Ұжымдық жұмыс (жаңа сабақты түсіндіру) топпен талқылап, ой-пікірлерімен санаса отырып өзара талдайды. «Түртіп алу» әдісі. (Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздеріне керектерін дәптерге түсіріп алады).
Түрткі сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойын ортаға салғызу.
1.Кездейсоқ оқиға дегеніміз не?
2.Кездейсоқ оқиғаның түрлері?
3.Сынақ дегеніміз не?
4.Ықтималдықтың қасиеттерін ата.
Кездейсоқ оқиға деп тәжірбие кезінде өзгеріп отыратын оқиға.Бірақ көпшілік көрсетуде кездейсоқ оқиғалар белгілі бір заңдылыққа бағынады. Бөлек тәжірбие жүргізудегі
бақылауды сынақ деп атайды. Кез – келген сынақтың сипаттамасы оқиға деп аталады. Мысалы ,тиынды тастау кезінде екі оқиға болуы мүмкін: тиынның бір жағы немесе екінші жағы. Сынақтың сандық сипаттамасы кездейсоқ көлем деп аталады.
Белгілі бір комплекстағы шарттарды орындау кезі бұлай бөлінеді: ықтимал, ықтималды емес, үйлесімсіз.
Ықтимал деп міндетті түрде болатын оқиға. Мысалы, жәшіктен шарды алған кездегі ақ шардың түсу ықтималдылығы.
Ықтималды емес деп ешқашан болмайтын оқиға. Мысалы, жәшіктен шарды алған кездегі ақ шардың түсу ықтималдылығы.
Үйлесімсіз деп бір мезгілде болмайтын оқиға.
КЕЗДЕЙСОҚ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
КАТАР ОҚИҒА – бір мезгілде орындалатын оқиға (мысалы снарядтың тысанаға тиюі және жарылғыштын жарылуы );
ҚАТАР ЕМЕС ОҚИҒА — бір мезгілде орындалмайтын оқиға (мысалыт тиынды бір рет лақтырған герб жағының түсуі .
ТОЛЫҚ ТОПТЫ ОҚИҒА —сынақ кезінде оқиғалардың бірі міндетті түрде болады. (мысалы ойын кубигін тастағанда 1,2,3,4,5,6 сандардын түсуі);
ҚАРАМА – ҚАРСЫ ОҚИҒА – екі үйлесімсіз топ толық топты береді. (мысалы, тиынды лақтырғанда герб және әріп жағының түсуі қарама – қарсы оқиға);
ТӘУЕЛСІЗ ОҚИҒА – болу ықтималдылығы болған оқиғаға байланысты емес оқиғалар. Әрбір оқиға белгілі бір санмен анықталса ол, ықтималдылық деп аталады. Ықтималдық теориясы – кездейсоқ оқиғалардың сандық заңдылығын зерттейтін математикалық ғылым.
Ықтималдықтың қасиеттері:
1-қасиет: Ақиқат оқиғаның ықтималдығы 1-ге тең.
2-қасиет: Мүмкін емес немесе жалғаны оқиғаның ықтималдығы 0-ге тең.
|