Сабақ жоспары Пән аты: Қазақ тілі. Сыныбы: 5 Күні, айы, жылы: Тоқсан: І



бет6/12
Дата29.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#8249
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау,салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІV Жаңа сабаққа дайындық:

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру


V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама лексика дейді.

Жалпылама лексика адам баласының күделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды, әрекеттерді және т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы: су, ауа, тамақ, үй,т.б.

Жалпылама лексикаға тән сөздер өздерінің тура мағынасында жұмсалады.

Жалпылама лексикаға жататын сөздерді бала да, үлкен де, малшы да, ғалым да – бәрі бірдей түсінеді және сөйлеу мен жазуда қолданады. Мысалы: биыл қар аз жауды деген сөйлемдегі сөздер өзінің тура мағынасында ғана қолданылып тұр. Осы сөйлемдердегі сөздердің барлығы жалпылама лексикаға жатады.

Жалпылама лексикаға жататын сөздер жалпы халыққа түсініктілігімен, анықтылығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Олар әдеби тілдің негізгі қоры болып табылады.


VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Сұрақ жауап



1.Жалпылама лексика деген не?

2.Жалпылама лексика сөздік қорға жата ма, сөздік құрамға жата ма?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

168-жаттығу (жазбаша)

* Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен жалпылама лексикаға жататын табиғат құбылыстарының атауларына қатысты бірнеше сөз теріп жазыңдар.

* осы сөздерді қатыстырып жыл мезгілдерін суреттеңдер.



.

2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1. 169 -жаттығу.

2 Жалпылама лексика туралы түсінік.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің қолдану ерекшелігі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың сөздердің қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту және оны жаттығу жұмыстары арқылы нақтылау.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ой қорытындысын жасай білуге жаттықтыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Дамытушылық: адамгершілік сезімдерін дамыту, достық, түсіністік сезімдерін тереңдету, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. 169 -жаттығу.

2 Жалпылама лексика туралы түсінік.
ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

  • Мәтіннен сөздік қорды бір бөлек, сөздік құрамды бір бөлек жаз.

Тұсау кесу - қазақтың өмір сапарының алды.

Мұны сәтті басталсын деп ырым жасағаны, бір жағынан Аллаға құлшылық жасап садақа бергені.

Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан- ақ құлағына сіңісті етеді. (А.Жүнісов)

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақ тіліндегі сөздер қолдану өрісі жағынан әр түрлі болып келеді. Оны мына кестеден байқауға болады:



Қазақ тілінің лексикасы




Жалпылама лексика

Қолдану өрісі тар лексика

Кәсіби лексика

Диалектикалық лексика

VІ Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

  1. Сөздердің қолдану өрісіне қарай түрлерін ата


VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

Өздік жұмыс

  • Қолданыс өрісі тар және қолданыс өрісі кең лексикаларды жаз және төмендегі сөздерді осы лексикалар түріне қарай ажырат.

  • Үлкен, ақ, күрпі, газет, бақыт, сиса, күршек, ұлыс, дүние, әбдіре, сот, әйел, бөшке, тебек, дұға, күрең махаббат, жасық, шәкірт, құрылтай, шен.


2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1. Жалпылама лексика туралы түсінік.

2. 170 -жаттығу.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға лексика таруы туралы лингвистикалық білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды сабақта қолданылған дидактикалық материалдар арқылы адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Жалпылама лексика туралы түсінік.

2. 170 -жаттығу.
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

-жаттығу


-жаттығу (ауызша)

VІІІ.Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:


1. Лексика жөнінде түсінік

2. «Көктем» тақырыбында ойтоғау жазу.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні: 20.12.2012

4.Мұғалім: М.С.Увалиева

Сабақтың тақырыбы: Кірме сөздер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: тіліміздегі кірме сөздер, олардың тілімізге кіру себептері туралы мағлуматтар беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды халқымыздың тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: өмір ағымынан қалмай ілесіп отыру үшін де кірме сөздер мен жаңа сөздерлі меңгере білулерін, басқа халықтар туралы да көптеген мағлуматтар білулерін дамыту.

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Кірме деген сөз «жергілікті» немесе «тұрғылықты» емес деген ұғымды білдіреді. Жер бетінде бірде бір басқа тілден енбеген сөз жоқ десек қателеспейміз. Себебі кез келғен халық басқа халықпен аралас- құралас болады, көрші тұрады. Сол себепті бір тілден екінші тілге міндетті түрде сөздер ауысады, кіреді. Қазақ тіліне арап, парсы, монғол тілдері енген көп сөздер бүгінде қазақ тілінің өз сөзіне айналып кетті, тіпті айырмайдай да қаламыз. Мысалы: Қаскелең, Шамалған деген жер атаулары монғолдың батырларының аты екен, өкінішке орай әлі өзгерте алма келеміз. Сол сияқты, Тарбағатай, Нарынқол, ұлыс, нөкер, жасақ, аимақ, т.б. сөздер осылай кірген екен. Ал, ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келе жатқандықтан орыс тілінен де көптеген сөздер тілімізге енген. Жәшік, кереует, бәтеңке, кәмпит, тәрелке,т.б. ал, орыс тілінен кірген көптеген сөзер өзгеріссіз сол қатпында айтылады. телефон, телеграф т.б. Орыс тіліне шет тілдерінен кірген футбол, баскетбол, волейбол деген сөздер орыс тілі арқылы бізге енді. Ал енді қазақ тілінен орыс тіліне енген сөздерді көрейік; орыс тіліне түркі тілінен яркий деген сөз жарық, ярық деген сөзінен, топтать – таптайды, кремль – кремін т.б. сөздер енген екен т.б. сөздермен түсінік береді. Орыс тіліне түркі тілінен енген сөздер туралы қазақтың белгілі ақыны Олжас Сүлейменов «АЗиЯ» деген кітап жазған. Кейін үлкен болғанда осы кітапты оқыңдар т.б. деп түсініктер береді.



Өздерің байқап отырғандай, бұл сөздер қазақ тілінің дыбыстық қалпына түсіп өзгерген. Кейін, кеңестік дәуірде, орыс тілінен енген термин сөздер өзгеріссіз қалпында қолданылды: телефон, телеграф, автомобиль, т.б.

Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды: самолет – ұшақ, вертолет – тік ұшақ, коллектив – ұжым т.б.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

1.Қандай кірме сөздерді білесіңдер?

2. «Түсіндірме» сөздікпен таныстырып, олармен қалай жұмыс істеуді үйрету, 5-6 кірме сөздер жазу
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

1. 173 – жаттығуды ауызша орындап, мақсатқа жету.

2. Тақтамен жұмыс. Тақтаға 2,3, оқушы шығарылып оларға 171, 172, 176 – жаттығулардың ішінен кірме сөздерді теріп жазу тапсырылады. Қалғандарымен 175- жаттығумен жұмыс жүргізіледі.


2.Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

І деңгей

1. Төмендегідей сөзер қай тілден енген?

Дүние, хабар, азамат, баға, сәби, ұлыс, нөкер, баға, жасақ, қоян, құрылтай, бөшке, божы, бишік, бархыт, сіріңке, шәйнек.

ІІ деңгей

Монғол тілінен енген сөздерді бір бөлек, арап – парсы тілінен енген сөздерді бір бөлек, орыс тілінен енген сөздерді бір бөлек жаз.

Сәби, жариа, газет, бақыт, сиса, күршек, ұлыс, дүние, әбдіре, сот, әйел, бөшке, тебек, дұға,күрең махаббат, жасақ, шәкірт, құрылтай, шен.

ІІІ деңгей

Ішінде кірме сөздері бар мақал – мәтелдер жаз және мақал – мәтелде не себептен кездесетінін түсіндір.



Үлгі: Адам бақытын қонғанын білмейді, ұшқанын біледі.

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:



    1. Кірме сөздер туралы түсінік

2.177- жаттығу


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні: 27.12.2012

4.Мұғалім: М.С.Увалиева

Сабақтың тақырыбы: Диалект сөздер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға диалект сөздер туралы түсінік бере отырып, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту,лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Кірме сөздер – халық тарихының айнасы туралы түсінік

2. 180 -жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

  • «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» атты сөздіктен қайта жаңғырып жатқан сөздерді теріп жазыңдар.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Диалект сөздер - белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады.Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық денген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді; әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды.

Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы, тыңла - тыңда, құдағай – құдағи, полат – болат, баралы – баралық, бережақ – берешек, келулі – келді, т.б.

Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналды. Мысалы: арасан суы, жейде, ұжым, кеден, немелтай, (шөберенің баласы), үшен, төртем, т.б.

Тілдегі бұл жағдай әдеби тілді байытудың бір жолы болып табылады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру:

Өздік жұмыс



  • Төмендегі диалект сөздердің әдеби баламасын жаз.

Нән, әйдік, шырпы, оттық, жуалдыз, чербек, борми, алажақ, бережақ, күн баю, айылдап келу,
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

183 –жаттығу



  • Берілген диалект сөздермен сөйлем құраңдар

184 –жаттығу



  • Сөйлемдегі диалект сөздерді табыңдар.

185 –жаттығу



  • Мәтіндегі диалект сөздердің әдеби тілдегі баламасын жазыңдар.

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:


1. Диалект сөздер туралы түсінік.

2. 187, 188 -жаттығу

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні: 10.01.2013

4.Мұғалім: М.С:Увалиева

Сабақтың тақырыбы: Кәсіби сөздер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың кәсіби сөздер туралы білімдерін кеңейту,жаңа тақырыпты жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушыларға деңгшейлік тапсырмалар беру арқылы талдау жасау дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Диалект сөздер туралы түсінік.

2. 187, 188 -жаттығу
ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

Суреттер топтамасындағы 17- суретке қарап, диалект сөздерді қатыстырып мәтін құра.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне белгілі бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер. Кәсіби сөздерді үлкен екі салаға бөлуге болады

    1. Қолөнершілікке ( ағашшылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, т.б.) қатысты сөздер: пышқы, ( араның бір түрі), шербек (үлкен ара), ыңғыру (ағаш оятын құрал), тышуыр (бұрап кесетін құрал), пәрбі (ағаш оятын тескіш ), атауыз( шеге суырғыш), т.б.

    2. Ауыл шаруашылығына (мал , стық, балық, аңшылық, бау – бақша, темекі, мақта, күріш, қызылша) байланысты сөздер: 1) мақтаға қатысты қоза ( мақта өсімдігі), шит (мақтаның тұқымы), терімші(мақта теруші), балдаң (мақтаның сабағы); 2) жүгері түрлері: дүмбі,пәшік,сота,т.б. 3)қауын аттары: әңгелек, жәмше, торлама, т.б. 4) қызылша шаруашылығына байланысты: қылша, түбір, өркен, түбіртек, жом, т.б.



VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей


1.Кәсіби сөздер деген не?

2.Кәсіби сөздің айырмашылығы неде?


ІІ деңгей

  • Төмендегі сөздерден балық шаруашылығына байланысты айтылған сөздерді бір бөлек, мақта шаруашылығына байланысты байланысты сөздерді бір бөлек жаз.

Жылым, сүзекі, қауашақ, қоза, қозапая, қорма, шөктірме, көсектеу, шит егу, азна, күнжара.
ІІІ деңгей

  • Қолөнершілікке және ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер жаз және олардан сөйлем құрап көр.


VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

193 –жаттығу

1.Мәтінен ұсталық кәсіпке байланысты сөздерді теріп жазыңдар.

194-жаттығу



  • Суреттер топтамасынан 6 – суретте бейнеленген ыдыс түрлерінің аттарын қолданып, «қазақтың тұрмыстық бұйымдары» деген тақырыпта мәтін құраңдар.

195-жаттығу



  • Кәсіби сөздерді теріп жазыңдар.


VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:


1. Кәсіби сөздер туралы түсінік.

2. 198 -жаттығу
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

1.Пән аты: Қазақ тілі (Қосымша)

2.Сыныбы: 5

3.Күні: 25.02.2013

4.Мұғалім: М.С.Увалиева

Сабақтың тақырыбы: Терминдер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың термин сөздер туралы білімдерін кеңейту, жаңа тақырыпты жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың термин сөздерді ажыратуы арқылы қисынды ойлауларын дамыту, деңгейлік тапсырма беру арқылы лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Кәсіби сөздер туралы түсінік.

2. 198 -жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Шығармашылық жұмыс

  • «Біздің Байқоңыр» атты тақырыпқа ойтолғау жазу.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Термин сөздер днгеніміз - ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.

Терминдер жеке бір ұғымды білдіретін болғандықтан, бір мағыналы болып келеді. Терминдердің мағынасы әрқашан тұрақты болады.

Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалады.

1. Басқа тілден енген сөзге қазақ тілінен тілінен балама табу: 1)жергілікті және көне сөздер алынған: кеден –таможня, егемен –суверенитет, әмбебап – универсал, кешен – комплекс, ғарыш – космос.

2)тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы термин жасаған: отбасы – семья, әуежай –аэропорт, төл құжат- паспорт, мұражай – музей, елтаңба – герб, әнұран – гимн.

2. Тілімізге орыс тілі арқылы кеоген, қазақша баламалары жоқ интернационалдық терминдер. Мысалы: математика терминдері: квадрат,куб, коэффициент т.б. химия терминдері: аммиак, азон, дром, гидрат,т.б. география терминдері: глобус, карта,т.б. лингвистика терминдері: синоним, антоним, дисфемизм, диалект, т.б.

Термин сөздерді өз орнымен дұрыс қолданып сөйлеу әрі білімділікті, әрі тілдің мәдениеттілігін танытады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей


  • Кәсіби сөздерге мысалдар жаз.

  • Мәтіндегі термин сөздердің астын сыз.

Белоктың құрамына азот бар органикалық заттар жатады. олардың құрамы өте күрделі және әртүрлі. Олар организмде аса күрделі қызметтер атқарады.
ІІ деңгей

  • Термин сөздердің басты ерекшелігін айт және мысал келтір.

  • Мәтіндегі терминдерді тап және терминдердің жасалу жолы туралы айт.

  • Жезқазған аймағының экологиялық жағдайы мәз емес. Екі бұйірден Байқоңыр ғарыш аймағы мен Семей палегоны қыспаққа алып тұр. Ғарыш кемелерінің техникалық бөлшектері мен атом қалдықтары – тептил көктен түсіп, жерді уландырып, ластап жатыр. Семей палегоны радиоактивті заттарды төңірекке сіңірді.

ІІІ деңгей

  • Термин сөздерді қатыстыра отырып, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты шығарма жазу.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма



  • Математика, тарих, география, химия пәндері бойынша өздерің білетін термин сөздерді теріп жаз.

2-тапсырма



  • Мәтінен термин сөздерді теріп жаз.



VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1. Термин сөздер туралы түсінік.

2.Ата – аналарыңмен әңгімелесіп, олардың істейтін

кәсібіне қатысты термин сөздерді жазыңдар.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні: 24.01.2013

4.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қоштасу»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды сауатты жазуға баулу, лексикадан алған білімдерін бекіту.,

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге, туған өлке табиғатын қорғауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: бақылау

Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс-тәсілі: жазба жұмысы, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, жануартану

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

II. Оқушыларды диктант мәтінімен таныстыру; жазу
Қоштасу

Күн шыққан жоқ. Қиқу үдей түсті. Көкжиекке күннің алтын иегін арта бергені-ақ мұң екен, Балқаш айдынынан ең алдымен ырғала-ырғала қаңқылдап, қоштаса сұңқылдап, үнін әсемдікпен әндете созып, аққулар тобы көтерілді. Олар көлден тіп-тіке күнге қарай көтерілді де, керуен басы алға шығып, санын түгендеп алған соң, тұп-тура Оңтүстікке Қаратауға, Сырға, Аралға, Каспийге бет алды. Аққулар тізбегі көл үстін бір айналып өтіп, бетін өз бағытына қарай бұрған шақта, ұшқыр үйректер топ-топ боп, өздерінше тізбек-тізбектер жасап, жол бастаған аққу-арулардың соңынан асығыс ұшты. Ең соңында қараша қаздар қалбақтап, көл үстінде у-шу боп, бейберекет көтерілді де, жоғарылай-жоғарылай келіп, сапын түзей бастады. Кейбірі тым көп қаңқылдап, керуен басылыққа таласты. Бірін-бірі итермелеп, сапты түзеп, батыры мен батылы алға шықты. Аққулар салған керуен жолына түсіп ап, оңтүстікке қарай бұлар да самғай тартты. Сәске түске дейін көл үсті бұлан-талан боп, көшкен құстан айықпады.

(С.Бақбергенов, 145 сөз)
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні: 15.01.2013

4.Мұғалім: М.С.Увалиева

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдету, түсініктерін жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, логикалық ойлау қабілеттерін кеңейту, талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Термин сөздер туралы түсінік.

192-жаттығу

2.Ата – аналарыңмен әңгімелесіп, олардың істейтін

кәсібіне қатысты термин сөздерді жазыңдар.



ІІІ Білім тексеру:



    1. Омоним дегеніміз не?

    2. Синоним дегеніміз не?

    3. Антоним дегеніміз не?

    4. Табу деген не?

    5. Десфемизм және эвфемизм дегеніміз не?

    6. Кірме сөздер дегеніміз не?

7.Диалект сөздер денген не?

8.Кәсіби сөздер деген не?

9.Термин сөздер деген не?

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

210 – жаттығу



  • Оқыған ертегілеріңнен бір – біріне қарама – қарсы сипаттағы кейіпкерлердің қасиеттерін жазыңдар. Олардың ішінен антоним болып тұрған сөздерді жұптаңдар.

215 – жаттығу

Синонимдік қатардағы сөздерді қамтитын сызбалар құраңдар.

224 – жаттығу


  • Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек жаз.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс І топ

200 – жаттығу



  • Мәтінен қазіргі кезде қайта жаңғырған сөздерді теріп жазыңдар.

  • Мәтін қай ғылым саласына тән деп ойлайсыңдар?

  • Мәтін мазмұнына сүйеніп қобыздың суретін салыңдар.

202 – жаттығу ІІ топ



  • Төл сөздерден жасалған терминдік атауларды теріп жазыңдар.

  • Оларға әр түрлі қосымшалар жалғап, түбірмен қосымша аралығындағы дыбыстардың айтылу, жазылу ерекшелігін айтыңдар.

203 – жаттығу ІІІтоп



  • Компьютерге қатысты термин сөздерге түсіннік беріңдер және сөздік жасаңдар.

  • Компьютер сыныбы туралы термин сөздерді қатыстырып мәтін құраңдар.


2.Үлестірме қағаздармен жұмыс.

VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

  1. 227,130 – жаттығу.

  2. Лексикадан өткенді қайталау


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж


1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні: 19.01.2013

4.Мұғалім: М.С.Увалиева

Сабақтың тақырыбы: Фонетика туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға фонетика туралы түсінік беру ,тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, жан – жақты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тереңдету фонетикалық талдау жасау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Фонетика дыбыстардың жасалуы, айтылуы, естілуі және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.

Адамның тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре салмайды. Егер сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да болмас еді.

Тіл дыбыстары сөз ішінде ай тылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады. Мысалы: мал,тал, қал. Бұл сөздердегі дыбыстардың саны бірдей, бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан, мұндағы сөздердің мағынасы да әр түрлі болып тұр. Екіншісі – сөздердегі дыбыс санының әр түрлі болып келуі (бала, ала, ал). Үшіншісі:сөздегі дыбыстардың орын тәртібі (тас – сат, қас – сақ)

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады. әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерінің қатысы да әр түрлі. Соған орай тілдегі дыбыстар да әр түрлі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет