Дүниетану пәнінен 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Калиева Айгерим Кабидуллаевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№ 29 НЖББМ
Тақырыбы: «Өзен және көл»
Сабақ мақсаты : Өзен және көл туралы өткен сыныптардан және өмірден білетіндерін еске түсіру арқылы Қазақстанның ірі көлдері мен өзендері туралы мағлұмат беру;
оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, ребустар, суреттер, глобус
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгіме, ойын, көрнекілік, ізденіс,
Сабақтың түрі: аралас сабақ .
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық .
II Өткенді қайталау
1)Қызығушылықты ояту .
Жұмбақ шешу
- Су туралы не білеміз?
2)Ойын «Кім көп біледі?»
- Жер бетіне түскен жауын-шашын суы қайда кетеді?
- Табиғаттағы су қандай күйде кездеседі?
- Судың қандай қасиеттерін білесіңдер.
- Табиғаттағы су айналымы туралы не айтар едің?
- Теңіз бен мұхит суларын ішуге болады ма? Неге?
- Оны қалай тазартып алуға болады? (Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын өте қуатты қондырғы арқылы тазартып ішеді.)
- Жер асты сулары қалай пайда болады?
- Артезиан құдығы деген не?
- Шипалы сулар деген не?
-Табиғатта қоспасы жоқ. тап-таза су бола ма?
Қоспасыз тап-таза су жоқ. Таза суды тек лабораторияларда ғана алуға болады. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшер де еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.
3)Сызбамен жұмыс .
Адамға ауа қандай қажет болса, су сондай қажет.
Ауыз су тапшылығы - әлеуметтік проблема. Біздің планетамызда су көп.
4)Глобуспен жұмыс.
Жер шарының 3/4 бөлігін су алып жатыр. ( көрсету ).
Көгілдір түс –су: мұхиттар,теңіздер, көлдер, өзендер. Кейде ауадағы суларды бесінші мұхит дейді. Бірақ жер шарының 60% тұратын халық тұщы судың болмауынан зардап шегуде. Мысалы, Грецияның Афина және Персияның жақын аудандарында ауыз су жоқ. Югославияда су кемемен жеткізіледі. Біздің елімізде су жеткілікті .
-Олай болса тұщы судың көзі не екенін жұмбақтар шешу арқылы көрейік.
5) Жұмбақтар шешу
Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты. (Өзен)
Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна. (көл)
-Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
6) Топтастыру әдісі.
Өзен мен көл туралы не білеміз?
ІІІ. Мағынаны тану .
1) ДЖИГСО әдісі бойынша оқулықтағы «Өзен және көл» мәтінін оқыту
- Өркениеттің дамуындағы өзендердің рөлі қандай деп ойлайсыңдар?
- Өзендерді қандай мақсатқа пайдаланады?
Қазақстанның су ресурстары көбінесе өзен –көлдегі суларды құрайды. Өзендер негізінен тау басындағы мұздықтарда толықтырылып отырады.Олардың біразы Жоңғар Алатауында жатыр
Қазақстан аумағында 85 022 өзен бар.
–Қандай өзендерді білесіңдер?
2) Ребустар шешу /Ертіс, Сырдария /
Оларды картадан көрсетіп, осы өзендер туралы қысқаша айтып кету.
Ертіс республика территориясындағы ұзындығы 1700 км , жалпы ұзындығы 4248 км
Сырдария ұзындығы 2219 км
3)Тапсырма: Оқушылардың өздеріне картадан Жайық,Есіл, Іле өзендерін тапқызу.
Тау өзендерін көрсету /Қаратал, Шу, Талас/
Жазықтық өзендер / Іле, Сырдария, Жайық, Есіл,Нұра./
4) Суреттер бойынша жұмыс
Жазық және тау өзендері туралы әңгімелеу.
5) Физикалық картамен жұмыс
Республика өзендерінің едәуірі көлдер мен теңіздерге барып құяды. Елімізде 48262 ірі- ұсақты көл бар.
-Ең үлкені қайсысы? -Каспий теңізі
-Неге оны теңіз деп атайды екен?
Каспий теңізі әлемдегі ең ірі су көзі Оның үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ол тұйық су. Оны Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркменстан қоршап жатыр. Оған 130 жуық өзен құйылады.
-Каспий теңізі неге бай? / бекіре, қортпа балығы, мұнай, газ, итбалық/
Келесі көлдің бірі -Арал. Үлкендігімен 2 орында . Қазіргі кезде Арал теңізі 40 пайыз тартылып бара жатыр. Оның жағасы 200 км дейін шегініп қалған.
-Қалай ойлайсыңдар, не себептен оның көлемі кішірейді?
Арал теңізіне құйятын Сырдария суы түрлі шаруашылық мақсаттар үшін дұрыс пайдалынбағалы бәрімізге белгілі. Сырдария суларының көп мөлшері мақта суаруға жұмсалады, теңізге жетпейді.
Сол кезде жіберілген қателіктерінің салдарынан суы тартылған жерде пайда болған тұздар жел арқылы ұшып , адам денсаулығына, мол жайылымдарына зиян келтіреді. Осы тұздар тіпті Памир тауларының мұздықтарынан да табылуда. Арал теңізі 2 су қоймаға бөлініп кеткен: Үлкен және Кіші Арал.
Қазақстанда көлеміне қарай 3 орында Балқаш көлі тұрады.
-Кәне, картадан тауып алайық.
-Неге оның түсі әртүрлі?
Ерекшелігін картаға қарап анықтап көрейік. /батыс бөлігі тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы/
Батыс бөлігінде суы мол. Іле өзенінің құяр жерінде суы тұщы. Көл суының деңгейі , оған құятын өзен суы ағынның өзгеруіне байланысты.
-Олар неге араласпайтынын білгілерің келе ме?
Көлдің батыс және шығыс бөліктерінде тұздық айырмасын оның ортасындағы ұзын түбек шектеп тұрады. Балқаш көлінің жағасында Мыс комбинаты бар.
Арал , Каспий теңіздері мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайлары нашар. Олардың
барлығы ластануда . Себебі неде деп ойлайсыңдар?
6) Бұл қызық!
1.Іле өзені мен Балқаш көлінде шармай балығы мекендейді. Оның еті дәмді, бірақ уылдырығы улы. Сондықтан олар тез көбейеді.
2. Елімізде тағы да көп көлдер бар.
Картаға қарап тағы қандай көлдерді атай аласыңдар? ( Зайсан, Марқакөл, Теңіз….)
- Біздің мемлекетте түрлі түсті көлдерде кездеседі.
- Кәне картадан тауып көрейік ( Сарысу, Көксу, Қарасу, Ақсу.)
7) «Ақмола өңірі » бөлімі
«Қазақстан Швейцариясы» атты слайд көрсету
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсысы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі,
Көкірек қанша жұтса , тоясың ба?
Еліміздегі ең бірі сұлу өңір –Көкше биігі. Ертеден бері «Қазақстан Швейцариясы» аталып келеді. Бурабай көлінің тұп-тұнық көгілдір айдынында аспан, тау, орман қалай жарқырап көрініс тапса дәл солай С. Сейфуллин «Көкшетау» поэмасында жырлаған.
Бурабай- Қазақстан жерінің бетке ұстары.
Бұл өңірде Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Бурабай, Балпашсор, Әулиекөл сияқты үлкен –кішілі көлдер бар.
-Тағы қандай өзен көлдерін білеміз?
Ақмола облысында өзен көлдер көп. Зер кеседей Зеренді, көгілдір Қопа, Қазақстан Швейцариясы-Бурабай, бұлықсып әрі қарай тұрған Бұланды, Қорғалжын т.б.
Қопа, Зеренді көлдерінің жағдайына тоқталып кету.
ІҮ.Ой толғаныс кезеңі .
2) Эссе жазу «Өзен, Көлдер»
3) Оқушыларға «Мөлдір бұлақ» журналынан «Ренжіген теңіз» атты әңгіме оқу
Осы әңгімені оқығаннан кейін қандай көңіл-күйде болдыңдар? Неге?
ІҮ. Қорыту
Көгілдір беті қоңырқай тартып, мөлдір суы қоймалжын тартып, тереңі тегіс қоқысқа толған қолтықтағы Қопаның ауыр дем алысын, аянышты халін арман аңсарын біреу ұқса, осылар ұғар деп облыс әкімі А. Рауға өтініш хат неге жолдамаймыз.
Бүгінгі таңда біздің мойнымызда табиғаттың алдында үлкен парызымыз бар, қоршаған ортаны, өзен көлдерімізді сақтап, қорғап, аялап, келер ұрпаққа үлгі ретінде қалдыру. Өзінің жерін, өзінің Отанын сүйетін Адам табиғатты қорламайды.
Ү. Үйге тапсырма Өзен ,көлдер туралы мағлұмат жинау
ҮІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |