Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет15/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42

Ү.Жаңа білімін бекіту.г) Тарыдай, таудай сөздерінің мәнін түсіндіру. -Мұғалім -ол қандай адам?е) Дәптермен жұмыс: Мұғалім туралы сөйлемдер жазғызуё) Диктант жазғызу: Алма, тоқаш, торғай, мал, торай, арман, мектеп, сана, жайна.

4. Сабақтың тақырыбы: Бір уыс мақта.

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтін мазмұнын түсіндіру. 2. Ұқыптылыққа баулу.3. Дұрыс оқып, әңгімелеп беру машығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау

Санамақ оқыту Өлеңді жатқа айтқызу: «Әсемпаз болма әрнеге»



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) «Бір уыс мақта» оқи отырып түсіндіру.ә) Дауыстап тізбектей оқытуб) Жұмбақ шешкізу:

Тамның басында, Ұзақ тектес құс

Жемі бар қасында. Шіркей жеп.

Там тұр саялы. Ауыл маңынан

Достарға аялы. ( Ұя) Ұзап кетпес құс. (қараторғай)

Ү. Жаңа білімін тексеру.1. Әңгімелеу. 2. Шешесі қызына қандай ақыл айтты? 3. Әңгіме мазмұнынан қандай қорытынды шығаруға болады

ҮІ. Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік және білдік?
5.


Сабақтың тақырыбы: Сал, сал Білек, сал Білек.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңдердің мазмұнына түсінік беру. 2. Ұлтық тәрбие беру.3. Білім алуға , оқуға деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауБір уыс мақта» әңгімесін әңгімелету.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) А. Байтұрсынов: «Оқуға шақыру» М Жұмабаев: «Сал,сал Білек, сал Білек.өлеңдерінің мазмұнымен таныстыру. ә) Өлеңді түсініп оқу б. Мәнерлеп оқуға жаттықтыру.г) Оқу-білім, еңбек туралы мақал айту.

Еңбек етсең емерсің. Еңбектің наны тәтті,

Еңбек етпеген ішіп-жемейді. Жалқаудың жаны тәтті.

Еңбек етсең ерінбей , Еңбек ширатады,

Тояды қарның тіленбей Өмір үйретеді.

Еңбек ырыстың бұлағы, Оқу инемен құдық қазғандай.

Бақыттың шырағы

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Оқу -білім бұлағы, білім- өмір шырағы.

ҮІ. Жаңа білімін бекіту.-Өлеңде балаларға қандай ақыл айтылады? -Білекке қандай ақыл мен тілек айтылады? д) Дәптермен жұмыс:

ҮІІ. Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабағымызда кімдердің өлеңімен таныстық? Одан неге үйрендік?
6.Сабақтың тақырыбы: Бір қазан сүт.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлең мазмұнын түсіндіру. 2. Еңбек етуге баулу.3 Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау

«Құстың ұясы» мәтінін әңгімелеу.



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Бір қазан сүт» мәтінін оқи отырып түсіндіру. ә) Өлеңді жаттату.б) Дауыстап тізбектей оқыту в) Мазмұнын әңгімелету.

Ү. Жаңа білімді тексеру. -Қазанда не бар еді?-Бір қазан сүт қайда кеткен?-Рольмен жауап беруге үйрету.Дәптермен жұмыс: Сақшы, аспан шырша ойыншық сөздерін буынға бөліп көшіріп жазу.«Шынжыр» ойыны сөз ойлап жазу.Тақтамен жұмыс: Қар жауды. Күн суық. Айнала аппақ. Балалар шана ойнады.Сөйлем туралы білетінін еске түсіру.



ҮІ. Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?

7. Сабақтың тақырыбы: Күншіл үйрек. Бақа.

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі, өлең мазмұнын түсіндіру. 2. Адамгершілік тәрбие беру.

3 Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау«Бір қазан сүт» мәтінін әңгімелеу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Күншіл үйрек» ертегісін оқи отырып түсіндіру. ә) Өлеңді жаттату.б) Дауыстап тізбектей оқыту в) Мазмұнын әңгімелету.г) Бақа туралы мағлұмат беру.

Ү .Жаңа білімді тексеру.Мақалды тауып оқу. Үйрек, түлкі, аққу суретін салу. -Рольмен жауап беруге үйретуАққу туралы әңгімелеп, қасиетті құс екенін айтып түсіндіру.-Сүңгуір үйректің ісі дұрыс па? -Түлкі үйректі неге бас салды? Дәптермен жұмыс: «Шынжыр» ойыны сөз ойлап жазуТақтамен жұмыс: Қар жауды. Күн суық. Айнала аппақ. Балалар шана ойнады.Сөйлем туралы білетінін еске түсіру.

ҮІ.Сабақты қорытындылау:Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
8. Сабақтың тақырыбы: Қожаның аты.

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтін мазмұнын түсіндіру. 2. Адамгершілік тәрбие беру.3. Дұрыс оқу дағдысын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ.Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау«Күншіл үйрек» мәтінін әңгімелеу. Мақал айту. «Бақа» жатқа сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Қожанасыр туралы мағлұмат беру. б) «Қожаның аты.» мәтінін оқи отырып түсіндіру. ә) Дауыстап тізбектей оқыту в) Мазмұнын әңгімелету. г) Сөздік диктант жазғызу: Қар, аппақ аққала мұз, шырша ойыншық. өлең тақпақ, би сыйлық аяз шана шаңғы, коньки.

Ү. Жаңа білімді тексеру.Мақалды тауып оқу. Үйрек, түлкі, аққу суретін салу. -Рольмен жауап беруге үйрету.Аққу туралы әңгімелеп, қасиетті құс екенін айтып түсіндіру. -Сүңгуір үйректің ісі дұрыс па? -Түлкі үйректі неге бас салды? Дәптермен жұмыс: «Шынжыр» ойыны сөз ойлап жазу

ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта Қожанасыр қандай адам екенін білдік?
9. Сабақтың тақырыбы: Кім неден күшті?

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын түсіндіру. 2. Еңбек ете білуге баулу. 3. Дұрыс оқу дағдысын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау «Қожаның аты» мәтінін әңгімелеу. Мақал айту. « Бақа» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Кім неден күшті?» оқып беру. ә) Рольмен оқыту.б) Әңгімелеу. в) Сөздік диктант жазғызу: Қар, аппақ аққала мұз, шырша ойыншық. өлең тақпақ, би сыйлық аяз шана шаңғы коньки.г) Жұмбақ шешу:

Суда қалқиды Жылтырайды сайда,

Жылыда балқиды. (Мұз) Сынбайтын айна. (Мұзойнақ.)

Ақ сандығым ашылды, Жерді де мекен етеді,

Ішінен жібек шашылды. (Күн) Көлді де мекен етеді.(Бақа)

Ү. Жаңа білімді тексеру.Оқу жылдамдығын тексеру. Тақтаға сөйлем жазғызу Ең күшті не екенін айту Рольмен оқуға жаттығу Өзі қалаған кейікердің суретін салу. Дәптермен жұмыс: Өзі жатқа білетін өлеңді жатқа жазу.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта ненің күшті екенін білдік?
10.

Күні: 25.12.14.

Сыныбы: 1 Б Казбаева Ж.К.

Пәні: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Бақа мен балық

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын түсіндіру. 2. Еңбек ете білуге баулу. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреті.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау

«Кім неден күшті?» ертегісін әңгімелеу.

Әліппеден өткен өлеңдерін жатқа сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) «Бақа мен балық» оқып беру.

ә) Рольмен оқыту

б) Әңгімелеу.

в) Ертегі кейіпкерлерін атау.

Ү. Жаңа білімді тексеру.

1) -Мақта қыз бен мысық неге келісе алмады?

-Мысық пен мақта қыз бір-біріне қандай жаман іс істеді?

-Мақта қыз мысыққа не істеуін талап атті?

-Мысық тапсырманы орындады ма?

2) Дәптермен жұмыс:

Сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазу.

Сиыр,ағаш,су,қыздар сағыз,дүкен, жұмыртқа тауық, тышқан, тары, мысық.

3) Тақтамен жұмыс:

Аққу қасиетті құс. Жұрт оларды жақсы көреді. Аққулар жүзе жөнелді. Түлкі мен үйректің ісі сәтсіз аяқталды. Қарны ашқан түлкі үйректі басалды.
ҮІ. Сабақты қортындылау:

Біз бүгінгі сабақта нені білдік?

Бағалау.

Күні: 25.12.14.

Сыныбы: 1 Б Казбаева Ж.К.

Пәні: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар. Жаңылтпаштар.

Сабақтың мақсаты: 1. Жұмбақтар, жаңылтпаштар туралы түсінінік беру.2. Еңбек ете білуге баулу.3 Оқушылардың ақыл- ойын дамыту,

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Жаңылтпаш туралы мағлұмат беру. ә) Жаңылтпаш айтып үйрену.

Жоян қоян оянды, Кірпі, кірпі!

Қоян жоян боянды. Түрпі сырты.

жоқ


Шегіртке –акробат! Сақал, мұрты

Секіреді, қатырады-ақ Төбеден қара

Шегіртке Кірпі, кірпі,

Батыр- акробат! Жердің құрты.

Ақ қоян, сұр қоян. Түлкі күлкі іздейді,

Ақ, сұр қоян барлығы, «Айлакерміз біз!» дейді.

бір қоян Таулы , шөлейт, түз мейлі,

Түлкі, күлкі іздейді.

ІҮ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта нені білдік?

12. Сабақтың тақырыбы: Ата, бата.

Сабақтың мақсаты: 1. Бата туралы түсінік беру. 2. Оқуға ынтасын арттыру.3 Оқушылардың ой-өрісін дамыту,

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауЖұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтел айтқызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ а) Бата туралы мағлұмат беру. ә) Бата әр түрлі тақырыпта берілетінін түсіндіру. б) Әр түрлі бата оқи отырып мазмұнына түсінік беру. в) « Ата, бата.» мәнерлеп оқу.

Мектептен қайтты Марияш, Әліппесі қолында.

Шақырды оны атасы, -Кел, құлыным, кел мұнда.

Марияш келді «Ата!»-деп, «Ата, берші бата»-деп.

-« Бата!»десең, қарт атаң, Айналсын сендей ботасын!

Оқы, құлыным, ғалым бол, Атаң берді батасын! ІҮ.Сабақ қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?



Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.Ана тілі.Ананың тілі-аяулы үні.

Сабақтың мақсаты:

1. Сөйлеу мәдениетіндегі тіл қызметі ана тілінің құдіреттілігі туралы түсінік беру.

2 Оқушылардың ана тілінде сөздік қорын қалыптастырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3 Ана тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу.Оқушылардың патриотттық сезімін қалыптастыру



Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: плакаттағы сурет, ана тілі туралы нақыл сөздер, автордың портреті, автордың өмірбаяны.

Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме.

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін..



ІІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.

-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

- Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.

- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.

-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ш.

-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

-Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лептісөйлем.

-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.

-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?

-Зат есімнің неше түрі бар?

- Зат есімнің 2 түрі бар.

-Атап айтыңдар?

-Жекеше түрі,көпше түрі.

-Жекеше түрінің сұрақтары?

-Кім? Не?

-Мысал келтір.

-Көпше түрінің сұрақтары?

-Кімдер?Нелер?

-Мысал келтір.

-Көптік жалғауларын айт?

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.

-Диалог дегеніміз не?

-Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.

-Мәтінге не қоюға болады?

Мәтінге ат қоюға болады.

-Ол не деп аталады?

-Тақырып.

IIІ.Мақсат қою кезеңі :

-Балалар , біз сендермен 1 кезең «Әліппе кезеңін» аяқтап бүгін сендермен 2-кезең «Ана тілі кезеңімен» таныс боламыз.



IV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі :

а)Мұғалімнің түсіндіруі.

-Бүгінгі өтетін жаңа тарау «Тіл және сөйлеу».

-Балалар, сөйлеу не үшін қажет?

-Сөйлеуде тіл қандай қызмет атқарады?Тіл арқылы адамдар бір-бірімен түсініседі.


Сөйлеу

ауызекі жазбаша



Ауызекі-біз дыбыстап айтатын немесе құлағымызбен еститін сөйлемдер.Үн арқылы берілетін сөйлеу.

Жазбаша-жазылып берілетін хабар.

-Бүгінгі өтетін тарау бастамасы С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді анам тілін » өлеңімен басталады.Өлеңді мен сендерге мәнерлеп оқып берейін, содан кейін талдаймыз.

Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.



V. Сергіту сәті.

Солға, солға түзу тұр.

Алақанда шапалақ...

Оңға,оңға түзу тұр.

Алақанда шапалақ...

Алға қарай бір адым

Алақанда шапалақ...

Артқа қарай бір адым

Алақанда шапалақ.

..Шыр көбелек айналып,

Орнымызды табайық.

VІ.Оқулықпен жұмыс.

Оқушылардың өздеріне тізбектей оқытамын.

«Анамның тілі-аяулы үні» Ш.Смаханұлы, өлеңді оқи отырып әнімен айтқызу.

-Өлең арқылы ақын не айтқысы келді?



VІІ.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



VІІІ.Жаңа материалдар бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.

-Балалар , өлеңде не туралы айтылған?

-Сөз неден құралады?

-Сөйлеу қалай жүзеге асырылады?

-Дұрыс .Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асырылады.Ал енді мына суретке мән берейік.Суретте не көріп тұрмыз?

-Кім маған сурет бойынша шағын әңгіме құрап береді?



VІІІ.Бекіту кезеңі.

ә)сұрақ-жауап:

-Балалар, біз сендермен қандай жаңа тарау бастадық?

-Өлең не туралы айтылады?

-Сөйлеу не үшін керек?

-Өзің айтқың келген пікіріңді, тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?

IХ. Бағалау. Бағалау жауаптарына қарай, сабаққа қатысқандарына қарай бағалау.

Х.Үйге тапсырма.3,4-бет.Өлеңдерді жаттап келу.

Сабақтың тақырыбы:Қыс. Сөйлем. Сөз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев жайлы түсінік беру.Қыс өлеңі туралы түсініктерін қалыптастыру.Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету.

Дамытушылық:Сөйлем,сөз туралы ұғымдарды еске түсіріп,қайталау.Берілген өлеңнен сөйлемді,сөйлемнен сөзді ажырата білу.

Тәрбиелік:Жыл мезгілдеріне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қыс келбеті»,қима қағаз.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық.

-Армысың,асыл күн!

- Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

-Жылуыма жылу қос!

-Міне, менің қолым!.



IIІ.Үй тапсырмасын сұрау.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

-Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Мәтін неден құралады?

ә)-Балалар , кім айтады үйге қандай тапсырма берілді?

-Өлеңді бәріміз жаттап келдік пе?

-Кім айтады? Өлеңдер жатқа сұралады.

-Балалар, осы өлеңде не туралы айтылады?



IV.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

-Сөйлеу не үшін керек?

-Тілдің қызметі қандай?

V. Мақсат қою кезеңі.

б)Суретке қарап әңгіме құрау.

-Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Дұрыс.Қыс.

VІ. Жаңа сабақ .

- Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз да қыс туралы болмақ .

-Суретке қарайық, не көріп тұрмыз?

-Балалар, не істеп жатыр?

-Суреттегі балаларға ат қойып, әңгіме құрастыру.

–Ал, енді назарымызды оқулығымыздың 5 бетіндегі 1-жаттығуға қараймыз.Оқушыға оқытамын.

1.Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар.

Қыс келді.күн суытты.Қар көп жауды.Өзенге қалың мұз қатты.

2.Мәтінде неше сөйлем бар?

3.Үшінші сөйлемде қанша сөз бар?



VIІ. Сергіту сәті.

Бір,екі,тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Жүгірейік,жүгірейік,

Аяқтың ұшынан басайық.

Саңырауқұлақтай отырып,

Емендерше тұрайық.

Тұрайық, отырайық,

Тұрайық, отырайық.

Партамызға жайғасып,

Отырайық ,тып-тыныш.

VІІI.Дәптермен жұмыс. Жаңа материалды пысықтау.

-Балалар, енді 2-жаттығуға қарайық. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіру .

Қаңтар айы болды күн суытты қалың қар жауды боран соқты.

Дәптерге тыныс белгіні дұрыс қойып көшіру.Тақтаға бір оқушыны шығарып жаздыру.



Х.Сергіту сәті.

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

ХІ. Бекіту кезеңі.

«Қыс» өлеңі.

Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау түсі суық, Басқан ізі сықырлап келіп қалды

Өлеңді мәнерлеп оқып талдау.



Жаңылтпаш

Қар аппақ,

Дала аппақ-

Бәрі аппақ....

Қарап бақ.

Екі-үш мәрте оқытып, тілдерін жаттықтырту.



ХІІ.Қорытынды.Сұрақ-жауап.

ХІІІ.Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

ХІІІ. Үйге тапсырма:Абайдың «Қыс» өлеңін оқу, жаңылтпашты жаттау.Бағалау сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы:Аққала. Сөйлем. Сөз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Аққала» өлеңі туралы түсініктерін қалыптастыру.Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету.

Дамытушылық:Сөйлем,сөз туралы ұғымдарды еске түсіріп,қайталау.Берілген өлеңнен сөйлемді,сөйлемнен сөзді ажырата білу.

Тәрбиелік:Жыл мезгілдеріне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қыс келбеті»,қима қағаз.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық.

-Армысың,асыл күн!

- Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

-Жылуыма жылу қос!

-Міне, менің қолым!.



IIІ.Үй тапсырмасын сұрау.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

-Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Мәтін неден құралады?



ә)-Балалар , кім айтады үйге қандай тапсырма берілді?

-Өлеңді бәріміз жаттап келдік пе?

-Кім айтады? Өлеңдер жатқа сұралады.

-Балалар, осы өлеңде не туралы айтылады?



IV.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

-Сөйлеу не үшін керек?

-Тілдің қызметі қандай?

V. Мақсат қою кезеңі.

б)Суретке қарап әңгіме құрау.

-Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Дұрыс.Қыс.

-Балалар, қыс қызығын кім айтады?


Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет