2.Сұрақтарға жауап береді. 3.Бейнебаян желісі бойынша ой білдіреді.
Қ.Б. (бұлақ, өзен, көл суреттері
12 мин.
арқылы бағалау). Мұғалімнің бағалауы.
Бұлақ-жақсы, дегенмен әлі де талпыну керек,
Өзен-жақсы, көл-өте жақсы.
2-тапсырма.Ж/Т.Ж. «Жүзіп шығу» әдісі бойынша Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Су-тіршіліккөзі. Су-тіршілік көзі. Жерді анаға теңеген халқымыз суды да ертеде
«Су-ана» деп қасиеттеген. Анасыз адамның өмірге келмейтіні секілді, су жоқ болса, өмір сүру де жоқ.
Қазақ ұғымында суға жуынды төгу, дәрет сындыру қылмыс, күнә саналады.
Су-таза. Оның тазалығын сақтау өмір-тіршілікті сақтау екенін бұрынғы замандарда өткен ата- бабалар жақсы түсініп, бізге өсиет еткен. «Таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген», «Сулы жер- нулы жер», «Бұлақты жер-құрақты жер», «Толысып аққан дария- мейірбанды қария», «Жылай- жылай құдық қазсаң, күле-күле су ішерсің» деген мақалдар бар. «Су ішкен құдығыңа түкірме» деп тыйым айтады. «Сумен ойнама батарсың» деп сақтандырады. «Тау мен тасты су бұзар» деп судың ғаламат күшін ұқтырады.
Шошынып ауырған адамда сумен ұшықтап емдейді. «Сулы жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас» деп су бар жерде сұлулық, тіршілік бар екенін түсіндіреді. Суды қадірлеп, бағаламаған ел апатқа, азапқа ұшырайтынын тіршілік тәжірибелері адамға көрсетіп-ақ келеді. «Судың да сұрауы бар»,
«Аққан судың да тоқтауы бар» деп халық көрегенділікпен айтқан. (З.Ахметов)
Сұрақтар: 1 .Мәтінде не туралы айтылған?
2. Судың қандай ерекшеліктерін