Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет12/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-Г қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ХІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІІ.Үйге:94-бетті оқу. «Көгершін»мәтінін оқу,жазу,мазмұндау.Сөздерді

дәптерге көшіріп ,буынға бөліп жазу.



Сабақтың тақырыбы:Ю дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Ю дыбысы және әрпімен таныстыру. Ю дауысты дыбыс екенін аңғарту, сөзді оқуға жазуға үйрету.

2.Жаңа сөздермен таныстыру арқылы оқушылардың сөйлеу мәнерін,байланыстыра сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын, жұмбақ жасыру арқылы логикасын дамыту,зейінін кеңейту.

3.Өнерді қастерлеуге,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ю дыбысына байланысты суреттер, Ю ю әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ жасыру.

Сабақ түрі:жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Психологиялық дайындық.

-Армысың,асыл күн!

- Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

-Жылуыма жылу қос!

-Міне, менің қолым!



ІV . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

а)Дыбыстық талдау.

Ұя,жая,мая,ояу.



ә)Сұрақ-жауап:

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Я дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-Я дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің ортасында,аяғында)

- Я дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Я әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

-Балалар , біз сендермен неше дауысты , неше дауысты дыбыс өттік?

Мысал келтіріп көрейікші.

-Кісі аттары,жер-су аттары қалай жазылады?



б) Бағандағы сөздермен жұмыс.

в) «Сұр қоян» өлеңін жатқа сұрау.

V.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

VІ.Жаңа сабақ.

г)Жұмбақ шешу.

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

(Аю)

е)-«Аю» деген сөзде қандай дыбыс таныс?

-А.


-Таныс емес, қандай дыбыс?

-Ю.


-«Аю» сөзінде неше дыбыс,неше әріп бар?

-Дауысты қанша?

-Дауыссыз дыбыс қанша?

- Барлығы нешеу?

-Қанекей, айтып көрелік, ю.

-Ю қандай дыбыс?Қалай айтылады?

-Дауысты дыбыс.

-Неге? Дәлелде.

- Қалай айтылады?

- Ю әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі - Ю ю.

-Ю дыбысы бар сөздер ойлаңдар.

VІІ.Сергіту сәті.

VІІІ.Оқулықпен жұмыс:

1. Сюжетті сурет бойынша жұмыс.

Ою.


-Балалр, сырмақтың ортасынан,шетінен не көріп отырсыңдар?

-Ою не үшін қажет?

-Оюды тағы қайдан көрдіңдер?

-Кілемнен,қоржыннан, киімнен,ыдыстан.



- Оқулықтағы суретке қарайық, сөйлем құрайық.

2.Бағандағы сөздермен жұмыс.

а ю қо ю құ ю сү ю е се ю а за ю

о ю қи ю тү ю кү ю үл ке ю кө бе ю

*Түсіндірме жұмысы.



3. «Ою» мәтінін, «Жақсы көрем» өлеңін мәнерлеп оқу.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Тізбектеп оқыту.



ІХ.Сергіту сәті. .

Х. Дәптермен жұмыс.

Ю ю жазбаша түрін көрсету.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

Ю ю әрпіне, үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.



ХІ.Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ХІІ. Сабақты қортындылау.

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ол қандай дыбыс? Неге,дәлелде.

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ХІІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІV.Үйге:97-бет. «Ою» мәтінін оқу,жазу, мазмұндау, «Жақсы көрем» өлеңін жаттау,жазу,буынға бөлу.

Сөздерді буынға бөліп жазу.



Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген я дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап,мәнерлеп оқи білуге ,мазмұнын түсіне білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту.

3. Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі:Я я әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ . Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.

ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Я дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-Я дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің ортасында,аяғында)

- Я дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Я әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

ә)оқулықпен жұмыс.95-бетті.

«Ұя» өлеңін жатқа сұрау.



б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

А яқ қо ян қи яр а яз та қи я

Та яқ ша ян пи яз са яз да ри я

Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Екі буынды сөздерді оқу.

ІV.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

в) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:Ұя,аяз,қоян,дария.



V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

VІ.Қайталау сабақ.

1. Оқулықпен жұмыс.

г)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

.

«Сұр қоян» өлеңіменжұмыс .

Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Тізбектеп оқу.

3.Сұрақ-жауап:

-Өлеңде не туралы айтылады ?

4.Кісі,жер-су аттары бас әріппен басталып жазылады.

VІІІ.Сергіту сәті.

ІХ.Дәптермен жұмыс.

5.Әдемі жазу минуты.

Ұят

6.Дыбыстық талдау.

Ұят—ұ-ят,2 буын,4дыбыс,3әріп,2 дауысты дыбыс,1 дауыссыз дыбыс.

ұ-дауысты,жуан дыбыс.

й-дауыссыз,үнді дыбыс.

я

а-дауысты,жуан дыбыс.


т- дауыссыз,қатаң дыбыс.

Х.Сергіту сәті:

.

7.Сөздік диктант.

Аяз,пияз,аяқ,қоян.

ХІ.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-К қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ХІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІІ.Үйге:96-бетті оқу. «Сұр қоян» өлеңін оқу,жаттау,жазу.Сөздерді

дәптерге көшіріп ,буынға бөліп жазу.



Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген Ю дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап,мәнерлеп оқи білуге ,мазмұнын түсіне білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту.

3. Аңдарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Ю ю әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ . Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.

ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.
-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.


-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.


-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.


-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.


- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

- Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.


- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.


-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж,;

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ш.
-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.


-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.


--Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.


-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.


-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?


-Зат есімнің неше түрі бар?

- Зат есімнің 2 түрі бар.


-Атап айтыңдар?

-Жекеше түрі,көпше түрі.


-Жекеше түрінің сұрақтары?

-Кім? Не?

-Мысал келтір.
-Көпше түрінің сұрақтары?

-Кімдер?Нелер?

-Мысал келтір.
-Көптік жалғауларын айт?

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.


-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.


-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.


-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға болады.
-Ол не деп аталады?

-Тақырып.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ю дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-Ю дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің аяғында)

- Ю дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Ю әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

-Жер-су,кісі аттары қалай жазылады?

ә)оқулықпен жұмыс.96,97-беттер.

«Сұр қоян», «Жақсы көрем» өлеңін жатқа сұрау.

б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

Ұя баян ояу сия мая

Ұят қоян бояу қия жая

Оят шаян баяу мия сая

а ю қо ю құ ю сү ю е се ю а за ю

о ю қи ю тү ю кү ю үл ке ю кө бе ю



Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Екі буынды сөздерді оқу.

*Үш буынды сөздерді оқу.
ІV.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

в) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:Қою,түю,құю,көбею..

V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

VІ.Қайталау сабақ.

1. Оқулықпен жұмыс.

«Жарыс» мәтінімен жұмыс .

Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Тізбектеп оқу.

Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Автор сөзін тауып оқу.

*Лепті сөйлемді тауып оқу.

*Үш сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Төрт сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Бес сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Алты сөзден тұратын сөйлемді оқу.



2.Сұрақ-жауап:
-Мәтінде нелер туралы айтылады ?

-Қасқыр аңдарға не деді?

-Аңдар қалай тұрды?

-Нелер жарыса жөнелді?

-Аю ненің ұясын бұзып кетті?

-Аралар не істеді??

-Ол неліктен тез жүгірді?

-Аю қалай жүгірді?

-Аю мәреге нешінші болып келді?

VІІІ.Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

ІХ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

3.Әдемі жазу минуты.

Қию


6.Дыбыстық талдау.

Қию—қи-ю,2 буын,4дыбыс,3әріп,2 дауысты дыбыс,1 дауыссыз дыбыс.

қ-дауыссыз,қатаң дыбыс.

и-дауысты,жіңішке дыбыс.

и-дауысты,жіңішке дыбыс.
ю
у-дауыссыз,үнді дыбыс.
Х.Сергіту сәті:

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

4.Сөздік диктант.

Ою,аю,түю,сүю,күю.



ХІ.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-К қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІІ.Үйге:98-бетті оқу. «Жарыс» мәтінін оқу,жаттау,жазу.Сөздерді дәптерге көшіріп ,буынға бөліп жазу.

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: һ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген Һ дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап оқи білуге,мәтінді мазмұндап айта білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту.

3. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі:Һ һ әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ . Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!



ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.


-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.


-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.


-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.


-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.


- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

- Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.


- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.


-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж,;

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ш.
-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.


-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.


--Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.


-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.


-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?


-Зат есімнің неше түрі бар?

- Зат есімнің 2 түрі бар.


-Атап айтыңдар?

-Жекеше түрі,көпше түрі.


-Жекеше түрінің сұрақтары?

-Кім? Не?

-Мысал келтір.
-Көпше түрінің сұрақтары?

-Кімдер?Нелер?

-Мысал келтір.
-Көптік жалғауларын айт?

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.


-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.


-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.


-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға болады.
-Ол не деп аталады?

-Тақырып.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Х дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Х дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

- Х дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Х әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

ә)оқулықпен жұмыс.99-бетті.

Сұрақ-жауап:

-Біздің мектепте не бар?

-Онда нелер көп?

-Кітапханаға кімдер көп барады?

-Кітапханаға кім барды?

-Кітапханашы апайдың аты кім?

-Ол маған не берді?

ә)«Кітапхана» мәтінінің мазмұнын сұрау.

б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

хат ха бар шах мат Халел

хор ха лат са я хат Хамит

хан ха дис хат та ма Тахауи

емхана асхана Хамит

дәріхана дәмхана Хадиша

шеберхана ұстахана Нұрхат

Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.



*Тауып оқу.

*Екі буынды сөздерді оқу.

*Үш буынды сөздерді оқу.

*Төрт буынды сөздерді оқу.

ІV.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

в) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:Хан,хор,хат,саяхат.



V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

VІ.Жаңа сабақ.

Кітап құмар Қаһардан

Таппаған соң шаһардан

Алтынай қалап «қаһарды»

Сұрап алды Гауһардан.

-Құрамында жаңа әрпі бар сөздерді тауып айту.

г)-«жиһаз» деген сөзде қандай дыбыс таныс?

-ж,и,а,з..

-Таныс емес, қандай дыбыс?

-һ.


-«Жиһаз» сөзінде неше дыбыс,неше әріп бар?

-Дауысты қанша?

-Дауыссыз дыбыс қанша?

- Барлығы нешеу?

-Қанекей, айтып көрелік, һ.

-Һ қандай дыбыс?Қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыс.

-Неге? Дәлелде.

- Қалай айтылады?

- Һ әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі - Һ һ.

-Һ дыбысы бар сөздер ойлаңдар.

1. Оқулықпен жұмыс.

ғ)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

Гауһар жиһаз қаһар қаһарман



Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Көлденеңінен оқу.

*Екі буынды сөздерді оқу.

*Үш буынды сөздерді оқу.



ғ) «Қаһарман» мәтінімен жұмыс .

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.



Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Төрт сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Бес сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Алты сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Жеті сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Сегіз сөзден тұратын сөйлемді оқу.

* Ең ұзақ сөйлемді тап.



3.Сұрақ-жауап:

-Қазақ халқы қандай халық?

-Оның қандай батарлары болған?

-Қандай қаһарман қыздары білесіңдер?

-Қазір қандай атақ береді?

-Өз қаһармандарымызды қалай дәріптейміз?

VІІІ.Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

Төменге қарап жер көрдім

ІХ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

4.Әдемі жазу минуты.

қаһар

5.Дыбыстық талдау.

қаһар- қа-һар,2 буын,5дыбыс,5әріп,2 дауысты,3 дауыссыз.

қ- дауыссыз, қатаң дыбыс.

а-дауысты,жуан дыбыс.

һ- дауыссыз дыбыс.

а-- дауысты,жуан дыбыс.

р-дауыссыз,үнді дыбыс.

Х.Сергіту сәті:

6.Сөздік диктант.Хаис,хат,хор,хан.

ХІ.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-К қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ХІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІІ.Үйге:100-бетті оқу. «Қаһарман»мәтінін оқу,жазу,мазмұндау.Сөздерді

дәптерге көшіріп ,буынға бөліп жазу.

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:

1. В дыбысы, әрпімен танысу, берілген сөздерді оқу және жазуға, буын оның түрлерін ажырата білуге үйрету

2. Ой - өрісін , сын тұрғысынан ойлау қабілетін, сөздік қорын тіл байлығын дамыту

3. Сауатты көркем жазуға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, текшелер, кеспе әріптер, слайд.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу

ә) түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

в) психологиялық дайындық

ІІ Өткен сабақты пысықтау.

«Бәйге» ойынын ойнату.

Мақсаты:Өткен сабақта алған білімдерін тексеру.

Ойынның шарты:Орналасу ретімен кез-келген бір санды атап, сұрағына жауап беру.

1. Һ дыбысы қандай дыбыс?

2. Қаһарман сөзін буынға бөл.

3. Қазақ қаһармандарын ата

4. «Қаһарман» мәтінінде не туралы айтылған?

5. Һ дыбысын қатыстырып сөз ойла

6. Жұмбақты шеш

Теуіп-теуіп қалдым

Алысқа ұзап бардым.

Жауабы: Велосипед



ІІІ. Жаңа сабақ

- Велосипед туралы әңгімелеу.Шығу тарихын айту.

Велосипед сөзін буынға бөліп қай дыбыстан басталғанын сұрау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.Мақсатын хабарлау.

- В- ұяң, дауыссыз дыбыс.Орыс тілінен енген дыбыс.

- Жаңа сөздермен таныстыру.Суреттерін көрсете отырып, мағынасын ашу.

Вагон, трамвай, автобус, аквариум, велосипед, вокзал.

- Сөздерді буынға бөліп, неше дыбыс, неше әріп бар екенін анықтау

- В дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.



ІV Оқулықпен жұмыс.

- Суретке қарап, әңгімелеу.Вокзал туралы білетіндерін сұрау.

- Мәтінмен жұмыс.

а) Өзім оқимын

ә) Мәтінді талдау.

б)Іштей оқу, дауыстап, тізбектеп оқыту.

- «Үлкенге құрмет-балаға міндет» мақалының мағынасын ашу.


Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет