Қазақ тілінен күнтізбелік- сабақ жоспары.
Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Қазіргі сабақ – басты құзырлықтың қалыптасуы мен дамуына себеп болатын орта».
Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Мектеп моделінің тақырыбына сай шығармашылығы дамыған және білім деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру».
Жеке әдістемелік тақырыбым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту».
Пән: қазақ тілі Сынып: Өтілетін күні:
Тақырыбы: «Асық ойыны».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: ұлттық ойындардың мәнін,мақсатын теориялық және іс жүзінде ұғындыру.
2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
3 Тәрбиелік мақсаты: ұлттық ойындар арқылы оқушыларды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу.
.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта,асықтар, қоржын, қамшы, видео.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: білімді жинақтау, жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдістері: өзіндік ізденіс, топтық жұмыс, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс, жекелей, жұптық.әңгімелеу, баяндау, ойын – жарыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Қолданған технологиялар: интерактивті, саралап-деңгейлеп оқыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1.Амандасу.
2. Кезекшімен сөйлесу.
- Сыныпта кім жоқ?
-Бүгін ауа райы қандай? т.б
3. Фонетикалық жаттығу:
«Ойлай берсең, дана боларсың,
Ойнай берсең, бала боларсың»
«О» - дыбысының дұрыс оқылуына көңіл бөлу.
ІІ.Өткенді қайталау: сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға мынадай сұрақтар
қойылады: 1.– Ойын деген не?
– Ол спорт, өнер, дене шынықтыру, тәрбие құралы.
2.Ойын туралы мақал-мәтелдер:
• Ойнада күл, оқы да біл.
• Ойна, бірақ жұмысты да ойла.
• Көп оқыған озар,
Көп ойнаған тозар.
• Ойнап сөйлесеңде де ойлап сөйле.
• Ойнасада ойындағысын айтады.
3.– Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
– Алтыбақан, айгөлек, тақия тастамақ, бәйге, қыз қуу, Ақсүйек, Көкпар.
ІІ. Үй жұмысын тексеру: өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, яғни,
жаңа сөздердің аудармасын білуі.
Сөздерді тексеру: (сандық диктант); Тақтада сөздерді орысша баламасы
берілген, мұғалім сөздерді қазақша айтады, оқушылар сол сөздің аудармасын тауып тек қана қай санның номірін жазады:
1.основанная
2.придумали
3.сухой
4.участвуют
5.правило
6. любой
7.раскладывать
8. последний
Жауабы: 3,8,4,7,5,1,2,6
2. Кестені толтыру және әңгімелеп беру:
1.Ойынның аты
|
Тоғызқұмалақ
|
2.Кім ойлап шығарған?
|
Шабандар
|
3.Ойындағы қажетті заттар
|
донгелек
|
4.Неше адам қатыса алады?
|
Екі
|
5.Қатысушыда неше доңгелектен болады?
|
Тоғыз
|
6.Доңгелектерді қайда салады?
|
ұяшіктерге
|
7. Соңғы доңгелек қайда қалады?
|
|
Жаңа тақырыпқа дайыңдық кезеңі: 1)оқушылардың алдына қойылатын мақсат пен міндеттер:
Білу керек: 1. қазақтың ұлттық ойындары – салт - дәстүрдің бір саласы.
2. Ұлттық ойындардың аттары және олардың мәні мен мақсаты.
3. Мәтіннің мазмұның..
4. Жаңа сөздерді.
Үйрену керек:
1. Салт - дәстүрдің бір саласы, түрі.
Ұлттық ойындарды өз мәнінде ойнай білуді үйрену.
2. Ұлттық ойындардың беретін тәрбиелік мәнін үйрену, ұғыну.
Ойындарға байланысты сөз, сөйлемдерді дұрыс айта, жаза білуді үйрену.
3. Дұрыс оқи, орысшаға аудара білуге дағдыландыру.
4. Көрнекілікті, ойын үшін қажетті заттарды, суреттерді өз мәнінде
пайдалана білуге дағдылану.
2) Жаңа сөздермен танысу:ойыншы –игрок
Анықтау –определить, сақа – асык залитый свинцом, иіреді - .... , ату –
кидать, алшы - , иесі- хозяйн, тәйке - , бүк - , шік - ... .
3) Сөздермен сөз тіркес, сөйлем құрастыру.
Жаңа тақырып: 1. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатымен бейнетаспа қарайды.
Асық деген не?
Асық ойыны қашан шыққан?
Асықтың қандай түрлері болады? т.б.
2.Диалог бойынша өзара сөйлеседі. 114 б. 1тап.
- Асық ойыны кімдер ойнайды?
- Асығы бар балалар ойнай алады.
- неге тек асығы бар балалар ойнай алады? т.б.
2.Мәтінмен жұмыс: 1) Мұғалім үлгі ретінде мәтінді оқып шығады.
2) Оқушылар орысша түсінгендерін айтады.
Өздік жұмыс: 3) Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып,көшіріп
жазыңдар. Тақтада дұрыс баламасы тұрады, оқушылар
тексеріп қойған әріптерін түсіндіреді ауызша.
4) Етістіктердің астың сызыңдар.
Бекіту кезеңі: 5) Сұрақтарға жауап беру: (Қоржындағы асықтарды белгіленген
нөмірлер бойынша сұрақтарға жауап беру).
-Көнге барлық ойыншы нешеден асық тігеді?
- Ойынның басында кезектерін қалай анықтайды?
- Бірінші,екінші,үшінші кім атады?
6) Төменде берілген сөз тіркесетрінен сөйлемдер құраңдар.
Барлық ойыншы, асық тігу,жинап алу,түпкі мақсаты,
ойнаушылардың саны, кезектерін анықтау.
7)Оқушылар асық ойының ойнайды.
Қорытындылау: - Біз қандай ұлттық ойынымен таныстық?
- Асық ойынында қандай тәрбиелік мәні бар?
- Сендерге осы ойын ұнады ма?
Бағалау.
Үй жұмысы: 1. Сөздерді жаттау.
2.Асық ойыны туралы әңгімелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |