Жиембет «Еңсегей бойлы ер Есім» толғауынан үзінді
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?..
Меніменен, ханым, ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді:
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын.
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
– Жоқ, ондай ел болмайды жер бетінде
Мал соңында құл емей желдейтін не?
Мен – Шыңғыс хан, атыңды өшіремін.
Менмін сені тірідей жерлейтін де!..
Достарыңызбен бөлісу: |