Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет6/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

а)Дыбыстық талдау.

Бота,бақа,бала,боран,бау.



ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)Сызбасын көрсет.

-Сөз дегеніміз не?Сызбасын көрсет.

-Сөйлем неден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

--Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтінге не қоюға болады?

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Б дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,ұяң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Б дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

-Б әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

б)оқулықпен жұмыс.61-63-бетті.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып, тексеру.



V.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық



VІ.Жаңа сабақ.

в)Жұмбақ шешу.

Жаздай інге тығылған

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығымен суырып,

Әкелді әкем бір күні. (Cәбіз)

Сәбіз сөзін буынға бөлу.

-С қандай дыбыс?

- Қатаң, дауыссыз,кедергімен айтылады.

- С-ның әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі - С с.

-С дыбысы бар сөздер ойлаңдар.

VІІ.Оқулықпен жұмыс:

1. -Суреттен нелерді көріп тұрмыз?

«Сағат» сөзіне дыбыстық талдау.

-Сағат адамға не үшін керек?

-«Сағат»сөзінде неше дыбыс,неше әріп бар?

-Дауысты қанша?Дауыссыз дыбыс қанша? Барлығы нещеу?

2.Хормен баған түрінде жазылған сөздерді оқыту.

Сана сағат самал бас

Саба сабақ маса дос

-С дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.(Cөз басында, сөз ортасында, сөз аяғында)

3) Бітеу буындарға ұқсас буындарды қосып оқыту.

Сап-сапта аш-ашпа сал-салма

Қап-қапта қаш-қашпа қой-қойма

VІІІ. Жаңа білімді бекіту. Сұраулы сөйлем туралы мағлұмат беру, жауап беруге үйрету.

-Сара қайда? -Асан сағат қайда?

-Ол сабақта. -Сағат қалтамда.

ІХ.Сергіту сәтін өткізу.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



Х. Дәптермен жұмыс.

Сс жазбаша түрін көрсету.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

С с әрпіне, үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.

4.Әріп диктантын жазғызу.Мм,Дд, Бб, Сс.

5. Буындарды көрсете отырып, жазбаша жазуға жаттықтыру.



ХІ.Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ХІІ. Жұмбақ шешу.

*Өзі кірден арылмас, * Жоқ өзінде бас та,

Ізінен кір табылмас. Қас та

(сыпырғыш) Мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
ХІІІ. Сабақты қортындылау.

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ол қандай дыбыс? Неге,дәлелде.

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІ.Үйге:64 -бетті оқу.

Сөздерді буынға бөліп жазу.



Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.С дыбысы және әрпі туралы алған білімін тиянақтау.

С дыбысына байланысты сөздерді буындап және тұтас оқуға үйрету.

2. Сөйлем,мәтін туралы білімін дамыту.

3. Таза, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: С дыбысына байланысты суреттер, С с әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Психологиялық дайындық.

Алақай-ау, алақай!

Алақай-ау, алақай!

Бұдан былай мен енді

Емеспін жәй «балақай»

Оқи алам өлеңді,

Жаза алам сөздерді.

Өйткені...

«Оқушымын» мен енді.

ІV . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

Біз күздегі жапырақпыз,

Бұтақтарға жабысқан.

Жел соқты да ұшып кеттік,

Ұшып кеттік алысқа.

Жерге баяу қонақтадық,

Тағы соқты жел келіп.

Жапырақты көкке ұшырды,

Ауада сәл тербеліп,

Тағы қондық жерге біз.

-Жердегі жапырақтарды бір-бірден алып,оларда жазылған тапсырмаларға жауап берелік.

а)Дыбыстық талдау.

Дос, сабақ,маса,самал,сағат.



ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)Сызбасын көрсет.

-Сөз дегеніміз не?Сызбасын көрсет.

-Сөйлем неден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

--Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Зат есім дегеніміз не?

-Зат есім сұрақтары?

-Зат есімнің неше түрі бар?

-Жекеше түрінің сұрақтары?Мысал келтір.

-Көпше түрінің сұрақтары?Мысал келтір.

-Көптік жалғауларын айт?

-Диалог дегеніміз не?

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтінге не қоюға болады?

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-С дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,қатаң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-С дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында,аяғында)

- С дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-С әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

б)оқулықпен жұмыс.64-бетті.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып, тексеру.



V.Сергіту сәті.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір .

Иіліп солға бір.

Сағаттың тіліндей,

Оң аяқ,сол сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Оң аяқ,сол сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

VІ.Өткенді бекіту сабағы:

а) Құрал-саймандармен таныстыру.

ә) Хормен оқыту, тұтас оқу.

сай су аспан саусақ Асқар

сайман суат аспап саумал Асқат

б)Сөздік жұмыс.

Суат –


в) «Саймандар» мәтінін оқыту.

-Саймандар не үшін керек?

-Саймандарды ата.

г) Сөздерді буындап оқуы.

ал –а лу тап – та бу қап - қа бу

бар -ба ру бақ – ба ғу бас – ба су

*Асу----- сау------ау-------у



VІІ. Сергіту сәті.

Сағатқа қарап-ап,

Теп допты сол аяқ,

Сағатқа қарап-ап,

Теп допты оң аяқ,

Сол аяқ,оң аяқ,

Теп допты оң аяқ.

VІІ. Дәптермен жұмыс.

С с жазбаша түрін көрсету.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

Үлгі бойынша С әрпіне берілген сөз, сөйлемді жазып жаттығу.

VIII .«Шынжыр» ойынын ойнату.

сағат-тамақ-қарға-асық-қалам-маса-Асан –нан т.б.



ІХ .Сабақты қортындылау:

- Бүгінгі сабақта не білдік?



ХІ.Бағалау.Мадақтау.

ХІІ.Үйге:64,65-беттерді оқу. «Саймандар» мәтінінін мазмұндап беру.

Пәні: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:1.Өткен дыбыстарды қайталау, алған білімдерін пысықтап,толықтыру,тереңдету.

2.Дыбыс, сөз,сөйлем,мәтіндер жайлы оқушылар білімдерін тиянақтап,дамыту.

Білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Психологиялық дайындық.

Алақай-ау, алақай!

Алақай-ау, алақай!

Бұдан былай мен енді

Емеспін жәй «балақай»

Оқи алам өлеңді,

Жаза алам сөздерді.

Өйткені...

«Оқушымын» мен енді.

ІV . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

а)Дыбыстық талдау.

Сырнай, жолбарыс, құлпынай, жаңалық

ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)Сызбасын көрсет.

-Сөз дегеніміз не?Сызбасын көрсет.

-Сөйлем неден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

--Сөйлем түрлерін атаңдар

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ң дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,жуан)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?

-Ң дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында,аяғында)

- Ң дыбысына қатысты сөздер ойлату.
б)оқулықпен жұмыс.

1.«Аңдар» мәтіні бойынша сұрақ-жауап:

-Аңдар қайда болады?

-Аң патшасын ата

-Жолбарыс қандай аң?

-Қасқыр қандай аң?

-Аңдардың қандай пайдасы бар?

-Оларға не істеу керек?

2.Мазмұнын толық айтқызу. 3-4 оқушыға.

3. Сөздерді тізбектей ,жеке –жеке оқытып, тексеру.

V.Сергіту сәті.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір .

Иіліп солға бір.

Сағаттың тіліндей,

Оң аяқ,сол сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Оң аяқ,сол сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

VI.Қайталау сабағы.

в) Өткен дыбыстарды еске түсіру.

Дауысты дыбыстар: а,у,о,ы.

Дауыссыз дыбыстар: т,п,н,ғ,р,л,ш,й,қ,д,м,б,с,ж,ң

VII.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.

VIII.Көру диктанты.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

г) « Жоғалған әріп элементін тауып жазу» ойыны.

ІХ.Қорытынды.

-Бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орындадық?

Х.Бағалау.Мадақтау.

ХІ.Үйге:74 – беттерді қайталап келу.


с

а

й




м

а

й




а

р

а




с

у

а

т




с

а

й

м

а

н

«Қай буынды жоғалттым» ойыны ...-ғат, са-..., са-..., ...-бақ, сап-...,қал-...



Сабақтың тақырыбы:Ы дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1 Ы дыбысы және әрпімен таныстыру. Ы жуан дауысты дыбыс екенін аңғарту, сөзді оқуға жазуға үйрету.

2. Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту.

3.Жолдастық, достыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Ы дыбысына байланысты суреттер, Ы ы әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі,кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Психологиялық дайындық.

Алақай-ау, алақай!

Алақай-ау, алақай!

Бұдан былай мен енді

Емеспін жәй «балақай»

Оқи алам өлеңді,

Жаза алам сөздерді.

Өйткені...

«Оқушымын» мен енді.

ІV . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

а)Дыбыстық талдау.

Дос, сабақ,маса,самал,сағат.



ә)Сұрақ-жауап:

-С дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында,аяғында)

- С дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-С әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?



б)оқулықпен жұмыс.65-бетті.

Сұрақ-жауап:

-Балға- не?

-Балта-не?

-Ара –не?

- Балға, балта,ара –нелер?

-Атамда нелер бар?



*«Саймандар» мәтінің мазмұнын сұрау.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып, тексеру.



V.Сергіту сәті.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір .

Иіліп солға бір.

Сағаттың тіліндей,

Оң аяқ,сол сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Оң аяқ,сол сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

VІ.Жаңа сабақ.

в)Жұмбақ шешу.

Кесені-шыны,пиала

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді? (Ыдыс-аяқ)

-«Ыдыс» деген сөзін буынға бөлу.

-Қандай дыбыстар таныс?

-Д,с.

-Таныс емес, қандай дыбыс?



-Ы.

-«Ыдыс»сөзінде неше дыбыс,неше әріп бар?

-Дауысты қанша?

-Дауыссыз дыбыс қанша?

- Барлығы нещеу?

-Қанекей айтып көрелік, ы.

-Ы қандай дыбыс?Қалай айтылады?

- Жуан, дауысты дыбыс.

-Неге? Дәлелде.

- Қалай айтылады?

- Ы-ның әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі - Ы ы.

-Ы дыбысы бар сөздер ойлаңдар.



VІІ.Сергіту сәті.

Сағатқа қарап-ап,

Теп допты сол аяқ,

Сағатқа қарап-ап,

Теп допты оң аяқ,

Сол аяқ,оң аяқ,

Теп допты оң аяқ.

VІІІ.Оқулықпен жұмыс:

1. Сюжетті сурет бойынша жұмыс. Тақырып қойып, сурет бойынша сөйлемдер құрастыру.

Ыдыс дүкенінде.

-Суреттен нелерді көріп тұрмыз?

2.Мұғалімнің баған түрінде жазылған сөздерді оқып, түсіндірме сөздік жұмысын жүргізу.

Ы дыс шы ны қа сық су сын сыр най

Ы рыс шы рын тор сық су ық дом бы ра

-Ы дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.(Cөз басында, сөз ортасында, сөз аяғында)

3. Хормен оқыту.

4. Тізбектеп оқыту.

5. Ы әрпін қосқанда сөздің соңғы әрпі қандай өзгеріске түсетінін байқату.

ІХ.Сергіту сәтін өткізу.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



Х. Дәптермен жұмыс.

Ы ы жазбаша түрін көрсету.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

Ы ы әрпіне, үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.

4.Әріп диктантын жазғызу.Мм,Дд, Бб, Сс.

5. Буындарды көрсете отырып, жазбаша жазуға жаттықтыру.



ХІ.Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ХІІ. Тіл дамыту.

Ырысты сондай ақылды,

Ынтамен оқып сабақты.

Тыным таппай ыңғайда,

Ыдысты да жуады.

ХІІІ. Сабақты қортындылау.

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ол қандай дыбыс? Неге,дәлелде.

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІV.Бағалау. Мадақтау.

ХV.Үйге:66 -бетті оқу.

Сөздерді буынға бөліп жазу.



Мақал-мәтел үйрену. Ырыс алды –ынтымақ.

Жұмбақ шешу.

Ызыңдап ән салып

Жұқа тақтай бөлшегі, Жұп- жұқа қанаты.

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш) Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады. (шыбын)
Сабақтың тақырыбы:Ж ждыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Ж дыбысы және әрпін таныту,оларқылы берілген сөздерді оқу менжазуға үйрету.Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға,сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.

2.Оқушының логикалық ой-өрісін,өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.

3.Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ж дыбысына байланысты суреттер, Ж ж әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.



ІV.Өткенді қайталау.

а)Дыбыстық талдау, тақтада.

Мысық,оқушы,шыны,ыдыс.



ә)Сұрақ-жауап

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ы дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс,жуан)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-Ы дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында,аяғында)

- Ы дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Ы әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

б)оқулықпен жұмыс.68-бетті.

Сұрақ-жауап:

Сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.



ІV.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

V.Жаңа сабақ.

1. «Ой шақыру».

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз.

-Қазір мен сіздерге жұмбақ жасырамын.



Жазда тұрып жоғары,

Күзде жерге қонады.

(Жапырақ)

-«Жапырақ» сөзі қай дыбыстан басталады?

Қазір біз Ж дыбысымен танысамыз.

-Ж дыбысын дыбыстату.

-Ж дыбысы қандай дыбыс?

-Дауыссыз,ұяң.

-Ж дыбысына қатысты суреттермен таныстыру.

2.Ж дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

-Сөздің басында,ортасында,ал қазақ тілінің «байырғы лаж», «мұқтаж» сөздерінде сөз соңында кездеседі.

3. «Сөз ойла,көп ойла!» ойыны.

Ж дыбысы кездесетін сөздер айту.



4. «Жаңа буындар қонақта». Жаңа буындармен таныстыру, оларды хормен айту.(ЖА,ЖУ,ЖО)

5. «Тез, әрі сауатты оқиық!». Жаңа буындардан құралған сөздерді оқып,әр сөзге түсінік беру.

Жаға –сырт киім мен көйлек-көншектің жағасы немесе өзен, көлдің жиегі.

Жаса– бір нәрсені дайындап,істеп шығару.

Жота- биік жер,төбе немесе малдың арқасы,жоны.

Жантақ- түйе сүйсініп жейтін тікенекті өсімдік.

Жалау- матадан қиып тігілген арнайы ту секілді белгі.

Жусан- көпжылдық шөптесін өсімдік. Қой мен ешкінің жақсы азығы.

Балаларға хормен оқыту.



VІ.Оқулықпен жұмыс.

Мұғалімнің «Жусан» мәтінін оқып, түсіндіру.

Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

VІІ.Дәптермен жұмыс.

Ж әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.

Ж әрпін ауада жазу.

Ж әрпін дәптерге көркем жазу.

VІІІ.Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ІХ. «Ұйқасын тап!» ойыны.

Іші толған шәрбат,

Дім, қандай әйбат,

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты-.... (жүзім)

Сырты қандай қатты,

Дәні сондай тәтті,

Шағып қара таңдап,

Оның аты-... ( жаңғақ)

Құйрығы он қарыс,

Бұл- айбатты ... (жолбарыс)

Х.Қорытынды.Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ж қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІ. Үйге: 69-бет. «Жусан»мәтінін оқып,мазмұнын айту.

Мәтінді дәптерге көшіру.

Сабақтың тақырыбы: Ж дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1.Ж дыбысы және әрпі жайлы оқушылар білімін тиянақтап,бекіту.

2.Оқушыларды буындап оқу, дыбыстық талдау, қабілеттерін дамытып,сөздік қорларын молайту.

3. Жақсылықты үйреніп, жамандықтан жиренуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ж ж әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.



ІV. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,ұяң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Ж дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

- Ж дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Ж әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

ә)оқулықпен жұмыс.68-бетті.

«Жусан» мәтіні б/ша сұрақ-жауап:

-Далада не бар?

-Жусанға мал қалай жайылады?

-Жарас малды қайда жайды?

-Мал қайтті?



Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет