Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010



бет10/28
Дата10.03.2017
өлшемі5,05 Mb.
#11355
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

ІҮ. Білімдерін тексеру:іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.ә/ Сұрақтарға жауап алу. Жаңа жыл қандай мереке? Жаңа жылға дайындығың қандай?Жаңа жылдан не күтесің?Жаңа жылға басқа қандай ән-жырлар білесіңдер?б/ Тапсырмаларды орындау в/ Өлеңді тағы да оқып оқу.1. хормен оқу 2 .жеке-жеке оқу 3. тізбектей оқу.

Ү. Қорыту. Бүгін не өттік? Жаңылтпаштарды жаңылмай айту.

ҮІ. Үйге тапсырма:1. Өлеңді жаттау, әнімен қосып айту. 2. Бағала
59. М. Төрежанов. Өз ізі

Мақсаты: 1.М.Төрежановтың «Өз ізі» әңгімесімен таныстыру, түсініп оқуға дағдыландыру.2. Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту .3.Адамгершілікке, зейінділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Арнайы суреттер, оқулық

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Шырша жыры» өлеңін жатқа сұрау.Әуенімен орындату.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жаңа сабақ.1.Жаңылтпашпен жұмыс.2. Сурет бойынша әңгімелету.Оқулықпен жұмыс.а/ «Өз ізі» мәтінін оқып, таныстыру. ә/ Сөздік жұмыс.3.Сергіту сәтін өткізу

ІҮ. Білімдерін тексеру:іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.ә/ Сұрақтарға жауап алу.

Мәтіндегі оқиға жылдың қай кезеңінде болған? Оны неден аңғардың? Қарға қатысты айтылған көркем сөзді дәптеріңе жазып ал.Соңғы сөйлемдегі тілекті қалай түсінесің?Бір-біріңе қандай жақсы тілек айтар едіңдер?б/ Тапсырмаларды орындау.



Ү. Қорыту. Бүгін не өттік?Жаңылтпаштарды жаңылмай айту.

ҮІ. Үйге тапсырма:1.103-беттегі мәтінді түсініп оқу, мазмұндау.2. Бағалау
60. Алдар көсе мен салт атты.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, жаңа сабақты меңгерту2. оқушылардың ой-өрісін , ойлау қабілеттерін дамыту.3. оқушыларды өтірік айтпауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап

Көрнекілік: тон ішіктің суреті

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, құрал-жабдықтарын түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:«Өз ізі» мәтінінің мазмұнын сұрау. Өткен сабақты еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Киген тоны,Оңды тон. Өнді тон.2. Үш кісі ішік пішті Бес кісі ішік пішті Қанша кісі ішік пішті?Жаңылтпашты жаңылмай, тез айтуға үйрету.Жаңылтпаштағы киім атауларын ата.Бұл киімдерді қай кезде киеді?Не үшін киеді?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:Оқушыларға Алдар көсе мен салт атты тақырыбын түсіндіріп, тізбектете оқыту.Балалар, бұл аңызда Алдар көсе байды қалай алдап кетіпті?

Ү. Суретпен жұмыс:Суретке зер сал.Жерде тұрған кісі қалай киінген?Ат үстіндегі кісі ше?Алдар көсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едің?

ҮІ. Қорыту:Алған білімдерін қайталап, сұрақтарға жауап бере отырып, қорыту

ҮІІ. Бағалау



61.Сабақтың тақырыбы: Құлақ пен Тымақ





Сабақтың мақсаты:

Ана тілі сабағында тыңдау, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

1. Білімділік:

Дұрыс , түсініп оқуға, мысалдың негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту.

2. Дамытушылық:

Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік:

Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын.

Сабақтың көрнекілігі:

Тақырып бойынша суретер, дидактикалық материалдар.







Пан-аралық байланыс:

Қазақ тілі, сурет.

Сабақтың барысы:




I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сабаққа балаларды дайындау.

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.



II. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту.

- Үйге не берілді?

- Аңыз дегеніміз не?

- Алдаркөсе мен салт атты қайда кездесті?

- Аңызды кім әңгімелеп береді?

Сергіту.


- Кәне, кім жаңылтпашты жаңылмай айтып бере алады?

- Алдаркөсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едік?

- Алдаркөсе қандай адам деп ойлайсың?


III. Жаңа сабақ

Кіріспе :



- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: « Құлақ пен тымақ»

а) суретпен жұмыс

(сұрақ-жауап) 1.

2.

- Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

- Ол не үшін керек?

- Құлағың үсімес үшін не істеу керек?

- Мына жаңылтпашты дұрыс оқып, жаңылмай айтып көрелік.

Қыста құлағым үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

- Неге?


- Олай болса, балалар, белгілі сықақшы ақын Асқар Тоқмағамбетовтың мысал - өлеңін түсініп оқып көрелік.













Оқулықпен жұмыс. Мысал - өлеңді рөлмен оқу, мазмұнын талдау.

(мәнерлеп оқу)

Дәптермен жұмыс. 1. Жаңылтпашты жатқа жазу.

2. Өздігінен өзі білетін қыстық бас киімдердің атын

жазу. (бөрік, малақай, тымақ т. б

Бекіту.


- Суретке қарап қысқы киімдердің түрлерін атап көріңдерші?

(әр түрлі қыстық, жаздық киімдер суреті)

- Осы сөздермен сөйлем құра.

- Бүгінгі сабақта біз қандай жұмыстар істедік?

- Балалар, осы мысалдан өзіңе қандай үлгі алдыңдар?

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.


62. Сабақтың тақырыбы. «Шынықсын денеміз». Бердібек Соқпақбаев.
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

Денсаулығын күту, ойлау, қоршаған дүние өзгерісін бақылауға

дағдыландыру.

Есте сақтау, әндете білу, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті

сөйлей білуге баулу.
Сабақтың түрі. Аралас
Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әндету, ойын.
Көрнекілігі. Қысқы көрініс суреттері, үлестірме карточкалары.

Сабақтың барысы.



I. Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.




ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

-Үйге не берілді?

-Рөлмен мәнерлеп оқу, құлақ не үшін керек, тымақтың пайдасын анықтап ,

тәрбиелік жұмыс жүргізу.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

-Үйден салған « Қыс көрінісі» атты суреті бойынша әр оқушы өз суретін

сипаттап әңгімелеп,шағын көрме ұйымдастыру.

ІҮ. Жаңа сабақтың барысы.


1. Кіріспе (осылай жаңа сабақтың кіріспе әңгімесі ретінде байланыстырып кету.)

-Балалар, мына жұмбақты шешсек , бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға көмектеседі.

Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым. ( шаңғы )

Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге. ( шана )

Табанға тақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым. ( коньки )

Бұлар не үшін керек?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Белгілі балалар жазушысы әрі ақын Бердібек Соқпақбаевтың өлеңін дұрыс,

түсініп оқып көрелік ( Б. Соқпақбаевтың өмірі, « Менің атым Қожа » атты

кино жайлы бір- екі ауыз әңгімелеп кету.)


3. Оқулықпен жұмыс. - (іштен , дауыстап, мәнерлеп оқу)

4. Дәптермен жұмыс. 1.жұмбақты жатқа жазу.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Өзің білетін спорт түрлерінің атын жаз.

2. Өзің қай спорттың түрін ұнатасың? (айтып бер)

3. Әндету.

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
63. Тақырыбы: Байлық. М.Дулатов. Жұмыстың жылуы. Қ.Мырза Әли.

Мақсаты: 1. Байлық әңгімесін оқи отырып, бірінші байлық денсаулық екенін, жұмыстың жылуы өлеңін оқып, еңбек жайлы түсінік беру. Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Арнайы суреттер,

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Байлық. М.Дулатов. Жұмыстың жылуы. Қ. Мырза Әли.

ІІІ. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс.а/ Байлық әңгімесін оқып, мазмұынын ашу. Бірінші байлық денсаулық екенін түсіндіру.ә/ Жұмыстың жылуы өлеңін оқып, жұмыспен айналысқан адамның денесі қызып, жылы жүретінін түсіндіру.б/ Сөздік жұмыс.

ІҮ. Білімдерін тексеру:іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.ә/ Сұрақтарға жауап алу. Жігіт ұстазын не деп мұңын шақты? Ұстазы жігітке қандай сауалдар қойды? Жігіт қалай жауап берді? б/ Тапсырмаларды орындау. в/ Жұмыстың жылуы өлеңін оқып оқу. 1.хормен оқу 2.жеке-жеке оқу 3.тізбектей оқу.

Ү. Қорыту. Бүгін не өттік?Жаңылтпаштарды жаңылмай айту.

ҮІ. Үйге:1.әңгіме мен өлеңді мәнерлеп. 2.бағалау
64. Сабақтың тақырыбы.«Қыста қызық жұмыс бар » Бүркіт Ысқақов

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, сөйлеу әрекетін қалыптастыру.2.Қоршаған дүние өзгерісін бақылауға, қыстағы қызықтарды жүйелеп айтуға дағдыландыру.3.Есте сақтау, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті жүйелі сөйлей ,өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:сұрақ- жауап, ойын « Кім көп сөйлем құрайды »топқа бөлініп,тест

Көрнекілігі: Қысқы еңбек көрініс суреттері, тест жазылған қағаздар.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.




ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

- Үйге не берілді?

- Жатқа айту, әндету.

- Тәрбиелік жұмыс жүргізу, спорт түрлері жайлы әңгімелету.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

- « Қыс көрінісі» атты суреті бойынша сипаттап әңгімелеу

ІҮ. Жаңа сабақтың барысы.
1. Кіріспе 1. Бөлім қалай аталады?

2. Үш қатарды топқа бөліп , жүйелеп айтуға баулу мақсатында , « Кім

көп сөйлем құрайды» ойынын ойнау.

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Белгілі балалар ақыны Бүркіт Ысқақовтың өлеңін дұрыс, түсініп, шапшаң,

мәнерлеп түсініп оқып көрелік.

3. Оқулықпен жұмыс. (- Іштен , дауыстап, мәнерлеп шапшаң оқу)

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Бүркіт Ысқақовтың өлеңін осы бөлімдегі Бердібек Соқпақбаевтың

өлеңімен салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?

2. Өзің қай спорттың түрін ұнатасың? (айтып бер)

3. Әндету.

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
65. Мазмұндама

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру

2. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақтың типі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою, тақырыбын хабарлау

ІІІ. Мазмұндама «Камалдың қатесі»1. Мәтінді оқып талдау, мазмұнын екі-үш оқушыға айтқызу.

Камалдың қатесі

Камал мектепке келе жатты. Жолда арық бар еді. Көше нөсер жауған. Содан арықтың шеті опырылып қалған еді. Камал аттап өте алмады. Камал енді ағаштың бұтағына шықты. Ол арықтың бергі шетіне қарай ырғыды. Бұтақ сырт етіп сынып кетті. Камал суға күмп етіп түсіп кетті.

2. Тірек сөздерАрық нөсер жауған, шеті опырылып, шетіне қарай ырғалды, сырт етіп.3. Жоспар құру1. Жолдағы арық 2. Іске аспаған әрекет



ІІІ.. Үйге тапсырма беру кезеңі :Қайталау
66. Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау. Бөлімді қайталауға арналған тест.

Сабақтың мақсаты:1. « Қыста талай қызық бар» бөлімі бойынша алған білімі мен біліктігін қорыту, тест арқылы білімін тиянақтау.2.Қоршаған дүние өзгерісін бақылауға, қыстағы қызықтарды жүйелеп айтуға дағдыландыр. 3.Есте сақтау, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті жүйелі сөйлей, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.

Сабақтың түрі:Қорытынды саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ- жауап, тест,баяндау, әңгімелеу.

Көрнекілігі:Қысқы көрініс суреттері, тест материалдары..

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған

ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.


ІІ. Қорытындылау сабақ.

1. Кіріспе. – Балалар, біз қандай бөлімді өтіп бітірдік?

- Кәне, кім айтады?

2. Пысықтау жұмысы.


  • Балалар, бүгін біз осы бөлімді қайталау үшін саяхатқа шығайық.

Ол үшін қандай көлікпен шығатынымызды сайлап алайық. Алдымен мына шана, шаңғы, коньки, атшананың қайсысын таңдаймыз.

  • Шанамен осы шығармаларды жазған ақын –жазушылардың аулына саяхат жасайық.

- Қандай ақын, жазушылармен таныстық? Ата.

(Міржақып Дулатов,Мағжан Жұмабаев, Зейнолла Шүкіров,Тұманбай Молдағалиев, Қасым Аманжолов, Әнуарбек Дүйсенбиев, Медіхат Төрежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Бердібек Соқпақбаев, Қадыр Мырза Әлі, Бүркіт Ысқақов)

Келесі аялдамамызға шаңғымен баралық, өйткені қар қалың ,әрі ну орман екен.

-Қандай өлеңдер жаттадық? Кім жатқа айтып береді?

( Ақша қар. Он алтыншы желтоқсан. Қазақстан. Шырша жыры.Шынықсын денеміз. Қыста қызық жұмыс бар.)

Келесі аялдамаға жеткенше теп- тегіс көк мұз айдыны екен, оған конькимен барайық.

-Қандай шығармаларды оқып,олардан не білдік? Саған ұнаған әңгімені айт.

-Қандай ертегі, аңыз оқыдық?



Сабақты қорыту.

1. - Соңғы шананың жүгі ауыр демекші, соңғы аялдамаға бару керек. Кішкене шаршапта қалдықпа дем алып атшанамен барайық , деп ойланып отырсақ ,бізбен бірге ілесіп жүрген қысқы үскірік аяз хат әкепті.

Ашсақ , мынадай тапсырма күтіп тұр екен. Оны үш топқа бөлініп тез жауап берейік.

Әйтпесе, бізді қатырып қояр.

- Қысқы ойын түрлерін атаңдар.


  • Қысқы мейрамдарды атаңдар.

  • Қысқы еңбек түрлерін білесің бе?

2. Бүгінгі саяхатымыздың қорытындысы ретінде «Бөлімді қайталауға арналған тест» бар, соны дұрыс орындасақ, біз үйге тез оралатын шығармыз.

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
67. Тақырыбы: Ата ақылы

Мақсаты:1. С.Көбеевтың ата ақылы, атасы мен немересі жайлы түсінік беру. 2.Дұрыс оқу,түснігін айтуға дағдыландыру 3.Үлкенді құрметтеуге баулу

Көрнекілігі: суреттер,сызба

Түрі: жаңа сабақ

Сөздік қормен жұмыс:ақыл,аяқ,ұялу,қартаю



Сабақтың жоспары:

ІІ. Жаңа сабақ: 1.Кіріспе 2.Мүғалімнің түсіндірмесі

Пысықтау қорыту. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Өткенді қайталау.

Қазір қай жыл мезгілі? Қыста қандай өзгерістер болады? Қысқы еңбектер жайлы не білесің?

ІІІ. Жаңа сабақ

а/кіріспе жазушы ұстаз С.Көбеев Қостанай облысында туған.сОл кім екенін білесің бе?

Б) Мұғалімнің түсіндірмесі. Сызбамен жұмыс.Пысықтау

1.Кітаппен жұмыс ә/ Өлеңдерді оқу, талдау. б/ Сөздік жұмысын жүргізу.

Оқулықпен жұмыс: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру

Өлең кімге арналған? Түн ұйқысын төрт бөліп дегенді қалай түсінесің? Күшті болып өсу үшін нелер қажет? Қайталанып тұрған сөздерді табу. Өз уақытыңды қалай пайдаланасың?



ҮІІ. Қорыту. Мақал-мәтелдер.

ҮІІІ .Үйге тапсырма

Өлеңдерді мәнерлеп оқу, бағалау

68. Сабақтың тақырыбы: « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімі.

Атасы мен немересі.
Сабақтың мақсаты: 1.Дұрыс, түсініп, дауыс ырғағын, интонациясын келтіріп оқуға

үйрету.


2. Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын толық баяндап

жеткізуге, теріп оқу, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.

3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі. Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу.



Көрнекілігі. С. Көбеевтің суреті, сызба, сөздік.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.




ІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе.

а) -Бүгінгі сабақта біз келесі бір « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімін оқимыз.

-Балалар, сендердің үйде аталарың, әжелерің бар ма?

- Сендер ол кісілерді қалай көресіңдер? Кім айтады?

-Ата, әжесін жақсы көретін балалар Сырбай Мәуленовтың « Ата ақылы» деген өлеңін тез жаттай алар ма екен ?

-Кәне жаттап көрелік.

ә). Балалар, мына нақыл сөзге көңіл бөліп көрелік: « Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер ». Осы нақыл сөздің « Ата ақылы» өлеңіне қатысы бар деп ойлайсың ба?
2. Мұғалімнің түсіндіруі.

- Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы нақыл сөзге құрылған әңгімені түсініп оқып көрелік. Мәтіннің авторы-Спандияр Көбеев

- Ол кім? Сызба бойынша кім түсіндіріп береді?

3. Оқулықпен жұмыс. - ( жалғастырып, түсініп, шапшаң оқу)

Рөлмен оқу. Теріп оқу.

4. Сөздік жұмыс. (дәптерге жазу)

- Қандай жаңа сөз кездестірдіңдер

- « Аяқ » деген сөз нені білдіреді? Қай сабақта біз осындай сөздер жайл оқыдық? (қазақ тілінде) Оны қандай сөздер деп айтушы едік? (көп мағыналы)



ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Мәтіннен әкесі мен баласының сөздерін тауып оқу.

2. Баланың неге осылай сөйлегенін түсіндір.

3. Жазушы не айтпақшы болды? « Ата ақылы» өлеңін пайдаланып жауап беріп көр.



ІҮ. Қорыту.

- Қандай бөлімді оқыдық?

- Бүгінгі сабақтан не білдік?

- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?



Ү.Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
69. Сабақтың тақырыбы. « Шал мен балалар» Спандияр Көбеев
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп , дауыс ырғағын, интонациясын келтіріп оқуға

үйрету.


2. Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын толық баяндап

жеткізуге, теріп оқу, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.

3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу.

Көрнекілігі. С. Көбеевтің суреті, сөзжұмбақ, тыйым сөз.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі: .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.



ІІ. Жаңа сабақ

1. Кіріспе.

-Бүгінгі сабақта біз келесі бір « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімінің Шал мен балалар мәтінін оқимыз.

-Балалар, сендердің үйлеріңде аталарың, әжелерің бар ма?

- Сендер ол кісілерді қалай көресіңдер? Кім айтады?

- Егер сендердің ата -әжелерің емес басқа үлкен кісілер болса, онда оларды сыйлар ма едіңдер?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Олай болса, бүгінгі сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастайық. Ол үшін алдыңғы сабақты есіңе түсір. (өткенді қайталау)

Сөзжұмбақтағы күлгін көк түсті торкөздегі сөзді оқы. Ол кім?

- Спандияр Көбеевтің тағы бір әңгімесін түсініп оқып көрелік.

Оқулықпен жұмыс. - Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу.

- Мәтіннен шалмен мен балалардың сөздерін тауып оқу.

- Балалар неліктен ұялды?

Жаңа сабақты бекіту

1. Дәптермен жұмыс.

- Мына тыйым сөздерді оқып көрелік « Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа.» оны қалай түсінесің?

2. Балалардың іс-әрекетіне өз көзқарасың қандай?

3. Мәтінге басқаша ат қой.



Қорыту.

- Бүгінгі сабақтан не білдік?

- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?

- Ойланып жауап бер.

Асқар дастарқан басында шешесіне:

- Сен шайды көп ішесің, - деп кінә тақты.

- « Сен » деме, « сіз» деп сөйле, -деді оған әкесі.

- Менің досым Сергей әке- шешесіне « сен » деп сөйлейді ғой. «сен» деп сөйлейді ғой.

« Сен » деген ең жақын адамдарға айтылады емес пе ?- деді Асқар.

Кімнің пікірі дұрыс? Сен ата- анаңа не дейсің?



Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
70. Сабақтың тақырыбы. Мысық пен тышқандар. ( ертегі)

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп оқу,түсінгенін әңгімелеуге үйрету.

2. Ойлай, қиялдай білуге, ойын қорыта тұжырымдап

жеткізуге дағдыландыру.

3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет