Сабақ жоспары Биология 8-сынып Т. Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектеп Пән мұғалімі: Калимбетова Айгерим



Дата23.05.2017
өлшемі49,74 Kb.
#16719
түріСабақ
Сабақ жоспары Биология 8-сынып

Т.Рысқұлов атындағы № 24 жалпы орта мектеп

Пән мұғалімі: Калимбетова Айгерим

Пәні: биология

Сынып:

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Ми. Мидың сұр және ақ заттары. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі.

Сабақтың мақсаты:

Ми. Мидың құрылысы, қызметі, ақ және сұр заттары туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

  • ми бөлімдері, құрылысы мен қызметтері туралы білімін нығайту.

  • оқушыларға тақырыпты өз бетінше оқып талқылауға, білім алуға көмектесу.

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету.

  • топпен істеу барысында оқушыларды бір-брінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету

алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету.

Табыс критерийі:

  • оқушылар мидың негізгі бөлімдерінің суретін көреді

  • ми қандай бөлімдерден тұратынын біледі

  • ми бөлімдерінің атқаратын қызметін біледі



Күтілетін нәтиже

Ми. Мидың құрылысы, қызметі, ақ және сұр заттары туралы оқушылардың білімі қалыптасады.

Қолданатын модульдер

1.Сын тұрғысынан ойлау.

2. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

3. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

5. Оқыту мен оқу ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

6. Оқытуды басқару және көшбасшылық.



Стратегиялық іс-әрекет

1.Психологиялық релаксация «Мен өзімді кімге ұқсатамын?»

2.Қаланың атаулары арқылы топқа бөлу.

3. «Хат алмасу» әдісі

4. «Миға шабуыл»

5. «Батпырауық»

6 .Сергіту «Мимикамен түсіндіру»

7.Рефлексия «Күн нұры»


Уақыты

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар, дереккөздер

3мин

Кіріспе


  • Ұйымдастыру бөлімі

  • Психологиялық релакция

  • Қаланың атаулары арқылы 4 топқа бөлу.

  • Әр топ атттарын партаға жазып, қала атауларының астындағы белгіге қарап, көшбасшыны анықтаймын.

  • І топ Астана

  • ІІ топ Алматы

  • ІІІтоп Шымкент

  • ІV топ Кентау




Мен өзімді кімге ұқсатамын?

Қала атауларына қарай топқа бөлінеді



Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева 8-сынып биология

флипчарт, маркер



7мин

Үй тапсырмасын сұрау

«Хат алмасу»стратегиясы арқылы сұраймын.

Оқушылар жазған сұрақты араластырып, қайта таратамын да, жауаптардың дұрыс бұрыстығын тексеремін.




Әр оқушы қағазға бір сұрақтан жазып береді.

Сұраққа жауап жазады, талқылайды.



Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева,

флипчарт, маркер, А4 қағаздары



Негізгі бөлім

Жаңа сабақ:

Ми. Мидың сұр және ақ заттары. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі.


Өткен сабақпен байланыстыра отырып, шолу жасап өтемін

Ой бөлісу:

Балалар ми қай жерде орналасқан?

Ми қандай қызмет атқарады?


Жаңа сабақты дәптерге жазады

Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева,

флипчарт, маркер, А4 қағаздары



20мин

Жаңа сабақты қолдану

«Мағынаны ажырату»

Жаңа сабақты «Батпырауық» әдісі арқылы мағынасын ашылуына мүмкіндік берем.



Батпырауық пішінін келтіре отырып, қағаз қималарынан ми бөлімдерінің атқаратын қызметін жазады.

Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева 8-сынып биология

флипчарт, маркер, А4 қағаздары



2мин

Сергіту:

«Мимикамен түсіндіру»

Оқушының үй тапсырмасын орындау үшін кітапханадан оқулық іздегені

Мимикамен түсіндіреді




7мин

Бекіту

Кесте толтыру

Ми бөлімдерін кестеге жазып беремін

Ми бөлімдерінің атқаратын қызметін кестеге жазады

Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева 8-сынып биология

А4 қағаздары



2мин

Қорытындылау

Үйге тапсырма

Мидың құрылысын, қызметін оқу.

Жеке орындайды

Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева,

А4 қағаздары



2мин

Бағалау

Критерийлер бойынша бағалаймын

Жиналған смайликтерді санайды

Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева,8-сынып биология

А4 қағаздары




2мин

Кері байланыс

«Күн нұры»

Оқушылар шеңбер болып күн нұрына жиналады, сабақта алған білімдерін кезекпен айтып шығады





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет