Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет16/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42

VІ. Жаңа сабақ .

- Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз да қыс туралы болмақ .

-Суретке қарайық, не көріп тұрмыз?

-Балалар, не істеп жатыр?

-Суреттегі балаларға ат қойып, әңгіме құрастыру.

–Ал, енді назарымызды оқулығымыздың 7-бетіндегі 3-жаттығуға қараймыз.Оқушыға оқытамын.

1.Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар.

Сырғанақ.

Қыс қызығы басталды.Айбол жылы киінді.Ол шанасын алды.Төбеге барды.

Онда сырғанақ тепкен балалар көп екен.Ойын қызықты болды.

2.Әңгімеде неше сөйлем бар?

3.Бірінші сөйлемде қанша сөзден құралған ?

4.Екінші сөйлемде кім туралы айтылған?Соңғы сөйлемде не туралы айтылады№



VIІ. Сергіту сәті.

Бір,екі,тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Жүгірейік,жүгірейік,

Аяқтың ұшынан басайық.

Саңырауқұлақтай отырып,

Емендерше тұрайық.

Тұрайық, отырайық,

Тұрайық, отырайық.

Партамызға жайғасып,

Отырайық ,тып-тыныш.

VІІI.Дәптермен жұмыс. Жаңа материалды пысықтау.

-Балалар, енді 4-жаттығуға қарайық. Сөйлемдерді оқу.Неше сөйлем бар екенін анықтау.Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіру .



Күн суытты қар жауды аяз болды су қатты.

Дәптерге тыныс белгіні дұрыс қойып көшіру.Тақтаға бір оқушыны шығарып жаздыру.



Х.Сергіту сәті.

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

ХІ. Бекіту кезеңі.

«Аққала» өлеңі мәнерлеп оқу.

ХІІ. Қорытынды.Сұрақ-жауап.

ХІІІ. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

ХІІІ. Үйге тапсырма: «Аққала» өлеңін мәнерлеп оқу.7-бет.
Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Қыс.Дыбыс.Әріп.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін қалыптастыру.Өлеңдегі жыл мезгілін суреттей отырып білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық:Сөздік қорын , логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырамшылығын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілік:Табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет, «Қыс » Ж.Аймауытов суреті.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Психологиялық дайындық:

-Армысың,асыл күн!

- Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

-Жылуыма жылу қос!

-Міне, менің қолым!.



IIІ.Үй тапсырмасын сұрау.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

-Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Мәтін неден құралады?



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Қыс туралы кім, не айтады?

ә)12 бетіндегі 9-жаттығу тапсырмасы бойынша сөз алдына әріп қосып жазамыз

Өзі,есті, ұрды.

Ү Л Г І: Өзі-сөзі, көзі.

Есті-тесті,кесті.Ұрды-тұрды,құрды.Алды-қалды,талды,шалды.

сөзінің алдына қай әріп қойылды , өзің қосқан әріптің астын сыз.Дыбыс саны өзгерсе сөздің мағынасы да өзгеретінін біліп ал.

-Қыс туралы кім, не айтады?

б)Өлең жатка сұрау.

«Айнала күміс қар» өлеңі.

Айнала күміс қар,

Енді не тұрыс бар?

Ал кеттік , балалар,

Бітпеген жұмыс бар.

Айнала ақ айдын,

Бәрі аппақ маңайдың.

Тазартып тастай

Ауласын ағайдың

в)-Сөз неден құралады?

-Дыбыстар немен танбаланады?

-Дыбыс дегенді қалай түсінесің?

-Әріп дегеніміз не?Түсінгендеріңді мысал ретінде келтіріп айту.



IV. Сергіту сәті.

Бір,екі,тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Жүгірейік,жүгірейік,

Аяқтың ұшынан басайық.

Саңырауқұлақтай отырып,

Емендерше тұрайық.

Тұрайық, отырайық,

Тұрайық, отырайық.

Партамызға жайғасып,

Отырайық ,тып-тыныш.

V. Мақсат қою кезеңі.

-Балалар, қысқы табиғатты кім сипаттап береді?

-Ең қызығы не?

VI. Жаңа сабақ.

Өлеңді мәнерлеп оқымас бұрын Ж.Аймауытовқа өмірбаянына тоқталу.

Мұалімнің оқуы.

Ж.Аймауытов «Қыс».

Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,

Тон киіндік, тоңды мал.

Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,

Боран жоқта тұман бар...

Қылаулатқан қырау бар.

Қиы қатқан бұзау бар...

Қыздар қылған шұжық бар,

Қонақ айтар қызық бар.

Ай, балалар, балалар!

Күнде оқуға жүрелік,

Үйренелік , білелік.



г) - Мына өлеңді тізбектеп оқып шығайық.

Тауып оқу.

VII. Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



VIII.Дәптермен жұмысы.

д)Көркем жазу.

10 -жаттығу .

1.Сөйлемдерді көшіріп жазу.

2.Қара әріппен жазылған сөздердің жазылуын біліп алу.Бұл сөзде неше дыбыс бар?



Мына сұрақтарға жауап беру.

-Дыбыс дегенді қалай түсінесің?

-Әріп дегеніміз не?

IХ. Жаңа материалды пысықтау.

- Мына өлеңді тізбектеп оқып шығайық. Ж.Аймауытов туралы түсінгендерін пысықтау.

- Ал енді дыбыс пен әріптуралы ережені кім пысықтап береді?

Х. Бекіту кезеңі .Жұмбақ, жаңылтпаштар .

ХI.Бағалау.Мадақтау.

ХII. Үйге тапсырма. «Қыс» өлеңін жаттап келу.

Сауат ашу.

Тақырыбы: Диктант.Өзіндік жұмыс.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың өткен дыбыстар мен әріптер бойынша алған білімдерін меңгерген деңгейін тексеру.Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырамшылығына қарай ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық:Жазу дағдыларын машықтандыру.Сөздік қорын,логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелілік:Сауаттылыққа,көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық:

-Армысың,асыл күн!

- Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

-Жылуыма жылу қос!

-Міне, менің қолым!

III.Жаңа сабақ.

а) Қаңтардың он бесі.

Диктант.

Қыс.
Қыс мезгілі.Далада қар жауып тұр.Балалар қармен ойнап жүр.Олар қардан аққала жасады.

Тапсырма.

1.Сөзде неше дыбыс болса,сол дыбыстардың санын сөздің үстіне жаз.


1-нұсқа. 2-нұсқа.

Қыс сөзіне дыбыстық талдау жаса. Қар сөзіне дыбыстық талдау жаса.


ә) Өзіндік жұмыс.

1.

а+та=ата та+ра=тара

а+па=апа та+ға=таға

а+на=ана па+на=пана

а+ға=аға ар+па=арпа

а+ра=ара на+уа=науа

а+ла=ала та+на=тана

а+уа=ауа ап+та=апта

2.


ш

а

ш

қ

а

р

ш

а

р

т

а

р

н

а

р

ж

а

р







ш

а

н

а

т

а

н

а

т

а

ғ

а

т

а

р

а

н

а

у

а

қ

а

л

а




а

р

а

а

ғ

а

а

т

а

а

п

а

а

н

а

а

у

а


3.т,а,а,р - тара а,а,п,т -апта

т,ғ,а,а -таға а,а,н,р -анар

н,а,а,у –науа а,а,п,н -пана

а,а,л,у –алау а,а,л,ғ -алға
4.




тал









а-рал












а-та-лар



IV.Қорытынды.Дәптерлерін жинап алу.

V.Бағалау.



VI.Үйге:13-беттегі «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу.

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Қ.ж.Торғай.Тоқылдақ.Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дауысты дыбыстар туралы түсініктерін қалыптастыру.Тоқылдақ –орман сақшысы туралы түсінік бер. Өлеңдегі жыл мезгілін суреттей отырып білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.Дыбыстүрлерімен ,дауысты дыбыс оның ерекшелігімен айырамшылығын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілік:Қыстайтын құстардың тіршілігі туралы,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет, «Торғай » Х.Талғаров суреті.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық:

-Армысың,асыл күн!

- Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

-Жылуыма жылу қос!

-Міне, менің қолым!.

IIІ.Үй тапсырмасын сұрау.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

-Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Мәтін неден құралады?



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Қыс туралы кім, не айтады?
ә)Өлеңін мәнерлеп оқу.

13-беттегі «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу.



б) -Сөз неден құралады?

-Дыбыстар немен таңбаланады?

-Дыбыс дегенді қалай түсінесің?

-Әріп дегеніміз не?Түсінгендеріңді мысал ретінде келтіріп айту .

IV. Сергіту сәті.

Бір,екі,тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Жүгірейік,жүгірейік,

Аяқтың ұшынан басайық.

Саңырауқұлақтай отырып,

Емендерше тұрайық.

Тұрайық, отырайық,

Тұрайық, отырайық.

Партамызға жайғасып,

Отырайық ,тып-тыныш.

V. Мақсат қою кезеңі.

-Балалар, қысқы табиғатты кім сипаттап береді?

-Ең қызығы не?



VI. Жаңа сабақ.

в)-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.

-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.

-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,(у),ю,я,ё,э.

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.



г) Өлеңді мәнерлеп оқымас бұрын Х.Талғаров өмірбаянына тоқталу.

Мұғалімнің оқуы.



Х.Талғаров «Торғай».

- Мына өлеңді тізбектеп оқып шығайық.

Тауып оқу.



VII. Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



ғ) Жұмбақ шешу.

Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ-тоқ соғады.

(Тоқылдақ)

«Тоқылдақ» мәтінін оқу.

Тізбектей оқу.

Тауып оқу.



VIII.Дәптермен жұмысы.

д)Көркем жазу.

11 -жаттығу .

1.Өлеңді оқып, көшіріп жазу.

2.Торғай,жем деген сөздердегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.

IХ. Қорытынды.

- Х.Талғаров туралы түсінгендерін пысықтау.

-Тоқылдақты неліктен «орман емшісі» дейді.

-Құстардың тағы қандай пайдасы бар?

- Ал енді дыбыс ,дауысты дыбыс туралы ережені кім пысықтап береді?

Х. Бағалау.Мадақтау.

ХI. Үйге тапсырма. «Торғай» өлеңін жаттап келу. «Тоқылдақ» мәтінін оқып,мазмұндау.
Ана тілі. 17.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Еңбек.Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дауысты дыбыстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Еңбек туралы түсінік беру Өлеңдегі еңбекті суреттей отырып, білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.Дыбыс түрлерімен ,дауысты дыбыс оның ерекшелігі мен айырамшылығын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілік:Еңбексүгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!

IIІ.Өткенді қайталау.

а)Сұрақ-жауап:

-Сөз нелерден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөз дыбыстардан құралады.

-Дыбыстар немен таңбаланады?

-Дыбыстар әріптермен таңбаланады.

-Дыбыстар дегеніміз не?

-Дыбыстарды айтамыз,естиміз.

-Әріптер дегеніміз не?

-Әріптерді көреміз,жазамыз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-2-ге бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыстар әріптерін атаңдар?

-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

-Сөйлем нелерден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

-Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Мәтін нелерден құралады?



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

-Үйге қандай тапсырма берілді?



ә) «Торғай» өлеңін жатқа сұрау.

б) «Тоқылдақ »мәтіні бойынша сұрақ-жауап:

-Тоқылдақ неде отыр?

-Ол тұмсығыменнені тоқылдатады?

-Ағаш қабығында нелер бар?

-Тоқылдақ нелермен қоректенеді?

-Олардың жерге түскенін нелер теріп жейді?

-Сондықтан тоқылдақ не деп есептеледі?



в) «Тоқылдақ»мәтінінің мазмұнын толық айтқызу.

г)12-жаттығуды тексеріп ,бағалау.

IV. Сергіту сәті.

Бір,екі,тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Жүгірейік,жүгірейік,

Аяқтың ұшынан басайық.

Саңырауқұлақтай отырып,

Емендерше тұрайық.

Тұрайық, отырайық,

Тұрайық, отырайық.

Партамызға жайғасып,

Отырайық ,тып-тыныш.

ғ)Жатқа жазу.

Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жазғызу.

А,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.

V. Мақсат қою кезеңі.

-Балалар, қысқы табиғатты кім сипаттап береді?

-Ең қызығы не?



VI. Жаңа сабақ.

д) Мұғалімнің «Еңбек» өлеңін мәнерлеп оқуы.

Оқушылардың іштей оқуы.

Тізбектей оқуы.

VII. Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



VIII.Дәптермен жұмысы.

е)Көркем жазу.

еңбек еңбек еңбек еңбек

13 -жаттығу .

1.Өлеңді түсініп оқу.

2. Дауысты дыбыс әріптерін қайталамай теріп жазу. Оларды дауыстап оқу.

IХ. Қорытынды.

- Ал енді дыбыс ,дауысты дыбыс туралы ережені кім пысықтап береді?

-Қандай өлеңмен таныстық?

Х. Бағалау.Мадақтау.

ХI. Үйге тапсырма. «Еңбек» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

14-жаттығу .Сөздерді қатесіз көшіріп жазу.



Ана тілі. 17.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Шопан еңбегі.Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дауысты дыбыстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Еңбек туралы түсінік беру. Мәтіндегі еңбекті суреттей отырып, білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.Дыбыс түрлерімен ,дауысты дыбыс оның ерекшелігі мен айырамшылығын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілік:Қиындықта төзімділікке,табандылыққа,еңбексүгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет,мамандық түрлері жайлы суреттер,шопан суреті.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.

IIІ.Өткенді қайталау.

а)Сұрақ-жауап:

-Сөз нелерден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөз дыбыстардан құралады.

-Дыбыстар немен таңбаланады?

-Дыбыстар әріптермен таңбаланады.

-Дыбыстар дегеніміз не?

-Дыбыстарды айтамыз,естиміз.

-Әріптер дегеніміз не?

-Әріптерді көреміз,жазамыз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-2-ге бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.

- Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыстар әріптерін атаңдар?

-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?



Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет