Сабақ жоспары Мұғалімі: Асаинова Айгерим Орынбасаровна



Дата22.08.2017
өлшемі103,75 Kb.
#24609
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалімі: Асаинова Айгерим Орынбасаровна

Күні: 21.10.2016 ж.

Сыныбы: 3 «А»

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы:  сөйлемді еске түсіреміз

Мақсаты:    

1.Білім , білік дағдысын қалыптастыру ,сөйлем және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Ойлау, есте сақтау, талдау ,жинақтау , тез шешім қабылдау машықтарын қабылдау

3. Мәнерлі жазуға , ұқыптылыққа , толық жауап беруге тәрбиелеу



Күтілетін нәтиже:

  1. Сөйлемді еске түсіру,анықтамасын айту

  2. Сөйлем түрлерін ажырата білу, мысалдар келтіре білу

  3. Алған білімін жинақтайды нәтижесін қорытындылайды







Сабақта қолданылатын материалдар:

Интербелсенді тақтадағы слайд, сөзжұмбақ ,

Әдіс – тәсілдер : топттық жұмыс , «сыр – сұхбат» әдісі

Сабақ кезеңдері

корнекілік

Сабақ барысы

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі


Психологиялық кезең


Білім

Қолдану

Сергіту сәті

Талдау

Жинақтау
Рефлексия

Бағалау


Үйге тапсырма

Сөзжұмбақ


Слайд

Слайд

Оқулық


Интербелсенді тақта

Интербелсенді тақта

Микрофон

Жұлдызшалар




1 амандасу

2 топтарға бөлу

3 үйге берілген тапсырманы тексеру
Сөзжұмбақ орындалады.

1.хат жазудағы ең бірінші сөз ( cәлем )

2.бас киім түрі ( бөрік )

3.заттың түріне , түсіне қойылатын сұрақ( қандай )

4.Қуану кезінде айтылатын соз ( алақай)

5.ең төмен баға ( екы )

6. ауызша және жазбаша оқудың бір түрі ( мәтін )

Бағалау крийтерилерін кұру
1.Ережелерді айтып , мысалдар келтіру

2.хабарлы сөйлемнен лепті, сұраулы сөйлемдерге айналдыру


Жаңа тақырыптың мақсатын ашу

- Сөйлем туралы не білеміз?(Біршама аяқталған ойдыбілдіретін сөздер тобы)

Айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? Кандай?

Сөйлем түрлері: хабарлы сөйлем, лепті сөйлем, сұраулы сөйлем.



Хабарлы сөйлем дегеніміз –бір нәрсені хабарлау мақсатында айтылатын сөйлемді айтамыз.

Сұраулы сөйлем дегеніміз – жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлемді айтамыз

Лепті сөйлем дегеніміз – адамның көңіл – күйін , сезімін білдіретін сөйлемді айтамыз

- Тыныс белгілері қандай?(нүкте, сұрақ , леп белгісі)

- Сұраулы сөйлем қалай жасалады? (ма, ме, ба, бе, па, пе).

Мысалдар келтірту

Оқулықтағы 61 бет 1- жаттығу

1.Берілген сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемге айналдыру

2.Хабарлы сөйлемнің сұраулы сөйлемнен айырмашылығын айт

1.Қуаныштың анасы зауытта істейді

2.көгершін қалықтап ұшты

3.Бір жылда он екы ай бар

4.Асқарпаздар биік тауға шықты

2- жаттығу Ауызша талдау

62 бет 3- жаттығу

Әр топ озінің тобына қатысты сөйлемдерді тауып , тыныс белгілерін қойып көшіріп жазады.

Соңғы сөйлемді лепті сөйлемге айналдыру

Хабарлы сөйлемдер:

Арыстан Африкада ғана болады.

-Бұл арыстанның аты- Балқаш.

-«Ол Алматыда туған , Балқаш хайуанаттар бағындағы тор ішінде дүниеге келген»- деді жануарларды күтуші



Сұраулы сөйлемдер

  • Есет, мына арыстан қайдан келгенін білесің бе?

  • Африкадан, басқа кайдан келуші еді?

Лепті сөйлем

  • Алақай, Балқаш Қазақстандыкі екен.



.Сергіту сәтін орындауға бейімдеу

1.Сөздерді ретімен орналастырып сөйлем құрастыру

1 топ :хабарлы сөйлем етіп оқу

2 топ : сұраулы сөйлемге айналдыру

3 топ :лепті сөйлемге айгалдыру

Бірінші алды біздің жарыстан орын сынып.



1.Біздің сынып жарыстан бірінші орын алды.

2.Біздің сынып жарыстан бірінші орын алды ма?

3. Алақай, біздің сынып жарыстан бірінші орын алды!

4- жаттығу

Отанымыздың даңқы арта берсін!Алақай ,әскердегі ағамнан хат келді! Күзгі орман неткен сұлу!Тамаша ғой балалық шақ!Әли , ертең сабаққа кешікпей кел!Апа!Атам келе жатыр.Шіркін, тезірек жаз шықса гой!

«сыр сұхбат» әдісі арқылы бір оқушы тілші болып ортаға шығады. Сабақ бойынша сұрақтар қояды

-Сабақ мақсатына жеттык па? неге солай ойлайсың ?

Сабақта қиындықтар кездесті ме? Қандай?

Жулдызшаларды санап, әр топтың сабаққа қатысып отыру саналады.

Газет- журналдардан , китаптан сөйлемнің үш түріне үш сөйлемнен көшіріп жазу




Карточкалар алу арқылы 3 топқа :жасыл,

қызыл , көк болып бөлінеді

«хабарлы сөйлем»

«сұраулы сөйлем»

«лепті сөйлем»
балалар үйде орындап келген

хаттарын оқиды


Сөзжұмбақ шешімін табады

Сыныпппен бірлесіп бағалау критерийлерін құрады


Сұрақтарға жауап береді, мысалдар келтіреді

Ережені талдап , оқулықпен жұмыста жаттығуларды талдап ойын дәлелдеуге машықтандыру

Топпен жұмыс жасау, талдау

Сергіту сәтінде музыкалық әуенге қосылып,би жаттығуларын орындау.

Шынайы ой туғызуға жол ашу және сыни ойлау қабілетін арттыру

ізденімпаздыққа бағыттау


Өзіне баға беру


Сынып бағалайды

«Бас бармақ әдісі»

Жұлдызшалар тарату

Көршіңді тексер

Жұлдызшалар тарату

Топтық талдау

Жұлдызшалар тарату

Оқушылар өз-өздерін тексеру

Ойын жинақтау дағдысын қалыптастыру, ізденімпаздыққа бағыттау.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет