Сабақ жоспары. Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Сурет Тақырыбы: Түрлі түсі шарлар



Дата04.07.2018
өлшемі19,8 Kb.
#46986
түріСабақ
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы,

«Парасат» мектеп-лицейі,

Шағын орталық тәрбиешісі

Жолдогарина Булбул Жуминовна

Сабақ жоспары.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет



Тақырыбы: Түрлі – түсі шарлар.

Мақсаты: балаларға шардың ауа арқылы үрлену жолын түсіндіру.Балалардың түстерді ажырата білу қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын молайту.Әдептілікке,ұқыптылыққа,ептілікке,тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: түрлі –түсті шарлардың суреттері,шарлар.

Билингвальді компонент: түрлі түсті шарлар –разноцветные шары.


О/К


Тәрбиешінің әрекеті.


Балалардың әрекеті.



-Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Бүгін бізге ашық оқу қызметін тамашалауға қонақтар келіп отыр.

-Кәне,бәріміз апайлармен амандасайық.

Ал енді бәріміз дөңгелене шаттық шеңберін құрайық.



-Сәлеметсіздер ме.
Балалар дөңгеленіп тұрып шаттық шеңберін құрайды.

Ұ/І

-Балалар,менің қолымда не?

-Қандай түсті шарлар?

-Дұрыс айтасыңдар.шарлар резеңкеден жасалған.Ол ауа арқылы үрленеді.Яғни,ауызға ауа толтырып,шарды үрлейміз.Сонда шар әдемі дөңгелек пішінге айналады.Шарлар мерекеде,ойын-сауықтарда болады.Шар мереке,той – думанның сәнін кіргізеді.

(Осы кезде топқа,шатырда тұратын Карлсон кіреді).



Карлсон. Мен осы балабақшаның шатырында тұрамын.Сендердің шарлармен ойнап жатқандарыңды көріп,қонаққа келдім.Мен де мерекелеріңе қатыссам бола ма?

Тәрбиеші:

Сен тәртіпті болсаң ғана біздің мерекеге қатыса аласың.

Карлсон:


Ия,мен өте тәртіпті болам,мен көптеген ойындар,өлеңдер,тақпақтар білемін.Ал сендер тақпақ білесіңдер ме?(балалар тақпақтарын айтады)

-Жарайсыңдар ,балалар! Сендер шар туралы көп тақпақтар біледі екенсіңдер.

-Олай болса ойын ойнағыларың келе ме?

-«Көңілді шарлар» ойынын ойнайық. Ол үшін сендер қораптан өздеріңе ұнаған шарды таңдап аласыңдар да,барынша үрлеп, сосын өз шарларыңның түсіне қарай жіп таңдап алуларың қажет.

(Ойын басталды,балалар тәрбиешінің нұсқауымен әрекет жасайды)

Тәрбиеші:балалар сендер ренжімес үшін жарылып қалған шардың суретін салып берейін.(шардың суретін салып көрсету)

-Ал енді,балалар,Карлосон салған шардың суретін салып көрсетейікші.

Карлосн.Сонымен балалалр,сендер ненің суретін салдыңдар?

-Өте жақсы . Сендер өте ақылды балалар екенсіңдер.Енді мен басқа балалардың ақылдарын сынға салып көрейін.Сау болыңдар!

Балалар, Карлсон шарды ұшуға пайдаланады екен.Ал біз не үшін қолданамыз?

-Жарайсыңдар! Осымен ашық оқу қызметіміз аяқталды.Апайларға сау болыңыздар деп айтайық.


-Шарлар.

-Қызыл,сары,жасыл,көк т.б.


Балалар ауыздарына ауа толтырып шар үрлеу тәсілін қайталайды .

Сәлеметсіз бе.

Балалар тақпақтарын айтады.

Балалар мұқият тыңдап отырады.Балалар іске кіріседі.


Су болыңыз!


Мерекелерді безендіруге.
Сау болыңыздар!


Р/Т

Балалар бүгін бізге кімдер келді?


Балалар жауап береді.

Күтілетін нәтижесі:

Біледі: Сурет сала біледі.

Игерді: шарды қағаз бетіне түсіруді біледі.

Меңгерді:түрлі түсті қарындаштармен бояуды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет