Сабақ жоспары «Математика әлемі»



Дата21.04.2017
өлшемі66,07 Kb.
#14260
түріСабақ
«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Пригород орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Ашық сабақ жоспары

«Математика әлемі» үйірмесі
6 сынып

Қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі:

Құрманова Жанат Мұратқызы.

2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Математика әлемі» үйірмесі.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептеуге тәрбиелеу. 
2. Дамытушылық: Сөздік қорын молайту. Өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. 
3. Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу. 
Құндылық: Дұрыс іс– әрекет.
Қасиеттер: білімділік, есептерді тез шеше білу.

Сабақта қолданылытын технологиялар: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, ақпараттық технология.

Қолданылатын әдістер: сұрақ -жауап, түсіндіру, ой -қозғау, пікірлесу, дәлелдеу, салыстыру, тестілеу.

Ресурстар мен құрладар: интерактивтік тақта, слайд шоу, үлестірмелі материал, техникалық құралдар.

Грамматикалық тақырып: септік жалғау.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ 
Сабақтың өту барысы:  
І.Ұйымдастару кезеңі: Сәлемдесу. Оқушылар ортағ ашығып, өз қолын кітапқа қояды.

Мынау кітап. Кітаптан нәр алайық. Білімді әдепті болайық, бір –бірімізді тыңдайық, сабақты қызықты өткізейік!

II.Үй жұмысын тексеру. Алдымен, балалар үй жұмысын тексерейік.

Септік жалғау қайталау.



Үй жұмысын тест арқылы тексереміз.

Тест орындау кезеңі.

Балалар қандай сөз шықты? Жауап: «Математика әлемі»

III. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Математика әлемі»

Бірінші топ: «Білгірлер» Топтың ұраны: « Математика – ғылымдар патшасы»
Екінші топ: «Тапқырлар» Топтың ұраны: « Тәуелсізелдің тірегі – білімді ұрпақ »
Еліміздің болашақ ұрпақтары – ертеңіміздің кемеңгері – сендерсіңдер. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. 
Оқушылар назарын сабаққа аудару. 
Психологиялық дайындық. 
Кел, балалар ойнайық 
Ойлайық та ойнайық 
Қандай жұмбақ болса да 
Шешпей оны қоймайық! 
Балалар сайыс 5 кезеңнен тұрады. Бірінші дұрыс жауап берген топқа қызыл шаршы, екінші жауап берген топқа көк шаршы беріп отырамын. Қызыл шаршы көп жинап, жеңімпаз атануға тырысыңдар. 

1 кезең «Блиц – турнир» «Тапқыш болсаң тауып көр» . Мұнда әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай беріледі
1. Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанд анеше? (2кг) 
2. Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? (көрші) 
3. Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр.Әрқайсына қарап 3 мысы қотыр. Үйде неше мысық отыр?(4 мысық) 
4. 1 жұмыртқа 3 мин піседі.2 жұмыртқа неше мин піседі? (3) 
5. 1 ғасырда неше жыл бар? 
6. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
7. 1 сағатта неше минут бар? 
8. Бір тәулікте неше сағат бар? 
9. 7 санына байланысты не білесің? (7 күн, 7 қазына, 7 жұт, 7 мүше))
10. Жоқты білдіретін сан (0)

2 кезең. Мәтінмен жұмыс. 
а) Мәтінді оқу (оқушылар оқиды, таныс емес сөздерді атайды) 

б) Жаңа сөздермен жұмыс. Жаңа сөздермен сөз тіркес, сөйлем құрастырады
в) Мәтін бойынша сұрақ-жауап жұмысы. Екі топ бір –біріне сұрақтар қояды
г) « Мен аудармашымын» ойыны. Аудармашы абзацқа бөлінген сөйлемдерді аударып, мәтіннің мазмұнын айту. 
3) «Мектепте қандай үйірмелер бар?» тақырыбына оқушылардың өздері дайындаған сұхбатты тамашалау. 

Сергіту сәті.

Балалар сендер сұрақ –жауап бергенде қандай жалғауларды қолданыңдар?

3 кезең. Грамматикалық тақырып: Өздік жұмыс.

1-топ: Ілік септік, барыс септік, табыс септік.

2-топ: Жатыс септік, көмектес септік, атау септік.

  1. Оқушы: Математика әлемі - сөзің септеу

  2. Оқушы: үлгі бойынша септеу.

4 кезең. «Логикалық сұрақ – тапсырмалар»  (интербелсенді тақта)

Тапсырма 1. Ыдыста 10 кесе салқындатылған айран бар. Балалар оның 3 кесесін ішті. Сұрақтар: 1.   Балалар қанша кесе айран ішті?  (10 секунд)

2.   Ыдыста қанша кесе айран қалды?(10секунд)

3.   Ыдыстақаншакесе айран болды?(10секунд)

4.   Ыдыстағы айран қандайболды?(10секунд)

 Тапсырма 2. Жиһаздар сатылатын дүкенде 9 сандық болды. 4 сандық сатылды.

Сұрақтар: 1.Қанша сандық сатылуға қалды? (10 секунд)

2.Қанша сандықтысатыпалуғаболады? (10 секунд)

3.Сандық қайдаболды? (10 секунд)

4.Дүкенде қалғансандықты, сатылғансандықтарғақоссақ, нешеуболады? (10 секунд)

Тапсырма 3. Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар? 
Тапсырма 4. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
Тапсырма 5.  Қандай ыдыстан тамақты жеуге болмайды?
Тапсырма 6. Бос кесенің ішінде қанша құрт болады?

Тапсырма 7.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан

 Тапсырма 8. Бала сағат 10-да ұйқыдан тұрды. Егер ол 2 сағат ұйықтаса, нешеде ұйқыға жатқан

Тапсырма 9. Шелекке салынған қар бөлмеге сағат 5-те әкелінеді. Сағат 6-да қар еріп, суға айналды. Қар қанша уақытта еріді?



5 кезең. Ой толғаныс. Меніңше математика ...

«Автор орындығы» стратегиясы

Қорытынды. 
Жеңген топты марапаттау. 

Рефлексия Рефлексия . Ең жақсы өткен 2 нәрсе не?:

1:


2:

Еңді қандай 2 нәрсе сабақты жақсартар еді: 1:



2:

ҮІІІ .Үйге тапсырма:182-183 бет оқу.№2 деңгейлік тапсырмалар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет