Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі 20 ж Сыныбы: 10



бет1/6
Дата21.07.2017
өлшемі6,34 Mb.
#21702
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

__________ Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ________20 ж
Сыныбы: 10

Пән аты: Радиотехника және электроника негіздері курсы.

І.Сабақтың тақырыбы: Резисторлар.

ІІ.Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойында бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушының іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

III. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

IV. Сабақтың көрнектілігі: компьютерлер, топтамалар, слайд, электрондық оқулық.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекті, практикалық.

VI. Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды.

Жаңа сабақ.

Резисторлар
Резисторлар радиоэлектрондық аппаратурада ең көп тараған элемент. Тұрақты резисторлар күшейткіштердің жұмыс режимдерін қамтамасыз етеді, артық кернеуді төмендеткіш ретінде, тегістегіш сүзгілер құрамына кіреді және кернеуді бөлгіштерде қосымша жүктеме ретінде пайдаланылады.

Айнамалы резисторлар дыбыс қатталығын реттегіштерде, тембр, жарықтану, түс реттегіштерінде, реттелетін резисторлар апаратураларды реттеулер мен баптаулар үшін қолданылады.

Таңбалануы: С немесе Р –тұрақты резисторлар

СП немесе РП айнымалы резисторлар.

Кедергілері бойынша таңбалануы: Е- 0-999 Ом,

К-1-999 кОм, М-1-999 МОм.

Мысалы: 360 Ом-360Е, 100кОм-100К, 4,7МОм-4М7.



Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын резисторлар типтері МЛТ (метал пленкалы лакталған, қызуға төзгіш) және УЛИ (көмірлі лакталған, өлшеуіштік).


Резисторлар. Схемалық белгіленуі

а-тұрақты резисторлар, б-резисторлардың қуаты бойынша таңбалануы, в-айнымалы резисторлар, г-2 секциялы резисторлар, д-ажыратқышы бар айнымалы резистор, е-реттелетін резисторлар, ж- терморезисторлар.

Резистор ақауын қарап шығу арқылы немесе ометрдің көмегімен анықтауға болады. Ауыстыру кезіне номиналы мен қуатына мән беру керек. Номиналы бір болғанымен, қуаты жоғары резистор орнына төмен қуаттысын қоюға болмайды.


Жаңа сабақ бекіту.

Оқушыларға пысықтау ретінде бірнеше сұрақтар қоя отырып, сабағымды аяқтаймын.



Үйге тапсырма:

Резистролар, түрлері, схемалық белгіленуі жайлы оқып келу.




САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

__________ Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ________20 ж
Сыныбы: 10

Пән аты: Радиотехника және электроника негіздері курсы.

І.Сабақтың тақырыбы: Резисторлар кедергілерін анықтау. Тестер көмегімен, т.б. әдістер. Резисторларың жиі кездесетін ақаулары.

ІІ.Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойында бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушының іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

III. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

IV. Сабақтың көрнектілігі: компьютерлер, топтамалар, слайд, электрондық оқулық.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекті, практикалық.

VI. Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды.

Жаңа сабақ.

1.Тестер көмегімен резисторлардың кедергілерін анықтауды электроника бастамалары электрондық оқулығын пайдалана отырып демонстрациялау.

2..Параллель және тізбектей жалғай отырып әр түрлі кедергілерді анықтау.

3.Айнымалы кедергілерің кедергісін анықтау, және қолданылуы.

4.Резисторлардың жиі кездесетін ақаулары:

А) күйіп кетуі-визуальді жолменен анықталады, резистор сыртында қарайған дақ болады, немесе жарылып кетуі.

Ә) қызуына байланысты номиналының өзгеруі.
Жаңа сабақ бекіту.

Оқушыларға пысықтау ретінде бірнеше сұрақтар қоя отырып, сабағымды аяқтаймын.

Оқушылар кедергілерді анықтау жұмыстарын компьютерлерде өз беттерінше практикалық орындайды.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

__________ Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ________20 ж
Сыныбы: 10

Пән аты: Радиотехника және электроника негіздері курсы.

І.Сабақтың тақырыбы: Конденсаторлар.

ІІ.Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойында бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушының іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

III. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

IV. Сабақтың көрнектілігі: компьютерлер, топтамалар, слайд, электрондық оқулық.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекті, практикалық.

VI. Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды.

Жаңа сабақ.

Конденсаторлар
Конденсаторлар тербелмелі контурлар құрамына кіреді, жолақ сүзгілерде ажыратқыш, байланыс элементтері ретінде, айнымалы ток түзеткіштерінде тегістегіш ретінде, радиода артық шуды басу үшін қолданылады. Түрлері тұрақты конденсаторлар, айнымалы конденсаторлар және реттелетін конденсатолар.

Таңбалануы: К-тұрақты конденсаторлар, КПП-айнымалы, КТ-реттелетін.

Конденсаторлар сыйымдылықтары микро-, нано-, пикофарадтармен өлшенеді. (1 мкф=103нф=106пф)

а-тұрақты конденсаторлар, б-электролиттік конденсаторлар, в-опоралық конденсаторлар, г-айнымалы конденсаторлар, д-бірнеше секциялы айнымалы конденсаторлар, е-реттелетін конденсаторлар, ж-термоконденсаторлар.

Сыйымдылық таңбалануы:

100 пФ дейінгі сыйымдылық П әрпімен,

0,1 ден 100 нФ Н әріпімен,

0,1 мкФ-тан жоғары-М әріпімен белгіленеді.

Мысалы: 15 пФ-15П, 0,015 мкФ=15нФ-15Н,

150 Пф=0,15нФ-Н156, 0,15мкФ-М15,



3,3пФ-3П3, 1500пФ=1,5нФ-1Н5.

Конденсаторлардың схемалық белгіленуі.


Конденсаторлардың механикалық ақауларын қарап шығу арқылы анықтауға болады. Күрделі ақаулар омметрмен т.б арайы өлшеуіш құралдарымен анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет