Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет13/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42

V Сергіту сәті
VІ Дәптермен жұмыс.

Ауада жазу.Жазу жолындағы әріптерді жазу. В в әрпін балалардың әдемі, таза, сауатты жазуларын қадағалау.



VІІ Топпен жұмыс

Топпен жұмыс жүргізу мақсатында әр топқа жеке-жеке тапсырмалар үлестіремін.

1-топ «Волейбол» сөзіндегі дыбыстарды қатыстырып сөз құра.

2- топ. Буын ұйқасын тап.

-гон, -гон, -гон рет, -рет, -рет

Келіп қалды......... Мен саламын........

3-топ.Суретке қарап әңгіме құрастыр.

VІІІ Ой-толғаныс.

Топтастыру стратегиясын қолдану.

В дыбысы бойынша не үйрендік, не білдік

трамвай орыс тілінен енген дыбыс

велосипед

В барлық буындарда кездеседІ ұяң дауыссыз дыбыс



Х Сабақты қорытындылау

1. Түйе сүйіп жейтін шөп.

(Жантақ)

2.Бір-бірімен қора үйлер тіркесіп,

Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп

(Вагон)


3. Табанында жолы бар,

Төбесінде қолы бар.

(трамвай)

4. Поезға қай жерден мінеміз?

(Вокзал)

5. Суда жүзетін көлік.

(Қайық)

6. Ең жақсы баға.



(Бес)

7. Үй жануары.

(Мысық)

Мадақтау


Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Ф дыбысы, әрпімен танысу, берілген сөздерді оқу және жазуға, буын оның түрлерін ажырата білуге үйрету

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту.

3. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Ф ф әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ . Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!

ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-В дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-В дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

- В дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-В әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

ә)оқулықпен жұмыс.101-бетті.

Сұрақ-жауап:

-Бұл- қандай вокзал бар?

-Онда нелер үздіксіз келіп,кетіп жатады ?

-Біз қай жерде тұрамыз?

-Вокзалға кімді күтіп алу үшін бардық?

-Пойыз нешінші жолға тоқтады?

-Ол кімді қарсы алды?

ә)«Вокзал» мәтінінің мазмұнын сұрау.

б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

ва гон ав то бус ве ло си пед во лей бол

вок зал трам вай ак ва ри ум ви та мин

ІV.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

в) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:Вокзал,вагон,волейбол.

V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

VІ.Жаңа сабақ.

Футбол

Футбол деген ойынға



Барлық бала құмар-ақ

Бірақ жолдың бойында,

Доп теппеңдер қуалап.

-Құрамында жаңа әрпі бар сөздерді тауып айту.

г)-«футбол» деген сөзде қандай дыбыс таныс?

-у, т,б,о,л.

-Таныс емес, қандай дыбыс?

-Ф.


-«Футбол» сөзінде неше дыбыс,неше әріп бар?

-Дауысты қанша?

-Дауыссыз дыбыс қанша?

- Барлығы нешеу?

-Қанекей, айтып көрелік, ф.

-ф қандай дыбыс?Қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыс.

-Неге? Дәлелде.

- Қалай айтылады?

- ф әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі - Ф ф.

-ф дыбысы бар сөздер ойлаңдар.

1. Оқулықпен жұмыс.

ғ)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

фер ма фо то те ле фон фут бол

фир ма факс те ле граф әл-Фараби

Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Көлденеңінен оқу.

*Екі буынды сөздерді оқу.

*Үш буынды сөздерді оқу.

ғ) «Футбол», «әл-Фараби» өлеңдерімен жұмыс .

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

VІІІ.Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

ІХ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

4.Әдемі жазу минуты.

Ф ф

5.Дыбыстық талдау.



ферма- фер-ма,2 буын,5дыбыс,5әріп,2 дауысты,3 дауыссыз.

ф- дауыссыз, қатаң дыбыс.

е-дауысты,жіңішке дыбыс.

р- дауыссыз,үнді дыбыс.

м--дауыссы,үнді дыбыс,

а-дауысты,жуандыбыс.

Х.Сергіту сәті:

6.Сөздік диктант.Витамин,вокзал,вагон,автобус..

ХІ.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-ф қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІІ.Үйге:102-бетті оқу. «Футбол , «әл-Фараби» өлеңін оқу,жазу,мазмұндау.Сөздерді

дәптерге көшіріп ,буынға бөліп жазу.



Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы:Ё дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Ё дыбысы және әрпімен таныстыру. Ё дауысты дыбыс екенін аңғарту, сөзді оқуға жазуға үйрету.

2.Жаңа сөздермен таныстыру арқылы оқушылардың сөйлеу мәнерін,байланыстыра сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын, жұмбақ жасыру арқылы логикасын дамыту,зейінін кеңейту.

3.Өнерді қастерлеуге,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ё дыбысына байланысты суреттер, Ё ё әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ жасыру.

Сабақ түрі:жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Психологиялық дайындық.

-Армысың,асыл күн!

- Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

-Жылуыма жылу қос!

-Міне, менің қолым!



ІV . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

Біз күздегі жапырақпыз,

Бұтақтарға жабысқан.

Жел соқты да ұшып кеттік,

Ұшып кеттік алысқа.

Жерге баяу қонақтадық,

Тағы соқты жел келіп.

Жапырақты көкке ұшырды,

Ауада сәл тербеліп,

Тағы қондық жерге біз.

-Жердегі жапырақтарды бір-бірден алып,оларда жазылған тапсырмаларға жауап берелік.

а)Дыбыстық талдау.

Фото,футбол,факс,фирма,ферма..



ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.
-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.


-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.


-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.


-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.


- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.


-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

- Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.


- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.


-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж,;

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар:қ,п,с,т,ш.
-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.


-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.
--Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.


-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.


-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?


-Зат есімнің неше түрі бар?

- Зат есімнің 2 түрі бар.


-Атап айтыңдар?

-Жекеше түрі,көпше түрі.


-Жекеше түрінің сұрақтары?

-Кім? Не?

-Мысал келтір.
-Көпше түрінің сұрақтары?

-Кімдер?Нелер?

-Мысал келтір.
-Көптік жалғауларын айт?

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.


-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.


-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.


-Мәтінге не қоюға болады?

Мәтінге ат қоюға болады.

-Ол не деп аталады?

-Тақырып.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ф дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Ф дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

- Ф дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Ф әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

-Балалар , біз сендермен неше дауысты , неше дауысты дыбыс өттік?

- Мысал келтіріп көрейікші.

-Кісі аттары,жер-су аттары қалай жазылады?

б) Бағандағы сөздермен жұмыс.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып, тексеру.

фер ма фо то те ле фон фут бол

фир ма факс те ле граф әл-Фараби

Оқу түрлері:

Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Бір буыннан тұратын сөзді оқу.

*Екі буынды сөздерді оқу.

*Үш буынды сөздерді оқу.



*Тауып оқу.

* Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталған сөздерді оқу.

* Дауыстыдан басталып,дауыстыға аяқталған сөздерді оқу.

* Дауыссыздан басталып,дауыссызға аяқталған сөздерді оқу.



в) «Футбол», «әл-Фараби» өлеңдерін жатқа сұрау.

V.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

VІ.Жаңа сабақ.

г) «Шахтёр» өлеңін мәнерлеп оқу.

-Құрамында жаңа әрпі бар сөздерді тауып айту.



е)-«Шахтёр» деген сөзде қандай дыбыс таныс?

-ш,а,х,т,р.

-Таныс емес, қандай дыбыс?

-ё.


-«шахтёр» сөзінде неше дыбыс,неше әріп бар?

-Дауысты қанша?

-Дауыссыз дыбыс қанша?

- Барлығы нешеу?

-Қанекей, айтып көрелік, ё.

-Ё қандай дыбыс?Қалай айтылады?

-Дауысты дыбыс.

-Неге? Дәлелде.

- Қалай айтылады?

- Ё әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі - Ё ё.

-Ё дыбысы бар сөздер ойлаңдар.

й

Ё-



о
VІІ.Сергіту сәті.

Биік болып өсеміз,

Ёлкадай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетімізден шеберміз,

Денемізді бос ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

VІІІ.Оқулықпен жұмыс:

1. Сюжетті сурет бойынша жұмыс.

- Оқулықтағы суретке қарайық, сөйлем құрайық.

2.Бағандағы сөздермен жұмыс.

мон тёр шах тёр

*Екі буынды сөздерді оқу.

*Түсіндірме жұмысы.

Венн диаграммасы.

Адам

Шахтёр Монтёр

1.Жер қазады. 1.Жер үстінде жұмыс істейді.

2.Көмір шығарады. 2.Электр жүйесін жөндейді.

3.Темір қалпақ киеді. 3.Бағанға шығады.

3. «Шахтёр» өлеңін мәнерлеп оқу.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Тізбектеп оқыту.

Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Үш сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Төрт сөзден тұратын сөйлемді оқу.



ІХ.Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

Х. Дәптермен жұмыс.

Ё ё жазбаша түрін көрсету.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

Ё ё әрпіне, үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.



ХІ.Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ХІІ. Сабақты қортындылау.

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ол қандай дыбыс? Неге,дәлелде.

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ХІІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІV.Үйге:103-бет. «Шахтёр» өлеңін жаттау,жазу,буынға бөлу.

Сөздерді буынға бөліп жазу.



Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы:Қайталау.Сөздік диктант.

Сабақтың мақсаты:

1.Өткен сабақтарда өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау,дыбыстық талдау жасай білуге,әрі дауысты,дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Сөздерді буынға бөлу,одан сөйлем құрастыруға үйрету.

2. Ойлау,есте сақтау шығармашылық қабілеттерін,зейінін дамыту.Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту.

3.Сауаттылыққа,ұқыптылыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Зз Өө Үү Гг Яя Юю Хх Һһ Вв Фф дыбыстарына байланысты суреттер, әріптердің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Психологиялық дайындық.

Алақай-ау, алақай!

Алақай-ау, алақай!

Бұдан былай мен енді

Емеспін жәй «балақай»

Оқи алам өлеңді,

Жаза алам сөздерді.

Өйткені...

«Оқушымын» мен енді.

ІV. Қайталау сабақ.

Біз күздегі жапырақпыз,

Бұтақтарға жабысқан.

Жел соқты да ұшып кеттік,

Ұшып кеттік алысқа.

Жерге баяу қонақтадық,

Тағы соқты жел келіп.

Жапырақты көкке ұшырды,

Ауада сәл тербеліп,

Тағы қондық жерге біз.

-Жердегі жапырақтарды бір-бірден алып,оларда жазылған тапсырмаларға жауап берелік.

а)Дыбыстық талдау.

Қобыз,өмір,жүзік,гүл,шаян,ою,хат,жиһаз,вагон,фото.



ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.
-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.


-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.


-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.


-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.


- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

- Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.


- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.


-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ш.
-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.


-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.


-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.


--Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.


-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.


-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?


-Зат есімнің неше түрі бар?

- Зат есімнің 2 түрі бар.


-Атап айтыңдар?

-Жекеше түрі,көпше түрі.


-Жекеше түрінің сұрақтары?

-Кім? Не?

-Мысал келтір.
-Көпше түрінің сұрақтары?

-Кімдер?Нелер?

-Мысал келтір.
-Көптік жалғауларын айт?

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.


-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.


-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.


V.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.


-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға болады.

-Ол не деп аталады?

-Тақырып.

-Өткен сабақтарда қандай дыбыстармен таныстық?

- Зз Өө Үү Гг Яя Юю Хх Һһ Вв Фф дыбыстарымен танысқанбыз.

-Қандай дыбыстар?

-Неге дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?

- Сөздердің қай жерлерінде кездеседі?

- Осы дыбыстарға қатысты сөздер ойлату.

-Осы әріптерді кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

VІ.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

VІІ. Дәптермен жұмыс.

2.Сөздік диктантын жазғызу.

Өткен әріптерді жазғызу.



Зз Өө Үү Гг Яя Юю Хх Һһ Вв Фф

Қазы,өнер,үкі,шеге,пияз,аю,хор,жиһаз,витамин,телефон.

VIII.Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

IХ. Сабақты қортындылау.

-Қандай дыбыстарды қайталадық ?

-Олар қандай дыбыстар?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



Х.Бағалау. Мадақтау.

ХІ.Үйге:87-102–беттерді қайталау.


Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Э дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.Дыбыстық фонемалық қызметін модельдеу арқылы өтілетін дыбысты қатыстырып сөз,сөйлем құрату.

2.Жеке сөздерді оқуға, біртіндеп сөзді тұтас оқуға,сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс әрі тез оқуға дағдыландыру.Мәнерлеп оқуға, түсінгендерін айтуға үйрету.

3. Электр құралдарын дұрыс пайдаланудың қауіпсіздік техникасын айту, түсіндіру, сақтау .



Сабақтың көрнекілігі: : Э э әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: оқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу, түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық: оқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу,

түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.



ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ё дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-Ё дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің ортасында)

- Ё дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Ё әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?
-Балалар , біз сендермен неше дауысты , неше дауысты дыбыс өттік?

Мысал келтіріп көрейікші.


ә) Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.103-бет.

монтёр шахтёр



ІV.Сергіту сәті.

б) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:монтёр,шахтёр.



в)оқулықпен жұмыс.103-бет.

«Шахтёр» өлеңін жатқа сұрау.



V.Сергіту сәті:.

VI. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

VІI. Жаңа сабақ.

г)Жұмбақ жасыру.

Өзі тым күшті

Жерді қазып бітті.

(Экскаватор)

-Э дыбысы дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па?

-Неліктен дауысты, қане бәріміз қайталап айтайық.

-Экскаватор сөзінде неше буын бар?

-Экс-ка-ва-тор,4 буын.



ғ)Тақырыптық сурет бойынша әңгіме.

-Мынау нелер?

-Экран,электр,экскаватор.Буынға бөліп айтайық.

-Э дыбысына байланысты кісі аттарын білеміз бе?

-Эльвира,Эльмира,Элеонора.

-Э дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

-Сөздің басында,ортасында.

-Э қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейді.Орыс тілінен енген сөздерде ғана айтылады.

-Балалар,үйде мультфильм,кино көресіңдер ме?

-Оны неден көреміз?

-Дұрыс теледидар экранынан көреміз.

-Ұшақтар,тікұшақтар қонатын,ұшатын жерлерді қалай айтамыз?

-Аэропорт.
-Э э – баспа түрін көрсету,таныстыру.

VІIІ.Сергіту сәті.

1. Бағандағы сөздермен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Түсіндірме сөздік.

Тізбектей оқу.

Э лектр э ле ва тор экс ка ва тор

Э ки паж э ко ло гия эс ка ла тор :.



ІХ.Оқулықпен жұмыс.

«Электр» өлеңін мәнерлеп оқу..

Мұғалімнің оқып, мазмұнына түсінік беру.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Түсіндірме жұмысы.

2.Сұрақ-жауап:

-Қандай отыннан жаралған?

-Кімге қызмет етеді?

-Кімге қолғанат?


Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет