Сабақ жоспары Күні: 12. 2015 Сынып: 2 «Б» Пән: әдебиеттік оқу Тақырыбы: Шана. Мақсаты: Білімділік



Дата18.02.2017
өлшемі32,14 Kb.
#10163
түріСабақ
Сабақ жоспары
Күні: 8.12.2015

Сынып: 2 «Б»

Пән: әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Шана. 

Мақсаты:

Білімділік: Мәтінді түсініп оқу арқылы, қысқы ойын түрлері мен табиғат құбылысы туралы тереңірек мағлұмат беру.

Дамытушылық: Тапқырлық ептілік дағдыларының жетілуіне мүмкіндік жасау. Құрастыру, іздену, ойлау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік; Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: топтық, сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Көрнекіліктер: жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, қыс тақырыбына салынған суреттер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Мәтінді түсініп оқу арқылы, қысқы ойын түрлері мен табиғат құбылысы туралы тереңірек мағлұмат беру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыптарды қайталау.

Оқушыларды қар суреттерін құрай отырып топқа бөлу.

1-топ «Үлпек»

2-топ «Жұлдыз»

3-топ «Омбы»



Тақырыпқа көшу кезеңі.

«Қар лақтыру» ойыны

-Жылдың қай мезгілінде қар жауады?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс мезгіліндегі басты мерекені ата.

-Жаңа жыл шыршашысының басты кейіпкерлері?

- Балалардың қысқы көлігі?

Мәнерлеп өлеңнен үзінді оқып беру.

Қандай суық қыс деген

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесе

құлағыңды тістеген

Қандай қызық қыс деген

Бәрін шебер істеген

бақша-бауды тауды да

Бояған ақ түспенен.

-Бүгінгі сабақ не туралы болатынын аңғардыңдар ма?



Жаңа материалмен жұмыс.

Мәтінді «Болжау» әдісі арқылы оқып шығу. «Қызық сұрақ» айдарымен жұмыс арқылы оқушылардың мәтін бойынша түсінгендерін нақтылып алу. Топтар бір-біріне кем дегенде екі-үш сұрақтан әзірлейді. Сұрақ-жауап жұмысын қорытындылап өту. «Салыстырмалы карта» бойынша Жәнібек пен ата-анасына мінездеме беру.

Жәнібек Ата-анасы

Мінездеме Мінездеме

Дәлелдейтін сөз Дәлелдейтін сөз

Сергіту сәті

Боран соқты оң жақтан,


Боран соқты сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан

Сабақты бекіту.

Мәтіннің соңындағы сұрақ-тапсырмаларды орындау. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау, сурет салу.



Жұмбақ шешу:

Қолы жоқ сурет салады

Тісі жоқ тістеп алады (аяз)

Қыс болса қыр мен ойды аралайды

Жаз болса қозғалуға жарамайды (шана)

Отқа жанбайды

Суға батпайды (мұз)

Сабақты қорытындылау.

«Биопоэма»әдісін қолдану. Керекті сөздерді жазады

Аты-шана

Сипаттайтын сөздер-төртбұрышты, ағаштан жасалған

Жақсы көретін мезгілі-Қыс,суықтық,аяз

Қорқатын заты-көктем,күн,ыстық

Басынан өткізген сезімі-балалардың қуанышы

Мекен-жайы-қысқы дала

Тегі-қыс

Үйге тапсырма.

Шана мәтінін оқу, мазмұнын әңгімелеу.



Бағалау. Оқушылардың бағаларын күнделік пен журналға қойып шығу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет