Сабақта оқушылардың барлығын тақырып аумағында өз пікірін білдіруге, әдеби сөйлеуге жұмылдырып отырамын. Қабілетті оқушыларға шығарманың мазмұны туралы сұрақтарды күрделендіріп қоя отырып, өзіндік пікірлерін тыңдап және топтарда көшбасшы болуға тартамын. Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай белгілі мақсатпен сараланып, қолдау керек ететін оқушыларға топта, жұпта қолдау көрсетілді. Барлық оқушының оқу мақсаттарына қол жеткізуіне саралау әдісінің көмегі көп болды.
Алдымен «Постер қорғап», соның нәтижесінде «Галереяға саяхат» бойынша тиянақты тапсырмалар орындалды.
|
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен берілген тапсырмаларды орындауын оқу мақсаттарына сай бағалау критерийлермен байланысты бағалай аламын. Оқушыларға қалыптастырушы бағалау
2 жұлдыз, 1тілек арқылы берілді.
Кері байланыс –әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру. Сондықтан сабақтың соңы «ҚҚҚ кестесімен» қорытындыланды.
Нәтижесінде білім алушылардың оқу мақсатына қатысты жетістікке жету мүмкіндігі ашылды, өз үлгерімдерін бақылауға мүмкіндік алды,
жетілдіру мақсатында өзгеріс еніп, келесі оқу кезеңіне дайындалуға ынталанды.
|
Бұл сабақ өзін өзі тану, музыка пәндерімен байланысты. Оқушылардың бойында жауапкершілік пен құрметтей алу қасиеттерін қалыптастырамын.
|
Рефлексия
Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаланды? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
Сабақтың оқу мақсаттары жүзеге асырылды. Бүгін оқушылар Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін толық талдады. Сыныптағы оқу атмосферасы жақсы болды. Дифференциациялық тапсырмаларды жүзеге асыруда аздаған қиындықтар туды. Мен жоспарланған уақытымды дұрыс пайдалана алдым деп ойлаймын. Жоспарыма ешқандай өзгерістер енгізбеймін, себебі сабақ жоспары оқу мақсатына сай жан-жақты жасалды.
|