Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері


б)Сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру



бет7/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42

б)Сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

ІV.Сергіту сәті.

ә) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:жуа,жаға,жантақ,жалау.



V.Жаңа сабақ.

1. Бағандағы сөздермен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Түсіндірме сөздік.

2.« Жарыс» мәтінімен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Жекелей тізбектей оқыту.



VІ.Сергіту сәті.

3.Суретпен жұмыс.

Қайсысы жақсы. Қайсысы жаман.

Ағаш өсіру.

Ағаш сындыру.

Үлкенді сыйлау.

Үлкенді тыңдамау.

Автобуста орын беру.

Автобуста орын бермеу.

*ожау-----жау-----ау-----у.



VІІ.Дәптермен жұмыс.

5.Сөздік диктант.

Жусан,Жарас,Жомарт.



6.Дыбыстық талдау.

Жасыл- жа-сыл,2 буын,5дыбыс,5әріп,2 дауысты,3 дауыссыз.

Ж-ұяң дауыссыз.

А-жуан дауысты.

С-қатаң дауыссыз.

Ы-жуан дауысты.

Л-үнді дауыссыз.

VIII.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ж қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ІХ.Бағалау. Мадақтау.

Х.Үйге: 69-71-беттер. «Жусан», «Жарыс» мәтінін оқып,мазмұндау.

Бағандағы сөздерді буынға бөліп жазу.

Мәтіндерді дәптерге көшіріп жазып келу.


Сабақтың тақырыбы: Ұдыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Ұ дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыру.Балалардың Ұ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару,олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге , сөздерді дұрыс оқуға, жазуға үйрету .

2. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Ұұ әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы,

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.



ІV. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:
ә)оқулықпен жұмыс.73-бетті.

«)Құстар» мәтіні б/ша сұрақ-жауап:



б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

ІV.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

ә) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:аң,шаң,таң,оң,жаңбыр..



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V.Жаңа сабақ.

1. Бағандағы сөздермен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Түсіндірме сөздік.

2.« Ұшқыш болу - арман» мәтінімен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Жекелей тізбектей оқыту.



VІ.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



VІІ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

3.Әдемі жазу минуты.

4.Сөздік диктант

6.Дыбыстық талдау.

VIII.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ұ қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ІХ.Бағалау. Мадақтау.

Х.Үйге: 73-бетті оқу. мәтінін оқып,мазмұндау.

Бағандағы сөздерді буынға бөліп жазу.

Мәтінді дәптерге көшіріп жазып келу.

.

Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.



Сабақтың мақсаты:

1. Е дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыру.Балалардың Е дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару,олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге , сөздерді дұрыс оқуға, жазуға үйрету .

2. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Е е әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.



ІV. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ң дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,үнді)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Ң дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің ортасында,аяғында)

- Ң дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Ң әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

ә)оқулықпен жұмыс.74-бетті.

«Аңдар» мәтіні б/ша сұрақ-жауап:

-Аңдар қайда болады?

-Арыстан – ненің патшасы?

-Жолбарыс қандай аң?

-Қасқыр ше?

-Аңдардың қандай пайдасы бар?

-Оларды қалай қорғаймыз?



б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

аң аңшы таң жаңа жаңғақ

оң қамшы тоң жаңалық жаңбыр

ІV.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

ә) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:аң,шаң,таң,оң,жаңбыр..



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V.Жаңа сабақ.

1. Бағандағы сөздермен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Түсіндірме сөздік.

е мен не ме ре ел жел бел

е ден не ме не ер жер бес

2.« Емен» мәтінімен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Жекелей тізбектей оқыту.



Неше? Нешеу?

-Бес белбеу. –Белбеу – бесеу.

-Алты ер. –Ер-алтау.

VІ.Сергіту сәті..

VІІ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

3.Әдемі жазу минуты.

4.Сөздік диктант.

Ел,ер,жел,жер.



6.Дыбыстық талдау.

Емен- е-мен,2 буын,4дыбыс,4әріп,2 дауысты,2 дауыссыз.

Е-жіңішке дауысты.

м-үнді дауыссыз.

е-жіңішке дауысты.

н-үнді дауыссыз.



VIII.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Е қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ІХ.Бағалау. Мадақтау.

Х.Үйге: 75-бетті оқу. «Емен» мәтінін оқып,мазмұндау.

Бағандағы сөздерді буынға бөліп жазу.

Мәтінді дәптерге көшіріп жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген Е дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап оқи білуге, мазмұндап айта білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту.

б) Оқушыларға дұрыс таза жазуға үйрету.



Сабақтың түрі: аралас

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап,

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: Е е әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.оқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу,

түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.



ІV. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.


-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.


-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.


-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.


-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.


- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.


-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

- Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.


- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.


-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж,;

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар:қ,п,с,т,ш.
-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.


-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.


--Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.


-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.


-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?


-Зат есімнің неше түрі бар?

- Зат есімнің 2 түрі бар.


-Атап айтыңдар?

-Жекеше түрі,көпше түрі.


-Жекеше түрінің сұрақтары?

-Кім? Не?

-Мысал келтір.
-Көпше түрінің сұрақтары?

-Кімдер?Нелер?

-Мысал келтір.
-Көптік жалғауларын айт?

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.


-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.


-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға болады.


-Ол не деп аталады?

-Тақырып.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Е дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс,жіңішке)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-Е дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

- Е дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Е әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?



ә)оқулықпен жұмыс.75-бетті.

«Емен» мәтіні б/ша сұрақ-жауап:

-Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?Атап айтыңдар?

-Емен - не?

-Шеберлер ағаштан не жасайды?

-Еменнен жасалған заттар қандай болады?

-Өсімдіктерді не істейміз?

- Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

-Оларды қалай қорғаймыз?

б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

е мен не ме ре ел жел бел

е ден не ме не ер жер бес

ІV.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

ә) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:еден,немере,ел,бес,жел.



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V.Қайталау сабақ.

1. Бағандағы сөздермен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Түсіндірме сөздік.

мен бес шешен ерте Ержан

сен бесеу шебер ертең Ерлан

2.Сурет бойынша сөйлемдер құрау.

- Суретке қараңдаршы. Балалар не істеп тұр?

-Сурет салып тұр?

-Ненің суретін салып тұр?

–Табиғаттың суретін салып тұр.

-Оқушы не істеп отыр?

- Оқушы хат жазып отыр.
*Талдау жұмысы.

Есе----еле----ене----ере-----еме

3.Есімдіктер жайлы мағлұмат беру.

Ойнады,оқыды сөзін жіктейік.

Мен ойнадым. Мен оқыдым.

Сен ойнадың. Сен оқыдың.

Ол ойнады. Ол оқыды.



Не? Неше? Нешеу?

-Бұл не? - Неше алма? -Алма нешеу?

-Бұл-алма. –Алты алма. –Алма-алтау.
VІ.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



VІІ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

3.Әдемі жазу минуты.

Шешен

4.Дыбыстық талдау.

Шешен- ше-шен,2 буын,5дыбыс,5әріп,2 дауысты,3 дауыссыз.

Ш-қатаң дауыссыз.

е-жіңішке дауысты.

Ш-қатаң дауыссыз.

е-жіңішке дауысты.

н-үнді дауыссыз.

5.Сөздік диктант.

Ел,ер,жел,жер.



VIII.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-Е қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ІХ.Бағалау. Мадақтау.

Х.Үйге: 76-бетті оқу. «Емен» мәтінін оқып,мазмұндау.

Бағандағы сөздерді буынға бөліп жазу.



Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. К дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыру. К дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Балалардың К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару,олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге , сөздерді дұрыс оқуға, жазуға үйрету .

2. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Жәндіктерді қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі:К к әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!



ІІІ.Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Е дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс,жіңішке)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-Е дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

- Е дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Е әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

ә) Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

мен бес шешен ерте Ержан

сен бесеу шебер ертең Ерлан

Мен ойнадым. Мен оқыдым.

Сен ойнадың. Сен оқыдың.

Ол ойнады. Ол оқыды.



Не? Неше? Нешеу?

-Бұл не? - Неше алма? -Алма нешеу?

-Бұл-алма. –Алты алма. –Алма-алтау.

б) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:шешен,мен,бес,ертең,жем.



ІV.Сергіту сәті.

в) Жаз,отыр сөздерін жіктеу.

V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

VI. Жаңа сабақ:

г) Жұмбақ жасыру.

Кел ,балалар ойнайық ,

Ойнайық та ойлайық

Қандай жұмбақ болса да ,

Шешпей оны қоймайық!

1. Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін.

(Көз)


2. Дегендей ешкім тимесін,

Алыптып қадап инесін.

(кірпі)

3.Қызықтап күнде сен



Оқисың одан сен,

Ертегі, өлеңді.

Суретін көресің,

Әріптің төресін.

(Кітап)
д)«Кітап» өлең оқып беру.

Жақсылықты жақтаймыз, Елімізде атақты Оқы, кітап

Әріптерді жаттаймыз. Ғалым ата не тапты, Оқы тыңда.

Кітаппенен дос болып, Бәрін-бәрін білесің, Шығарар ол,

Сенімдерді ақтаймыз. Оқи берсең кітапты. Биік шыңға.

-Кітап оқу үшін нені жақсы білуіміз керек?

-Әріптерді .

-Қандай әріптерді оқи білеміз?



1. Суреттегі заттардың атын атаңдар

2.Кітап сөзіне буындық дыбыстық талдау жасау.

3. К әрпін жеке дыбыстату.

4. К-нің қатаң дауыссыз екенін аңғарту.

5.Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.»

6. Бағандағы сөздермен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Түсіндірме сөздік.

Ке ме те рек ме ре ке ке бе же

Ке се ше лек бе ре ке те ке мет

7. Мәтінімен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.



8.Сұрақ-жауап:

-Болат не жасады?

-Не ағып бара жатты?

-Кемеге не жабысты?

-Кеме қайда тоқтады?

-Құмырсқа қайда шықты?



VІІ.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.


VІІ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

К к әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

К әрпінің элементтерін жазып көрсету.

К әрпін ауада жазу.

К әрпін дәптерге көркем жазу.

9.Дыбыстық талдау.

Кеме- ке-ме,2 буын,4дыбыс,4әріп,2 дауысты,2 дауыссыз.

К-қатаң дауыссыз.

е-жіңішке дауысты.

м-үнді дауыссыз.

е-жіңішке дауысты.



VІІІ.Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

10.Сөздік диктант.

Ер,сен,бесеу.



VIII.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Е қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ІХ.Бағалау. Мадақтау.

Х.Үйге: 77-бетті оқу. «Кеме» мәтінін оқып,мазмұндау.

Бағандағы сөздерді буынға бөліп жазу.



Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген К дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап оқи білуге, мазмұндап айта білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту.

3.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:К к әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!



ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.


-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.


-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.


-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.


-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.


- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

- Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.


- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.


-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж,;

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ш.
-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.


-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.


--Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.


-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.


-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?


-Зат есімнің неше түрі бар?

- Зат есімнің 2 түрі бар.


-Атап айтыңдар?

-Жекеше түрі,көпше түрі.


-Жекеше түрінің сұрақтары?

-Кім? Не?

-Мысал келтір.
-Көпше түрінің сұрақтары?

-Кімдер?Нелер?

-Мысал келтір.
-Көптік жалғауларын айт?

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.


-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.


-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.


-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға болады.
-Ол не деп аталады?

-Тақырып.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-К дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,қатаң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-К дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында, аяғында)

- К дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-К әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?



Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет