Сабақ жоспары Пәні: Биология



бет3/8
Дата06.02.2022
өлшемі125,78 Kb.
#27047
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Үй тапсырмасы
8-минут 1-деңгей(білу, түсіну)

Үй тапсыпмасын сұрау. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрау
Қырыбуындар тақырыбын толығырақ ашу мақсатында мұғалім тарапынан оқушыларға сұрақтар қойылады.
1.Қырықбуын деп не себепті аталған? (сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан осылай аталған)
2.Қазіргі кезде қырықбуынның қанша түрі кездеседі? (30-35 түрі)
3.Қырықбуындар қай жерлерде өседі? (арамшөп ретінде егістікте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседі)
4.Көп тараған өкілдері? (далалық қырықбуын)
5.Қырықбуынның жерүсті өркендері неше түрлі? (екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен)
6.Көктемгі өркен қай кезде пайда болады? (ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршіктерінен бірінші пайда болады)
7.Жаздық өркендер қай кезде пайда болады? (көктемгі өркеннің споралары қурап қалғаннан кейін пайда болады)
8.Жанама бұтақтар қайда орналасады? (жаздық өркенде)
9.Екі өркеннің қызметі неде? (көктемгі өркен – көбею, жаздық өркен - өсу)
10.Қырықбуынның спора жетілетін масағы қандай өркенде жетіледі? (көктемгі өркенде)
11.Қырықбуынның қоректік заттары қайда жиналады? (жаздық өркеннің тамырсабағының жанама бұтақтары түйнекке айналып, қорек заттары қорға жиналады)
12.Қуыс қалай пайда болады? (жаздық өркеннің өңінің астында қабық қабаты, содан соң өзек орналасып, ол біртіндеп ыдырап, өзектің орнында қуыс пайда болады)
13.Тірек ұлпа, фотосинтездеуші ұлпа қайда жетіледі? (сабақ қырларының астында – тірек ұлпасы, ал ойыс жерлерінің астында фотосинтездеуші ұлпалар жетіледі)
14.Өткізгіш ұлпалар қайда орналасады? (тірек ұлпасының астында)
15.Қырықбуындар қалай көбейеді? (өсімді, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді)
16.Өсімді, жыныссыз көбею қалай жүзеге асады? (өсімді – тамырсабақтары, түйнектер арқылы, жыныссыз көбею – споралар арқылы)
17.Қырықбуынды медицинада қандай мақсатта қолданады? (жасыл сабақтарын қанайналымның әлсіздігінен болатын ісікке, несеп жүргізуге, масақтары мен сабақтарын тамаққа пайдаланылады)
18.Қазіргі кезде қырықжапырақтәріздестердің қанша түрлері бар? (10 000-нан астам түрлері)
19.Қырықжапырақтылар қайда кездеседі? (тропикте ағаш, лиана түрінде өседі және суда өсетіндері де бар)

Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет