Сабақ жоспары Күні: 09. 02. 2017 жыл Өткізілетін орны



бет1/2
Дата04.05.2017
өлшемі378,45 Kb.
#15435
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары

Күні: 09.02.2017 жыл Өткізілетін орны: 209

Сынып: 9 «А»

Пәні: алгебра

Мұғалім: Шерғозы Фариза Мәлікқызы

Cабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессия тақырыбына есептер шығару 
Сабақтың мақсаты: арифметикалық және геометриялық прогрессия формулаларын пайдаланып әртүрлі және аралас есептерді шығару дағдысын жетілдіру; практикадан өз білімін жүйелі әрі дұрыс пайдалануға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: практикалық сабақ 
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, бор, оқулық, слайд, таратпа материялдар, плакаттар

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу,түгендеу,сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: /5-мин/. Өткенді қайталау:
1).Сандар тізбегі дегеніміз не? 
2).Арифметикалық прогрессия дегеніміз не? 
3).Геометриялық прогрессия дегеніміз не? 
4).Арифметикалық прогрессияның қасиеті. 
5).Геометриялық прогрессияның қасиеті. 
Енді формулаларды есте сақтау: 
«Тыңда, ойлан,тап!» ойынын ойнап көрейік. Мен сұрақтарды оқимын сендер формуланың реттік нөмерін жазып отырасыңдар. 
1).Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысы 
2).Геометриялық прогрессияның мүшелері оң болғандағы қасиетінің формуласы 
3). Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы 
4).Геометриялық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің қосындысы 
5). Арифметикалық прогрессияның қасиеті 
6).Геометриялық прогрессияның n–ші мүшесінің формуласы 
7).Геометриялық прогрессияның еселігі 
8).Геометриялық прогрессияның мүшелері теріс болғандағы қасиеті 
9).Арифметикалық прогрессияның айырмасы 
10).Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы

 

ІІІ. Есептер шығару. /30-мин/. Кім тапқыр? (Әр есепке 2 балл).

1. Арифметикалық прогрессияның , d=4 тең, оның мүшесі неге тең? Жауабы: 47

2. Геометриялық прогрессияның , тең, оның мүшесі неге тең? Жауабы: -24

3. Арифметикалық прогрессияның , тең, оның алғашқы мүшесінің қосындысын табыңдар.

Жауабы: 105

4. Геометриялық прогрессияның , тең. Оның алғашқы мүшесінің қосындысын табыңдар. Жауабы: 400

5. 1++………… шексіз кемімелі геометриялық прогрессиясының барлық мүшесінің қосындысын анықтаңдар. Ж : 2

Біліміңді тексер: (Деңгейлік тапсырма)

«А» деңгейі: 3 балл.

а1=50 , d=-3 болатын арифметикалық прогрессияның оныншы мүшесін тап.

Жауабы: 23

«В» деңгейі: 4 балл.

b1 = 4 және b2 = -8 болса, онда геометриялық прогрессияның –ын тап.

Жауабы: 12

«С» деңгейі: 5 балл.

а4=10, а7=19 болса, онда арифметикалық прогрессияның S10 қосындысын есепте.



Жауабы: 145.

Сергіту сәті: /5-мин/. Сандарды үш тілде айтайық.

«1» бір, один, one «10» - он, десять, ten «100»-жүз, сто, hundred

«25» - жиырма бес, двадцать пять, twenty five «98» - тоқсан сегіз, девяносто восемь, ninety eight «143»- жүз қырық үш, сто сорок три, one hundred forty three.

Тест. 1 есеп 1 балл.

1.Арифметикалық прогрессияны көрсет:

а) -1;0;-3.... б) 8;4;2....

ә) 1;4;16;.... в) 15;10;5.... (В)

2. Өспелі прогрессияны көрсет:

а) -1;-2;-3.... б) 8;4;2....

ә) -5;0;5.... в) 4;05;8.... (Ә)

3. Геометриялық прогрессияны көрсет:

а) -10;5;0.... б) 6;4;2....

ә) 5;25;125.... в) 100;200;300.... (Ә)

4. Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 4-ке тең, айырымы -1-ге тең болса, онда оның 5-ші мүшесін тап:

а) -5 б) 0 ә) 1 в) -8 (Б)

5. Геометриялық прогрессияның еселігі -1-ге тең, бірінші мүшесі 2-ге тең болса, онда оның 5-ші мүшесін тап?

а) -2 б) -1 ә) 1 в) 2 (А)

6. 10;8;6.... прогрессияның 21-ші мүшесін тап:

а) -20 б) 10 ә) -30 в) 30 (Ә)

7. 1;2;3....20 қосындысын тап:

а) 200 б) 210

ә) 220 в) -200 (Б)

ІV.Қорытынды: /3-мин/ Рефлексия



Алған әсеріңіз қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет