Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет3/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

V. Жан-жақты білімдерін пысықтау. - Біз осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық..Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.

VІ. Жаңа сабақ

в) Суретке қарайық.

-Балалар , мына суретке қарайықшы. Бұлар біздің ұшқыш ағаларымыз.1-сурет Тоқтар Аубакиров , Талғат Мусабаев. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер ағаларымыз.

VIІ. Оқулықпен жұмыс, буындап оқу.
аға таға апта

ана тана пана


ТА ПА НА ҒА
VIIІ .Жұмбақ жасыру.

1.Көп әріп ішінде,-

Шалғы пішінде.

Тап, мұны түсін де.

(Ғ әрпі)

-Ғ дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?



IХ. Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

Ғ- ның бас әрпі, ғ-ның кіші әрпі.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

Ғ әрпіне үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.



Х .Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ХІ. Жаңылтпаш жаттау.

Ағабай ағасын,

Ағатай ағасың!

Аға деп бағалар,

Ағаның бағасын.

(Хормен, топтап айтып уйрету)



ХІІ. Білімді бекіту, тиянақтау.

-Біз қандай әріптерді білеміз?

-А,п,т,н,ғ - қандай дыбыстар?

ХІІІ. Сабақты қорытындылау. -Бүгін біз сендермен кімдермен таныс болдық. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкерлер туралы не айтамыз?

-Қандай әріппен қайталадық?

-Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?

-Ғ қандай дыбыс? (Дауыссыз,ұяң)

-Неліктен дауыссыз?

-Қандай текшемен белгілейміз?



ХІV.Бағалау. Мадақтау.

ХV.Үйге:40,41-беттерді оқу.
Сабақтың тақырыбы: Р дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Р дыбысы және әрпімен таныстыру. 2. Ұқыпты ,тиянақты түрде оқуға, жазуға үйрету.3. Ой-өрісін, тілін ,сана сезімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:түгендеу,партаға дұрыс отыру. Оқушылармен амандасып, қажетті құралдарын алғызу.Сыныпты сабаққа дайындау.

Сабаққа зейінін аудару.



ІІ.Психологиялық дайындық.

-Кәне, досым,тексерші,

Дайынсың ба сабаққа?

Орныңда ма,бүтін бе,

Дәптер, қалам, кітаптар?

Тұр ма сызғыш алдыңда,

Қолыңда ма қарындаш?

ІІІ . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

а)Дыбыстық талдау.

Ата,апта,атан,аға, таға.



ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет? Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Қандай болып?

-Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)

-Сөз дегеніміз не?Сызбасын көрсет.

-Сөйлем дегеніміз не? Сызбасын көрсет.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ғ дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,ұяң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Ғдыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

-Ғ әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

б)оқулықпен жұмыс.40-бетті.

Мұғалімнің оқуы.

Хормен оқыту.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып,тексеру.



ІV.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

V. Жан-жақты білімдерін пысықтау. - Біз осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық..Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.

VІ. Жаңа сабақ

в) Суретке қарайық.


ІІІ Өткен сабақта алған білімін еске түсіру.

-Ғдыбысы қандай дыбыс? -Ғ дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?-Ғ әрпіне берілген сөздерді оқыту.



ІҮ. Жаңа сабақ.

а) Сурет бойынша әңгімелеп, ара сөзі екі түрлі ұғым беретінін түсіндіру.Ара бал жинайды. Ара еңбек құралы.ә) Осы екі сөйлемдегі сөздің санын анықтау.



Ара




бал




жинайды.




Ара




еңбек




құралы.



А

р

а
Ара сөзінен бізге таныс емес дыбысты табу .

б ) Р дыбысының Әріп таңбасымен таныстыру.

в) Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту. Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа білімді бекіту.

-Біз қандай дыбыс және әріпен таныстық?

-Р қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде жазылады?



г) Дәптермен жұмыс.

Р р ра ара таға.

Диктант: аға, ана,ара, өткен дыбыстардың әріп таңбаларын жазу. Сергіту сәті. 1. Р дыбысына қатысты сөз ойлау. 2. Сөйлем құрату. 3. Сөздерді буынға бөлу.4. Дауысты дыбыстардың санын анықтау.

VІ. Жұмбақ шешу:

Тындыратын ісі көп, Гүлге қонады,

Үшкір темір тісі көп. Гүлдің қонағы.

Қолыңа ұстап қара, Үйіне кірсе,

Бұл не? (ара) Бөшкелер балға толады.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, білдік?

Сабақтың тақырыбы: Р дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты :1.Оқушыларға өтілген Р дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Дыбыстық талдау жасауға уйрету.

2. Оқушылардың сабақта сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту.Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікпен тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ғ дыбысына байланысты суреттер,Ғ ғ әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы,дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы,сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар, жаңылтпаш.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, әңгіме.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:түгендеу,партаға дұрыс отыру. Оқушылармен амандасып, қажетті құралдарын алғызу.Сыныпты сабаққа дайындау.

Сабаққа зейінінаудару.



ІІ.Психологиялық дайындық.

-Кәне, досым,тексерші,

Дайынсың ба сабаққа?

Орныңда ма,бүтін бе,

Дәптер, қалам, кітаптар?

Тұр ма сызғыш алдыңда,

Қолыңда ма қарындаш?

ІІІ . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

Біз күздегі жапырақпыз,

Бұтақтарға жабысқан.

Жел соқты да ұшып кеттік,

Ұшып кеттік алысқа.

Жерге баяу қонақтадық,

Тағы соқты жел келіп.

Жапырақты көкке ұшырды,

Ауада сәл тербеліп,

Тағы қондық жерге біз.

-Жердегі жапырақтарды бір-бірден алып,оларда жазылған тапсырмаларға жауап берелік.

а)Дыбыстық талдау.

Ара,нар,арпа,таға.



ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет? Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Қандай болып?

-Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)

-Сөз дегеніміз не?Сызбасын көрсет.

-Сөйлем дегеніміз не? Сызбасын көрсет.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Р дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,үнді)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Р дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

-Р әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

б)оқулықпен жұмыс.42-бетті.

Мұғалімнің оқуы.

Хормен оқыту.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып,тексеру.


ІV.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

V. Жан-жақты білімдерін пысықтау. - Біз осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық?(А,т,п,н,ғ,р)

-Кеспе кассасынан көрсетіңдер.

-Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.

VІ. Жаңа сабақ.

В)Суретке қарайық. Балалар , мына суретке қарайықшы.

-Мұнда балалар, не істеп отыр?Оларға ат қояйық.

-Асан мен Үсен ағаш аралап жатыр.

-Жақсы.


- Ал, енді, екінші суретте не істеп жатыр?

-Бал аралары ұяларына бал жинап жатыр.



VII.Оқулықпен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Хормен оқу.

Тізбектей оқу.

Сөздік жұмыс.

Пар та а нар А нар

Ар па ат тар Па нар

парта

апта

анар

аттар

-Апа! Ара! Ара!Ара!

ТА ПА НА ҒА РА

VIIІ. Жаңа сабақты бекіту.Өтілген Р дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіріп, пысықтау.

ІХ.Сергіту сәті.

Бас бармағым-алғашқы,

Балаң үйрек-жалғасы.

Ортан терек-ағасы.

Шылдыр шүмек-нағашы,

Кішкентай бөбек-балақан,

Бәріне ортақ алақан.

Х. Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

Ғ- ның бас әрпі, ғ-ның кіші әрпі.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

Р р әрпіне үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.



ХІ .Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ХІІ. Жаңылтпаш жаттау.

«Р-ға» тілің келе ме?

Қырларда құр,- деші,

Жайылып жүр,-деші,

Біреуі қаруыл

Қарап-ақ тұр,-деші,

Ал енді өзің-ақ

Р-р-р-р,-деші.

(Хормен, топтап айтып уйрету)

ХІІІ. Сабақты қорытындылау.

-Бүгін біз қандай әріпті қайталадық?

-Р қандай дыбыс? (Дауыссыз,үнді)

-Неліктен дауыссыз?

-Қандай текшемен белгілейміз?

ХІV.Бағалау. Мадақтау.

ХV.Үйге тапсырма:42-бетті оқу.


Сабақтың тақырыбы: Ққ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Ққ дыбысы және әрпіне қатысты берілген сөздерді буындап, толық оқи білуді оқыту;

Ққ дыбысының дауыссыз дыбыс екенін ажырата білуге, сөздің кез келген жерінде келетінін өздеріне қорытындылату;

2. Сұраққа толық жауап беруге,сын және сан есімнің түріне мысал келтіріп,дәлелдеуге дағдыландыру;

Адам аты мен жер-су аттарының бас әріптен басталып жазылатынын пысықтау;

3. Сауатты тұлға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: Ққ дыбысына байланысты суреттер, Ққ әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі,

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, әңгіме.

Сабақтың барысы

:І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Оқушылармен амандасып, қажетті құралдарын алғызу.Сыныпты сабаққа дайындау.

Сабаққа зейінінаудару.



ІІ.Психологиялық дайындық.

-Кәне, досым,тексерші,

Дайынсың ба сабаққа?

Орныңда ма,бүтін бе,

Дәптер, қалам, кітаптар?

ІІІ . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет? Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Қандай болып?

-Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)

-Әріп дегеніміз не?

-Сөз дегеніміз не?Сызбасын көрсет.

-Сөйлем дегеніміз не? Сызбасын көрсет.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ққ дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс)

- Қандай текшемен белгілейміз?

-Көк текшемен белгілейміз.

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Ққ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

(Cөздің басында, ортасында, аяғында)

-Ққ әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

-Қ қ әрпінің жазба түрін кім жазады?

Қ әрпі жазылады:

- сөз басында:қошақан,

- сөз ортасында:алақан,

- сөз аяғында:лақ.



Адам аттары:

Қанат Қайрат Қуат

Қала аттары:

Қарағанды Қапшағай Қаратау



Оқулықпенжұмыс.53-бет.

Мұғалімнің оқуы.

Хормен оқыту.

Тізбектей оқыту.

Жеке –жеке оқытып,сауатын тексеру.

V.Сергіту сәті.

Солға, солға түзу тұр.

Алақанда шапалақ...

Оңға,оңға түзу тұр.

Алақанда шапалақ...

Алға қарай бір адым

Алақанда шапалақ...

Артқа қарай бір адым

Алақанда шапалақ.

..Шыр көбелек айналып,

Орнымызды табайық.

VI. Жан-жақты білімдерін пысықтау.

- Біз осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық?

-Кеспе кассасынан көрсетіңдер.

-Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.



VIІ. Жаңа сабақ.

Суретпен жұмыс:Қарсы мәндес сөздер: Ақ—Қара.



VIII.Оқулықпен жұмыс.54-55 беттер

Мұғалімнің оқуы.

Қай? Қанша?сұрақтары бойынша жұмыс.

Хормен оқу.

Тізбектей оқу.

Сөздік жұмыс.Қалақай,қурай.



Буындардан сөз құрату.

ТА ПА НА ҒА РА АУ ША ЛА АЙ ҚА

ХІІ .Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

Дыбыстық талдау, жазбаша.

Ат, қой, қарға, торғай.

ХІІІ. Тіл ұстарту.

Жаңылтпаш.

Қыс қыспаса, қыс па?

Құс ұшпаса, құс па?

(Хормен, топтап айтып үйрету)



ХІV. Сабақты қорытындылау.

ХV.Бағалау. Мадақтау.

ХVI.Үйге тапсырма:54-55-бетті оқу,жазу үлгіден жазу.


Сабақтың тақырыбы: Л дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Л л дыбысы және әрпімен таныстыру.

2. Ой-өрісін,тілдерін дамыту.

.Дыбыстық талдау жасау,дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.

Дағдысын қалыптастыру.

3.Мал төлдерін сүйе білуге,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру .

Көрнекіліктер: Л дыбысына байланысты суреттер,Л л әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, әңгіме.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:түгендеу,партаға дұрыс отыру. Оқушылармен амандасып, қажетті құралдарын алғызу.Сыныпты сабаққа дайындау.

Сабаққа зейінін аудару.



ІІ.Психологиялық дайындық.

Күннің көзі біздерді,

Жаттығуға тұрғызды.

«Бір» дегенде қолымыз,

Көтерілсін жоғары.

Ал төбеде көк шалғын,

Сыбдырлайды көңілді.

«Екі» деген кезде сен,

Түсіре ғой қолыңды.

ІІІ . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

Біз күздегі жапырақпыз,

Бұтақтарға жабысқан.

Жел соқты да ұшып кеттік,

Ұшып кеттік алысқа.

Жерге баяу қонақтадық,

Тағы соқты жел келіп.

Жапырақты көкке ұшырды,

Ауада сәл тербеліп,

Тағы қондық жерге біз.

-Жердегі жапырақтарды бір-бірден алып,оларда жазылған тапсырмаларға жауап берелік.

а)Дыбыстық талдау.

Ара,парта,таға,арна.



б)оқулықпен жұмыс.43-бетті.

Мұғалімнің оқуы.

Хормен оқыту.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып,тексеру.



ІV.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр,

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

V. Жаңа сабақ :

1 - Суретпен жұмыс:

в)Сұрақ-жауаптар:

- Үй жануарларын ата, олардың қандай пайдасы бар?

-Үй жануарларының төлдері не деп аталады?

Сиыр бұзау

Қой қозы.

Жылқы құлын

Ешкі лақ

-Лақ сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?

Л дыбысын дауыстап 3 рет айтайық:

VI.Оқулықпен жұмыс:

г )Л дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

д) Хормен оқыту.

е) Жеке-жеке оқыту.



VII.Сергіту сәтін өткізу. .

VIII. Жаңа білімді бекіту. .

-Біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?

-Л қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде жазылады?



ІХ. Жаңа білімді бекіту.

- Л дыбысына сөз ойлату.

-Буындық және дыбыстық талдау жасату.



- Ла буынына қатысты сөз ойлап, сөйлем құрату.

Х.Дәптермен жұмыс. Л л

ж)Сөздік диктант: Ара, ана,апа , аға, ата.

- өткен дыбыстардың әріп таңбаларын жазу.



ХІІ .Сабақты қорытындылау:

- Біз қандай дыбысты танып,білдік?

-Л л дыбысы қандай дыбыс?

ХШ Мадақтау.

Күні: 29.09.201

Сабақтың тақырыбы: У дыбысы мен әрпі .

Сабақтың мақсаты:

1.У дыбысы және әрпін таныстыру.У әрпі бар сөздерді оқуға, жазуға үйрету.

2. Сөздік қорларын дамытып, қызығушылығын арттыру,тілін дамыту.

3. Оқушыларды партада дұрыс отыруға, суатты, қатесіз таза, каллиграфиясын сақтап жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: У дыбысына байланысты суреттер, Уу әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Сабақтың түрі:аралас.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі:оқу-құралдарын түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ .Психологиялық дайындық.

-Күннің көзі біздерді,

Жаттығуға тұрғызды.

«Бір» дегенде қолымыз,

Көтерілсін жоғары.

Ал төбеде көк шалғын,

Сыбдырлайды көңілді.

«Екі» деген кезде сен,

Түсіре ғой қолыңды.

ІV . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

а)Дыбыстық талдау.

Лақ,арал,тал,алға.

ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет? Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Түрлерін ата?

-Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)

-Сөз дегеніміз не?Сызбасын көрсет.

-Сөйлем дегеніміз не? Сызбасын көрсет.

-Сөйлем түрлерін атаңдар№

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгілері қойылады?

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Л дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,үнді)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Л дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

-Л әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

б)оқулықпен жұмыс.44-45-бетті оқыту.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып, тексеру.

V.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр,

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

-У удыбысы қандай дыбыс? Дауысты , дауыссыз болу себептерін айту.-Уу әрпіне берілген сөздерді оқыту.

VІ. Жаңа сабақ.46-бет.

1.Кіріспе бөлім.

-Балалар, біз немен дем аламыз?Тыныс алу үшін не керек?

-Ауамен.

-Таныс қандай дыбыс естідіңдер?

-А.

-Таныс емес қандай дыбыс естіп отырсыңдар?



-У.

в)оқулықпен жұмыс.

1.Сурет бойынша әңгіме.

-Жылдың қай мезгілі?

-Киіз үйдің қандай пайдасы бар?

-Киіз үйді қай кезде қолданамыз?

-Мына суреттерден не көріп тұрмыз?

-Тау,ту,уық,науа,ау,ауа,ну.

2.Іштей оқу.

Хормен оқыту.

Тізбектей оқыту.

3.Сөздік жұмыс.

-Бәрінің атауында қандай дыбыс кездеседі?

-Ендеше, бүгін біз у дыбысымен танысамыз.

-Қане, бәріміз айтайық-у.

У у – әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

У әрпі қандай затқа ұқсайды?(уыққа)

г)Жұмбақ шешу.

«Уық» деген немене?

«Уыз» жегің келе ме?

Қай әріптен атаулар,

Басталып тұр атаңдар? (у)

-У дыбысы бірде дауысты,бірде дауыссыз болады.

Мысалы:


-Ау.

-Егер алдындағы дыбыс дауысты болса,онда у дыбысы дауыссыз дыбыс болады.

-Ту.

-Егер алдындағы дыбыс дауыссыз болса,онда у дыбысы дауысты дыбыс



болады.

VIIІ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

У-дың бас әрпі.

у-ның кіші әрпі.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

Л л әрпіне үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу..

Х. Тақтамен жұмыс.Жазбаша жазу.

«Жоғалтқан элементтерін табу» ойыны.

Оқушылар әріпті аяқтап жазады.

ХІ.Жаңа сабақты қорытындылау.

- Біз қандай дыбысты танып,білдік?

-У у дыбысы қандай дыбыс?

-Неге бірде дауысты,бірде дауыссыз болады?Дәлелдеп айтыңдар.

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІІ.Үйге:46-бетті оқу.



Сабақтың тақырыбы: Удыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. У дыбысы және әрпіне қатысты берілген сөздерді буындап оқи білуді,у дыбысының дауысты, әрі дауыссыз дыбыс екенін ажырата білуге, сөздің кез клген жерінде келетінін өздеріне қорытындылату.

2.Ойлау, сөйлеу, зейін қабілеттерін дамыту.Сұрақтарға толық жауап беруге, зат есімнің түріне мысал келтіріп, дәлелдеуге дағдыландыру.

3.Сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:У дыбысына байланысты суреттер, Уу әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, , кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар,жаңылтпаш.

Сабақтың түрі:аралас.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі:оқу-құралдарын түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Психологиялық дайындық..

ІV . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:


Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет