1.Сынып оқушыларын түгендеу
2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
3.-Балалар, бүгінгі сабағымызға «Ерекше тілек» айту үшін шаттық шеңберіне тұрайық (суреттер таратамын)
-Балалар, мынау қылыштың суреті.
Мен сендерге бүгінгі сабақта қылыштай өткірлік тілеймін
Оқушыларды топқа бөлу (мақал –мәтел)
Топтан бағалаушы оқушы дайындаймын.
Дәптерге бүгінгі күнді жазу.
-Балалар, мен бүгінгі сабағымызды отбасымызға арнамақшымын.Яғни, отбасындағы қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің дастарқан басындағы орны туралы болмақ.
-Ендіше үйімізде дастарқан төрінде кім отырады?
-Әрине, атамыз.
-Ата туралы бір мақал айтайық.
-Ендіше, атамыз үй тапсырмасын тексеруге мынандай тапсырма берді. Көмектес септігін өттік соны қорытындылау.
І топқа:
-Жастықты аяқ (-бен, -пен) баспайды
Әселдің анасы ине (-мен, -пен) түйме қадады.
Сыпырғыш (-пен, -мен) адамды ұрмайды.
Шынар Астанадан ұшақ (-бен, -пен) ұшып келді.
ІІ топқа
Итке ожау (-бен, -мен) ас құймайды үйдің берекесі кетеді.
Қоғамдық көлік (-пен, - бен) жүру ерекшелігін білесің бе?
От (-мен, -пен) ойнама
Әсет жерді күрек (-бен, -пен) қазды.
-Балалар, бұл қай септік жалғаулары?
-Дұрыс үй тапсырмасын орындағандарың үшін аталарың сендерге ризашылығын білдірді.
Атадан кейін төрде кім отырады?
-Әже туралы кім мақал біледі?
Әженің тапсырмасы:
І топ
Зат есімнің тәуелденуі
ІІ топ.
Септік жалғаулары
Бүгінгі сабақ тақырыбы:
Тәуелдік жалғаулы зат есімдердің септелуі
Кестемен жұмыс
-Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғауы дейміз.
-Ал, зат есімнің септік жалғауы арқылы өзгеруі зат есімнің септелуі деп атаймыз.
Кестемен жұмыс
Септіктердің
аты
|
1жақ
|
2жақ
|
3жақ
|
Атау септік
|
кітабым
|
кітабың
|
кітабы
|
Ілік септік
|
кітабымның
|
Кітабыңның
|
кітабының
|
Барыс септік
|
кітабыма
|
Кітабыңа
|
кітабына
|
Табыс септік
|
Кітабымды
|
Кітабыңды
|
кітабын
|
Жатыс септік
|
Кітабымда
|
Кітабыңда
|
кітабында
|
Шығыс септік
|
Кітабымнан
|
Кітабыңнан
|
кітабынан
|
Көмектес септік
|
кітабыммен
|
кітабыңмен
|
кітабымен
|
-Сонымен үйдегі қарттарымыздан кейін дастарқан басында кім отырады?
-Әрине әкеміз. (әке туралы мақал)
Әкенің тапсырмасы:
Топтық жұмыс.
1 жаттығу.
Бір оқушы толығымен оқиды.
Қарамен берілген сөздерді талдау топпен
І-топтың тапсырмасы (ауызша)
Атасынан-3 ж.ж.шығ.сеп
Немересі-3-ж.ж.
Атаңды-2-ж.ж. таб.сеп
ІІ-топ.
Гүлін-3-ж.ж.т.с
Күзінде-3 ж.ж. жат.сеп.
Ізіңе-3-ж.ж. б.с.
Сергіту сәті орындалады.
-Ал, анамыз дастарқан басында қайда отырады?
-Әкеміздің жанынан табылады.
Ананың бірінші тапсырмасы:
«Ойлан, тап!»
І топ.
Інісі-а.с.3 ж.ж.
Әжесі-а.с. 3ж.ж.
Қайшымды-т.с.3ж.ж.
ІІ топ.
Апасы-а.с. 3-ж.ж
Қаламсабым-а.с. 1ж.ж.
Інісі-а.с. 3ж.ж.
Әжем-а.с.1 ж.ж
Апамның-і.с.1ж.ж.
Ананың екінші тапсырмасы:
Тақтамен жұмыс
-Екі мақалды екі топ оқиды.
-Гүлі, нұры сөздерін тақтаға септеп жазады
-Анамыз сендерге ризалығын білдірді.
Ал, енді, сендер, балалар дастарқан басында қай жерге отырасыңдар?
-Әрине жастарына қарай әжесінің, анасының қасына отырады.
І-ІІ топ. Бес жолды өлең жазу.
1.Отбасы
2.бауырмал, қамқор
3.өсіреді, оқытады
4.Отбасы-алтын ұяң, мектебің
5.Жанұя
6 жаттығу 19 бет
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі
|