Сабақ жоспары Мамандық : 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» Топ : ЭҚ-14 Пән: Химия



Дата18.02.2017
өлшемі98,45 Kb.
#10100
түріСабақ

ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

ЖЦК № __ хаттама

ӘК төрайымы:____ К.Ж. Нигметова

«___» ______ 2015ж





«КЕЛІСЕМІН»

әдіскер


____________ Н.А.Нургожина

«_____» ______2015ж




«БЕКІТЕМІН»

директордың ОІЖ орынбасары

__________А.А.Мухаметжанова

«_____» ______________ 2015 ж





Сабақ жоспары
Мамандық: 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету»

Топ: ЭҚ-14

Пән: Химия

Сабақ тақырыбы : Металдар мен бейметалдардың салыстырмалы сипаттамасы, қосылыстары.


Дайындаған химия пәнінің оқытушысы:

Ақтанова Дидар Қуатқызы

Күні: 25.11.2015

Өткізген орны : 21 кабинет


Астана 2015



Сабақтың барысы және уақытының өлшемі




Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары. Психологиялық дайындық.Топқа бөлу.


2 мин

2

Білімдерін тексеру



Үйге берілген тапсырманы жазба тексеру.

Химиялық реакцияның түрлеріне байланысты 4 топқа тапсырма





10 мин

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Студенттермен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Студенттердің алдына оқу проблемасын қою. Білімді жаңғырту. Білімді жаңғырту:

1. Фронталды әңгімелесу

  • Элементтер қалай жіктеледі?

  • Металдар қанша пайызын құрайды?

.




4

Студенттердің өздік жұмысы

Кітаппен жұмыс. 2-3 жаттығу.

Сұрақ конверттерін дайындау 4 топ. Адасқандарды табу. Металдар мен бейметалдарды жіктеу.




30 мин

5

Тақырыпты бекіту

Тест.



5 мин

6

Сабақ қорытындысы

Рефлексия кезеңі:

Студенттер бүгінгі тапсырмалар бойынша түсінгендерін бағдаршам түстері  арқылы  көрсетеді. Қызыл – түсінген жоқпын. Сары – жартылай түсіндім.  Жасыл – түсіндім.

Түсінік бере отырып, топ басшыларына бағалату.


6 мин

7

Үй тапсырмасы


№ 2, 3, 7 есеп 118 бет


2 мин

Оқытушының қолы ____________________________

№ 13


Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, конспект жазу, тақта алдында түсіндіру, студенттердің өздік жұмысы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Металдар мен бейметалдар туралы ақпарат беру.

Дамытушылық: Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының формуласын, атауларын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік: Топта еркін жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, периодтық жүйе, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: физика, геометрия, қазақ тілі, арнайы технология.

Сабақтың типі : жаңа сабақты меңгерту.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин

2. Үй тапсырмасын тексеру - 10 мин

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 25 мин

4. Жаттығу орындау - 30 мин

5. Жаңа тақырыпты бекіту 8 мин

6. Сабақ қорытындысы 3 мин

7. Үй тапсырмасы 2 мин



Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.Топқа бөлу. Жұптасып бір-біріне тілек білдіру.


2. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырман тексеру.

Химиялық реакцияның түрлеріне байланысты 4 топқа тапсырма
1 топ
2KCIO3 = 2KCI + 3O2
2AI + 3 S = AI2S3
3CuO + 2AI AI2O3 + 3Cu
2KOH + H2SO4 = K2SO4 + 2H2O

2топ

4P + 5O2 = 2P2O5


2AI +6 HCI = 2AICI3 + 3H2

МgCO3 = MgO + CO2
AI2O3 + HBr = AIBr3 + H2O

3топ

2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

2ZnO = 2Zn + O2

АICI3+3NaOH = АI (OH)3 +3 NaCI

2Мg+O2= 2MgO

4 топ

2Ag2O = 4Ag + O2



N2 + 3H2 = 2 NH3

2Mg + 2HCI = MgCI2 + H2

2KOH + H2SO4 = K2SO4 + 2H2O


3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қазіргі уақытта металдарға жататын 88 және инертті газдарды қоса алғанда 22 бейметалл элемент бар.

Бейметалдар периодтық жүйенің оң бөлігінде топтасқан, олардың кестедегі орнын бор-кремний- мышьяк- теллур-астат элементтерінен тұратын диагональ бөліп көрсетіп тұр. Осы диагональдің сол жағынан төмен орналасқан барлық элементтер металдарға жатады. Адамдар ерте кезден-ақ металдарға иілгіштік, созылғыштық, металдық жылтыр, жылу өткізгіштік және т.б белгілі бір қасиеттер тән екенін байқаған. Металдардың сыртқы энергиялық деңгейінде 1-ден 3-ке дейін электрон болады, олар периодтың басында және ортасында орналасқан, сондықтан олардың атом радиустары салыстырмалы түрде үлкен болады. Бейметалдардың сыртқы энергиялық деңгейінде 3-тен 7-ге дейін электрон болады. Атомдарда сыртқы электрондық қабат саны неғұрлым көп болса, соғұрлым атом радиусы кіші болып, бейметалдық қасиеті айқын байқалады. Ең белсенді бейметалдар: галогендер және оттек.Периодтарда солдан оңға қарай металдық қасиет әлсіреп, бейметалдық қасиет артады.

№2.


2 8 8 2. Бұл элемент- кальций, белсенді сілтілік-жер металл.

№3

2 8 7



Бұл хлор, типтік галоген. Жер бетінде металдар 10 мың жылдан аса қолданылды. Ғалымдардың еңбегінің арқасында 80 металға жуық ашылып, зерттелді. Егер де металдар болмаса, техниканың дамуы қазіргі заманға сай жетілмеген болар еді. Адам өмірі металдармен тікелей байланысты.Тірі ағзада 10-ға жуық элемент болады. Олардың мөлшері өте аз болады, бірақ жетіспеушілігі әртүрлі ауруларға әкеліп соқтырады. Темір, магний, мыс, кобальт, цинк, молибден, натрий, калий, кальций. Металдардың сыртқы энергиялық деңгейінде 1-ден 3-ке дейін электрон болады. Металдарға тән сипаттауыш қасиет – олардың атомдарының сыртқы электрондарын оңай беріп оң зарядты иондарға айналуы болып табылады. Электртерістілік-элементтің бейметалдығының өлшемі. Салыстырмалы электртерістігі неғұрлым көп болса, соғұрлым элементтің бейметалдық қасиеті күшті білінеді. Металдардың, әсіресе сілтілік металдардың электртерістігі төменірек, ең белсенді бейметалдың электртерістігі жоғарырақ болады. Сондықтан металдар химиялық реакцияларға тотықсыздандырғыш ретінде қатысады. Фтордан басқа бейметалдар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсете алады.

Метадар мен бейметалдардың химиялық қасиеті



+ 2 => 2О5

С + O2 => СO2

Сu + CI2 => CuCI2

2K + 2H2 О=> 2 KOH + H2


4. Жаттығу орындау
1 жаттығу. Сұрақ конвертін дайындау 4 топ алмастырып, «Мен саған, сен маған» әдісін пайдаланып тексеру.
2 жаттығу. Адасқандарды табу: Металдар мен бейметалдарға жіктеу.

Са О2 С N2 H2 Na K Si CI2 F 2

Cu Au Ag Hg AI Br2

P Fe I2 Mg S Ba Li



3 .жаттығу. Мына бейметалдар мен металдардың атом құрылысын жазып, салыстыр. Са, CI2, О, Zn,
5. Жаңа тақырыпты бекіту

Тест

1. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың  пайыздық мөлшері. 
А) 90% Ә) 80% Б) 50% 
2. Сілтілік Металдар  
А) Li. Na. K.Rb. Cs. Fr. Ә) Li. Na.Ca. Mb. Al. 
Б) Na. K. Fr.Au. Al. 
3.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдардың  пайыздық мөлшері.пайыздық мөлшері.

А) 20% Ә) 80% Б) 40% 
4. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын метал 
А) Ti Ә)V Б) W 
5. Металдарға мына байланыс түрі тән: 
А/ Атомдық Ә/ Иондық Б/ Металдық 
6. Қандай қатарда тек металдар орналасқан ?
А/ K ,Zn ,Fe Ә/ Si, Ca, Bi Б/W, Os, B 

7.Топ бойынша бейметалдардың тотықтырғыштық қасиеттері жоғарыдан төмен қарай.

А) өзгермейді                ә )жоғарылайды             б) кемиді
8.Алғашқы көмекте пайдаланылатын бейметал:

А ) йод               ә) бром         б) көмір



9. Мына бейметалдардың галогендер тобына жататыны: 
А/ F Ә/Ba Б/ Fe
10. Калий ауада жанғанда түзілетін зат: 
А/ К2О Ә/ К3N Б/ К2О2 В/ КО2 

Жауаптары:

1

2.А

3.А

4.Б

5.Б

6.А

7.Б

8.А

9.А

10.А

6. Сабақ қорытындысы.

7.Үй тапсырмасы № 2,3, 7 есеп 118 бет
Каталог: uploads -> doc -> 0950
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0950 -> Сабақ Сабақтың тақырыбы «Химия тұрмыста және медицинада»
0950 -> Сабақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтіні
0950 -> Жарма ауданы білім бөлімінің «Аршалы негізгі м ектебі»кмм бастауыш сынып мұғалімі Махатбаева Сайраш Амангелдіқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет