар файлдары;

  9. bas-Бейсик тіліндегі бағдарламалар мәтіні;

  10. bac-ecкі файлдардың көшірмесі;

  11. sys-жүйелік файл;

  12. dbt- директор базасы және т.б.

Файлдың атын оның мазмұнына сай беру дұрыс болады.

Файлдардың арасынан мәтіні, графикалық және дыбыс ақпараты, бағдарламалар мәтіні, бағдарламалар жұмысы туралы деректер және т.б. бар бағдарламалар (қолданбалар) мен құжаттарды ерекшелеу керек.

Файлдардың барлығының (аты мен кеңейтілуінен басқалары) келесі сипаттамалары (арибуттары) бар:

- өлшемі (берілген файлда бар ақпарат көлемі);

- типі (Windows 98 жүйесінде файлдың кеңейтілуін қалай түсіндіретін мағынасын ашу);

- өзгеру уақыты (файл қашан құрылғанын және соңғы соңғы өзгерту қашан енгізілгенін көрсетеді);



Windows 98 жүйесінде файлдар терезелер немесе жұмыс үстелінде пиктограмма түрінде қаралады, оның астында (немесе жанында) аты көрсетіледі, мысалы: бірнеше шартты белгілеуді қарастырайық:

(*) жұлдызша символы файлдың атында кез келген символдың кез келген санын белгілеу үшін қолданылады.

(?) сұрақ белгісі символы файлдың атында кез келген символдың бірін белгілеу үшін қолданылады

Мысалдар:

  1. *.*-кез келген символдардың белгілі бір мөлшері бар файл.

  2. ?Файл.? хt – аты мен кеңейтілуі белгісіз символмен басталатын, мысалы,- # файл. txt. файл.

3.4.2. Тапсырма(Ү). Сөйлемді аяқта.

Тапсырма тақырыпты меңгеруін бекітуге арналған.


Қапшық – бұл объектілер бірлестігі

Компьютердегі қапшықтар белгілі бір ретте орналасқан, оны иерархия деп атайды

Бағыттауыш қолданбасы терезесінің сол жақ бөлігінде қапшықтар иерархиясын көруге болады

ЖҰМЫС ҮСТЕЛІ қапшығына МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ және СЕБЕТ қапшықтары салынған. МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ қапшығында бар дискілердің белгішелері, БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ мен ПРИНТЕРЛЕР қапшықтары бар.

Соңғы қапшықта тек файлдар мен таңбашалар бола алады

Файл – бұл аты бар байттар тізбегі

Файл бағдарламаны немесе құжатты көрсете алады

Windows-та бағдарламалар қолданбалар деп аталады

Құжат бағдарламаға бағынышты, өйткені ол не бағдарлама өңдейтін объект немесе бағдарламаны өңдеу нәтижесі болып табылады

Құжат өңделетін қолданба файлдың типі бойынша анықталады

Жүйелік қапшықтарға Windows және PROGRAM FILES қапшықтары жатады

Жұмыс қапшықтарына өздерін құрған қапшықтар жатады

Windows-та қапшықтарды бір-біріне шексіз сала беруге болады

3.4.3. Тапсырма. Файлдардың қандай аттары болады? Оларды адамның атымен салыстыр. Атаудың оң жақ және сол жақ бөлігі нені көрсетеді?

Бұл тақырыпты орындамай тұрып, оқушылармен файл аттарының құрылысы адам аттарымен ұқсас болатыны туралы әңгімелеу керек.

Адам аттары қалай құраылған? Адамның толық аты-жөні, атынан және тегінен (фамилиясынан) тұрады. Адам аты, оны басқа адамдардан айыру үшін қажет. Адамға атты ата-анасы өздерінің қалауы бойынша қояды. Тегі оның қандай жанұядан екенін білдіреді және оған автоматты түрде беріледі.

Файлдардың аттары да шамамен солай құрылған. Сол жақ бөлігі, оны басқа файлдардан ажыратуға арналған, пайдаланушы оны өзі таңдайды. Ал оң жағы, бұл қандай қолданбада құрылғанын көрсетеді және файлға автоматты түрде меншіктеледі.

Файлдың аты


С
Аты
ол жақ бөлігі О
Типі
ң жақ бөлігі


Файлдардың аттарының мысалдары әр түрлі болуы мүмкіін.

Жаңа қапшықтар құру

Қапшықтар - бұл қандай да 6ip белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: 6ip ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық — бұл аты аталған файлдар тобы.

Windows 98-дiң қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық денгейде қапшықты кәдімгі iшіне қағаз беттерін – файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады. Windows'98-дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады. Қапшықтың пиктограммасы болуы мұмкін.

Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мұмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың iшiндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті. Қапшықтар eкi тұрде болады:

- кәдімгі қапшық-каталогтар;

- арнайы қапшықтар (Менің компьютерім, принтерлер және т.б.).

Олармен пайдаланушылардың көбі жұмыс жасайтын негізгі қапшықтар:


  • Жұмыс үстелі;

  • Менің компьютерім - ДК ресурстарына қатынау;

  • Логикалық дискілер;

  • Себет;

  • Басқару тақтасы;

  • Принтерлер;

  • Файлдары бар кәдімгі қапшықтар (каталогтар).

Қағида бойынша, әp6ip қапшық шынында да каталог болып табылады (мысалы, Жұмыс үстелі (алаңы) - бұл Windows каталогінің Бас меню бағыныңқы каталогіне кіреді және т.с). Негізгі қапшық - жұмыс үстелі.



Қапшықтарды құру және оның құрылымы.

Қапшықтың құрылымын қарастырайық - Қапшық элементтері:



тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал-саймандар тақтасы, қалып-күй жолы. Қажет элементтер жиынын мына жолмен таңдауға болады:

Түр =>Құрал-саймандар тақтасы және Түр => Қалып-күй жолы.

Кесте батырмасы қапшықтың объектілері туралы неғұрлым толық ақпарат шығарады. Қапшықтарды қарап шығу режимін де беруге болады.

Терезеде жаңа қапшық құру.

Қапшықты Файл => Создать => Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде "Жаңа файл" меншіктеледі.

Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру.



Жұмыс үстелінің жаңа қапшық,ты орналастырмақшы болған
жерінде маустың оң жақ батырмасын басу — контексті меню
пайда болады.


Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде
қ
апшық, белгішесі пайда болады.

Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу.
3.4.4.Тапсырма. Жаңа қапшық құрудың екі тәсілін сипатта. Олардың айырмашылығы неде?

Тапсырма тақырыптық контексті болып табылады, оны оқушылардың меңгеруін тексеру үшін де қолдануға болады. Қапшық құру тәсілдері бір ғана әрекеттен айырмашылықты екенін атап өту керек. Бұл әрекетті (3) кестеде түспен белгілеу керек. Оқушыларға қапшық құрудың екі тәсілін де байқап көру керек.


1-тәсіл

2-тәсіл

1. Менің компьютерім қапшығын ашыңдар

2. Өздеріңнің қапшықтарыңды ішіне салғыларың келетін қапшықты ашыңдар

3. Терезе ішінде маустың оң жақ батырмасымен бос жерді шертіңдер

3. Маус нұсқағышын меню жолындағы Файл командасына орнатыңдар

4. Создать (Құру) командасына шертіңдер

5. Пайда болған бағыныңқы менюде Папка командасын таңдаңдар

6. Экранда жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Керек атты енгізіңдер де, Enter-ді басыңдар


ТАҢБАШАЛАР

Таңбаша – бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің таңбасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows 98-дегі қандай да бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т.б. сәйкес келеді.Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды. Таңбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе қапшық ашылады және т.б.)

Ағымдағы терезеде таңбаша құру.

1. Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл => Создать => Ярлык, файл => Создать ярлык немесе

контексті менюдің Создать -Ярлык командасының көмегімен жасауға болады.

Таңбашаны жасағаннан кейін оны қажетті орынға
орналастыруға болады.

Ол үшін таңбаша кұрылатын объектіні іздеуді таңбаша жасау
процесін іске қосканнан соң жүргізуге болады немесе алдымен
объектіні тауып алып, содан кейін таңбашаны құруды бастауға
болады.

Жұмыс үстелінде таңбаша құру.

  1. Жұмыс үстелінің бос жеріне меңзерді орналастырып, маустың
    он жақ батырмасын басса, контексті меню пайда болады.

  2. Создать => Ярлык опциясын таңдағанда, "Создание ярлыка"
    ("Таңбашаны ҚҰРУ") диалог терезесі пайда болады.

  3. "Шолу" (Обзор) батырмасын басу, "Шолу" диалог терезесін ашады. Файлдармен қапшықтар арасынан объект табу.

  4. "Ашу" батырмасын басу арқылы "Таңбаша жасау терезесі"
    ашылады. Онда, файлға жол толық көрсетпеген.

  5. "Далее" ("Одан әpi") батырмасын басу - "Таңбашаның атын
    таңдау" (Выбор названия ярлыка) диалог терезесін ашады.
    Мұнда объектінің жүйелік атын өзгертуге болады.

  6. "Дайын" (Готово) батырмасын басу - Жұмыс үстелінде жаңа
    таңбаша пайда болады.


Таңбашаға жылдам шақыру пернесін тағайындау.

  1. Қажетті таңбашада маустың оң жақ батырмасын басып, «Қасиеттері: таңбашаның аты» диалог терезесін ашады. «Таңбаша» (Ярлык) қосымшасын ашу

  2. Сочетание клавиш енгізу өрісінде меңзерді жылжыту (пернелер тағайындалмай тұрып, енгізу өрісінде «Нет» жазуы көрінеді).

  3. Пернені таңдап, оны басу. Сочетание клавиш енгізу өрісінде Ctrl+Alt+таңдалған перненің символы бейнеленеді.

  4. Пернелердің үйлесуін пайдалану таңбашаға мауспен баспай-ақ, бағдарламаны шақыруға мүмкіндік береді. Пернелер үйлесуі (нақты соңғы таңдалатын символ) бірегей болуы керек.


Тапсырма (Ү). Сұрақтарға жауап бер.

Тапсырма тақырыпты игеруін бақылау үшін ұсынылады.

  1. Таңбаша дегеніміз не?

Таңбаша – бұл бір файлға нұсқайтын арнайы белгіше.

  1. Таңбаша белгішесінің басқа белгішеден айырмашылығы қандай?

Таңбашаның төменгі сол жақ бұрышында кішкене иілген бағдарша орналасқан.

  1. Таңбашаны екі рет шерткен кезде не болады?

Таңбашада екі рет шерту құжат ашады немесе бағдарламаны іске қосады.

  1. Егер файлдың таңбашасын жойса, не болады?

Файлмен ештеңе болмайды. Таңбашаны жойғанда файл жойылмайды.

  1. Таңбашаны негізгі арналуы (қызметі) қандай?

Таңбашаның негізгі арналуы – объектілерге әр жерден қатынауды қамтамасыз ету.
3.4.6.Тапсырма. Таңбаша жасаудың екі тәсілін сипатта.

1-тәсіл

2-тәсіл

1. Объектісі бар қапшықты ашыңдар

1. Объектінің белгішесінде маустың оң жақ батырмасымен шертіңдер

2. Маустың оң жақ батырмасымен объектіні таңбаша құратын жерге апарыңдар

2. Создать ярлык командасын таңдаңдар

3. Динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдаңдар

3. Таңбашаны қажет орынға апарыңдар


IV. Жаңа тақырыпты бекіту

3.4.1, 3.4.3, 3.4.4, 3.4.6– тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма: §11 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.

2)Оқушыларды бағалау
Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.



«Тексерілді»:

Оқу ісінің меңгерушісі:

«___________» ________20 ж

Күні: 26.11.2014

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс №2

Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1. Объектілерді жылжыту мен көшіру ережелерімен таныстыру. Объектілердің атны өзгерту , оларды жою мен қалпына келтіру ережелерінмен таныстыру.

2. Оқушылардың объектілерді жылжыту мен көшіру ережелерін,

объектілердің атын өзгерту ережелерін, Windows 98 Себетінің

арналуын білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, баяндап көрсету

Білім – білікке

қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:

- объектілерді жылжыту мен көшіру ережелерін;

- объектілердің атын өзгерту ережелерін;

- операцияларды болдырмау тәсілдерін;

- Windows 98 Себетінің арналуын;

- объектілерді жою және қалпына келтіру

ережелерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

- объектілерді жылжыту мен көшіруді;

- файлдардың, қапшықтардың және таңбшалардың аттарын өзгертуді;

- операцияларды болдырмауды;

- объектілерді жоюды;

- жойылған объектілерді қалпына келтіруді.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Қапшықтарды, файлдарды және таңбашаларды

жылжыту және көшіру.

Объектілерді көшіру.

Белгіленген объектіні басқа қапшыққа немесе алмасу буферіне көшіруге болады. Бұл жағдайда алғашқы объект өзгермейді , ал басқа қапшықта объектінің дәл көшірмесі жасалады. Объектіні тура сондай типті, сондай аты бар объекті орналасқан қапшыққа көшіруге болмайды.


Көшірудің негізгі үш тәсілі:

- белгіленген объектіні алмасу буферіне көшіру (Правка немесе контексті меню), мақсатты қапшықтың терезесін ашу және онда объектіні кірістіру ( Правка немесе қапшықтың терезесінің контексті менюі ) ;

- Ctrl пернесін басып отырып, маустың сол жақ батырмасын басып жібермей отырып объектінің белгішесін алғашқы қапшықтың терезесінен мақсатты қапшықтың терезесінен мақсатты қапшықтың терезесіне апару;

- белгіленген объектіні сәйкес Файл командасының немесе объектінің контексті менюдің көмегімен дискетке жіберу.


Объектілерді жылжыту.

Жылжытқанда жүйеде жаңа объект пайда болмайды: объект не жаңа орынға көшіріледі немесе мекен- жайын өзгертеді. Алмасу буферінің көмегімен жылжытқанда Копировать командасының орнына Вырезать командасы қолданылады.

Сол жақ батырмасы басылған мауспен жылжытқанда Ctrl пернесін басудың қажеті жоқ.

3.5.1. Тапсырма. Мына суреттердің бірінде объектіні көшіру , ал екіншісінде жылжыту шартпен белнеленген. Бейнеленген әрекетті атап жаз.


Көшіру




Орын

ауыстыру


3.5.2 және 3.5.3 тапсырмалары мұғалімнің түсіндіруімен қатар орындалады. Тапсырманы орында нәтижесінде оқушыларWindows 98 жүйесінде объектілермен орындалатын әр түрлі объектілер үшін жалпы тәсілдер бар екенін білуі керек. Барлық әрекеттерді оқушылармен бірге компьютерде орындап шығу керек және олардың өздеріне өз бетімен орындауға мүмкіндік беру керек.
3.5.2. Тапсырма. Маустың оң жақ батырмасының көмегімен объектіні қалай көшіруге, жылжытуға немесе жаңа таңбаша жасауға болады?


  • Маус нұсқағышын объектіге орнатыңдар.

  • Маустың оң жақ батырмасын басып, оны апарыңдар

  • Объектіні қажет орынға жеткізгенде маустың

батырмасын жіберіңдер.

Көшіру Жылжыту Таңбаша



жасау

3.5.3 Тапсырма. Маустың сол жақ батырмасының көмегімен объектіні қалай көшіруге, жылжытуға және жаңа таңбаша жасауға болады?


  • Маус нұсқағышын объектіге орнатыңдар

  • Маустың сол жақ батырмасын басып, оны

апарыңдар.

  • Объектіні қажет орынға жеткізгенде, маустың

батырмасын жіберіңдер





.

. Ctrl Көшіру Shift Жылжыту Ctrl+Shift



таңбаша жасау
Меню командалары арқылы объектіні жылжыту

және көшіру.
3.5.4. Тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

Тапсырма тақырыпты меңгеруін бақылау үшін қолданылады.


  • Алмасу буфері – бұл орны ауыстырылатын ақпаратты сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.

  • Алмасу буферінде ақпарат ұзақ уақыт сақтала алады ма?

Алмасу буферіндегі ақпарат сендер компьютерді өшіргенше немесе сендер онда ақпараттың басқа бөлігін жібергенше сақталады.

  • Алмасу буферіндегі ақпаратты қанша рет кірістіруге болады?

Алмасу буферіндегі ақпаратты көп рет кірістіруге болады.
3.5.5. Тапсырма. Көрсетілген әрекеттерді толықтыр.





3.5.6. Тапсырма. Пернетақтаның көмегімен Көшіру, Қиып алу, Кірістіру командаларын қалай шақыруға болады?

Пернетақтаның көмегімен команданы шақыру

Көшіру Ctrl+ C

Қиып алу Ctrl+X

Кірістіру Ctrl+V


3.5.7. Тапсырма. Объектіні жылжыту мен Көшіру әрекеттерінің ретін көрсет. Айырмашылықты әрекеттерді түспен белгіле.

Тапсырманы оқулықпен өзіндік жұмыс істегенде немесе тақырыпты меңгеруін тексеру үшін пайдалануға болады.


Объектіні жылжыту

Объектіні көшіру

1. Объектіні маустың

көмегімен көрсет



1.Объектіні маустың

көмегімен белгіле.



2. Правка- вырезать

(Түзету – Қиып алу)

Командасын орындаңдар.


2. Правка – копировать

( Түзету – көшіру )

командасын орындаңдар.


3. Қабылдаушы қапшықты

ашыңдар.


3. Қабылдаушы қапшықты

ашыңдар.


4. Правка – вставить

( Түзету – кірістіру )

командасын орындаңдар.


4. Правка – вставить

( Түзету – кірістіру )

командасын орындаңдар.



Қапшықтың, файлдың немесе таңбашаның

атын өзгерту.
Объектінің атын өзгерту.

Белгіленген объектінің атын өзгерту үшін сәйкес Файл немесе контексті меню командасын пайдалануға болады.

Объектіні белгілеп, мауспен объект атында шертуге болады. Нәтижесінде пайда болған меңзер обьектінің жаңа атын тікелей кірістіруге мүмкіндік береді.

1. Қапшық белгішесінде маустың оң жақ батырмасын басу- контексті меню шығады.

2. Переименовать опциясын тандау.

3. Жаңа ат беріп, енгізу пернесін басу.

4.Файл Переименовать командасын қолдануға болады.
3.5.8. Тапсырма. Объектілердің атын өзгерту тәсілдерін жаз.

Тапсырманы оқулықпен өздік жұмыс жасауды немесе тақырыпты меңгеруін бақылау үшін қолдануға болады. Оқушыларға объектілердің атын өзгерту әрекеттерінің әрқайсысын көрсетіп және оның өз бетімен орындауына мүмкіндік беру керек.
1-тәсіл: Объектінің белгішесінде маустың оң жақ батырмасымен шертіп, Переименовать командасын таңдаңдар да, пернетақтадан жаңа ат енгізіңдер.

2-тәсіл: Объектіде маустың сол жақ батырмасымен бір рет шертіңдер де, Файл Переименовать командасын орындаңдар, жаңа ат беріңдер.

3-тәсіл: Объектіні белгілеңдер де, оның атауын шертіп, жаңа ат беріңдер немесе бұрынғы атын түзетіңдер.

4-тәсіл: Объектіні белгілеңдер, F2 пернесін басыңдар да, жаңа ат енгізіңдер немесе бұрынғы атын түзетіңдер.
Жылжыту, көшіру, атын өзгерту операцияларын болдырмау
3.5.9. Тапсырма.

Операцияны қалай болдырмауға (орындатпауға) болады?


Тапсырма қызықты түрде берілген, ол бойынша оқушылар, егер олар бір нәрсені қажет емес деп тапса, оны екі әдістің бірін пайдаланып түзетуге болатынын түсінулері керек.


  1. Правка Отменить (Түзету - орындатпау) командасын орындаңдар.

  2. Құрал-саймандар тақтасындағы Отменить (Орындатпау) батырмасын шертіңдер.


Қапшықтарда, файлдарды және таңбашаларды жою.
Себет (Корзина)

Себет – бұл өшірілген объектілер (қапшықтар, файлдар, таңбашалар) уақытша сақталатын арнайы қапшық. Себет терезесін ашып, объектіні бұрынғы немесе жаңа орынға қалпына келтіруге болады. Себеттегі объектілердің бәрін немесе ішінара жойып, оны толық немесе жартылай тазартуға болады.


Объектілерді жою.

Белгіленген объектіні жою үшін, сәйкес Файл немесе контексті меню командасын қолдануға болады.

Жай ғана {Del} пернесін басуға да болады.

Сондай-ақ өшіретін объектіні Себетке орналастыруға болады.


3.5.10. Тапсырма. Объектіні жою тәсілдерін жаз.

Тапсырма оқулықпен өзіндік жұмыс барысында орындалады немесе тақырыпты меңгеруін тексеру үшін қолданылады. Оқушыларға объектінің атын өзгертудің әрбір әдісін көрсету және өз бетімен орындауға мүмкіндік беру керек.
1-тәсіл: Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу.

2-тәсіл: Объектіде маустың оң жақ батырмасымен шерту және контексті менюде Удалить командасын таңдау.

3-тәсіл: Объектіні белгілеу және Файл – удалить командасын орындау.

4-тәсіл: Объектіні белгілеу, оларды Жұмыс үстелінде орналасқан Себет белгішесіне апару.
Жоюды қалай орындатпайға болады?

Правка Отменить (Түзету - Болдырмау) командасын орындау.
Жойылған қапшықтарды, Файлдарды және таңбашаларды қалпына келтіру
3.5.11.Тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

Тапсырма тақырыпты меңгеруін тексеру үшін ұсынылады.


Сұрақ

Жауап

Объектіні СЕБЕТТЕ қанша уақыт сақтауға болады?

СЕБЕТТЕ оны өшіргенше (жойғанша) немесе қалпына келтіргенше сақтауға болады

СЕБЕТТЕГІ объектілерді көру үшін не істеу керек?

СЕБЕТ қапшығының белгішесінде екі рет шертіп, оны ашу керек.

СЕБЕТТЕГІ объектіні одан өзі жойылған қапшыққа қалай қайтаруға болады?

Объектіні белгілеп, Файл Восстановить командасын орындау керек.

СЕБЕТТЕГІ объектіні БАСҚА ҚАПШЫҚҚА қалай қалпына келтіруге болады?

Объектіні СЕБЕТ қапшығынан қиып алып, оны керек қапшыққа кірістіру керек.

Дискетадан жойылатын объектілерді СЕБЕТКЕ сала ма?

Дискеттен жойылған объектілер СЕБЕТКЕ салынбайды



Себетті қалай тазартуға болады?
3.5.12.Тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

Тақырыпты меңгеруін тексеруге қолайлы тапсырма.

  • Файлдар СЕБЕТТЕН қандай мақсатпен жойылады? Жаңа бағдарламалар мен құжаттарға орын босату үшін.

  • Файлды СЕБЕТТЕН қалай жоюға болады? Себетті ашып, файлды белгілеңдер де, Delete-ні басыңдар.

  • СЕБЕТТЕ бірінен кейін бірі орналасқан объектілер тобын қалай жоюға болады? Бірінші объектіні шертіп, Shift пернесін басыңдар да, соңғы объектіде шертіңдер. Delete-ні басыңдар.

  • СЕБЕТТЕН әр жерде орналасқан объектілер тобын қалай жоюға болады? Ctrl пернесін басыңдар да, оны жібермей отырып, объектілердің әрқайсысына шертіңдер. Delete-ні басыңдар.

  • СЕБЕТТІҢ ішіндігісінің барлығын қалай бірден жоюға болады? Объектіде маустың оң жақ батырмасымен шертіп, Файл Очистить корзину командасын таңдаңдар.


IV. Жаңа тақырыпты бекіту

3.1.1, 3.5.2, 3.5.3, 3.5.4, 3.5.5, 3.5.6, 3.5.7, 3.5.8, 3.5.9, 3.5.10, 3.5.11, 3.5.12 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма: §12 мазмұндау

2)Оқушыларды бағалау

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.


«Тексерілді»:

Оқу ісінің меңгерушісі:

«___________» ________20 ж

Күні: 3.12.2014

Сынып: 5

Тақырыбы:   Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Сабақ мақсаты:   а) Ақпарат тасуыштар жөнінде түсінік беру. Дискжетек пен CD-

ROM жұмыстарымен таныстыру. 

                   б) Ақпарат тасуыштардың қолданылу мақсатын, түрлерін, негізгі

параметрлерін түсіндіру. 

в) Оқушыларды құрылғылармен жете таныстырып, пәнге

қызығушылықтарын арттыру. 

Сабақ көрнекілігі: Компьютер, тақта, компьютпелік презентатция.

Сабақ түрі:    Дәстүрлі

Сабақ әдісі:    Көрсете-түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақ типі:  Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы:   Ұйымдастыру кезеңі

                   Үй тапсырмасын тексеру

                   Жаңа сабақ түсіндіру

                   Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру

                   Үйге тапсырма

                   Сабақты қорытындылау

    Сәлеметсіздер ме?

    Сұрақтар:

Маустар қалайша жіктеледі?

Трекбол деген не?

Пенмаус деген не?

Компьютерлік ойындарда қандай манипуляторлар қолданылады?

Графикалық ақпараттарды компьютер жадына енгізу үшін не қолданылады?

Принтердің қандай түрлері бар?


    Жаңа сабақ Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискжетек. CD-ROM.

    Сендер өткен сабақтан білесіңдер компьютер жады не үшін қолданылады? Әрине ақпаратты сақтау үшін. Компьютер жады екіге бөлінеді. Сыртқы және ішкі. Сыртқы жады ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға, ал ішкі жады уақытша сақтауға қолданылады. Ішкі жадының өзі жедел (ЖЖҚ) және тұрақты (ТЖҚ) болып бөлінеді.  Жедел жадыдағы ақпарат компьютер өшкендк тазарып отырады. Ал ТЖҚ-дағы ақпарат өзгертілмейді және үстіне жазылмайды. Онда прораммалық және анықтамалық ақпараттар компьютерді шығарған жерде жазылып жіберіледі.

    Ал сыртқы жады мынадай тасуыштарда орналасады: магниттік дис, магнитттік таспа, лазерлік диск.

    Магниті дискілерге қатқыл диск (винчестер) мен иілгіш диск (дискета) жатады.

    Схема тақтада көрнекі түрде ілінеді.

    Сұрақ: Адамның ішкі және сыртқы жадын компьютер жадымен салыстырып оқушылардан айтып шығу сұралады.

    Иілгіш дискілер. (дискеттер, флоппи дискілер).    Иілгіш диск – төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы пленкадан жасалған тегіс диск. Оның ферромагнитттік қабаты бар және қорғаушы  конвертке салынған.

    Құрылымы: Тығыздығы жоғары идентификатор, Жазудан қорғау терезесі (ол маңызды ақпаратты абайсыз жоюдан  сақтауға арналған) , Жұмыс алаңының қорғаушы пердесі (қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғау үшін), Дискет таңбашасы (дискет мазмұнын жазып қоюға арналған).

    Иілгіш дискіден оқу және жазу үшін дискжетек қолданылады. Ол компьютерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге тасужәне сақтау үшін қолданылады. Қазіргі кезде үшдюймді дискжетектер 1,44/2,88 МБ жазуға мүмкіндік береді. Дискетаны бірінші рет қолданар алдында оны форматтау керек. Бұл арнайы программа көмегімен орындалады. Кейбір өндірушілер дискетті форматтап шығарады. 

    Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер - бұл дискілер жиыны бар (екі жақ бетіне де ақпарат жазылатын, жылтыратып тегістелген ферромагнитті қабаты бар мүлтіксіз жазық бірнеше пластина), жетекпен бірге жинақталған (сәйкес электронды басқару схемасымен оқу-жазу  механизмінің үйлесуі) жадтайтын құрылғы.Қатқыл магнитті дискілерде  бір блокқа  жиналған  магнитті  бастиектер тобы жұмыс істейді.  ЭЕМ қосылып тұрғанда  дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен  айналады, сол себепті юастиектер мен дискілердің механикалық түсйісуі мүмкін емес. Жинақтауыштың электромагниттік бөлігі шаң тимеуі үшін, герметикалық  корпусқа салынған. Винчестер әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылған және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған.

    Магнитті дискіде ақпараттар магниттік бетке, концентрлік шеңбер тәрізді  жолдарға орналасады.

    Яғни жолшықтар дегеніміз – бұл концентрлі шеңберлер, онда ақпарат орналасады.

    Радиусы бірдей жолшықтар дискінің екі жағында орналсады да, цилиндр деп аталатын деректер аймағын құрайды.

    Жол нөлден бастап нөмірленеді. Әр жолда ақпарат порция түрінде сақталады. Әр жолдағы порция саны бірдей болады. Әр түрлі жолдардағы бірдей нөмірлі мәліметтер  жиыны сектор деп аталады. 

    Компакт – дискілер – металмен қапталған оптикалық диск, оның салмағы небары 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 700 МБ ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін қорғайтын арнайы қабығы жоқ, сондықтан оларды арнайы орауышта сақтайды.

    Оның негізгі бөлігі шағылдырушы қабат, оның асты түссіз пластикпен жабылған, желіді қабат үстіне жабылып оған түрлі-түсті суретпен түссіз пластик жабылған.

    Компакт дискілердегі ақпаратты оқу үшін арнайы дискжетектер CD-ROM қолданылады. Олар сонымен бірге аудио компакт дискілерді де ойната алады. Қазіргі таңда тек оқып қана қоймай лазерлік дискілерге жаза алатын да дискжетектер қолданылады.

    Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға кесте мен сөзжұмбақ беріледі. 


Тапсырма – 1. Кестені толтыр. 

Жад

Қатқыл магнитті диск

Иілгіш магнитті диск

Лазерлік диск

Қызметі

Ақпараттың көп мөлшерін сақтау үшін

Ақпараттың аз ғана мөлшерін сақтау үшін және бір компю-н екіншіге көшіру үшін

Ақпараттың өте үлкен мөлшерін ұзақ сақтау үшін

Тапсырма – 2

Компьютердің жад құрылғысының  әрқайсысы қолданылуы мүмкін жерге «+» таңбасын қой. 

Жад құрылғысы

Компьютерде қолданылуы мүмкін

Жазу үшін

Оқу үшін

Ақпаратты компьютерден компьютерге тасу үшін

Жедел жад

+

+

 

Қатқыл диск

+

+

 

Дискет

+

+

+

ТЖҚ-ның микросхемасы

 

+

 

Компакт-диск

+

+

 

Тапсырма – 3. Сөзжұмбақты шеш



    

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

в

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

2

д

и

с

п

л

е

й

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ж

 

 

 

н

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а

 

 

 

ч

 

 

 

 

ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

д

и

с

к

е

т

а

6

 

о

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

с

 

 

к

 

л

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

б

а

й

т

 

 

о

8

ш

и

н

а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

е

 

 

н

 

ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

п

е

р

н

е

т

а

қ

т

а

 

 

 

 

 

 

 

 

11

 

р

 

 

 

 

р

 

 

 

13

 

 

 

 

 

 

 

 

т

 

и

 

12

п

р

о

ц

е

с

с

о

р

 

 

 

 

14

 

р

 

н

 

 

 

 

л

 

 

 

е

 

 

 

 

 

 

п

 

е

 

т

 

 

 

 

л

 

15

с

к

а

н

е

р

16

д

и

с

к

ж

е

т

е

к

 

е

 

 

 

т

 

 

 

 

 

 

к

 

б

 

р

 

 

 

 

р

 

 

 

о

 

 

 

 

 

 

с

 

о

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

р

 

 

 

 

 

 

е

 

л

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

л

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ь

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тігінен:

1. Қатқыл диск

3. Ақпаратты сақтайтын құрылғы.

4. Бір шеңберде орналасқан және байтарды  сақтауға арналған диск бөлігі.

6. Компьютердің бөлек құрылғыларының арасында деректер беруді бақылайтын микросхема.

10. Басу құрылғысы.

11. Қол манипуляторы.

13. Әр түрлі жолшықтағы бірдей номерлері бар деректер жиыны.

14. Монитор экранындағы бір нүкте.

Көлденеңінен:

2. Компьютердің экранына ақпарат шығару құрылғысы.

5. Иілгіш диск.

7. Сегіз биттен тұратын топ.

8. Компьютердің жеке құрылғыларын байланыстыратын негізгі кеңарна (магистраль).

9. Мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы.

12.  Компьютер «миы».

15. Компьютер жадына графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.

16. Иілгіш дискілермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

Сабақ соңында тапсырмаларды тексеріп оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискжетек. CD-ROM.

Сұрақтар:

1. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды ата?

2. Компьютердің жадысының қандай түрлерін блесің?

3. Жадтың сыртқы тасшулыраны сипатта.

4. Флоппи дискеттің құрылысын сипатта.

5. Компакт дискінің құрылысын ата.

Үйге тапсырма:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет