…сен осы бөліктер жақсартылуы мүмкін деп есептейтініңді
…сен жұмысты жақсы орындадым деп есептейтініңді
Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз
Қысқаша шолу
Оқушылар осы парақпен қайта өңделген материалдарды біріктіру және қосу арқылы қарапайым механизмдер мен қозғалмалы бөліктер жасау тәжірибелеріне сүйене алады. Олар дөңгелектер мен осьтер туралы және оларды нақты мақсатқа арналған көлік құралдарын жасау кезінде қалай пайдаланатынын біледі. Олар өздерін қоршаған әлемдегі, сондай-ақ бейнелер, тарих, саяхат және музыкадағы зерттеулерге негізделген техникалық идеяларды дамытатын болады. Оқушылар нәтижені түпкілікті жақсарту үшін аспаптар мен компьютерлік графика және мәтінмен жұмыс жасау
тәжірибесін жинақтайды. Оқушылар осы үдерістің әр түрлі кезеңінде тиімді тәсілдер өлшеу, анықтау және салыстырудың негізгі дағдыларын қолдана отырып, өзінің және өзгенің жұмысын әзірлеу, жоспарлау және бағалау түсініктері мен дағдыларын дамытуды жалғастыратын болады.