Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010



бет3/36
Дата30.04.2017
өлшемі5,25 Mb.
#15228
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

ҮІ.Жаңабілімдібекіту.
Тау,бау,сау, су, сөздеріне дыбыстық талдау жасату.Ту сөзіне түсінік беру.Сурет бойынша шағын әңгіме құрату.Хормен оқыту.Тақтаға сөз жазғызып үйрету.Ат ата тана ара Ал ала таға арал Сергіту сәтін өткізу.


«Қай буынды жоғалттым» ойыны

На-..., ...-лап, ...нар, а-..., ...рал т.б.

д) Дәптермен жұмыс:У у, ау, ту, ауа.

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып,білдік?У дыбысы қандай дыбыс?

Күні: 1.10.2013

Пәні:Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. А,Т,П,Н,Ғ,Л,У дыбыстары мен әріптерін қайталау.2. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. 3.Осы әріптерді қатыстыра отырып сөз, сөйлем туралы

алған білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ .Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру.Дауысты дыбыстар: а,у.Дауыссыз дыбыстар: т.п н, ғ, р, у. ә) Сөз ойлау, сөйлем құрату. б) Сөйлемнің 1-ші сөзі бас әріппен жазылып, сөйлем соңына нүкте қойылатынын түсіндіру. Адам ауамен дем алады.в) Сөздік диктант.Бас әріп пен кіші әріпті жазу.Аа Тт Пп Нн Ғғ Лл Уу, Ат ,нан, апа, лақ, ара. Папа.г) Сөздерді буынға бөлгізу:А-на, а-ра, А-ға На-уа, Ра-уан, А-нар.ғ) Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау:



































































Сергіту сәті

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар.

ІҮ. Бекіту кезеңі:«Қай буынды жоғалттым» ойыны На-..., ...-лап, ...нар, а-..., ...рал. Тау-..., ту-..., ...-тар.

Күні: 2.10.2013

Пәні:Сауат ашу.

Сабақтың мақсаты:

а)оқушыларды А дыбысы мен әрпімен тапсыру.А дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау .

ә) оқушылардың сөздерді дыбыстық талдау жасау арқылы алған білімдерін дамыта түсу

б) оқушыларды реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап, ойын

Пайдаланылатын көрнекіліктер: түрлі суреттер, таблица

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға қажетті құралдарын алғызып, кабинетті сабаққа дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы пысықтау. Қосымша сұрақтар қою арқылы білімдерін пысықтау.

ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтау

Қосымша сұрақтар арқылы

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-дауысты дыбыс қалай айтылады?

-дауыссыз дыбыс қалай айтылады?



Тақтамен жұмыс

Мына буындарды оқимыз,-неше дауысты? –неше дауыссыз дыбыс?

А-на,а-ра,а-па,а-та,а-ла,па-на

ІҮ. Жаңа білімді тексеру:Ш дыбысына қатысты сөз ойлату. Сөйлем құрату. Сөйлемнің 1-ші сөзі қалай жазылады?Соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар.

Алдымыздан жел есті.

Кіп-кішкене ағаштар,

үп-үлкен боп өседі.

Ү. Білімді бекіту.

Дәптермен жұмыс: Ш әріптерін жазып үйрену. Тақтамен жұмыс:Ша, шар,Шара, шам; шана,



ҮІ .Сабақты қорытындылау:

Біз қандай әріпті танып,білдік?



-Ш дауыстыма,дауыссыз ба?

33. Сабақтың тақырыбы Ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Ш дыбысы әрпі туралы алған білімін пысықтай отырып, ш дыбысына қатысты берілген материалды толық меңгерту. 2. Адамгаршілік тәрбие беру. 3. Алған білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:



І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Білімді тексеру.1) Ш дыбысы қандай дыбыс?2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Тамаша,алаша, шаңғышы.3) 48 беттегі берілген сөздерді оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Ш әрпі бар сөздерді атаңдар.

Шоршиды шортан, шорағай,

Шабақ аулап шағала,

Шегіртке қуып Шорабай,



Шапқылар шилі жағада. ә) тақтаға сөз құрап жазу.(кеспе әріптермен) б) Жеке және көп заттың атауымен таныстыру. Ағаш-ағаштар. Шар-шарлар.т.б.в) Хормен оқыту.Шағала шапан алша шар.Алаша ағаш арша шаш.г) Сөйлем құрату. Шара шар ал. Шарапат шашу шаш.

Ү. Жаңа білімді тексеру: Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту. Буын диктантын жазғызу

ҮІ. Білімді бекіту.Сергіту сәті: «Шынжыр» ойынын ойнату. Шар-радио-отан-нан- науа-ара- аспан т. б.Дәптермен жұмыс: Ш ш ша шар Шара. Көшіріп жазу. Шағала, шана арша алша.

ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?
34. Сабақтың тақырыбы: Й дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты. А) Оқушыларға дауыссыз Й дыбысы туралы түсінік беру ә) Оқушылардың сабақта сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту б) Оқушыларды ұқыптылыққа, реттіліккен тәрбиелеу.

Сабақ түрі. Аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері.сұрақ-жауап, әңгіме, ойын

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасып, қажетті ұүралдарын алғызу.Сыныпты сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырманы тізбектей оқыта отырып, түсінгендерін сұрау.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін пысықтау- Біз осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату. «Кім зерек?» ойыныны ойнату арқылы білімдерін пысықтау

ІҮ. Жаңа сабақБүгінгі өтетініміз дауыссыз Й дыбысы мен әрпі. Й дыбысы мен әрпі қандай дыбыс?Суретке қарайық. Балалар , мына суретке қарайық.Қызға ат қояйық.Ол неге қарап отыр?Жақсы. Ал , енді мынау не?Оқулықпен жұмысА па а та а ға ай ай наА пай а тай а ғай тай ай ран Сөздерді буынға бөле отырып пысықтау

ҮІ. Жаңа сабақты бекітуӨтілген Й дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіріп, пысықтау. Й дыбысы мен әрпіДәптермен жұмыс.

ҮІІ. Сабақты қорыту-Бүгін біз сендермен қандай әріппен таныс болдық.?

ҮІІІ. Үйге тапсырма.Бағалау
35. Сабақтың тақырыбы: Оо дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. О о дыбысы, әрпіне қатысты сөздерді дұрыс оқу және жазу. О дыбысы жеке буын құрайтынын түсіндір 2. Тазалыққа баули отырып, көркем етіп жазуға үйрету. 3. Алған білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Білімді тексеру.1) Оо дыбысы қандай дыбыс?2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Отан, Орамал орман3) Сөйлемдердің жаңа түрімен таныстыру. Ол- Шолпан. Шолпан, қуыршақ ал, ойна.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Мәтін туралы түсінік беру. ә) Тақырыптан суретке сәйкес сөйлемдерді оқу.. Хормен оқыту.Сергіту сәті. Жаңылтпаш айтқызу.О әрпі бар сөздерді атату.Олар Оралдан оралды, Омар Аралдан Оралды .

Ү. Жаңа білімді бекіту1. О қандай дыбыс? 2.Сөздің қай жерінде жазылады?3)О дыбысына сөз ойлау. Сөзді буынға бөл, дыбыстық талдау жасау, кеспе буындармен жұмыс жүргізуДәптермен жұмыс: Көшіріп жазуға үйрету. Буын диктантын алу. Тор, тар, тон, қол, он.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін сабақта қандай дыбыспен және әріппен таныстық?
36. Сабақтың тақырыбы: Оо дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1.Оо дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. 2. Тазалыққа баули отырып, адамгершілік тәрбие бер 3. Алған білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:



І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Білімді тексеру.

1) Й дыбысы қандай дыбыс? 2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Айна апай Айнаш айран. 3) 50 беттегі берілген сөздерді оқыту.



ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Жұмбақ шешу.

Олжас та өлең жаттады, Сақинаға қарайық,

Оспан да өлең жаттады. Ұқсайды оған қай әріп.(о)

Қай әріптен басталған

Екеуінің аттары.? (о)



О дыбысын үш рет айту. (дауысты дыбыс екенін анықтау.) б) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену.

Хормен оқыту. Отан

Ор ойна ол той торғай шортан шопан

Ору ойла он тон тоғай Шолпан тоған

Сергіту сәті:

Жаңылтпаш айтқызу.О әрпі бар сөздерді атату.Олар Оралдан оралды,Омар Аралдан Оралды .

Ү. Жаңа білімді бекіту1. О қандай дыбыс? 2. Сөздің қай жерінде жазылады?

Дәптермен жұмыс: о әрпін жазып үйрену.Буын диктанты. ай, айна, Айша, Ғайша Атай, ағай, апай та,па,на,ра,ла,ша,уа,ай тай,ға,нан



ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
37. Сабақтың тақырыбы: Ққ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Ққ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру.

2. Таза, әдемі жазуға баулу. 3. Ой-өрісін дамыту.



Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:



І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Білімді тексеру.1) О дыбысының орнына а дыбысын қойса, сөз мағынасының өзгеруіне көңіл бөлу. Тақтадан оқып талдау: Шопан, Шора,тор, той.Шапан, шара,тар,тай. -О дыбысы қандай дыбыс?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Жұмбақ шешу

Жапалақтап жауады, Кішкентай ғана бойы бар,

Жердің бетін жабады. Айналдырып киген тоны бар.

Бұл не аппақ мақтадай? (қой)

Кәнеки, кім табады?

(қар)


О дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.)

ә) Қа-ра-қат, қа –ла, қа-лақ, қо-нақ сөздерін буынға бөліп, қ дыбысының орнын байқату.

б) Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. в) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру. г) Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру. Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.

Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру: -Қ қандай дыбыс? -Сөздің қай буынында жазылады? - Қала аттары қалай жазылады?

Сергіту сәті: Дәптермен жұмыс: Қ әрпін жазып үйрену

Кірісейік сабаққа, Қала тақырыбына мәтін құрау.

Кірісейік жазуға. Сөйлем құрату.


















Жазудан «5» алайық, Алмат қалада тұрады.

Үйге қуанып қайтайық. Қарағай тауда өседі.



ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
38. Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Қ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. 2. Таза, әдемі жазуға баулу 3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:



І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Білімді тексеру.1) О дыбысының орнына а дыбысын қойса, сөз мағынасының өзгеруіне көңіл бөлу.Тақтадан оқып талдау: Шопан, Шора,тор, той.Шапан, шара,тар,та

-О дыбысы қандай дыбыс?



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Жұмбақ шешу

Жапалақтап жауады, Кішкентай ғана бойы бар,

Жердің бетін жабады. Айналдырып киген тоны бар.

Бұл не аппақ мақтадай? (қой)

Кәнеки, кім табады?

(қар)

О дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.) ә) Қа-ра-қат, қа –ла, қа-лақ, қо-нақ сөздерін буынға бөліп, қ дыбысының орнын байқату. б) Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. в) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру. г) Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру. Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.

Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру. -Қ қандай дыбыс? -Сөздің қай буынында жазылады? - Қала аттары қалай жазылады?

Сергіту сәті: Дәптермен жұмыс: Қ әрпін жазып үйрену

Кірісейік сабаққа, Қала тақырыбына мәтін құрау.

Кірісейік жазуға. Сөйлем құрату.


















Жазудан «5» алайық, Алмат қалада тұрады.

Үйге қуанып қайтайық. Қарағай тауда өседі.



ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
39. Сабақтың тақырыбы Дд дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. 2. Еңбексүйгіштікке баулу. 3. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, бағытты айыра білу

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:



І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а)«Дала» сөзіне дыбыстық талдау жасау.ә) Д дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.) б) Д дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту. Хормен оқыту. Қайда сұрағына жауап беретін сөйлемдердің интонациясын дұрыс .қойып оқуға жаттықтыру. Дулат қайда? Айдар қайда? сұрақтарына жауап бергізу Жеке-жеке оқыту. Сергіту сәтін өткізу.

ҮІ. Жаңа білімді тексеру. а)-Д қандай дыбыс? Қай буындарда жазылады? ә) Дәптермен жұмыс:Д әрпін жазуға жаттықтыру.б) Жұмбақ шешу.Үп-үшкір тұяғы,Жылан көзін ояды.(Дәуіт) Іші егіс, сырты тегіс.(тон) Есігі біреу, бөлмесі бесеу.(қолғап) в) Сөздік диктант жазғызу: қол, ата,апа,ана,ала,аға,тай,қой,тон, той.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
40.Сабақтың тақырыбы Дд дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. 2. Еңбексүйгіштікке баулу. 3. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Бағытты айыра білу

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:



І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а/ Дд дыбысы қандай дыбыс? ә/ Дауыстап тізбектей оқыту. б/ Жеке-жеке оқыту.

ІҮ. Білімді бекіту. Тақтаға сөз жазғызу: Дд, доп, дала, доға, Дана. Сөйлем құрату. Сызбасын сызу.Далада диқан жұмыс істейді. / 4 сөзден құралған./ Айжан дәрігерге барды. Айжанның денсаулығын тексерді. Оған дәрі берді. 3. Кеспе әріптерден сөз құрау. Доп, ойна. Сергіту сәтін өткізу.



Ү. Оқушының білім-білік дағдысын тексеру.а) Бұл қалай өзгерген? Дидактикалық ойын. Дос-тос, топ-доп, нар-шар.ә/ Жоқ әріпті теріп жаз. ...оп, ...ар, ...он, ...оқ. б)Дәптермен жұмыс: Берілгенді көшіріп жазу.в) Сөздік диктант жазғызу: қол, ата, апа, ана, ала, аға, тай, қой, тон, той.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
41. Сабақтың тақырыбы: М м дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Мм дыбысы, әрпі мен таныстыру 2.Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. 3. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:



І.Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -Д дыбысы қандай дыбыс? -Қай үйдің тұрғыны ? ә) Дауыстап тізбектей оқу.

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабақ: а) - Моншақ, мата сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау. Мм дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Мм -әріп таңбасымен таныстыру. ә) Хормен оқыту. Тақтамен жұмыс:Мата. алма, қима әріппен жазғызу. 2.Сөйлем құрату. 3. Буын құрамы: әртүрлі сөздерді оқи білуге жаттықтыру: Аман ,нан,мал, қаймақ.

Ү. Білімді бекіту.Дәптермен жұмыс: А әрпін жазып жатттығу. Көшіріп жазуға үйрену.

ҮІ .Сабақты қортындылау: Мм дыбысы қай буында жазылады? -Мм қандай дыбыс?
42. Сабақтың тақырыбы М дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. М дыбысы, әрпі туралы алған білімін тиянақтау.Буын туралы түсінігін кеңейту.2.Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. 3. Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:



І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру а) - Балалар, біз қандай әріппен таныстық? -Дыбысты қайтеміз? Әріпті ше?-Дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер?(дауысты, дауыссыз)-Дауысты дыбыстар қай үйдің тұрғыны? -Дауыссыз дыбыстар қай үйдің тұрғыны? -М дыбысы қандай дыбыс? -Қай үйдің тұрғыны ?ә) Дауыстап тізбектей оқу. Ән: «Төлдер»

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сергіту сәтін өткізу.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Жұмбақ шешу.-Қане, балалар, кім жұмбақ біледі?

Базарда бар, қалада жоқ,

Бауларда бар, далада жоқ.(р)

Барда жоқ, жоқта бар,

Қарда жоқ, отта бар. (т)


  1. Түйе өркешін қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп.(м) 5. «Майда»бар да, «шайда» жоқ,

«Менде» бар да, «сенде» жоқ. (м)

ә) М әрпіне қатысты сөздерді оқыту.Май марал маман Арман Малмақпал тағам Айман.-Балалар, тіршілік ету үшін адамға не қажет? -Таза ауа, тамақ, су,т.б.Дұрыс балалар, адам денсаулығы жақсы болу үшін таза ауа керек және тамақ керек екен. -Тамаққа нелер жатады? (атау) «Тамақ» мәтінін оқыту.

Ү .Білімді бекіту.б) Сөздерге дыбыстық талдау жасау.(момақан,домалақ, мақта мама,мата,май мысық)в) Алдына әріп қосып айтыңдар: ...аға, ...ауа,...апа,...ақта,...ана.г) Артына әріп айтыңдар. Қол..., алаш..., шаш..., шар..., монша... .ғ) Сөзге буын жалға. Ой-..., мал-..., а қ қар..., ақ-..., ара-..., ал... .Сергіту сәті. ән: «Мысық»д) Дәптермен жұмыс:М дыбысына қатысты берілгенді жазу.

ҮІ .Сабақты қортындылау: -Болар күнде алаң, Жаны ашыр кім саған? -Мамам! -Болсаң егер жаман, Кейитін кім саған? -Мамам!

-« Боташым» дер саған, Кім сүйікті адам? -Мамам!

-М әрпі сөздің қай жерінде жазылады?
43. Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Б дыбысы, әрпі мен таныстыру.Б дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету . 2.Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. 3. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:



І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -М дыбысы қандай дыбыс? -Қай текшеге жатқызамыз ?-Сөздің қай буынында жазылады? ә) Дауыстап тізбектей оқу. б) Тақтаға сөздер жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ: а) – Балық, бақа сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау. Б дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. б) -Әріп таңбасымен таныстыру. 3 рет дыбыстау Баспа түрі-Бб

Хормен оқыту. Жазба түрі- Тақтамен жұмыс: Бала, баба,бата, бота,бор, бал. 2.Сөйлем құрату.3.Буын құрамы: әртүрлі сөздерді оқи білуге жаттықтыру. Аман , нан, мал, қаймақ.



Ү. Білімді бекіту.1.Өтілген әріптерді пысықтау:Аа,Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Шш, й, Ққ, Дд, Мм.

Буындар: ма, та, па, ға, ра, ла, ша, қа, да, ма. ба.2. Дәптермен жұмыс: Б әрпін жазып жаттығу. Көшіріп жазуға үйрену.



ҮІ. Сабақты қортындылау:-Б дыбысы қай буында жазылады? -Б қандай дыбыс?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет