Ашық сабақ жоспары
Мерзімі : 10.12.2016ж. Сыныбы: 4 «Б» Пәні : қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Астананың көрікті жерлері.
Білімділік: Оқушыларға «Астана» тарауына тиісті сөздерді, өтілген материалдарға сүйене отырып меңгертіп, тілдік қатынаста қолдануды үйрету. Өз ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың сіңірген еңбегін білуге, құрметтеуге,мақтан тұтуға баулу.
Дамытушылық: Тіл дамыту, ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік : Тілге деген қызығушылықты арттыру, Отанын, елін сүюге, патриоттық сезімдерін ояту. Отанының адал азаматтары болуға тәрбиелеу.Астана қаласы туралы кеңірек мәліметтер беру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ.
Сабақты көрнекіліктермен қамту: Слаидтар көрсетілімі: Н.Ә. Назарбаевтың портреті, ҚР картасы, Астананың көрікті жерлерінің суреттері, сөзжұмбақ, сызба-кесте, үлестірме карточкалар, тест жұмысы.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, орыс тілі, география пәндері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.
Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Актуализация ( Өзектілік) (Бұл бөлімде оқушылар жаңа сабақты игеруге білім негізі жоспарланады, ертеректе алған білімді тереңдету, үй жұмыстарын өз-өзін тексеру)
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Үйге берілген тапсырма: «Астана» туралы әңгімелеу.
Бұл тақырыпты 2-3 оқушы әңгімелейді. Оқушыларға білім деңгейлері 3 түрлі жетонмен анықталатынын айту.
Қызыл түсті жетон: «5»
Жасыл түсті жетон: «4»
Қоңыр түсті жетон: «3»
Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып, балалардан «Туған жер», «Отан» тақырыбында қандай мақал-мәтел білетіндерін сұрау. Балалар, енді «Астана» туралы қандай өлең-тақпақ білесіңдер?
Оқушылар өлең-тақпақтарын айтады. Жақсы балалар, олай болса бүгінгі сабағымызда өздерің айтқан Астананың көрікті жерлерімен танысамыз.
Жаңа сабақтың тақырыбын айту: « Астананың көрікті жерлері». Сабақты бастамас бұрын, сабақтың мақсатымен таныстыру. Балалар, өткен сабақта «Астана» қаласы жайында мәлімет алғанбыз. Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқанын картадан көрейік. Картадан көрсету.
Еліміз кең-байтақ. Оңтүстіктен-солтүстікке, батыстан-шығысқа созылып жатыр. Еліміздің астанасы- Астана қаласы. Астана-тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі. Астана қаласының бүгінде гүлденіп, көркеюіне еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев үлкен үлес қосты.
Президенттің басшылығымен табиғаты суық, бораны мен дауылы үнемі соғып тұратын бұл өлке- жас Астанаға айналды. Жаңа астана салу көп күш пен жігерді қажет етті. Қиындыққа мойымай Астана салынды. Бүгінде тоғыз жолдың торабы тоғысқан бұл аймақ сауда-саттық, саяси, экономикалық, мәдени орталыққа айналды. Енді балалар, елбасымыз салған Астананың көрікті жерлерімен танысайық. Слаидтан көрсету, түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |