Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Ойыншықтар Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі74,07 Kb.
#34824
түріСабақ
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы І.Үргенішбаев атындағы орта мектебі

Шағын орталық тобының тәрбиешісі Отарова Орынгүл Сансызбайқызы                     



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Ойыншықтар

Мақсаты:  Балаларға сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелеу,Оларға сипаттама беру,ойыншықтарына таза,мұқият болуға үйрету.Сөздік қорын молайту,қабылдау есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұқыптылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.Балаларға ойын ойнау арқылы ойыншықтардың неден, қандай заттардан жасалатыны жайында ұғым беру.

Тәрбиелік. Ойындар ойнату арқылы достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Түрлі – түсті ойыншықтар, слайд

Әдіс – тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, дидактикалық ойын

Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіздер ме?



Шаттық шеңбері

Балалар қазір жылдың қай мезгілі.


Балалар: - Қыс мезгілі деп жауап береді.
Тәрбиеші: - Қыс мезгілінің ерекшеліктерін сипаттап бере аласыңдар ма?
Балалар: - Қар жауады, Қыста күн суық болады, аязды ызралы болады,– деп жауап қайтарады.

Қардың түсі қандай ? ақ

Қыс мезгілін жақсы көресіндер ме?

Қыс айлары несімен қызықты, қандай ойындармен ойнасындар?

Шанамен, сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз.

Сұрақ  -  жауап ;  Сүйікті  ойыншықтарың  бар  ма ?    


 -Үйде қандай  ойыншықтарың    бар ?                              

 --Қандай   ойыншықты  жақсы   көресіңдер ?


- Ойыншықтарды  қалай   ұстау   керек?            
Балалар;   жауап   береді.   
Тәрбиеші ;    Балалар , қандай ойыншықтар сатып әперді?
Балалар ;   Олар   -    ойыншықтар  . 
Тәрбиеші ;  Ойыншықтармен    не    істейді?                                                       
Балалар ;    Ойыншықтармен  ойнайды .                     
Тәрбиеші ;Балалар қараңдаршы  біздің  тобымызда  ойыншықтар  өте  көп.

Балалар ойыншықтар резеңкеден, плассамасадан, матадан жасалады. Кішкене балаларды немен ойнатады? ең алғашқы ойыншығы-сылдырмақ. сылдырмақты жаңа туған балаларға арнап алады. Баланың ең алғашқы ойыншығы-сылдырмақ. Ежелгі Грецияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Балалар соның куәсі болуға «Ойыншықтар әлеміне» саяхатқа барамыз ба ?

Қ/ойын: Топқа «Бұл ненің дыбысы» ойын /машина, ұшақ, сылдырмақ /

Немен барсақ болады? Мен сендерге көлік дыбыстарын жасырамын, егер тапсаңдар сол көлікпен барамыз.

Мынау ненің дауысы, дұрыс, дұрыс емес/ұшақ, машина, поез/Баллар сендер поезд даусын таптыңдар олай болса жылдам барамыз. Ал бәріміз пойызға отырайық.

Ал паравоз баста алға, Бәрімізді басқарда,Пыш-пыш біз кеттік,Жүрісті біз үдеттік,Гу-гу гуілде, қалып қойма бәрінде.

Балалар жолсерік билет терксереді . Балалар қайда барасыңдар? Ойыншықтар әлеміне барамыз. Олай болса билеттерін қайда ? Мен сендерге жұмбақ жасырамын, соған жауап берсендер «Ойыншықтар әлеміне» саяхаттаймыз.



Жұмбақ шешу.

Ойыншықтар әлеміне саяхат жасау.

Ежелгі ойыншықтарды саздан, ағаштан, ,сүйектен және металдардан жасаған.Ең алғашқы адамға ұқсайтын фигуралар, баланың қолына түскесін,әрине олар ойыншықтарға айналды. Ең алғашқы қуыршақтар әр түрлі заттардан күйдіріп жасалған. Техниканың дамыған заманында ойыншықтардың сапасы мен бет-бейнесі өзгерді. Дүкен сөрелеріндегі толып тұрған неше түрлі ойыншықтар көп. Қытай елінің ойыншықтарын бізге әкеліп сатады, арзан болғандықтан, барлық адамдар осындай ойыншықтар алады.Ал екіншіден ата-аналар балаларына алатын ойыншықтың сапасына көп көңіл аудармайды.. Қазақстанға ойыншықтар30 жуық елдерден әкелінеді.Ола зиянды түрлі аурулар туғызады. Қазір біздің елде де ойыншықтарды шығара бастады.Сапалы ойыншықтар әрине, қымбат тұрады.Үлкен еңбекпен жасап шығарады.

/Менің ойыншықтарым/ Ойыншықтармен амандасайық

Балалар мынаған қараңдаршы ,Мына аға апаны танисыңдар ма , өнер әлемінде ән айта сахнада жүріп қоймай , жұмысынан бөлек өздерінін жеке ойыншықтар шығаратын компаниясы бар. Жарайсыңдар. /бейнефилм көрсету/

Астанада «Қазақстанда жасалған» республикалық отандық ойыншықтар ,еліміздегі ойыншық өндіретін бірінші компания «Бал-бала» авторлық ойыншықтар желісін нарыққа шығарады, олардың прототиптері қазақ халық фольклорының кейіпкерлері Алдар көсе, Тазша бала, Ер Төстік және т.б. Ойыншықтар би билеп, қазақша ән айтады және сөйлейді.«Бал-бала» компаниясының басшысы Қыдырәлі Болманов . Жұмсақ ойыншықтар,олар   қандай  әсем , әдемі  ойыншықтарға жан бітіріп сөйлетті.

Сергіту сәті:

Балалар, қараңдаршы қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса кәне, балалар ойыншықтармен сырласайық.   Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсындар айтындаршы.



Балалар: машина, ұшақ, доп, аю, қоян, қуыршақ, күшік , мысық. Ойыншықтар әр түрлі болады, Қатты, жұмсақ.

Тәрбиеші: Біз бұл ойыншықтардың бәрін қайдан аламыз? Сендер мына қуыршақтардың өнерін көріп тамашаладындар. Енді сендерде ойыншықтар туралы тақпақтар білесіңдер ме айтып беріңдерші.



Балалар: Иә.

—          Нұрасыл айта ғой.



Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Бірге ойнап жүремін.

Еркемай, Мерует

Сылдырмақ - сылдырмақ


Тұрады әр кез сылдырлап.
Сылдырмақ - сылдырмақ
Бір сәт тұршы сыбырлап.
Мұхаммад

Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін

Еркенұр

Ойыншығым қуыршақ,


Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.

Жаннұр

Сөйлемейсің сен неге тілін жоқпа қуыршақ

А.Аяулым

Ойыншығым күшігім,


Сүп сүйкімді, жұп жұмсақ.
Шіренгені болмаса,
Отырғандай ұл жұмсап.

Ж.Арсен

Ойыншығым қонжығым,


Анасын да білмейді.
Қорбаңдаған аюды,
Түсінде де көрмейді.

Дана

Ойыншығым көжегім,


Қорықпайды, қашпайды.
Тәтті сәбіз ұсынсам,
Ұстай алмай тастайды.

Қ.Арсен, Шапағат

Ұшағым бар ойыншық,


Ұщырмасам ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.

Дана
Ақ қоян ау, ақ қоян,

Үркек қоян сақ қоян

Қаша бесен қалыңға

Қорқағым деп ат қоям.



Мұхаммад, Нұрдулет

Досым маған ойыншық,


Машинасын сыйлады.
Бірақ оның ішіне,
Саусағым да сыймады.

А.Аяулым

Күшік, мысық, балапан,


Қуыршағым балақан.
Кәне, бәрің тұрыңдар,
Ойын сауық құрыңдар.

Аю туралы кім тақпақ біледі.

— Аю қандай? Үлкен, маймақ.

-Аю нені жақсы көреді

-балды

            Құлпынайы көп екен



            Теріп теріп алайық

Қоян туралы кім тақпақ айтады?

Ұзын құлақ, сұр қоян.

Естіп қалып сыбырды,

Ойлы, қырлы жерлермен,

Ытқып,ытқып жүгірді.

—          Ал мынау не?

—          Қуыршақ.

—          Қуыршақ қандай? Әдемі

—          Қуыршақты ұстап көрейікші.

—          Қуыршақ қатты.

—          Қуыршақ туралы тақпақ.

—          Ал мынау не? – Доп

—          Доптың пішіні қаңдай? Кім айтады?

—          Доңгелек.

—          Түсі қаңдай? – көк.

—          Доп туралы тақпақ білесің бе?    



Мұқамбетқали айта ғой.

Добым – добым домала

Балшыққа сен жолама

Бүлдіресін қолымды

Жек көремін оныңды.

Ерасыл .М

-Ал мынау не?( мұнара)

-түстері қандай?(қызыл,сары, көк)

Қане осы мұнараны құрастырып ойнайық.



М.Ерасыл

Ойыншығым құрастырғыш,


Көрсетеді көмегін.
Кімге көлік, кімге үй,
Құрастырам керегін

Кім, тез, шапшаң, дурыс мунараны қурастырады. (2 бала шығару) Кәне балалар осы ойыншақтарға арнап ән айтайық.



Ән: ойыншықтар әні

Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.
Қуыршақтар уйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды
Ал, қозы мен құлыншақ
Ұйықта десең ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса
Осылары дұрыс па?
Тентектігін тыймаса,
Тұрғызамын бұрышқа!


Ойыншықтар әлемінде түрлі ойыншықтар өте көп екен.

Сендерге ойыншықтар рахметтерін айтуда. Олар өз өнерлерін көрсетті.

Қыдырәлі мен Қарақат апайларынын сендерге тапсырмасы бар, соны орындасандар. Ұшаққа мінгізіп жіреді екен.

«Дидактикалық тапсырма» « Кім жылдам» сурет құрастыру./машина, доп, қуыршақты киіндіру/

«Ғажайып қоржын» ойын: Бұл не ?/бір- екі баланың көзін жұмып ойыншықтарды ажыратып айту./Ойыншықтар неден жасалады?

Сендерге саяхат ұнады ма?Ойыншықты қалай ұстау керек? Сондықтан күтіп, сыңдырмай ұстау керек.

Тіл ұстарту жаттығуы
Іші толған бөлменің,
Ойыншығым мол менің.
Босқа тізіп қоймайсың
келе ғой дос ойнайық.


Енді өздеріне ұнаған ойыншықтарын бар ма ? Сендер ойыншықтар туралы көп нәрсе білдіңдер,Ойыншықтар қандай болады? ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айтыңдар, ойын ойнадындар.Ойыншықтарды сындырмай,ұқыпты ойнап, ойнап болған соң жинап қою керек. Балалар топтағы ойыншықтар ренжіп қалар, қайтайық. Сендерге көп- көп рахмет

Қол ұстасып тұрайық,


Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:


Білу керек: ойыншықтардың аттарын атауды.
Болу керек: көрнекіліктер, жасалу түрін , ойыншықтар.
Үйрену керек: ойыншықтарды ұқыпты ұстауды.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет