Мақсаты: Жеке жұмыс істеу арқылы алгоритм ұғымы туралы бұрынғы алған білімдерін қайталайды; модель кезендерін, түрлерін және модельдек, оның жіктелуімен танысады, модель түрлерін біліп, компьютерде модельдеуді біледі. Ой- өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, компьютерлік тіл мәдениетін дамытады.
Күтілетін нәтиже: модель, модельдеу дегеніміз не екенін, модельдеудің негізгі кезеңдерін, сипаттамасын, , модельдерге мысал келтіруді біледі. Нысан моделін анықтауды бірден білу дағдыларын дамытады. Топта және жеке белсенді жұмыс істейді ,ой – пікірін ашық жеткізеді, мәдениетті сөйлейді.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Қолданылатын әдістер: топтық, жеке,«Түрлі-түсті фигуралар» шаттық шеңбер, «Шыгдық және жалған» әдісі, «Ой қозғау» әдісі, постер дайындау, 5 сұрақ» әдісі, «ақпараттық диктант», « негізгі бір сөз » рефлексиясы.
Керекті құрал-жабдықтар: Компьютер, ИКТ, постерге арналған қағаздар, маркерлер стикерлер, бағалау парақтары, флипчарт, презентация
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Амандасу.Оқушыларды түрлі фигураларды таңдау арқылы жазылған 1,2 сандарын таңдау бойынша 2 топқа бөлу.
Интерактивті тақтада шеңбер, зигзаг, тең бұрышты төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш фигуралары көрсетіледі. Оқушылардың әрқайсысы өздеріне ұнаған бір фигураны көрсеткен соң нәтижесі келесі слайдтарда көрсетіледі.
Шеңбер – Өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісе алады. Көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.
Зигзаг – Шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүреді, ойын-сауыққа құмар, шығармашыл, болашаққа талпынысы жоғары, білімге ынталы адам.
Тең бұрышты төртбұрыш – Лидер, ақпаратқа байқампаз, ұқыпты, еңбексүйгіш, жазуға ынталы, достары және таныстары шағын, көп сөйлегенді ұната бермейтін адам.
Үшбұрыш – Өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына жеткізетін, көшбасшы, саясаткер, өз-өзіне сенімді адам.
Тік төртбұрыш – Жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш, батыл, көңіл-күйі өзгеремелі, өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам.
Үй жұмысын: «Шындық па, жалған ба» әдісі бойынша
1. Алгоритмнің берілу формаларын: сөздік, графикалық, алгоритмдік, программалау тілі.
3. Алгоритм түрлерін атаңыздар. Графикалық, сызықтық, циклдік.
4. Алгоритм басы және соңы элилипспен (сопақша шеңбермен) белгіленеді.
5. Алгоритм іс-әрекеті бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалатын алгоритм түрі циклдік.
6. Іс –әрекет ромб фигурасында жазылады.
Оқушы әрекеті
Оқушыларды жасырын фигураларда жазылған 1,2 сандарын таңдау бойынша 2 топқа бөлу.
Оқушылар интербелсенді тақтадағы фигуралардағы жауаптарды көреді.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
1.шындық
2. шындық.
3. жалған тармақталған, циклдік, сызықтық.
4. шындық
5. жалған сызықтық
6. жалған. тіктөртбұрыш
Уақыт
4 мин
Модуль ОмОЖТ
А кезеңі Білу
Түсіну
Мұғалім «Ой қозғау» әдісі бойынша ИБТ-да ««ЕХРО-2017» қалашығының компьютерлік моделінің бейне ролигі. http://www.youtube.com/watch?v=fq7Wq4xgAQA»атты шағын видео ролик ұсынады, видео не туралы екенін сұрайды. Оқушылардың жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа шығады, сабақтың мақсатын айтқызады.
Оқушылар видеоны көріп болған соң жауап береді, тақырыпқа шығып, мақсат қояды.
2 мин
АКТ
СТО
Мұғалім мәтінмен әр оқушы жеке-жеке танысуға тапсырма береді..
Мәтінмен әр оқушы жеке-жеке танысып болған соң. оқушылар топпен бірлесіп жұмыс істейді.
5 мин
ОЖЕСОжО
ОБжК
В кезеңі Қолдану
Талдау
Оқушылар ортаға шығып, ақпаратты постер арқылы қорғауды ұсынады.«5 сұрақ» әдісі бойынша. Бір –бірлеріне сұрақ қойғызады.
1-тапсырма:.«Модельдер сыры»
Шарты: Берілген модельдерді материалдық және ақпараттық бағытқа топтаңыздар.
Глобус
Театр қойылымының декорациялық безендіру макеті
Адам қаңқасының макеті
математикалық теңдеу
Шыңғыс хан жанұясы ұрпақтарының сызба түріндегі моделі