Класс: 9 «а»
|
Күні
|
Пән: қазақ әдебиеті
|
Сабақтың тақырыбы
|
«ҚЫЗ ЖІБЕК» жырындағы салт-дәстүрлер көрінісі
|
Жалпы мақсаты
|
Жырдағы салт-дәстүрлердің мағынасын ашуға, салт-дәстүрлерді дәріптеуге үйрену.
|
Оқу нәтижесі
|
Салт-дәстүрлердің мағынасын түсінеді, жырдағы қолданылуына талдау жасайды, өз көзқарастарын айта отырып, тұжырымдайды.
|
Әдістері
|
Блум таксономиясы, Венн диаграммасы, «Екі шындық, бір өтірік» әдісі, «Бас бармақ» әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
|
Көрнекілігі
|
Интербелсенді тақта, жапырақ стикері, концептуалды кесте, смайликтер
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс- әрекеті
|
Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру
|
Мұғалім оқушылармен амандасады. «Екі шындық, бір өтірік» әдісінің мақсаты: оқушылар өз өмірлерін реттей отырып, бір-бірін жақынырақ тануға мүмкіндік туғызу.
|
Оқушылар өз өмірлеріне байланысты «Екі шындық, бір өтірік» әдісі бойынша үш сөйлем жазады, соны оқи отырып, қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін табады.
|
Топқа бөлу
|
Жырдағы жағымды кейіпкерлерді айтқызып, топқа бөлемін.
|
Жағымды кейіпкерлерді атайды: Жібек, Төлеген, Қаршыға, Шеге.
Төрт топқа бөлініп отырады
|
Үй тапсырмасын тексеру
Бағалау
|
Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
1-деңгей. «Әлемді тербеткен ұлы сезім» эссе жазу
2-деңгей. Жібектің бейнесін жырдан тауып, өлең құрылысына талдау, көркемдегіш тәсілдерді табу.
3-деңгей. Төлегеннің қоштасу кезін жырдан тауып, жаттап келу.
Бір-бірін бағалау парақшасы оқушыларға ұсынылады
|
1-деңгей оқушылары эссені топта бір-біріне оқып, арасынан үздігін таңдап, оқып береді.
2-деңгей оқушылары жұпта бір- бірін тексеріп, топ ішінен бір оқушы оқиды.
3-деңгей оқушыларының біреуі жатқа айтады.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
|
Қызығушылықты ояту.
Білу
|
1.Жырдың басты кейіпкері Төлегеннің есімін неге «Төлеген» қойған?
2.Қазақ халқы ат қоюға қандай мән берген?
3.Қазіргі таңда ат қою мәселесі қалай жүзеге асып келеді?
Бүгінгі сабақта не үйреніп шығасыңдар деп ойлайсыңдар?
|
Оқушылар жетелеуші сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың тақырыбын айтады, сабақтың мақсатын өздері қояды.
Ат қою тарихынан айтады. Қазіргі таңда балаға шетелдік ат қоюға үйір екендігін айтады.
|
Мағынаны тану.
Түсіну
Бағалау
|
«Қыз Жібек» жырындағы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды теріп жаз, түсініктеме бер.
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.
|
Әр топ оқушылары кестені толтырады. (топтық жұмыс)
Р/с
|
Салт- дәстүрлер
|
Мән-мағынасы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Төрт топ бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
Қолдану
Бағалау
|
Сахналық көрініс. Әр топ бір салт- дәстүр бойынша көрініс көрсетесіздер.
Әр түрлі көңіл-күйдегі смайликтер арқылы бағалау
|
1-топ. Жоқтау
2-топ. Сүйінші
3-топ. Естірту
4-топ. Теріс бата
Оқушылар әртістік шеберліктерін көрсетуіне қарай смайликтер алады. (топтық жұмыс)
|
Талдау
Бағалау
|
Салт-дәстүрлерді талдап, тұжырымдама жасаңыздар.
Мұғалім мадақтау арқылы бағалайды.
|
Әр топ оқушылары концептуалды кестені толтырады. (жұптық, топтық жұмыс)
Салт- дәстүр
|
Жырдан дәлел келтір
|
Өз пікірің
|
Теріс бата
|
|
|
Қалың мал
|
|
|
Естірту
|
|
|
Сүйінші
|
|
|
Қалыңдық ойнау
|
|
|
Жұбату
|
|
|
Жоқтау
|
|
|
Бата аяқ
|
|
|
|
Ойтолғаныс.
Жинақтау
|
Шығармашылық жұмыс.
1-топ. 21-ғасырда ұлттық салт-дәстүрлер сақталуы тиіс.
2-топ. 21-ғасырда қандай салт-дәстүрлерді сақтау міндетті емес?
3-топ. «Салт-дәстүр» бес жолды өлең құрастыру.
4-топ. «Салт-дәстүр» ойтолғау жазу.
|
1-2 топ оқушылары берілген тақырыптарға сын көзбен қарай отырып, өз ойларын дәлелдейді.
3-4 топ оқушылары бес жолды өлең мен шағын ойтолғау жазады.
|
Бағалау
|
Жібектің Сансызбайға қосылуына қалай қарайсыз?
Оның түпкі тамыры неде деп ойлайсыз?
Жинақтық бағалау
|
Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, әмеңгерлік салты туралы айтады.
Оқушылар АКТ-ны қолданып, ғаламтордан ақпарат алу арқылы жыр мен киноны салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады. (Венн диаграммасы)
1.Жырдың шығу тарихы
2.Киноның түсірілімі жайында не білесің?
Оқушылар жинақтай отырып бағаланады.
|
Кері байланыс
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.
-Бүгінгі сабақтан не үйрендің?
-Сәтті шыққан тұсы?
-Алған әсерің?
|
Жапырақтарға өз пікірлерін жазып, ағашқа іледі.
|
Үйге тапсырма
|
«Әмеңгерлік салтына менің көзқарасым» ойтолғау жазу.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазады.
|
Рефлексия
|
|
|