Сабақ жоспары Курс: 1 Топ: Сабақ нөмірі


Ой шақыру «Құпия сөздің сырын ашу»



бет5/9
Дата04.05.2017
өлшемі1,71 Mb.
#15636
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ой шақыру «Құпия сөздің сырын ашу»

Адасқан әріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға, ағылшынға аудару керек.




  • К

    Ұ

    Я

    Ш

    Д

    И

    І

    Т

    А

    Ы

    Қ

    А

    Ф

    О

    П

    Л

    А

    Г

    Б

    Р

    М

    У

    А

    Р

    Е

    Т

    Т

    Е

    М

    А

    К

    Е

    С

    А

    М

    Т
    Кітап-книга-Book; Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беттері жұмыс кітабына біріктірілген.

  • Бет- страница- list; Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады

  • Ұяшық- ячейка- cell; Жұмыс беттері ұяшықтан тұрады;

  • Диаграмма-диаграмма-diagram ; мәліметтерді графиктік түрде көрсету

  • Кесте-таблица- table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады;

  • Формула-формула- formula; Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады;



ІІІ. Жаңа білім. Microsoft Excel формуламен жұмыс.

Excel программасының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшыққа сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса,онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі ғана бейнеленіп тұрады.Ұяшықтағы сандық нәтижені емес. Оған енгізілген формуланы көру үшін сло ұяшықты ерекшелеп алып, формулалар жолындағы бейнеленген жазуға көз салу керек. Формула «=» таңбасынан басталуы керек. Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады:

-біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады;

-екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады.



Сілтемелердің үш түрі бар:

1.Салыстырмалы сілтеме

2.Аралас сілтеме

3. Абсолюттік сілтеме



Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адрестерінің адрестері афтоматты түрде өзгереді деген сөз.Мысалы: В2 ұяшығындағы одан бір жол солға қарай және төменорналасқан А3 ұяшығна сілтеме орналассын.Егер осы формула көшірілсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы:В5,А9 және т.б

Аралас сілтеме. $ символы өзгермейтін адреске сәйкес бағана әрпінің алдында ғана жазылады. Егер бағана аты өзгеріп, жол нөмері өзгеріссіз қалатын болса, онда B$4, ал бағана өзгермейтін түрде , жол өзгеретін болса, онда $H6 болып жазылады.

Абсолюттік сілтеме.Абсолюттік адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақты болып қалады. Формулаларды редакциалау кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 пернесін басу керек Абсолютті адрестелінген ұяшықтың нөмерінің алдында $ белгісін қояды. Мысалы: $J$14, $F$8 және т.б

Мәтіндер,сандармен жұмыс істеген кезде автотолтыру әдісін қолданамыз. Ағымдағы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан. Оны толтыру марекрі деп атаймыз. Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні жіңішке креске айналады. Сол кезде маркерді төмен немесе көлденең созу арқылы автотолтыру әдісін қолданамыз.



IV. Жаңа материалдарды түсіндіру.

Мына суреттегі формулада екі ұяшықтағы мәндерге амалда қолданылған.Бұл жерде ұяшықтардың адресі көрсетілген. Осыны ұяшықтарға сілтеме дейміз. Енді А2 ұяшығына 9 санын, С1 ұяшығына 12 санын жазып,осы ұяшықтардағы сандардың қосындысын есептеу үшін, кез-келген ұяшықты шертіп, өрнек жолағына мына формуланы жазамыз: =А2+С1, сонда осы ұяшықтардағы сандардың қосындысының мәнін көруге болады.



Мәтіндермен автотолтыру әдісі былай орындалады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет