Оқушыларды Т.Морганның тіркесіп тұқым қуалау заңымен таныстыру. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын генетика заңдылықтарын еске ала отырып,есептерін шығара отырып, ойлау қабілетін дамыту . Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.
Оқушылар биология не оқытатынын біліп түсінеді. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады. Білгендерін жылдам айтуға тырысып, қызығушылығы оянады, білімін көрсетіп
тақырыптың басты идеясын тауып,алған білімін тәжірибеде қолдана
алады.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері
Оқушылар белсенді ойлауға дағдыланады
Бірлескен оқуға машықтанады
Сабақта туындаған негізгі идеялар
1.Оқушылардың өмірден алған білімдеріне, білетініне сүйену
2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын қалыптастыру
Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныс хромосомаларының генетикалық құрылымы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс. Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы
Ребус шешу,ғажайып ондық,биологиялық есеп ойыны арқылы үй тапсырмасын тексереді
Ребус шешу,ғажайып ондық,биологиялық есеп арқылы қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді.
Мағынаны тану 20 минут
1.Оқулықпен жеке танысып, инсерт әдісімен түртіп алумен айналысады