Барлығы: Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңының ұғымдарының теориялық негізгі мағынасын біледі;
Көпшілігі: сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын есептер шығаруда қолдана алады
Кейбіреуі: сұйықтардағы гидростатикалық қысымның қалай таралатынын біліп өмірмен байланыстыра алады.
Бағалау критерийі
Әр тапсырманың орындалысының дескрипторлары қарастырылған
Диалог үшін қолданылатын тексерістер: Қысым – дененің бір өлшем бетінің ауданына перпендикуляр бағытта түсетін күш.
Паскаль заны- Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi.
Әрекет ететін ауырлық күшi сұйықтың қысымының ыдыс табанының ауданына тәуелдi болама?.
Гидростатикалық кысым– тек қана сұйық бағанының биiктiгiне және оның тығыздығына тәуелдi .
Құндылықтарға баулу
Өндіріс пен ауыл шаруашылығын индустрияландыру мақсатында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану.
агылшын,математика,география,биология,қазақ әдебиет.
Тақырып бойынша алдыңғы білім
негізгі түсініктер: 1.қысым ұгымын ,өлшем бірлігін,формуласын және скалярлық шама екенін біледі; 2. қатты денелерде сұйық, газдарда қысымның қалай таралуын түсіндір алады; 3. Паскаль заңынын анықтамасын қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы – 13 минут
Сәлемдесу,түгендеу, смайлик арқылы көңіл күйін білу.Үй жұмысын тексеру үшін
"Ой қозғау"- оқушының өзіндік ойын ортаға салуға дағдыланады, пікірталасқа белсенді түрде ат салысады, өзгелердің пікірін құрметтей алады;"Сұрақты қағып ал"- сұрақ қойған кезде бадана қапшығын лақтырылады,бұл сұрау үдерісіне кинетикалық сипат береді және өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді.
Тест жұмысы-10 сұрақтан тұрады
.Сабақтын тақырыбын ашу үшін екі сурет көрсету арқылы проблемалық сұрақ тұғызу.
Пирамида әдісін пайдалана отырып сұйықтардағы қысымның формуласын математикалық түрінде жазып шығару.
Бекіту кезінде деңгейлік есептер шығару
Оқулық,
Bilimland.kz
Пирамида моделі
Деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың соңы-9мин
Бағалау
" жетістік саты" стратегия бойынша рефлексияны жүргізу;дескрипторларға суюне отырып оқушылар өз білімдерін жұптасып белгілі бір критерий арқылы бағалау .Үйге тапсырма:деңгейлік тапсырма құрастыру (3-5 сұрақ), жаттығу 4.2, сұйқтардағы қысымын таралуын және есептеуын қатынас ыдыстарда ?
Сатының суреті
Сабақтың басы-13 мин Қосымша1
1."Ой қозғау"
.«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ертең таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
А. Құнанбаев Осы жерде сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстың тырнақтары мен
тұмсықтары қатты өткір жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсыз ғана күшпен зор қысым жасап, аң аулауға шамасы келеді.
2."Сұрақты ұстап ал" М ұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісі кинетикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді.
сұрақтар
- Адамның тісі неге үшкір?
- Салынып жатқан үйдің табанына кең бетон плиталар салатын себебі не?
-Шеберлер киім тіккенде неге оймақ киеді?
- Неліктен аңшы шаңғысы спортшылардың шаңғысына қарағанда жалпақ жасалады?
- Неліктен велосипед дөңгелегінің камерасы тесілгенде ондағы қысым кемиді?
-Н/м2 қандай мағынаны білдіреді?
-Адамдарға неге судың бетіне тез көтерілуге болмайды?
Дескриптор: сұрақ құны (топтық жұмыс) сұраққа шүғыл жауап береді құны-3 ұпай
сұрақты басқа топқа лақтырады құны-2 ұпай
сұрақты кері қайтарады- құны-1ұпай
3. Тест сұрақтары:
1. Қысым ... анықталады А) күштің ауданға қатынасымен
В) күштің салмаққа қатынасымен
С) ауданның уақытқа қатынасымен
Д) ауданның күшке қатынасымен
2. Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасса, оның ішіндегі қысым А) соғұрлым төмен болады. В) алғашқыда төмендейді, сосын жоғарылайды
С) жоғары да, төмен де болуы мүмкін Д) соғұрлым жоғары болады
3. Дененің тірек ауданын кішірейткенде оның қысымы ...
А) артады В) кемиді С) алғашқыда кемиді, сосын артады Д) өзгермейді
4. 1 Па дегеніміз А) 1 м/с В) 1 кг/м3 С ) 1 Н/м2 Д) 1 Н/кг Е) Н/мм2 5. Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi. Бұл қағида - А) Архимед заңы В) Инерция заңы С) Паскаль заңы Д) Ньютон заңы6
6.Гидростатикалық қысым бір тереңдікте А)өзгермейді В) артады С) кемиді Д) бірдей болады 7.Сұйықтың қысымын өлшеуге арналған аспап А) динамометр В) барометр С) манометр Д) танометр 8.Адам үлкен тереңдiкке түсу мүмкiн емес, өйткенi жоғары қысымның әсерiнен адамның қаны атмосфералық ....... қанығады. А) гелиймен Б)азотпен С)сутегімен Д)оттегімен .
Сабақтың ортасы-21 мин Пирамида әдісі.( жеке жұмыс )
о сы қабаттарда орналасқан физикалық шамалар арқылы гидростатикалық қысымның формуласын математикалық түрлендіру арқылы шығарады.