Бекітемін Оқу меңгерушісі
Сабақ жоспары
Пән аты: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы Сыныбы: 7 «в» Сабақтың тақырыбы: §17. XI-XV ғасырлардағы Италия Уақыты: 2 сабақ Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, суреттер, хронологиялық кесте,бейнеролик Пәнаралық байланыс: География,Әдебиет, Археология ,Мәдениеттану, Музыка. Сабақтың мақсаты мен міндеті: Білімділік:Италияның саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ашып көрсету. Өткен сабақтағы Испанияның XV ғасырдың аяғына қарай бір орталыққа бағындырылған мемлекетке айналғандығын оқушылардың есіне сала отырып , ол елдің көршісі Италияның не себепті бытыраңқы күйде қала бергендігіне, дегенмен XI-XV ғасырлардағы Италияның экономикалық дамуынан алдыңғы қатардағы елдердің бірі болғандығын, қалалардың тәуелсіздік алып, жоғары дәрежеде дамығандығын айту.
Дамытушылық:Италияның XI-XVғғ тарихын баяндай отырып, дүние жүзі тарихынан алған білімдерін жетілдіру. Тәрбиелік: Ұлтжанды, білімді, тарихи санасы қалыптасқан азамат тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут. Амандасу. Түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 10-15 мин
ІІІ. Жаңа сабақ 15-20
ІV. Жаңа сабақты бекіту 5-10мин
V. Үй тапсырмасы 2-3мин
VI. Білімді бағалау 2-3мин
VII. Сабақты қорыту
Сынып оқушыларын берілген суреттер (кеме,тәж,тиын) арқылы 3 топқа бөлеміз. Оқушылар топ көшбасшысын сайлап қояды.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 10-15 мин Интерактивті тақтамен берілген тапсырмалар арқылы үй жұмысы сұралады.
1.Терминдермен жұмыс.
Маврлар-
Кордова әмірлігі-
Реконкиста-
Коммуналар-
Испан корольдігі-
Маррандар-
Морискілер-
Күпірлер-
Инквизиция-
Аутодафе-
2.Сызбаны толтыр:
Кортестегі 3 топ
«Жылдар сөйлейді»
711-714жж –
756 ж –
929ж –
1030ж -
1085ж –
1212 ж –
1479 ж –
1492 ж –
1492 ж –
1480 ж –
Оқушылар аудиоқұрылғы арқылы неополитандық «Санта Лючия» әнін тамашалайды.
ОЙ ҚОЗҒАУ
Балалар қалай ойлайсыздар бұл қай халықтың ұлттық әуені?
Италия дегенде ойымызға не оралады, не туралы айтқымыз келеді?
Италия дегенде көзіме етік елестейді.
Итальяндықтар қызу қанды халық.
Ертеректе Визувий тауында вулкан атқылап Неаполь қаласын басып қалған.
Қазір Неаполь қаласы ашық аспан астындағы музей.
Макаронның отаны
Астанасы -- Рим. Рим - архитектурасы өте жақсы дамыған қала.
Ласкала театры бар. Опера әншілері осы театрда өз білімдерін тереңдетіп, дауыстарын шыңдайды. Ә.Дінішев, Майра Мұхаммедқызы.
Су үстіндегі қала Венеция /«Анна» фильмінен көрген боларсыздар/
Олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз - Италия.
ІІІ. Жаңа сабақ 15-20мин
Жоспары:
Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері
Венецияның күшеюі
Флоренция
Медичилердің банк қызметі
Савонарола
Ендігі кезекте мұғалім топ атауларын атайды:
«Флоренция» тобы – тиынды таңдағандар;
«Милан» тобы – тәжді таңдағандар;
«Венеция» тобы- кемені таңдағандар.
Оқушыларға қазіргі Италия туралы бейнефильм көрсетіледі.(3мин)
Бейнефильмнен кейін мұғалім әр топқа тапсырма береді. Топтық тапсырманы орындауға 5 минуттан беріледі:
1«Флоренция» тобына: «XI-XV ғғ Италияның экономикалық жағдайы» тақырыпшасына кітаппен жұмыс істей отырып, плакатпен қорғау.
2 «Милан» тобы – «Италия қалалары» тақырыпшасына АКТ-ны пайдалана отырып, топпен қорғау.
3.«Венеция» тобы – «Медичи әулеті мен Савонарола» кітаппен жұмыс, көрініс.
Достарыңызбен бөлісу: |