Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет8/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42

ә)оқулықпен жұмыс.77-бетті.

«Кеме» мәтіні б/ша сұрақ-жауап:

-Болат не жасады?

-Не ағып бара жатты?

-Кемеге не жабысты?

-Кеме қайда тоқтады?

-Құмырсқа қайда шықты?

б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

Ке ме те рек ме ре ке ке бе же

Ке се ше лек бе ре ке те ке мет

ІV.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



в) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:терек,кесе,кебеже,кеме..



V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

VІ.Қайталау сабақ.

1. Бағандағы сөздермен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Түсіндірме сөздік.

Кес те кеп тер ке ше ең бек

Кес пе кер уен ке шен кет пен

*Талдау жұмысы.

кебек----керек----кесек----кеуек



VІІ.Оқулықпен жұмыс.

«Спорт алаңы» мәтіні.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

2.Сұрақ-жауап:

-Мектеп жанында не бар еді?

-Спорт алаңы қандай?

-Онда кімдер ойнайды?

-Онда нелер болады?

-Сен неге қатысасың?

-Жақында не болды?

-Сен не алдың?

-Оған кімдер қуанды?



3.Отыр,жатыр сөзін жіктейік.

Мен отырмын. Мен жатырмын.

Сен отырсың. Сен жатырсың.

Ол отырды. Ол жатыр.


-Анау не? -Бұл не?

-Ол – кептер. –Бұл- текемет.

-Ол қайда отыр? - Ол қайда жатыр?

-Ол шатырда отыр. –Ол еденде жатыр.


VІІІ.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.
ІХ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

4.Әдемі жазу минуты.

Шешен


5.Дыбыстық талдау.

Шешен- ше-шен,2 буын,5дыбыс,5әріп,2 дауысты,3 дауыссыз.

Ш-қатаң дауыссыз.

е-жіңішке дауысты.

Ш-қатаң дауыссыз.

е-жіңішке дауысты.

н-үнді дауыссыз.

Х.Сергіту сәті:

Бір, екі, ұш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

6.Сөздік диктант.

Еден,жер,бел.



ХІ.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-К қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІІ.Үйге:77,78-беттерді оқу. «Кеме» ,«Емен» мәтінін оқып,мазмұндау.

Бағандағы сөздерді буынға бөліп жазу.


Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.І дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыру. І дыбысының жіңішке дауысты дыбыс екенін аңғарту. Балалардың І дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару,олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге , сөздерді дұрыс оқуға, жазуға үйрету .

2. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздерді тұтас оқуға машықтандыру.

3.Мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі:І і әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!



ІІІ.Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-К дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,қатаң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-К дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында,аяғында)

- К дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-К әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

ә) Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

кесте кептер кеше еңбек

кеспе керуен кешен кетпен

*кебек-----керек-----кесек-----кеуек

-Бұл не? -Бұл не?

-Ол-кептер. –Бұл-текемет.

-Ол қайда отыр? - Ол қайда жатыр?

-Ол шатырда отыр. –Ол еденде жатыр.

б) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:кеме,кесе,кебеже,шелек,.



в)оқулықпен жұмыс.77-бетті.

«Кеме» мәтіні б/ша сұрақ-жауап:

- Болат не жасады?

-Не ағып бара жатты?

-Кемеге не жабысты?

-Кеме қайда тоқтады?

-Құмырсқа қайда шықты?

ІV.Сергіту сәті.

VI. Жаңа сабақ:

в) Жұмбақ жасыру.

Кел ,балалар ойнайық ,

Ойнайық та ойлайық

Қандай жұмбақ болса да ,

Шешпей оны қоймайық!

2.Болса-дағы,

Инесі

Іс тікпейді,



Бұл несі? (Кірпі)

3.Көзі-өзі,

Бойы бір қарыс

Көреді тым алыс. (Дүрбі)

4. Бөрене тұмсық,

Емен аяқ.

Жануар бар,

Некен-саяқ. (Піл)


-Қандай дыбыс таныс? (П,л)

-Қай дыбыс таныс емес? (і)

-Ендеше, бәріміз бірге айтып көрелік.

-Қалай айтылады?

-Қандай дыбыс?

-Дауысты,жіңішке.

-І дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-І і баспа түрін көрсету.



е)«Кітап» өлең оқып беру.

Жақсылықты жақтаймыз, Елімізде атақты Оқы, кітап

Әріптерді жаттаймыз. Ғалым ата не тапты, Оқы тыңда.

Кітаппенен дос болып, Бәрін-бәрін білесің, Шығарар ол,

Сенімдерді ақтаймыз. Оқи берсең кітапты. Биік шыңға.

-Кітап оқу үшін нені жақсы білуіміз керек?

-Әріптерді .

-Қандай әріптерді оқи білеміз?



VIІ.Оқулықпен жұмыс.

1. Суреттегі заттардың атын атаңдар

2.Ізсөзіне буындық дыбыстық талдау жасау.

3. Бағандағы сөздермен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Түсіндірме сөздік.

ін іс тіс кі ші тіл бі лім

і ні і сі ті сі кі сі кілт бір лік

4.Мақалдарды оқып,түсінігін айтқызу.

Бірлік болмай,

тірлік болмас.
Кітап-білім бұлағы.

5. Қандай? Сұрағымен қарама-қарсы мағынасын түсіндіру.

ауыр-жеңіл

жуан-....

кіші-....

- Кім? сұрағына жауап беруге үйрету.

-Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

VІІ.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



VІІ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

І і әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

І әрпінің элементтерін жазып көрсету.

І әрпін ауада жазу.

І әрпін дәптерге көркем жазу.

9.Дыбыстық талдау.

Кісі- кі-сі,2 буын,4дыбыс,4әріп,2 дауысты,2 дауыссыз.

К-қатаң дауыссыз.

е-жіңішке дауысты.

с-қатаң дауыссыз.

е-жіңішке дауысты.



VІІІ.Сергіту сәті..

10.Сөздік диктант.

Кеспе,кеше,кептер..



VIII.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыспен таныстық?

-І қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ІХ.Бағалау. Мадақтау.

Х.Үйге: 79-80-бетті оқу. Бағандағы сөздерді буынға бөліп жазу.

Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген І дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап оқи білуге, мазмұндап айта білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту.

3. жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:І і әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ . Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!



ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.


-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.


-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.


-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.


-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.


- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

- Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.


- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.


-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ш.
-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.


-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.


-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.


--Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.


-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.


-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?


-Зат есімнің неше түрі бар?

- Зат есімнің 2 түрі бар.


-Атап айтыңдар?

-Жекеше түрі,көпше түрі.


-Жекеше түрінің сұрақтары?

-Кім? Не?

-Мысал келтір.
-Көпше түрінің сұрақтары?

-Кімдер?Нелер?

-Мысал келтір.
-Көптік жалғауларын айт?

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.


-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.


-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.


-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға болады.
-Ол не деп аталады?

-Тақырып.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-І дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс,жіңішке)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-І дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында, аяғында)

- І дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-І әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?



ә)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

ін іс тіс кі ші тіл бі лім

і ні і сі ті сі кі сі кілт бір лік

ІV.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



в) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:ін,тіс,кіші,кілт,бірлік.



V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

VІ.Қайталау сабақ.

1. Бағандағы сөздермен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Түсіндірме сөздік.

ешкі елік кілем білек желім

ескі етік ілмек жібек жеңіл

*Талдау жұмысы.

Кіші-ішік кісі-ісік ерік-кіре

Ірі тіс ін ірімшік

Іні тік іс кекілік

VІІ.Оқулықпен жұмыс.

«Ін» мәтіні.

Мұғалімнің оқытып, мазмұнына түсінік беру.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

2.Сұрақ-жауап:

-Кейбір аңдар қайда мекендейді?

-Қоректерін қайда сақтайды?

-Борсық пен суыр қыста қайда ұйықтайды?

-Індегі қоқыстарды қайда шығарады?

-Індерді тағы нелер пайдаланады?

-Олар не шығарады?



VІІІ.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.
ІХ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

3.Әдемі жазу минуты.

кіші


4.Дыбыстық талдау.

кіші- кі-ші,2 буын,4дыбыс,4әріп,2 дауысты,2 дауыссыз.

к-қатаң дауыссыз.

і-жіңішке дауысты.

ш-қатаң дауыссыз.

і-жіңішке дауысты.

5.Ойын: «Қай әріпті жоғалттым» т...л, т...с, т...к, ...р..., к...с..., ...н...



Х.Сергіту сәті:

Бір, екі, ұш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

6.Сөздік диктант.

Іс, іні,ірі,кісі..



ХІ.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-І қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІІ.Үйге:81,82-беттерді оқу. «Ін» мәтінін оқып,мазмұндау.

Бағандағы сөздерді буынға бөліп жазу.



Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Ә дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.Дыбыстық фонемалық қызметін модельдеу арқылы өтілетін дыбысты қатыстырып сөз,сөйлем құрату.

2.Жеке сөздерді оқуға, біртіндеп сөзді тұтас оқуға,сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс әрі тез оқуға дағдыландыру.Мәнерлеп оқуға, түсінгендерін айтуға үйрету.

3. Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу.Қазақтың қолөнерін таныстыра отырып,оқушыларды еңбекке тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: : Ә ә әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: оқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу, түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық: оқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу,

түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.



ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-І дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс,жіңішке)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-І дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында, аяғында)

- І дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-І әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?
-Балалар , біз сендермен неше дауысты , неше дауысты дыбыс өттік?

Мысал келтіріп көрейікші.



ә) Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.79-82-бет.

ІV.Сергіту сәті..

б) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:етік,кілем,жеңіл,ешкі.



в)оқулықпен жұмыс.81-бет.

«Ін» мәтіні б/ша сұрақ-жауап:

- Аңдар нені мекендейді?

-Қоректерін қайда сақтайды?

-Борсық пен суыр қыста қайда ұйықтайды?

-Індегі қоқыстарды қайда шығарады?

-Індерді тағы нелер пайдаланады?

-Олар не шығарады?



б) Ойын: «Қай әріпті жоғалттым». Т...л, т...с, т...к, ...р..., к...с..., ...н...

VI. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

VІI. Жаңа сабақ.

Тақырыптық сурет бойынша әңгіме.

-Суреттен кімді көріп отырсыңдар?

-Әже деп кімді айтасыңдар?

-Әжеміздің қолында не бар?

(Ұршық көрсету, сырмақ туралы айту.)

-Әкеңнің шешесін кім дейсің?

-Әже.


-Шешеңнің шешесін кім дейсің?

-Нағашы әже.

Әже сөзін айтып көрелік,қандай дыбыстар естіледі?

-Қандай дыбыс таныс?(ж,е)

-Қандай дыбыс таныс емес?(ә)

-Тақырыбын не деп аламыз?

-Әже мен немере.

– Жақсы. Олар не істеп отыр?

-Әңгіме, ертегі айтыпотыр.
-Ә ә – баспа түрін көрсету.
-Бәріміз айтып көрелік?

-Қандай дыбыс?

-Дауысты.

-Неге? Дәлелде. (созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-Қалай айтылады?

-Жіңішке айтылады.



VІIІ.Сергіту сәті.

Әжем,әкем –әніміз,

Әрқашанда сәніміз.

Енді білдік әдемі,

Ә әрпінің мәнін біз.

1. Бағандағы сөздермен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Түсіндірме сөздік.

Тізбектей оқу.



Ә же ә сем сән ді ән ән ші

Ә ке ә де мідәм ді сән ә теш

ІХ.Оқулықпен жұмыс.

«Әже» мәтіні.

-Суреттен кімді көріп отырсыңдар?

-Әже деп кімді айтасыңдар?

-Әжеміздің қолында не бар?

Мұғалімнің оқып, мазмұнына түсінік беру.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Көлденеңінен оқу.

*Тігінен оқу.

*Тауып оқу.

*Бір буынды сөздерді оқу.


Түсіндірме жұмысы.

*Әже- әкесінің шешесі,үлкен шеше.

*Әке- балалы болған ер адам.

*Әлем- жер жүзі, дүние жүзі.

*Әуе- жер үстін қоршаған көк күмбез аспан.

*Әдемі- көркем, сұлу, әсем.

*Сәнді-көркі келісті, әдемі.

*Дәмді-бабымен дайындалған тәтті,жұғымды тағам.

*Ән- музыкалық шығарманың әуені.

*Сән-әдемі, жарасымды.

*Әнші- әнді орындаушы адам.

Х.Сергіту сәті.

ХІ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

3.Әдемі жазу минуты.

Ә ә-әрпінің жазбаша түрін көрсету.

Ә-нің бас әрпі.

Ә-нің кіші әрпі.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

Ә ә әрпіне үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.



4.Дыбыстық талдау.

әже- ә-же,2 буын,3дыбыс,3әріп,2 дауысты,1 дауыссыз.

ә-жіңішке дауысты.

ж-ұяң дауыссыз.

е-жіңішке дауысты.



ХІІ.Сергіту сәті:,

6.Әріпті диктант.

А, а,У, у, О, о, Ы, ы, Ұ, ұ, Е, е, І, і,Т, т, П, п, Н, н, Ғ,ғ Р, р, Л, л, Ш, ш, Қ ,қ, Й ,Д, д, М, м, Б, б, С, с, Ж, ж, ң, К, к.

ХІІІ.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-Ә қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІV.Бағалау. Мадақтау.

ХV.Үйге:83-беті оқу. «Әже» мәтінін оқып,мазмұндау, дәптерге көшіріп жазу.

Бағандағы сөздерді буынға бөліп жазу. Өздеріңнің әжелерің туралы әңгімелеп беріп көр.



Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген Ә дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап оқи білуге, мазмұндап айта білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту. Мәнерлеп оқуға, түсінгендерін айтуға үйрету.

3. Оқулықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Ә ә әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ . Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!



ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.


-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.


-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.


-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.


-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.


- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

- Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.


- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.


-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.


-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ш.
-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.


-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.


-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.


-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.


--Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.


-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.


-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?


-Зат есімнің неше түрі бар?

- Зат есімнің 2 түрі бар.


-Атап айтыңдар?

-Жекеше түрі,көпше түрі.


-Жекеше түрінің сұрақтары?

-Кім? Не?

-Мысал келтір.
-Көпше түрінің сұрақтары?

-Кімдер?Нелер?

-Мысал келтір.
-Көптік жалғауларын айт?

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.


-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.


-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.


-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға болады.
-Ол не деп аталады?

-Тақырып.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ә дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс,жіңішке)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-Ә дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында, аяғында)

- Ә дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Ә әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?



Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет