Топтастырудың иерархиялық жүйесі.
Топтастырудың иерархиялық жүйесі төмендегіше құрылады:
элементтердің бастапқы көпшілігі 0-дік деңгейді құрайды және таңдалған топтастыру белгісіне байланысты кластарға(топтасуға) бөлінеді, бұл 1-ші деңгейді құрайды,
1-ші деңгейдің әрбір класы өзіне тән топтастыру белгісіне сәйкес қосалқы топтарға бөлінеді, бұлар 2-ші деңгейді құрайды,
2-ші деңгейдің әрбір класы сол сияқты топтарға бөлінеді, бұл 3-ші деңгейді құрайды және т.б.
Топтастырудың фасеттік жүйесінің иерархиялықтан ерекшелігі топтасты-рудың белгілерін бір-біріне, сондай-ақ топтастырылатын объектінің семантикалық мазмұнына тәуелсіз топтастыру белгілерін таңдауға мүмкіндік береді.
Топтастырудың белгілерін фасеттер(facet-рамка) деп атайды.Әрбір фасет (Фі) аталған топтастыру белгісінің біртекті мағыналарының жиынтығын құрайды.Бұл орайда фасеттегі мәндер өз еркінше орналаса береді, бірақ оларды ретке келтірген дұрыс болады.
Пайда болу орны. Осы белгі бойынша ақпаратты түсетін, шығатын, ішкі, сыртқы деп бөлуге болады.
Түсетін ақпарат – бұл фирмаға немесе оның бөлімшесіне түсетін ақпарат.
Шығатын ақпарат – бұл фирмадан басқа фирмаға, ұйымға (бөлімшеге) түсетін ақпарат.
Достарыңызбен бөлісу: |