Сабақ жоспары пәні: Дүниетану сыныбы: 2 сынып өткізілген күні 23. 02. 16ж Сабақтың тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әртүрлігі



Дата19.02.2017
өлшемі156,76 Kb.
#10766
түріСабақ
Ашық сабақ жоспары.

пәні: Дүниетану.  


сыныбы: 2 сынып

өткізілген күні 23.02.16ж

 Сабақтың тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әртүрлігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жануарлар тіршілігінің әртүрлігі туралы түсінік беру;

Міндеттері:

Білімділігі: Жауарларды тіршілік ететін ортасына байланысты алған білімдері бойынша қорытынды шығара білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Жан-жануарлардың жанашары болуға, оларды қорғауға тәрбиелеу; 


Көрнекілігі: слайд, таратпалар, суреттер, маршруттық бет, бағалау парағы, пікір парағы,диаграмма. 
Әдісі: сұрақ – жауап, топпен және жеке, жұптық жұмыс, әңгімелеу, мәтінмен жұмыс, ойын, салыстыру, топтастыру,
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері. Қазақ тілі

Сабақтың барысы: . І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау.

Орнымыздан тұрайық,

Артқа қарай бұрылайық.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық! 


ІІ. Психологиялық дайындық:

Қуан шаттан,

Қуан шаттан.

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Бір - бірлеріне күлімсіреп қарау. Көңіл – күйлерің сұрау.

Оқушыларды төрт топқа суреттер арқылы бөліп, әр топқа ат қою. Ендеше, барлығымыз орнымызға отырып жақсы көңіл –күймен сабағымызды бастайық. 

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге қандай тапсырма берілді

Өсімдіктердің тіршілігі деген бөлімді қайталау.

Дайынбыз ба? Ия. 

ІҮ. Ой қозғау.

. 1

I- топ “ Үй жануарлар”



1. Өсімдіктің мүшелерін ата?
II -топ “Құстар»

1. Өсімдіктің тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?


III- топ “Жыртқыш аңдар”

1. Өсімдік неден көбейеді? 


IV – топ «Бунақденелілер»

1. Мәдени өсімдіктер дегеніміз қандай өсімдіктер?


Ойын: «Қатесін тап» 

Қыста жапырақтар түседі: 

Күзде өсімдіктер көктеп шығады: 

Көктемде өсімдіктер пісіп жетіледі: 

Жазда өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды: 


Ү. Жаңа сабақ.

– Жарайсыңдар, балалар біз осымен өсімдіктер тіршілігі деген тарауды қорытындыладық.


ҮI. «Адасқан әріптер» ойыны. Тақтаға жасау

Қазір мына тақтада ілулі тұрған әріптерден бір сөз құрастырындар.Сонда біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбына байланысты зат есім яғни сөз шығады.

Ж а н у а р л а р – бұл сөзге қандай сұрақ қойылады?. Дұрыс нелер? Бұл сөз жалқы есім бе, әлде жалпы есімбе

Жарайсыңдар! Біз бүгіннен бастап «жануарлар тіршілігі» деген тарауды бастаймыз. Бұл тарауда біз жануарлардың ұқсастығы, айырмашылығы, олардың қысқы, жазғы яғни маусымдық тіршілігі,, тіршіік ортасы мен қоректену түрі туралы оқып – білеміз.

Олай болса осы тараудың ішінен біз бүгін «жануарлар дүнесінің әртүрлігі» деген тақырыпты ашамыз.

Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазып, астына тақырыпты жазамыз. Дұрыс әдемі, сауатты, дұрыс жазамыз.

Партада қалай отыру керектігін естен шығармаймыз.

Кім болса, бітсе түп-түзу отырады, мен біткен баланы содан білемін.


Балалар, «жануарлар дүниесіні туралы не біесіңдер?»

Біз 1-сыныпта нені оқып білдік? Еске түсірейікші?

Әр топтан балаларды жұмылдыру. Есқат, ерасыл, Әмина, Шырын, Дариға, Әлихан, Нұрай.
Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?

Слайд №4, №5, №6

Қазір сендермен ойын ойнаймыз. «Сәйкестікті тап» №3 слайдты ашып көріңдер.Ауызша орнымызда менің сұрағыма жауап беріңдер.

«Құстар» тобы - құсқа нені жатқызасыңдар?

«Бунақденелілер» тобы бунақденеліге не жатады?

« Үй жануары» тобы қосмекендіге не жатады?

«Жыртқыштар» тобы не айтылмай қалды? Кесіртке ол қандай? Жорғалаушыларға жатады.Әр топ дұрыс жауап берді ме?

Жақсы.


Сергіту сәті:
Бүгінгі сабағымызда нені біліп үйренуіміз керек деп ойлайсыңдар? Слайд №2 оқыту
ҮІI. Оқулықпен жұмыс.

81 бетті ашып, өз бетінше іштей оқып шығындар

Топ болып бір-біріне түсіңдіріндер, содан кейін бізге әр топтан бір бала не ұққандарынды айтып береді.

1. «үй жануарлар тобы» түсіндіреді

Жылқы, қой, тиін, қоян, аю сияқты жануарлар әр түрлі өсімдіктермен қоректенетіндіктен өсімдікқоректі жануарлар деп атайды.

2. «жабайы жануарлар» тобы

Ал қасқыр, жолбарыстарды жыртқыштар дейміз.Өйткені, бұл аңдар құстарды, тышқандарды, жануарларды аулап жейді.

Аю да жыртқыш – аң. Ол бірақ балмен, балықпен, жидекпен қоректенеді. Яғни ол –араласқоректі жануар

3. «Бунақденелілер» тобы

Кірпі, борсық сияқты жәндіктер – жәндікқоректі жануарлар деп атайды. Бұл жануарлар шөппен қоректенеді. 

4. «Құстар» тобы 82 бетті Жануарлар да тіршілік иесі. Тіршілік ету үшін жануарларға да адам сияқты түрлі жағдайлар қажет.

Жазбаша жұмыс: ( тақта, дәптермен жұмыс)

Адамға тіршілік ету үшін қандай жағдайлар қажет? 82 бетті ашып дәптерге сол қажетті жағдайларды жаңа жолдан бастап жазамыз; бір топтан бір бала барып тақтаға жазады.. Мысалы: Су, ауа, жылу, қорек,жарық. Сонымен нешеу болды? Дұрыс 5 жағдай адамға да жануарларға да 5 жағдай қажет екен.
№4 слайдты ашып дәптерге суретін қарындашпен тез саламыз. Жазу жұмыстарын қаламмен жазамыз.

Бітіп қойған бала сызбаның шетіндегі жануарлардың суретінің біреуін, яғни өзіне ұнағаның дәптерге сала беруге рұқсат.

Бейнелеу өнерімен байланыс. Керік, аю, кірпі,қасқыр
№4 слайдпен қорыту. Бұл кесте туралы не айта аласыңдар?

VIII.. Жұптық жұмыс. №9 слайдты қараймыз. «Тіршілік ортасыңа қарай жікте.» Бір партада отырған екі бала бірігіп тапсырманы орындайды.

Мысалы сиыр- қандай жануарлар тобына жатады? Дұрыс .Үй жануары, яғни «сиыр» деген тұсқа үй жануары деген сөзді жазамыз. Бір партадағы балалар бірігіп орындайды, тексеріп қатесі болса түзетеді.

Енді біткен жұп жазған қағаздарынды өз тобындағы көрші партада отырған балаларға береміз, осылай бір жұп екінші жұпты тексереді де астына бағасын қояды. 5 минут уақыт беремін.

Сабақты қорыту: Келесі ойынымыз «Кестені толтыр» деп аталады. Бізге фломастер не маркер керек.
Алдарында жатқан «кесте – жауап» деген параққа сәйкестікті топ болып тез фломастер не маркермен толтырындар. Болсақ 4 топтан бір оқушы сол жауап парақты алып ортаға шығады, ал қалғанымыз тексереміз. (Ал топбасшылары топ мүшелерінің, балалардың жауабына баға қойып қорыта беріңдер).

Кімдікінде қате бар. Өте жақсы. Бәрі дұрыс. әр топ 5-деген баға алады.Ит қоректенуіне байланысты қандай жануар? Жыртқыш Тағы қандай жануарларды осы кестеде жыртқыш деп айтуға болады? Мысық,жолбарыс, қасқыр.

Аю-? Араласқоректі.

Сиыр, ешкі, есек, қой, жылқы,марал – қандай қоректі жануарлар?

Нелерді айтқам жоқ? Аққу, тауық, Оларды қандай топқа жатқызамыз?

Ал енді балалар қазір пікір парағын алып жауап жазындар.

Мадақтау, бағалау:


  1. Оқушы өзіне, содан кейін сол оқушыға топ басшы баға қояды

  2. Топ басшыларын тыңдайық

  3. Ортақ бағаны мұғалім шығарады

  4. Пікір парағын мұғалім қорытады

Үй жұмысын №16 слайдтан қарап күнделікке жазыңдар.

Сабаққа жақсы қатысқандарына рахмет. Сабақ аяқталды.Топ басшылар күнделікке бағаларын қойып қойындар.

IX. Сергіту сәті: 


Қарлығашқа ұқсайық , 
Кәне қанат қағайық . 
Қарлығаш  боп ұшайық , 
Ұшып, ұшып алайық. 

 


 
 
 

Х. Сабақты қорытындылау. 


Қандай үй жануарларын білесің? 


Қандай жануарлар жыртқыштар деп аталады? 


Қандай жануарлар шөпқоректі деп аталады? 


Үй жануалары мен жабайы жануарларды бір – бірінен қалай ажыратамыз? 




 

«Қорқытпаймыз құстарды.  


Қызықтаймыз ұшқанын.  
Үркітпейміз аңдарды,  
Жасамаймыз дұшпандық.» -дей келе бүгінгі сабағымызды  Тұманбай Молдағалив атамыз айтқандай:

«Табиғатты қолдай жүр,

Аң құсын қолдай жүр.

Білуіміз керек оны біз

Бізде табиғаттың ұлымыз.»- деп айтқандай сабағымызды аяқтаймыз. 

ХI. Үйге тапсырма.

Мәтінді түсініп оқу.

82 бет, 2-ші тапсырманы орындау. 



ХІI.  Бағалау. 
Каталог: uploads -> doc -> 0df3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0df3 -> Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын қалыптастыру
0df3 -> Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет