Дармуханова Бибигул Капсалемовна
Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі
1. Натрий және калий, 10- сынып ( сабақ жоспары)
2. Тұздар, құрамы мен қасиеттері, 9- сынып ( сабақ жоспары)
3. Кристалдық тор типтері, 10- сынып ( сабақ жоспары)
4. «Ойланайық, білейік, есте сақтай жүрейік!» (ойын жарыс)
9-сынып оқушысы Ғалымов Әли Дулатұлы
Сыныбы – 10
Сабақтың тақырыбы: §5,2, 5,3. Натрий және калий
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: типтік активті металдар, сілтілік металдар, гидридтер, пероксидтер, күйдіргіш сілтілер туралы толық мағлұмат беру; теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу;
Дамытушылық: натрий мен калий қасиеттерін салыстыра және оның қосылыстарының тұрмыста, тіршілікке қажет заттар ретінде қолданылуын білу, өздігінен жұмыс жасауға, ізденуге, өз білімін бағалап тексеруге баулу, зейінін, өзіндік пікірін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік: натрий мен калийдің маңызды қосылыстары: оксидтері, гидроксидтері, тұздары, олардың қасиеттері мен қолданылуын, пайдалануын меңгеріп, оны өмірде тиімді қолдана білуге және өз бетімен еңбектену іскерліктерін арттыра отырып, танымдық белсенділіктерін ой-өрісін дамытып, шығармашылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің түсіндіруі, жаттығулар орындау, фронталды әңгімелесу.
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Амандасу, оқушыларды топқа бөлу.
2. Оқушыларды білімді, саналы және белсенді
түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеу:
«Миға шабуыл» сілтілік металдар туралы не білеміз? тест жұмысы
1.Сілтілік металдар қай топа орналасқан? А) І В) ІІ С) ІІІ Д) ІҮ
2.Сілтілік металдары көрсет. А) F, Cl, Br, I. В) Na, K, Li, Rb, Cs. С) Ca, Mg,Ba,Sr. Д) S,N,C,O.
3.Сілтілікметалдар қандай топшада рналасқан? А) неізгі, В) қосымша
4.Сілтілік металл деп аталуы неіктен?
А ) сумен әрекеттескенде қышқыл түзеді, В) сумен әрекеттескеде тұз түзеді; С) сумн әрекеттескенде сілті түзеді;
ІІІ. “Сиқырлы сауал” / жаңа сабақты меңгерту
Су бетінде жүгіретін,
Қолмен ұстасаң күйдіретін.
Период басын бастайтын,
Сабын, сода жасайтын,
Табыңдаршы, мен кіммін?
Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий
1.Периодтық жүйедегі орны
2.Физикалық , химиялық қасиеттері
3.Алынуы және табиғатта таралуы
4. Маңызы
ІҮ. «Ойлан, жұптас, бөліс» / жеке оқушымен жұмыс:
1.Натрийдің сумен әрекеттесуі
2.Натрийдің тұз қышқылымен (НСІ) әрекеттесуі
3.Натрийдің күкірт қышқылымен (Н2SО4) әрекеттесуі
Ү. Сыныпқа: Ой толғау: «Түзу ме, қиғаш па?» ойыны: І топтың негізі топшасындағы металдар қалай орналасқан?
ҮІ. Топтық жұмыс: «Есепке кім жүйрік?»
І топқа: Натрий пероксиді құрамындағы натрийдің массалық үлесі қандай?
ІІ топқа: Калий сульфаты құрамындағы калийдің массалық үлесі қандай?
ҮІІ. Тақтамен жұмыс: Тест
ҮІІІ. Сабақты бекіту:
«Есіңе сақта!»
«Химиялық эстафета»: келесі айналымдарды жүзеге асыру :
Na → NaOH → Na2SO4 → NaCl → Na → Na2O →NaOH
K → К2O → КOH → КNO3 → KCl → K →KOH
ІХ. Үйге: §5.2, 5,3. Натрий және калий №6,7 есептер. Венн диаграммасын толтыру
Х. Сабақты қорытындылау:
Мен - натрий, сілтілік, жеңіл металмын
Өзім жайлы баяндауға бет алым
Алуан түрлі қасиетім бойымда
Қосылысым сабынның да бойында
Бу түрінде сары түске енемін
Суыңды да айналдырам сілтіге
Су бетінде еркін жүре беремін
Мен ауаға сутекті де бөлемін
Тұздарыммен астың дәмін келтірем
Сол арқылы зор пайдамды тигізем
Космоста да сары түсті буыммен
Зымыранды көз алдыңда жүргізем
ХІ. Бағалау.
Сыныбы - 9
Сабақтың тақырыбы:Тұздар, құрамы және химиялық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Тұздар туралы мәлімет бере отырып, химиялық
қасиеттерін түсіндіру.
Білімділігі: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымдық
қабілеттерін қалыптастыру
Дамытушылығы: ой-өрісін дамыту, танымдық қабілетін арттыру
Тәрбиелігі: қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, өз бетімен
ізденіп, жұмыс жасай білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ
Әдісі: жаңа сабақты меңгерту, сұрау, жауап алу
Ұйымдастыру формасы: ұжымдық , жеке, топтық
Пән аралық байланыс: биология , физика, математика
Көрнекілігі: ноутбук, интереактивті тақта, реактивтер: натрий хлориді, су,
сынауық
Өтілетін орны: биология кабинеті
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Амандасу, оқушыларды түгендеу
2. Оқушыларды психологиялық дайындау
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру: § 46. № 5(2); № 9 (ә,б)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
Жоспары: 1. Тұздар , құрамы, жіктелуі
2.Химиялық қасиеттері
3. Алынуы
Оқушыларды топ бойынша отырғызу :
І . Қайталау сұрақтарына шолу жасау: «Кім жылдам?» ойыны:
«Менен жылдам сұрақ - сіздерден жылдам жауап»
1.Қышқылдар түзетін элемент және оттекті қышқылдар аталуы неге
байланысты ? / сутегі, оттегі /
2. Карбонат формуласы ? (СО3 )
3. Қышқыл ерітінділерде түсін өзгертетін заттар ? (индикатор)
4. Кремний қышқылының қалдығы қалай аталады ? (SіO3 )
5. Қышқыл ерітіндісінде қызаратын индикатор ? (лакмус)
6. Қышқыл дәмді, күйдіргіштік қасиеті бар заттар ? (қышқылдар )
7 . Күкірт қышқылындағы SO3 валенттілігі ? (ҮІ)
8. Фосфор қышқылын және азот қышқылын алатын оксид ?
(фосфор (Ү) оксиді, азот (Ү) оксиді)
Жеке оқушылармен жұмыс:
2 моль күкіртті жағу үшін күкірт (ҮІ) оксидінен алынған күкірт қышқылының массасын есепте.
Магний мен күкірт қышқылының арасындағы реакция теңдеуін жазып, түзілген тұздың атын ата.
Сыныпқа:
Химиялық диктант
Қышқылмен жұмыс .......................... ........................ ережесін есте сақтаған жөн. Лабораторияда белгісіз қышқылдың дәмін .................................... көруге болмайды.
Металл .......................... әрекеттескенде сутекті ығыстырады, ал сутектен кейін орналасқан ........................... қышқылдардан ---------------------------- ығыстыра алмайды.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Тұздар – метал атомдары мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.
III II I III II I
Al 2(SO4) Na3 PO4 Ca (NO3)2
Тұздар : қатты кристалдық заттар , біразы суда жақсы еріп, мөлдір
ерітінді түзеді.
Суда жақсы еритін тұздарға: NaCl, KCl, KNO3.
Суда аз еритін тұздарға: PbCl2, CaSO4, Ag2SO4,
Суда ерімейтін тұздарға : BaCO3, BaSO4 , AgCI , BaSO4, CaCO3
Химиялық қасиеті:
негіздермен
қышқылдармен
металмен тұздардың ыдырауы
Тұздардың өзара әрекеттесуі
Fe + Cu CI2 = FeCI2 + Cu
2. Тұздар мен тұздар арасындағы алмасу реакциясы
NaCl + AgNO3 = NaNO3 + AgCl(ақ тұнба)
Алынуы: 1. H2SO4 + NaOH = Na2SO4 + H2O
2.CuSO4 + NaOH = Na2SO4 + Cu( OH) 2
3.Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2 + H2O
ІІІ. Білімді бекіту сұрақтары:
1. Тұздар дегеніміз не ?
2. Тұздардың физикалық қасиеті.
3. Тұздарды халықаралық атау бойынша қалай оқиды? Мысал келтіріңіз.
4. Тұздардың қандай химиялық қасиеттері бар ?
ІҮ. Оқулықпен жұмыс: 129- бет; № 3,4 есептер.
«Кім тез?» ( қайталау есебі )
1.NaCl – нің құрамындағы натрийдің массалық үлесін;
2.HNO3 – ның құрамындағы азоттың массалық үлесін;
3. CO2 – нің құрамындағы көміртегінің массалық үлесін
есептеңдер.
Ү.Топтық жұмыс ( деңгейлік тапсырма )
Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып.
Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,
Есеп шешер кезегі де келіп тұр.
І. Массасы 115 грамм натрий сульфатының (Na2SO4) қ.ж. көлемін
есептеңдер.
ІІ. 8 грамм кальций хлормен әрекеттеседі. Хлордың зат мөлшерін
есептеңдер.
ІІІ. 3 моль көмір қышқыл газының (CO2) массасын есептеңдер.
ҮІ. Ойлан, тап «Химиялық сөзжұмбақ. Реакция теңдеуі алынатындай етіп, бос ұяшықтарды толтырыңдар.
CuSO4
|
+
|
|
|
|
+
|
Na2SO4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
H2SO4
|
|
|
+
|
H2O
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
H2O
|
ҮІІ. Үйге тапсырма : § 35 №1-6 есептер.
Реферат «Ас тұзының қолданылуы»
ҮІІІ. Миға шабуыл: “Жұбыңды тап”
( қышқылдар мен тұздардың формуласын құрастыру)
ІХ.Рефлексия: “Мен бүгінгі сабақта не үйрендім?”
Химия – ырыс бұлағы,
Шалқыған бақыт, мол дәулет; химиядан оқып, үйренеріміз көп.
Х. Бағалау : әр топ бір-бірін бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |