Сабақ жоспары. Мұғалімнің аты,жөні



Дата16.04.2022
өлшемі22,57 Kb.
#139611
түріСабақ
Байланысты:
55 сабақ Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру


Қашықтықтан оқыту кезінде сабақ жоспары.

Мұғалімнің аты,жөні:

Намысова Бакижан Ескеновна

Пән / сынып :

Алгебра 7 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы:




Тарау немесе бөлім атауы:

Қысқаша көбейту формулалары

Сабақтың тақырыбы:

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру



Оқу мақсаты:

7.1.2.14
тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;



Бағалау критерийі:

Сандық өрнектердің мәндерін тиімді тәсілмен есептейді

Саралап оқыту тапсырмалары.

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

1 минут

Ұйымдастыру

Тақырып, мақсаттармен таныстыру

Не меңгеретінін білу үшін

Мұғалім оқушылардың мақсатпен танысқанын бақылайды

7-8 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру

Жаңа тақырыпты меңгеру

Оқушылардың жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы игергендерін бақылайды

8 минут

Тәжірибе

1,2 тапсырма орындау (тілдік мақсат орындалу керек)

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Оқушылардың жаңа тақырыпты практикалық жұмыс жасау арқылы меңгергендерін бақылайды

3 минут

Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Жаңа тақырыпты меңгерудегі кедергілерді анықтау, түзету жұмыстарын жүргізу

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы




Жаңа сабақ:
Тиімді есептеу тәсілдерін меңгеру үшін бірнеше мысалдарды қарастырамыз.
1 мысал.
1) 19∙21 көбейтіндісінің мәнін тиімді тәсілмен табу керек.
Шешуі:
19 және 21 саны 20 санынан бірдей қашықтықта, яғни 19=20–1 және 21=20+1 екендігін ескеріп, берілген өрнектегі көбейткіштерді олардың айырма және қосынды түріндегі өрнегімен алмастырып түрлендіреміз. Сонда 19∙21= (20 – 1)(20 + 1) теңдігі пайда болады. Осы өрнекке сәйкес формуланы пайдалансақ, (20 – 1)(20 + 1) = 399 мәнін тиімді есептеп шығарамыз.
2)48∙52 көбейтіндісінің мәнін есептеуде алдыңғы мысалдағыдай
48=50-2 және 52=50+2 деп алып, 48∙52= (50 – 2)(50 + 2)= мәнін табамыз.
2мысал.

  1. өрнегінің мәнін есептеу керек болсын.

Бұл мысалда керісінше екі өрнектің квадраттарының айырмасын көбейткіштерге жіктеу формуласын қолданамыз. Сонда мәнін тиімді түрде есептеп шығарамыз.

  1. бөлшегінің мәні тиімді есептеу тәсілін келтіреміз.

Бөлшектің алымы мен бөлімінде квадраттар айырымы тұр, сондықтан оларды белгілі формуламен көбейткіштерге жіктейміз де қажетті амалдарды орындау нәтижесінде мінін табамыз: = 2.
3 мысал.

  1. өрнегінің мәнін есептеу үшін екі өрнектің айырмасының квадратының формуласын қолданамыз:




  1. өрнегінің мәнін есептеу үшін екімүшенің қосындысының квадратының формуласын қолдану тиімді болады, сонымен қатар, бұл өрнектегі 314= екен ескере отырып мынадай мәнін табамыз.


4 мысал.
өрнегінің 13 ке бөлінетінін дәлелдеу керек.
Ол үшін екімүшенің қосындысының квадратын формула бойынша ашып, ықшамдауды орындаймыз:
Ықшамдауды орындаған соң пайда болған өрнекте 13 санын жақша сыртына шығарып, көбейткіштерге жіктейміз:
Пайда болған өрнектің 13 санына бөлінетіні анық байқалып тұр.
Тапсырма.
1)Тиімді тәсілмен өрнегінің мәнін табу керек.
2) өрнегінің мәнін табу керек.
Дескриптор:
1.Көбейткіштерді бірдей екі санның айырмасы және қосындысымен өрнектейді;
2. Екімүшелер айырсмасы мен қосындысынң көбейтіндісін квадраттар айырмасына түрлендіріп мәнін табады;
3. Бөлшектің алымы мен бөлімін қажетті формуланы пайдаланып, көбейткіштерге түрлендіреді;
4. Бөлшекті қысқартуды орындайды.
Сабақты қорытындылау сұрақтары:

  1. Сабақта қарастырылған формулаларды қалай қолдануға болады?

  2. Қандай жағдайда өрнекті көбейткіштерге жіктейді?

  3. Көп таңбалы сандар көбейтіндісін табуда қандай формула қолданылады?

Рефлексия:
«Сөйлемді жалғастыр»

  1. Бүгінгі сабақта... білдім

  2. … үйрендім

  3. … қиындық туындады

  4. … әлі де жұмыстануым керек

  5. … маған қызық болды?

Үйге тапсырма; №5(2,4,6); 251 бет









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет