0105000-« Бастауыш білім беру»
0105083-« Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі
Уақыты:
14.01.2019
Өткізілетін орны:
№216
Сабақтың тақырыбы:
Microsoft Access терезесі. Конструктор режимінде кесте құру
Сабақ мақсаты:
Білімділік:
оқушыларға MS Access бағдарламасында Конструктор
режимінде кесте құруды меңгерту;
Тәрбиелік:
құндылықтар
Оқушыларға өзара қарым – қатынастағы шыншылдық, шынайылық, ақиқаттың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып, адами шынайы құндылықтарға тәрбиелеу.
Нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру, өз білімін пайдалану, өз көзқарасын білдіру, шешім қабылдау және ол үшін жауапты болу
Дамытушылық:
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру
Сабақ түрі:
Зертханалық
Сабақ типі:
Білім, білік, дағдыны қалыптастыру
Оқыту әдістері, тәсілдері, оқыту технологиялары:
сұрақ-жауап әдісі, түсіндіре-баяндау әдісі, мадақтау әдісі, Stop-кадр әдісі, кері байланыс
Қолданылатын дидактикалық материалдар, техникалық құралдар:
Дербес компьютерлер, қолданбалы бағдарламалық пакеті, интерактивті тақта
1. Quizlet.com
https://quizlet.com/349750725/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0-access-flash-cards/
2. http://bilimdiler.kz/,
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/9-synyp/lesson/derekqordyng-qurylymy
интернет сайттары (http://ru.wikipedia.org, http://bilimdiler.kz/, http://ustaz.kz/, http://mugalimder.kz/)
Бағдарламалық қамтамасыз ету: Офистік бағдарламалар
Сабақ барысы
Уақыты
Сабақ барысындағы оқытушы іс-әркеті
Сабақ барысындағы студенттің іс-әрекеті
Қажетті оқу-ресурстық құралдар
1
2
3
4
5
І.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация
5 минут
-Оқушылармен сәлемдесу;
-Аудитория тазалығын қадағалау;
-Сабаққа қажетті құралдарын тексеру;
-Сабаққа назарларын аударту;
Ұйымдастыру:
Шаттық шеңберін құрып «Досыма бір тілек» арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады.
-Quizlet.com сайты арқылы өткен тақырыпты сұрақ-жауап әдісі арқылы қайталау:
1 MS Access дегеніміз не? Бұл мәліметтер базасы бағдарламасы.
2. Мәліметтер базасы (МБ) деген не? Бұл ақпаратты жинақтайтын және
сақтайтын құрылым.
3. МБ-да кестелер деген не? МБ – да жазулар жиынтығын кесте деп
атайды.
4. МБ- да өрістер деген не? МБ – да кестедегі тік бағандар өрістер деп
аталады.
5. МБ- да жазулар дегеніміз не? МБ – да кестедегі жолдарды жазулар
деп атайды.
6. МБ-ын құрудың қандай және неше қадамы бар?
а. Кестенің құрылымын құру
б. Кестені ақпаратпен толтыру
7. МБ-ын құрудың әдістері қандай?
а. Бос МБ – ын құру
б. Шебер көмегімен МБ –ын құру
8. МБ-да қандай нысандар бар? Кестелер, формалар, сұраныстар, есептер,
беттер, макростар, модульдер
9. МБ-на өзгерістер енгізуге болам ма? Иә
10. МБ-да кесте құруды неден бастайды? Өрістерін енгізуден
бастайды
.
Бағалау:Дұрыс, сауатты жауап берген оқушыларды мадақтау әдісімен бағалаймын (Керемет, тамаша, жарайсың, өте жақсы)
-Quizlet.com сайты өткен тақырыпты қайталайды;
-Тез әрі дұрыс жауап береді
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
15 минут
- Мұғалім «Microsoft Access бағдарламасында кесте құру» тақырыбына байланысты бейнематериалды көруді ұсынады. Stop-кадр әдісі арқылы бейнематериалды экранда тоқтатып қойып әрі қандай іс-әрекет орындалатынын әр топқа сұрақтар қою арқылы оқушылар диалогқа тартылады. Бір-бірін қайталамай бір тұжырым айтуды сұрайды.
- Интерактивті тақтаны пайдаланып оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді;
- мәліметтер қорында кесте құруды үйретеді;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсінеді:
- мәліметтер қорында кесте құруды үйренеді;
Өткен сабақта құрған Адрес-Телефон атты МБ-сы терезесінде Кесте (Таблицы) нысанында тұрып Конструктор деген сөзді шертеміз. Немесе Конструктор режимінде кесте құру (Создание таблицы в режиме Конструктора) жапсырмасын екі рет басамыз. Сол кезде төмендегі суреттегідей кесте терезесі шығады.
Құрылатын кестенің мынадай атрибуттары болады:
Өріс атауы, мәліметтер типі (түрі), сипаттама.
Өріс атауы (Имя поле) – кестенің өріс атаулары бағанында енгізіледі. Өріс атауы бос орыннан басталмауы тиіс. Бір кестедегі екі өріс бір атаумен аталмайды.
Мәліметтер типі (Типы данных) – мәліметтер типін айқындауға деректер типі пайдаланылады.
Сипаттама – өріс қызметіне түсініктеме беру.
Кестеде келесі өрістер бар:
• Мәтіндік (Текстовый) – мәтіндік ақпаратты сақтау үшін қажет.
• МЕМО өрісі (поле МЕМО) – үлкен көлемдегі мәтіндерді сақтай алады.
• Сандық (Числовой) – сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет.
• Дата/уақыт (Дата/время) - күн/ ай/ жыл форматында мерзімді және сағат/ минут/секунд форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет.
• Ақшалай (Денежный) - ақшалай көрсетілген ақпаратты енгізу үшін қажет. Жалпы оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы типте жұмыс істеу ыңғайлы.
• Санауыш (Счетчик) – жазбалар реттік нөмерін анықтау үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет.
• Логикалық (Логический) - логикалық мәліметтерді (Иә/жоқ, 0/1, Ақиқат/Жалған, т.с.с) сақтау үшін керек.
• OLE объектісі – OLE технологиясын сүйемелдейтін құжатарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады.
Өріс аты деген бағанға өз керегімізше кестенің бағандары аттарын жазамыз.
«Мәліметтер типі» өзі автоматты түрде толтырылып отырылады. Егер типі сәйкес келмесе сол өрістің типі тұрған жерге барып түртсек үшбұрыш тәрізді белгі пайда болады. Сол белгіге шертсек тип түрлері шығады, сәйкесін аламыз. Нәтижесінде төмендегідей кесте құрылымы алынады.
Осы терезені жауып, сұхбат терезесінде сұрау бойынша Адрес-Телефон кітабы деген ат береміз де сақтаймыз. Сіз кестенің Конструктор режимінде құрылғанын көресіз!
МБ - дағы кесте нысанында Адрес-Телефон кітабы деген атауға екі рет бассаңыз кесте ашылады. Кестенің түрі келесідей болады:
Енді сіз кестені толтыруға дайынсыз!
-№1 зертханалық жұмысты орындауға таратпалар беріледі;
-Зертханалық жұмыстың мақсатын түсіндіреді;
-Зертханалық жұмысты орындау барысында қолданылатын қажетті құрал-саймандарды көрсетеді;
-Интерактивті тақтадан зертханалық жұмыстың бір тапсырмасын орындау жолын түсіндіріп көрсетеді;
-Зертханалық жұмыста берілген тапсырмаларды жеке орындауға уақыт береді;
-Зертханалық жұмыстарды бақылау, жеке дара кеңес беру
жұмыстарын жасау;
-№1 зертханалық жұмысты орындауға таратпаларды алады;
-Зертханалық жұмыстың мақсатын түсінеді;
-Зертханалық жұмысты орындау барысында қолданылатын қажетті құрал-саймандарды нақтылайды;
-Интерактивті тақтадан зертханалық жұмыстың бір тапсырмасын орындау жолын түсініп көреді;
-Зертханалық жұмыста берілген тапсырмаларды жеке орындайды;
-Зертханалық жұмысты орындау барысында қиындықтарды оқытушыдан кеңес алады;
Дербес компьютерлер, қолданбалы бағдарламалық пакеті, интерактивті тақта,
Тапсырма: Әр оқушы бөлінген тақырыптар бойынша деректер қорында керекті кестелерді құрады
Бағалау: «Алма» әдісі бойынша бағаланады. A деңгейі – жасыл, А,В деңгейі – сары, А,В,С деңгейі-қызыл.
Қосымшақарқыны жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беремін)
Ү.Білімді бақылау, бағалау
8 минут
-Өтілген тақырып бойынша QuizMaker бағдарламасы арқылы тест сұрақтарына жауап беріледі
Бағалау: «Алма» әдісі бойынша бағаланады. 100%- қызыл, 80%-сары, 60%- жасыл.
Рефлексия. «Алма» ағашын отырғызайық. Ағаш діні жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек сыныбымыздағы көңіл – күй, ал ағаштың жемістері сіздердің білімдеріңіз. Қолымыздағы жемістерді көтерейік. Бірыңғай қызыл алма алған оқушылардың оқу деңгейінің нәжитесін қалғандарына үлгі қылып, басқаларынан да осындай нәтиже күткендігімді айтамын.
Жасыл алма: Сабақ маған түсініксіз.
Сары алма: Тақырыпты түсіндім, кей тапсырмаларды түсінбедім;
Қызыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
Оқушылар алмаларға «сабақты меңгердім», «қиналамын», «меңгермеген сұрақтарын» жазып жабыстырады.
-Өтілген тақырып бойынша QuizMaker бағдарламасы арқылы тест сұрақтарына жауап береді
ҮІІ. Үй тапсырмасын беру
5 минут
Сұраныс тұрғызу. Басылым құру тақырыбын оқып келу;
Рефлексия. «Алма» ағашын отырғызайық. Ағаш діні жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек сыныбымыздағы көңіл – күй, ал ағаштың жемістері сіздердің білімдеріңіз. Қолымыздағы жемістерді көтерейік. Бірыңғай қызыл алма алған оқушылардың оқу деңгейінің нәжитесін қалғандарына үлгі қылып, басқаларынан да осындай нәтиже күткендігімді айтамын.
Жасыл алма: Сабақ маған түсініксіз. Пішімдеу түрлерін білгім келеді.
Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ шартты пішімдеудің түрлерін ажыратқанда қиналдым.
Қызыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
Оқушылар алмаларға «сабақты меңгердім», «қиналамын», «меңгермеген сұрақтарын» жазып жабыстырады.
Үйге тапсырма беріледі. Информатика, «Алматыкітап» баспасы, 1,2-тапсырма, 71-бет