Б а ғ а л а у к р и т е р и й і 9-10 балл - «5» 7-8 балл - «4» 4-6 балл - «3» 1-3 балл - «2» Бірін – бірі бағалайды 3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
Изопроцестер және олардың графиктері.
Дальтон заңы
5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 12 минут Газдың қандай күйде тұратынын білу үшіноның термодинамикалық параметрлерін, яғни қысымды, температураны, көлемді білу қажет. Термопараметрлердің біреуінің өзгерісі, оның басқа параметрлерінің өзгеруіне әкеп соғады. Газдың бір параметрінің мәні тағайындалып, қалған екеуінің арасындағы сандық тәуелділікті айқындайтын заңдарды газ заңдары деп атайды.
Параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады. Изопроцестер табиғатта кең таралған және техникада жиі пайдаланылады.
1. Изотермиялық процесс. Ағылшын физигі Р.Бойль 1662 ж. және оған тәуелсіз француз физигі Э.Мариотт тәжірибе жүзінде тұрақты температура кезінде газдың берілген массасы үшін оның қысымының газ алып тұрған көлемге көбейтіндісі тұрақты шамаға тең болатынын тағайындады. Бұл заң Бойль–Мариотт заңы деп аталады.
Берілген газдың массасы үшін тұрақты температурада газ қысымының көлемге көбейтіндісі тұрақты болады.. немесе Изотермиялық процесті сипаттайтын графикті изотерма деп атайды. Графикте Т1<Т2. 2. Изобаралық процесс. Француз физигі Гей–Люссак 1802 ж. тәжірибе жүзінде тұрақты қысымда газдың берілген массасы көлемінің температураға сызықты тәуелді болатынын
тағайындады. Бұл заң Гей–Люссак заңы деп аталады.
Берілген газдың массасы үшін тұрақты қысымда газ көлемінің температураға қатынасы тұрақты болады. . немесе . Гей-Люссак заңын Цельсий шкаласындағы температураны пайдаланып келесі түрде жазылады: мұндағы: - температурадағы газ көлемі, - температурадағы газ көлемі, - газ көлемінің ұлғаюының температуралық коэффициенті.
Изобаралық процесті сипаттайтын графикті изобара деп атайды. Графикте р1<р2. 3. Изохоралық процесс. Бұл процесті француз физигі Ж.Шарль зерттеген. 1787 ж. француз физигі Ж.Шарль ол тәжірибе жүзінде тұрақты көлемде берілген газ массасының оның температурасына тура пропорционал болатынын тағайындады. Бұл Шарль заңы.
Берілген газдың массасы үшін тұрақты көлемде газ қысымының температураға қатынасы тұрақты болады.. немесе . Шарль заңын Цельсий шкаласындағы температураны пайдаланып келесі түрде жазылады ,мұндағы: - температурадағы газ қысымы, - температурадағы газ қысымы, - газ қысымының температуралық коэффициенті.Изохоралық процесті сипаттайтын графикті изохора деп атайды. Графикте V12. Авогадро заңы. А.Авогадро италиялық физик 1811 ж мынадай болжам айтты: температуралары және қысымдары бірдей газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны тең. Қалыпты жағдайда () кез-келген газдың 1 м3 көлемінде молекула болады. Бұл сан Лошмидт саны деп аталады.
Дальтон заңы . Д.Дальтон ағылшын физигі әрі химигі Қоспа газдардың қысымы Дальтон заңының көмегімен анықталады: Қоспа газдардың қысымы қоспаны құрайтын жеке газдардың парциаль қысымдарының қосындысына тең болады:
Парциаль қысым деп қоспадағы басқа газдардың қысымын ескермеген жағдайдағы жеке газдардың түсіретін қысымын айтады.
Қоспа газдарға Менделеев-Клапейрон теңдеуін қолдануға болады.
мұндағы: - қоспа газдың толық массасы, - қоспа газдың зат мөлшері, қоспа газдың мольдік массасы, - қоспа газдағы жеке газдардың үлесі.
Сергіту сәті. 5 минут. Қызықты сұрақтар Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)
Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
Кәдімгі ақ қағаз, өлшемдері барлық жағынан бірдей. Егер екеуін жерге бір мезетте тастайтын болсақ, онда екеуінің жерге бірдей түсетінін байқаймыз.
Сіздерге сұрақ қағаздың бірі екіншісіне қарағанда жерге жылдам, әрі тез түсе алады ма? Жауабы: Ия, бір қағазды мыжамыз.
Қағаздың үстіне кез келген затты қояйық. Енді затқа тиіспей қағазды алуға болады ма? Жауабы: Ия, тек қағазға ғана әсер етеміз.
6. Жаңа материалды бекіту – 13 минут 1. Тест (қосымша тіркелді)
2. Есеп шығару. (деңгейлік есептер)
1.ТЕСТ 1. Универсал газ тұрақтысын көрсет. Ответ1. R=83,1 Дж/(моль*К);
Ответ2. R=1,38 Дж/(моль*К);
Ответ3. R=8,31*1023 Дж/(моль*К);
Ответ4. R=8,31 Дж/(моль*К);
2. Идеал газ күйінің теңдеуі немесе Менделлев – Клапейрон теңдеуі. Ответ1. p=RT; Ответ2. pV=RT;
Ответ3. V=RT; Ответ4. pV=kT;
3. Температура тұрақты болғанда жүретін процесс ... деп аталады. Ответ1. Адиабаталық; Ответ2. Изобаралық;
Ответ3. Изотермиялық; Ответ4. Изохоралық.
4. Қысым тұрақты болғанда жүретін процесс ... деп аталады. Ответ1. Адиабаталық; Ответ2. Изобаралық;
Ответ3. Изотермиялық; Ответ4. Изохоралық.
5. Көлем тұрақты болғанда жүретін процесс ... деп аталады. Ответ1. Адиабаталық; Ответ2. Изобаралық;
Ответ3. Изотермиялық; Ответ4. Изохоралық.
6. Сыртқы ортамен жылу алмаспайтын жүйеде жүретін процесс ... деп аталады. Ответ1. Адиабаталық; Ответ2. Изобаралық;
Ответ3. Изотермиялық; Ответ4. Изохоралық.
7. Газ молекулаларының жылдамдығын өрнектейтін формуланы көрсет. Ответ1. =; Ответ2. =;
Ответ3. =; Ответ4. =.
8. Газ қысымының молекулалар шоғырына және температураға тәуелділігі. Ответ1. p=NkT; Ответ2. p=nRT;
Ответ3. p=nkT; Ответ4. p=mkT.
9. Қандай тұжырым МКТ-ң негізгі қағидаларына жатпайды? Ответ1. заттар бөлшектерден тұрады;
Ответ2. бөлшектер хаосты қозғалыста болады;
Ответ3. бөлшектер бір-бірімен әсерлеседі;
Ответ4. молекулалардың массасы мен өлшемі аз
10. T=267 К температурасы Цельсий шкаласы бойынша қандай температураға сәйкес? Ответ1. Ответ2.
Ответ3. Ответ4.
Диктант пен тесттің Б а ғ а л а у к р и т е р и й і 9-10 балл - «5» 7-8 балл - «4» 4-6 балл - «3» 1-3 балл - «2» Бірін – бірі бағалайды
2. Есеп шығару: Графиктік есептер №1. Суреттегі диаграммаларда қандай үш процесс көрсетілген?( ауызша) Ж: изохоралық, изотермалық, изобаралДеңгейлік есептер І деңгей. Ыдыста қысымы 100 кПа және температурасы 150К-ге тең идеал газ бар. Егер
осы ыдыс көлемі тұрақты болып қалып, ал температурасын 300 К-ге арттырса,
қысым қалай өзгереді?
Бер: р1=100 кПа Шешуі: Т1=150 К p2 = = = 200000 =200 кПа Т2=300 К Т/к: р2=? ІІ деңгей. 1,4·105 Па қысымдағы газы бар ыдысты көлемі 6 л бос ыдыспен жалғады. Осыдан кейін
ыдыстарда 105 Па қысым орнады. Процесс изотермиялық. Бірінші ыдыстың көлемі
қандай?
Бер: р1=1,4*105 Па Шешуі: р2= 105 Па р1 * V1 = р2 * V2 x = = = = 15* м3 = V1 = x =15 л V2 = x + 6 л р1 * x = р2 * (x + 6 л ); р1 * x = р2 * x + р2 * 6 л V1 = ? x ( р1 - р2 ) = р2 * 6 л ІІІ деңгей. Суретте көрсетілген процесті VT және PT диаграммаларында өрнектеңдер.
7. Сабақты қорытындылау-3 минут: Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау. 9. Үй тапсырмасы 1) Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 531, 533-есептер
2) Кестемен жұмыс
Кестеде газ күйінің кейбір параметрлерінің мәндері берілген. Белгісіз параметрлерді анықтаңдар.