Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері


г) «Өркеш» мәтіні бойынша сұрақ-жауап



бет11/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42

г) «Өркеш» мәтіні бойынша сұрақ-жауап:

Рөлге бөлініп айту.



V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

VІ.Қайталау сабақ.

Ойын «Тез ойла, сөз ойла».

Қандай? деген сұрақпен таныстыру.

Қандай алма? – Қызыл алма.

Қандай бөлме? – Жарық бөлме.

Қандай тау? – Биік тау.

Қандай қайшы? - Өткір қайшы.



1. Бағандағы сөздермен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Түсіндірме сөздік.

көжекөріккөкек сөз төл

шөже көлік көмек көз көл

Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Көлденеңінен оқу.

*Тігінен оқу.

*Тауып оқу.

*Екі буынды сөздерді оқу.

*дауысты әріпке аяқталған сөзді тап.

*дауыссыз әріпке аяқталған сөзді тап.



VІІ.Оқулықпен жұмыс.

Төлдер туралы түсінік беру.

Кәне, кімнің анасы балаларын қалай еркелетеді екен? (құлыным, ботам, т.б.). Неге «ботақаным» дейді, себебі бота қандай әдемі болса, баласы да анаға сондайсүйкімді.



Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығыменен айналысқан. Төрт түлік малға түйе, жылқы, сиыр, қой мен ешкі жатады. Малды мінсе – көлігі, ішсе – сусыны, кисе – киімі, тұтынса – бұйымы болған. Малды қадірлеп, әрқайсысын иесі бар деп, түйені - Ойсылқара, сиырды - Зеңгібаба, жылқыны – Қамбарата, қойды – Шопаната, ешкіні – Сексеката деп атаған. Төрт түлік малдың төлдері бота, бұзау, құлын, қозы, лақ деп аталады. Енді әр мал өз төлін қалай сүйеді екен, тыңдайық.

Малдардың төлдерін сүюі туралы тақпақтар оқу.

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

Ештеңені білмейтін «момыным» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,

Тастан тасқа секірген «шұнағым» деп.


Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

Қараңғыға баспаған «қорқағым» деп.


Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,

Тұлпар болып жүгірер «жұрыным» деп.


Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,

Жаудыраған көзіңнен «тоташым» деп.


2. «Бөпешім» өлеңінмәнерлеп оқу.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Тізбектеп оқыту.

Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Көлденеңінен оқу.

*Тігінен оқу.

*Тауып оқу.

*Бір буынды сөздерді оқу.



VІІІ.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

г) Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

3.Әдемі жазу минуты.

ө

Ө

ІХ.Сергіту сәті:

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

ғ) Дамыта оқуға берілген тапсырмалар:

1. Сөзді сызықшамен буынға бөліп көрсет.

Өркен, өркеш, өзен, өлең, өмір.

2. Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет.

Бөлме, көже, шөже, сөз, көз.

3. Жалғасын тап.

көр..., көр..., ө..., ө... .Өнер, өріс, бөрік, өрнек, көрме, көрпе, көрші, көмір,өрік, өлең, өрмек.



Х.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-Ө қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ХІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІ.Үйге: 89,90-беттерді оқу. «Өркеш» мәтінін рөлге бөліп оқу, дәптерге көшіру, мазмұнын айту. «Бөпешім» өлеңін жаттап келу.Бағандағы сөздерді буынға бөліп жазу.

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы:Ү дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Ү дыбысы және әрпімен таныстыру.Оның айтылу ерекшелігін айтып өту және жазылу жолын үйрету.

2. Ү дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау,оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

3.Құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ү дыбысына байланысты суреттер, Ү ү әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,ойын,сұрақ-жауап,танымдық ойлау,талдау,топтау.

Пәнаралық байланыс:ана тілі,дүниетану.

Сабақта меңгеретін сөздер :

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Психологиялық дайындық.

Алақай-ау, алақай!

Алақай-ау, алақай!

Бұдан былай мен енді

Емеспін жәй «балақай»

Оқи алам өлеңді,

Жаза алам сөздерді.

Өйткені...

«Оқушымын» мен енді.

ІV . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

Біз күздегі жапырақпыз,

Бұтақтарға жабысқан.

Жел соқты да ұшып кеттік,

Ұшып кеттік алысқа.

Жерге баяу қонақтадық,

Тағы соқты жел келіп.

Жапырақты көкке ұшырды,

Ауада сәл тербеліп,

Тағы қондық жерге біз.

-Жердегі жапырақтарды бір-бірден алып,оларда жазылған тапсырмаларға жауап берелік.

а)Дыбыстық талдау.

Көз,сөз,төл,көл,көже.



ә)Сұрақ-жауап:

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ө дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс,жіңішке)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-Ө дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

- Ө дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Ө әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

б)оқулықпен жұмыс.89-90бетті.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтінге не қоюға болады?

1. «Өркеш» мәтінін мазмұнын рольмен сұрау.

2. «Бөпешім» өлеңін жатқа сұрау.

3.Бағандағы сөздермен жұмыс.

ө зен ө ріс бө рік өр нек көр ме

ө лең ө рік кө рік өр мек көр пе

ө нер ө мір кө мір өр кеш көр ші

көже көрік көкек сөз төл

шөже көлік көмек көз көл

Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Көлденеңінен оқу.

*Тігінен оқу.

*Тауып оқу.

*Бір буынды сөздерді оқу.

*Екі буынды сөздерді оқу.

*дауысты әріпке аяқталған сөзді тап.

*дауыссыз әріпке аяқталған сөзді тап.



V.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



VІ.Жаңа сабақ.

4. «Ой шақыру» Жұмбақ жасыру.

Күндіз соқыр не деген?

Түнде қандай көреген.

(Үкі)

-«Үкі» деген сөзде қандай дыбыс таныс?



-К,і.

-Таныс емес, қандай дыбыс?

-Ү.

-«Үкі»сөзінде неше дыбыс,неше әріп бар?



-Дауысты қанша?

-Дауыссыз дыбыс қанша?

- Барлығы нешеу?

-Қанекей айтып көрелік, ү.

-Ү қандай дыбыс?Қалай айтылады?

- Жіңішке, дауысты дыбыс.

-Неге? Дәлелде.

- Қалай айтылады?

- Ү әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі - Ү ү.

-Ү дыбысы бар сөздер ойлаңдар.



VІІ.Сергіту сәті.

Сағатқа қарап-ап,

Теп допты сол аяқ,

Сағатқа қарап-ап,

Теп допты оң аяқ,

Сол аяқ,оң аяқ,

Теп допты оң аяқ.

VІІІ.Оқулықпен жұмыс:

5.Бағандағы сөздермен жұмыс.
ү кі кү ріш түл кі жү рек

үй рек кү міс күл кі кү рек

үй шік кү шік түй ме жү зік

Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Көлденеңінен оқу.

*Тігінен оқу.

*Тауып оқу.

*Екі буынды сөздерді оқу.

*дауысты әріпке аяқталған сөзді тап.

*дауыссыз әріпке аяқталған сөзді тап.

Түсіндірме жұмысы.

6.Жұмбақ шешу.

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады.



*Талдау жұмысы.

Сүт-түс күт-түк



ІХ.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Х. Дәптермен жұмыс.

Ү ү жазбаша түрін көрсету.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

Ү ү әрпіне, үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.



ХІ.Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ХІІ. Сабақты қортындылау.

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ол қандай дыбыс? Неге,дәлелде.

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ХІІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІV.Үйге:91 -бетті оқу.

Сөздерді оқу,буынға бөліп жазу.Әліппе серігіндегі тақпақты жаттау.



Әліппе. 1 «А» сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген Ү дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап оқи білуге, мазмұндап айта білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту. Мәнерлеп оқуға, түсінгендерін айтуға үйрету.

3.Қоғамдық мүлікті сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ү ү әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ . Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!

ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.

-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Сызбасын көрсет. Қандай текшемен белгілейміз?

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

- Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.

- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.

-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ш.

-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынанқандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

-Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.

-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?

-Зат есімнің неше түрі бар?

- Зат есімнің 2 түрі бар.

-Атап айтыңдар?

-Жекеше түрі,көпше түрі.

-Жекеше түрінің сұрақтары?

-Кім? Не?

-Мысал келтір.

-Көпше түрінің сұрақтары?

-Кімдер?Нелер?

-Мысал келтір.

-Көптік жалғауларын айт?

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.

-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.

-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға болады.

-Ол не деп аталады?

-Тақырып.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ү дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс,жіңішке)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-Ү дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

- Ү дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Ү әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?



ә)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

ү кі кү ріш түл кі жү рек

үй рек кү міс күл кі кү рек

үй шік кү шік түй ме жү зік



Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Көлденеңінен оқу.

*Тігінен оқу.

*Тауып оқу.

*Екі буынды сөздерді оқу.

*дауысты әріпке аяқталған сөзді тап.

*дауыссыз әріпке аяқталған сөзді тап.

ІV.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



б) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:үкі,түн,күн,сүт.



V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

VІ.Қайталау сабақ.

в) Оқулықпен жұмыс. Сурет б/ша сөйлем құрау.

«Кім кінәлі?» мәтінін рөлге бөліп оқу.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Рөлге бөліп оқу.

Оқу түрлері:

*Тауып оқу.

VІІ.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

VIII. Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

3.Әдемі жазу минуты.

Ү ү

в)Көру диктанты.

Күй атасы – Құрманғазы.

Үкі түнде ұшады.

ІХ.Сергіту сәті:

Қолға қалам алайық,

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.



Х.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-Ү қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІ.Үйге: 91,92-беттерді оқу. «Кім кінәлі?» мәтінін рөлге бөліп оқу, дәптерге көшіру, мазмұнын айту.

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы:Г дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Г дыбысы және әрпімен таныстыру. Г ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту, сөзді оқуға жазуға үйрету.

2. Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту.

3.Өсімдіктерді күтуге, баптауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Г дыбысына байланысты суреттер, Г г әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Психологиялық дайындық.

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге жақсылық жасау үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Туған жерге жету үшін.

ІV . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

а)Дыбыстық талдау.

Үкі,күн,түн,сүт,күт.



ә)Сұрақ-жауап:

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-ү дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс,жіңішке)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-ү дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

- ү дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-ү әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

-Балалар , біз сендермен неше дауысты , неше дауысты дыбыс өттік?

Мысал келтіріп көрейікші.

б) Заттың жекеше, көпше түрімен таныстыру.

Кім? Кімдер? Не? Нелер?

аға-ағалар кітап-кітаптар

ата-аталар парта-парталар



в) Үш жақта айту.

Менің добым күнделігім

Сенің добың күнделігің

Оның добы. күнделігі



г) Бағандағы сөздермен жұмыс.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып, тексеру.

ү кі кү ріш түл кі жү рек

үй рек кү міс күл кі кү рек

үй шік кү шік түй ме жү зік

Оқу түрлері

ғ) «Кім кінәлі» мәтіні бойынша сұрақ-жауап:

-Ұстаз сендерден нені сұрады?

-Үсенбек не айтты?

-Үміт не айтты?

-Күміс не айтты?

-Бұған кім кінәлі?



-Сөйлемнің неше түрі бар?Атаңдар.

-Мәтінде қандай сөйлем бар?

V.Сергіту сәті. .

VІ.Жаңа сабақ.

д)Жұмбақ шешу.

«Г» -ден баста, мен кілең,

Ажарымын өмірдің.

«К» -ден баста, енді мен

Қалдығымын көмірдің.

(Гүл-Күл)

е)-«Гүл» деген сөзде қандай дыбыс таныс?

-Ү,л.


-Таныс емес, қандай дыбыс?

-Г.


-«Гүл»сөзінде неше дыбыс,неше әріп бар?

-Дауысты қанша?

-Дауыссыз дыбыс қанша?

- Барлығы нешеу?

-Қанекей, айтып көрелік, г.

-Г қандай дыбыс?Қалай айтылады?

-Ұяң, дауыссыз дыбыс.

-Неге? Дәлелде.

- Қалай айтылады?

- Г әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі - Г г.

-Г дыбысы бар сөздер ойлаңдар.

VІІ.Сергіту сәті.

VІІІ.Оқулықпен жұмыс:

1. Сюжетті сурет бойынша жұмыс.

Гүл.

- Оқулықтағы суретке қарайық, сөйлем құрайық.

2.Бағандағы сөздермен жұмыс.

е гін е гіз ке ре ге ше ге шең гел

е геу се гіз бе те ге не ге мез гіл

Теріп оқу.

*Тігінен оқу.

*Тауып оқу.

*Екі буынды сөздерді оқу.

*Үш буынды сөздерді оқу.

*Түсіндірме жұмысы.



3. «Көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу.

ІХ.Сергіту сәті.

Х. Дәптермен жұмыс.

Г г жазбаша түрін көрсету.



Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

Г г әрпіне, үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу..

ХІІ. Сабақты қортындылау.

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ол қандай дыбыс? Неге,дәлелде.

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІV.Үйге:93 -бетті оқу. «Көгершін» өлеңін жаттау,жазу,буынға бөлу.

Сөздерді буынға бөліп жазу.



Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген Г дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап оқи білуге,мәтінді мазмұндап айта білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту.

3. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Г г әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ . Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!



ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

--Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Г дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,ұяң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Г дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

- Г дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Г әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

ә)оқулықпен жұмыс.94-бетті.

«Көгершін» өлеңін жатқа сұрау.

Көгершін бейбітшілік

Әділеттікқұсы



б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

е гін е гіз ке ре ге ше ге шең гел

е геу се гіз бе те ге не ге мез гіл

Теріп оқу.



ІV.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

в) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:сегіз,егін,шеге,егеу.

VІ.Қайталау сабақ.

1. Оқулықпен жұмыс.

г)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

Терек-терегі ілгек-ілгегі

Білек-.... етек-....

Шелек-... жәшік-...

бәйге мерген ертегі жүгері Шеген

мәре дәрігер әңгіме жүген Төлеген



Ақанның қасиеттері құсбегілік,сазгерлік,аңшылық,ақындық,атбегілік,ұстаздық. Ақан жүйрік тазы,алғыр бүркіт ұстайды.

«Құлагер» мәтінімен жұмыс .

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.



3.Сұрақ-жауап:

-Атам кім туралы әңгіме айтты ?

-Ақан сері кім болған?

-Оның қандай тұлпары болған?

-Ол ұдайы неден озып келеді?

-Ақанның тағы несі болды?

-Ол туралы не шығарған?

VІІІ.Сергіту сәті.

ІХ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

4.Әдемі жазу минуты.

Айгүл


5.Дыбыстық талдау.

бәйге- бәй-ге,2 буын,5дыбыс,5әріп,2 дауысты,3 дауыссыз...



6.Сөздік диктант.

Тара,ара,тар,нар,арпа,арна,парта,анар,аттар.

ХІ.Қорытынды:


Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет