Голландия – это страна, которая расположена на берегу Северного моря ниже уровня моря. Если бы не возвышенности и пригорки, то можно было бы подумать, что страна расположена под водой. Постоянная борьба со стихией заставила голландцев ценить свою землю, как зеницу ока. Поэтому им очень нравились картины, на которых были изображены их родные земли. Гора, возвышающаяся над морем, песчаные возвышенности, поля, на которых пасутся животные, мельницы, что на берегу реки – все эти «портреты Родины» художники сумели изобразить на своих шедеврах.
Голландские художники рисовали их на маленькие холсты.
8. Орыс тіліне аударыңыз:
Суретші мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:
– Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.
– Сіз оны айтасыз, - дейді әкесі. Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.
9. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
Практикалық сабақ№18
Мақсаты: мәтін бойынша сан есімді пысықтау;ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;
Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Сөздік жұмысы.
3.Мәтін бойынша жұмыс
4.Жаттығу орындау
Егер рояльда ойнайтын әрбір адам өзін музыкантпын деп ойлайтыны бар, ол бекер; сурет салатын әрбір адам өзін суретшімін деп ойлайтыны бар, ол бекер.
Врубель
Абильхан Кастеев
Абильхан Кастеев — казахский живописец и акварелист, народный художник Казахской ССР, основоположник казахского изобразительного искусства. А.Кастеев родился в 1904 году. С 1929 года по 1931 год Кастеев учился в художественной студии Николая Гавриловича Хлудова. Н. Хлудов тогда жил в Казахстане. Затем с 1934 по 1937 год он продолжил учёбу в Москве, в художественной студии им. Крупской.
Наиболее известные работы А. Кастеева: «Колхозная молочная ферма», «Доение кобылиц», «Уборка хлопка», «Колхозный той», «Насильственный увоз невесты», «Купленная невеста», «Золотое зерно», «Аксайский карьер», «Высокогорный каток Медео», «Турксиб», «Долина Таласа», «Капчагайская степь».А также портреты: Кенесары Касымова, Абая Кунанбаева, Чокана Валиханова, Жамбыл Жабаева. Лучшим его портретом считается — «Портрет Амангельды Иманова».
Многие работы Абильхана Кастеева можно увидеть в Казахской художественной галерее им. Т. Г. Шевченко, в городе Алма-Ата.
А. Кастеев прожил всего 69 лет.
Сөздік
Основоположник – негізін салушы
Продолжил – жалғастырды
Известные – әйгілі
Каток – мұз айдыны
Зерно – дән
Назар аударыңыз!
Сан есім
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдер неше ?, нешеу ?, нешінші ?, қанша ? деген сұрақтарға жауап береді.
Құрамына қарай
|
Дара
|
бір
|
Күрделі
|
он бір
|
Тұлғасына қарай
|
Негізгі
|
қырық
|
Туынды
|
қырқыншы
|
Мағынасына қарай
|
Есептік
|
бір, он, жүз, мың.
|
Реттік
|
бірінші, оныншы, жүзінші, мыңыншы
|
Жинақтық
|
біреу, екеу, үшеу
|
Топтық
|
он - оннан, бес - алтыдан
|
Болжалдық
|
он шақты, алпыстай, жүздеген
|
Бөлшектік
|
оннан бір, екі бүтін оннан үш (2,3)
|
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыз.
4. Кестені пайдалана отырып, Ә. Қастеев туралы әңгіме құрастырыңыз:
1904-жылы
|
Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шөпсін ауылында дүниеге келді
|
1929 жылдан 1931 жылдары
|
Николай Гаврилович Хлудовтың көркем студиясында оқыды
|
1934 – 1937 жылдары
|
Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркем студиясында жалғастырды
|
1944– жылы
|
Қазақстанның халық суретшісі
|
1945 – 1956 жылдары
|
Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы
|
1929–1936 жылдары
|
Москвадағы көркемсурет студияларында Н.Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды
|
1930 –1931 жылдары
|
«Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары
|
1930 –жылы
|
«Мектепте» туындысы
|
1932– жылы
|
«Түрксіб» туындысы
|
1937– жылы
|
Жамбыл портреті
|
1937-1941
|
«Ескі және жаңа тұрмыс» туындысы
|
1945-жылы
|
«Жас Абай» туындысы
|
1954-жылы
|
«Биік таулы мұз айдын» туындысы
|
1958-жылы
|
«Гүл ашқан алма» туындысы
|
1959-жылы
|
«Менің Отаным» туындысы
|
1963-жылы
|
«Жайлаудағы автодүкен» туындысы
|
1970-жылы
|
«Амангелді сарбаздары» туындысы
|
1972-жылы
|
«Қапшағай ГЭС –І» полотносы
|
1973-жылы
|
Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы
|
2. Сұрақтар құрастырып, оларға жауап беріңіз.
3. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазыңдар, мағынасына қарай түрін анықтаңдар.
5. Қазақ тіліне аударыңыз:
Пятиэтажный дом, семь литров, тридцать килограмм, пятый в очереди, двадцатый день, несколько человек, восьмой этаж, третий подъезд.
6. Сан есімдерді пайдалана отырып, сұрақтарға қазақ тілінде ауызша жауап беріңіз:
Сколько учащихся учится на факультете дизайнеров ?
Ты в какой группе учишься ?
Сколько учащихся вашей группе ?
Сколько учащихся сидит в первом ряду ?
Сколько учащихся отсутствует ?
7. Диалогті оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
- Қазақ халқының тұңғыш кәсіби суретшісі кім?
- Әбілхан Қастеев Қазақстанның халық суретшісі, этнограф, әрі зерттеуші, қоғам қайраткері, депутат, пейзажист.
- Ол қай жерде дүниеге келген?
- Ол Жаркент ауданы ,Шөпсін ауылында дүниеге келген.
- Қастеев нешенші жылы туған?
- Ол 1904 жылы дүниеге келген.
- Қастеевтің қандай суреттерін білесің?
- Еңбектері: «Биік мұз айдынында», «Амангелді сарбаздары», «Жас Абай»,«Келін түсіру», «Сатып алынған қалыңдық» т.б.-
- Әбілхан Қастеевтің көп еңбектерін қайдан көруге болады?
- Әбілхан Қастеевтің көп еңбектерін Алматы қаласы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ көркем галереясынан көруге болады.
- Қастеев есімі қалай сақталған?
- Қастеев есімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайына және Қазақстанның бірнеше қалаларындағы көшелерге берілген.
- Қастеев неше жыл өмір сүрді?
- Қастеев 69 жыл өмір сүрді.
- Қазақстандағы көшбасшы белгілі суретшілерінен кімді білесіңдер?
- Орал Таңсықбаев атты суретшіні білемін.
- Таңсықбаевтың қандай суреттерін білесің?
- «Көшпенділер» атты көркем туындысы 1950 жылы Европа Шығыс елдеріндегі көрмелерде ерекше орынға ие болды.
- Тағы қандай суретшілерді білесің?
- Мария Сергеевна Лизогуб 1938 жылы Қазақстанға келген.
- Оның қандай суреттерін білесің?
- Ол көбінесе қазақ әйелдерін басты кейіпкер ретінде бейнеледі. «Ертегілер» , «Таңсәрі» туындысында екі әйелдің таң шапағын бірге қарсы алып тұрған образы сомдалған.
- Әубәкір Ысмаилов, Айша Ғалымбаевалардың қандай суреттерін білесің?
- Әубәкір Ысмаиловтың «Хан тәңірі»; Айша Ғалымбаеваның «Бір кесе қымыз» - атты суреттерін білемін.
- Тағы қандай суретшілерді білесің?
- Сахи Романов, Әмен Хайдаров, Хәкімжан Наурызбаев, Гүлфайруз Исмаилова атты суретшілерді білемін.
- Қазақстанның кәсіби суретшілерінен кімнің көркем туындылары ұнайды?
- Маған Қанафия Телжановтың «Асауға құрық салу», «Көкпар» атты туындылары өте қатты ұнайды.
8. Берілген есептік сан есімдерді реттік, жинақтық, топтық, болжалдық сан есімдерге айналдырыңыздар:
Үш, жеті, тоғыз, қырық, он үш, он алты, он сегіз, жиырма екі, жиырма бес, отыз.
9. Көп нүктенің орнына "ы" немесе "і" әрпін қойып жазыңыз:
Көбейт...ңдер жас...л алқап орманд... ,
Табиғатқа болар қорғанд... .
Табиғаттан ала бермей байл...ғын,
Табиғаттың ойлаң...здар жайл...ғын.
10. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
Практикалық сабақ№19
Мақсаты: мәтін бойынша есмдіктердің түрлерін пысықтау;ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;жаттығу арқылы теориялық білімдерін жетілдіру.
Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Сөздік жұмысы.
3.Мәтін бойынша жұмыс
4.Жаттығу орындау
Өнерде жетістіктен гөрі ниеттің мәні зор,
Суретші ең алдымен шебер емес, қиялшыл.
Сол қиялшылдығы мен ниеті суретшіні қатардағы
ізбасарлар мен еліктеушілерден оқшау дараландырып тұрады.
Сергей Калмыков
Қазақстанның атақты суретшілері
Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнерінде ұлттық сипаттағы символикалық дәстүр жаңаша көзқарасқа ие болды. Бейнелеу өнеріндегі символизм мен концептуализм кейбір суретшілер шығармаларында таңба немесе сызықтар арқылы визуальды-көркем түп нұсқаға айналды. Әбдірашид Сыдыхановтың таңбамен салынған суреттері Қазақстанның кескіндемелік өнерін символизм мен концептуализмге бағыттайды. Қазақстанның рулық таңбаларының графикалық символдарының семантикасы мен эстетикасын зерделеген көркем шығармаларында Ә.Сыдыханов өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді. Суретші өз еңбектерінде ежелгі түркі белгісі – таңбаны жетік пайдаланды.Ал, суретші Амандос Ақанаевтың көркем туындылары күрделі композициялық, трагедиялық психологизмге толы. Суретші А.Ақанаевтың ішкі жан дүниесінен туындаған еңбектері бейбітшілік аңсаған халықтың арманымен ұштасып жатты. «Бұл тынымсыз әлем» атты шығармасында жауыздық, қайғы-қасірет кеңінен суреттелген. А.Ақанаевтың «Мәңгі өлмеу туралы поэма» шығармасында О.Сүлейменовтың портреті сомдалған.
Суретшілер еркін ойлау, түйсіну, сезіну арқылы өзіндік көркем туындыларын жасауда. Атап айтсақ, Қ.Хайрулиннің «Жел ызыңы», А.Бапишевтің «Төрт пайғамбар», А.Қазығұловтың «Дала мадоннасы» сияқты көркем туындылары суретшілердің тақырыпты түйсінуі, сезінуі арқылы суреттелген.
Қазіргі бейнелеу өнері еркін ойлауға жол ашты, тарих бетінің талай жасырын ақтаңдақтары көркем шығарма ретінде дүниеге келді.Қазақстанның суретшілерінің қол жеткізген табыстары бүкіл әлемдік мәдени кеңістіктен көрінуде. Жаңа ғасыр суретшілері бейнелеу өнерінің беделін арттыра беретіні анық.
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтар құрастырыңыз.
2. Сөздіктің көмегімен мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
3. Мәтіннен есімдіктерді тауып , тұлғасына қарай ажыратыңыз.
4. Берілген сын есімдерді есімдіктермен тіркестіріп, сөйлем құрастырыңыз:
биік, ақ, табиғи, жасанды, ұлғаймалы, материалдық, жақсы, белсенді, күшті, құрғақ, ұнтақ тәрізді, қамыр тәрізді.
5. Берілген зат есімдерге есімдіктер қосып сөйлем жасаңыз:
бейне, шығарма, ақыл, өнер, көңіл, , материал, қолдан,технология, , табиғат, кешен.
6. Диалогті оқып, орыс тіліне аударыңыз:
– Суретші не істейді?
– Суретші бейнелейді,орналастырады, суретке жан бітіреді, өз ойын ақ қағазға түсіреді.
– Суретші қандай жанрда сурет салады?
– Суретші тарихи, батальдық, тұрмыстық, анимастикалық, портреттік және пейзаж жанрнда сурет салады.
– Бейнелеу өнерінің қандай түрлерін білесің?
– Бейнелеу өнерінің түрлері – мүсін өнері, кескіндеме өнері, графика өнері, дизайн өнері, сәулет өнері және сәндік қолданбалы өнері .
7. Берілген сөйлемдерде есімдік тауып астын сызыңыз, сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:
Портреттер өзінің сипаты жағынан әр түрлі болады. Сәндік портреттер – адамның сұлулығын, әдемілігін, дәріптеу, оны әсемдік пен сәндікке көрсету, адамдарды күнделікті өмірде көрсету. Ол интимдік, психологиялық портреттер деп аталады.
8. Берілген баяндауыштармен сөйлем құраңдар:
суреттелген, сомдалған, шығарылды,бейнеленді.
9. Көп нүктенің орнына дұрыс жалғауларды қойыңыз.
Пейзаж – табиғат... қарап отырып, айнытпай сурет салу емес, оның мағынасын ашу, шебер... ойын, сезімдерін, көңіл күйін беру. Табиғат еш уақыт... өзгерген емес. Мыңдаған жылдар бойы сол бейнесін... қалып отырады. Тек суретші оны уақыты... қарай бейнелеуі мүмкін. Әр ғасыр... әр суретші оны өзінше түсініп, өмір сүрген уақытына қарай, сол уақыт... қоғамдық құрылысына байланысты бейнелеген.
10. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
Практикалық сабақ№20
Мақсаты: мәтін бойынша етістіктерді пысықтау;ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;жаттығу арқылы теориялық білімдерін жетілдіру.
Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Сөздік жұмысы.
3.Мәтін бойынша жұмыс
4.Жаттығу орындау
Суретшілер жер қойнауында жатып та,
кейінгі ұрпақпен тілдесе алады
Винсент Ван Гог.
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері негізіне кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарда безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді. Кескіндеме түрлі түсті бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады.
Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді – сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ .
Тапсырмалар
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтар құрастырыңыз.
2. Сөздіктің көмегімен мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
3. Диалогті оқып, орыс тіліне аударыңыз:
– Бейнелеу өнерінің қандай жанрларын білесің?
- Портрет, натюрморт, пейзаж, анималистік тұрмыстық және тарихи жанрларды білемін.
- Қастеевтің табиғат туралы қандай суреттерін білесің?
- Ә.Қастеевтің «Шәлкөде жайлауы» - атты суретін білемін.
- Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін ата?
- Құс қанаты, қошқар мүйіз, қызғалдақ, тұмарша, тарақ, ботамойын, ботакөз ою- өрнектерін білемін .
- Бейнелеу өнерінің түрлерін ажырата білесің бе?
- Графика өнері ,сәндік-қолданбалы өнері , живопись өнері, сәулет өнері (архитектура), мүсін өнері (скульптура).
- Живопись өнері қандай түрге бөлінеді?
- Живопись өнері - станокты,монументальды болып бөлінеді.
- Мүсін өнері қандай түрге бөлінеді?
- Мүсін өнері- көлемді, рельефті болып бөлінеді.
- Сәндік өнері қандай түрге бөлінеді?
- Сәндік өнері – қолданбалы өнер, сәулет өнері болып бөлінеді.
- Бейнелеу өнерінің қандай жанрларын білесің
- Бейнелеу өнерінің жанрлары – портрет, пейзаж, натюрморт, марина, мифологиялық, анималистік,тұрмыстық және тарихи.
4. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын қойыңыз:
Суретші... негізгі және басты міндеті – бояу... , қалам ізін, мәрмәр мен қолан... жанды бейне... айналдыра білу. Кез-келген картина, оның ішінде портрет те бар, суретші... жанында көптеген әсерлердің қосылуындағы образдар... туындайды, бояуға да, не мәрмәр... да еш ұқсамайды. Әрбір суретші ішкі сыр... сыртқы ортақ тіл.... «аударумен» айналысады.
5. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті етістікті қойыңыз:
Пейзаж – табиғатқа қарап... , айнытпай сурет салу емес, оның мағынасын ашу, шебердің ойын, сезімдерін, көңіл күйін.... . Табиғат еш уақытта ... . Мыңдаған жылдар бойы сол бейнесінде ... . Тек суретші оны уақытына қарай ... мүмкін. Әр ғасырда әр суретші оны өзінше ... , өмір сүрген уақытына қарай, сол уақыттың қоғамдық құрылысына байланысты ... .
Керекті сөздер:(қалып отырады ,беру, өзгерген емес,бейнелеуі,түсініп,отырып,бейнелеген)
6. Берілген сөйлемдерде тұрлаусыз және тұрлаулы мүшелердің астын сызыңыз,сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:
Бейнелеу өнеріне- живопись, графика, скульптура сәндік қолданбалы өнер жатады. Олар: тарихи, тұрмыстық, батальдық , пейзаж және натюрморт секілді түрлі жанрларға бөлінеді. Әрбір жанрдың өзіндік ерекшеліктері бар. Бейнелеу өнерінің барлық түрлері мен жанрлары өмір шындығын шынайы түрде бейнелейді.
7. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:
Современные художники иногда работают заостренной под «лопаточку» спичкой, для удобства вставленной в цанговый карандаш. Такой прием дает очень живой, бархатистый штрих. В зависимости от того, под каким углом проходит линия, ее выразительность меняется от тяжеловесной, толстой до скальпельно-тонкой, детальной. Техника исполнения тушью довольно активна по изобразительному языку: тщательная и точная проработка пером, заливка с помощью кисти тонкими тональными градациями, их контраст с белой (или слегка тонированной) бумагой — все это дает художнику большие творческие возможности.
8. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:
Әбілхан қол өнеріне, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша тоқуға, сырмақ сыруға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған «Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның «Биік таулы мұз айдын» , «Гүл ашқан алма» , «Менің Отаным» , «Қапшағай ГЭС –І» сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
9. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
Практикалық сабақ№21,22
Мақсаты: мәтін бойынша етістіктін мағналық ерекше түрлерін есімше мен көсемшені пысықтау;ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;жаттығу арқылы теориялық білімдерін жетілдіру.
Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Сөздік жұмысы.
3.Мәтін бойынша жұмыс
4.Жаттығу орындау
1.Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті етістікті қойып, орыс тіліне аударыңыз:
Портрет – адам бейнесін ... көркем шығарма. Адам баласы ерте заманнан айналасын .... табиғатты, жан-дүниесін,адам бейнесін ... қызықты. Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел ... .Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге ... . Белгілі мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын ... ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ. Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен ... .Олар Айша Ғалымбаева,Сахи Романов,Молдахмет Кенбаев т.б. Портеттің тағы бір түрі ... ,ол- автопортрет, яғни суретшінің өзін-өзі бейнелеуі.
Керекті сөздер: бейнелеуі, көзге түскен, бейнелейтін, келген, қоршаған, болады, бейнелеу, салуға, бола алады.
Мына етістіктерден бұрынғы өткен шақ формасын жасаңыз:
қондыру, жүзеге асыру, болу, бөліну, тұру, қолдану.
2. Берілген етістіктерді жедел, ежелгі, бұрынғы, ауыспалы өткен шақта жіктеңіз:
пайдалану, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, сақтау
3. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, нақ осы шақ формасын жасаңыз:
салынып жатыр, қалап тұр етістіктерін жекеше, көпше түрде жіктеңіз
4. Сөйлемдердегі етістіктерді нақ осы шақ формасына қойыңыз:
Біздің қалада қоршаған ортаны қорғау бойынша жобада ескерілген шараларды қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінеді.Шеберлер өздерінің шығармаларында бас кейіпкерлерін әдетте қақ ортаға орналастырған. Әрленетін беттерге бояу құрамы қолмен және механикаланған тәсілмен қондырылады. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Суретті салғанда композициялық жағынан дұрыс орналасуын қадағалаймыз.
5. Қазақ тіліне аударыңыз:
Любой, даже самый мастерски исполненный рисунок можно испортить неправильной композицией. Композиция — это не только умение грамотно расположить объекты в плоскости рисунка, объединить их в единое целое, но и умение заинтересовать зрителя, привлечь его взгляд к своей работе. Чаще всего художник находит правильную композицию по наитию, это надо чувствовать, но это не значит, что этому нельзя научиться.
6. Көсемшелерді етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістіктер жаса.
Практикалық сабақ№23
Мақсаты: мәтін арқылы тілдері дамыту;ауызекі сөйлеуге дағдыландыру;танымдық қабілеттерін арттыру.
Көрнекіліктер :мәтін,сөздік
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Сөздік жұмысы.
3.Мәтін бойынша жұмыс
1.Оқыңыз, мәтінге ат қойыңыз.
Жұмыс сапасына түстерді сауатты түрде қолдана білгенде ғана әдемі суретке қол жекткізе аламыз. Ол үшін түстік спектр шеңберіне тоқталып қасиеттерін білуіміз керек. Олар: негізгі , қосынды, ахроматикалық, хроматикалық, салқын, жылы, қосымша, контраст (қарама-қарсы) болып бөлінеді.
Негізгі түстерге - қызыл, сары, көк түстер жатады. Бұл түстер бояу қосындыларынан алынбайды. Қосынды түстер деп негізгі түстерді бір-біріне қосу арқылы алынатын түстерді айтамыз. Мысалы: сары мен көк түстерден жасыл, қызыл мен сары түстерден қызғылт сары түсті, көк пен қызыл түстерден сия көк түсті алуға болады.
Ахроматикалық түстерге түссіз түстер: ақ ,сұр, қара түстерінің реңдері жатады Хроматикалық түстерге - түрлі түстердің бәрі жатады. Контраст түстер яғни қарама-қарсы түстер. Мысалы: қара-ақ; қара-сары; қара-қызыл; көк-ақ; көк-сары т.б.
Салқын түстер деп мұз, қар, су, аспан түстерін яғни көгілдір, көк, күлгін , көкшіл жасыл түстерін айтамыз. Жылы түстер деп күннің, оттың, қызған темірдің түстерін яғни сары, қызғылт - сары, сарғыш - жасыл, қоңыр түстерін жатқызамыз.
2. Оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз:
– Суретші не істейді?
– Суретші бейнелейді,орналастырады, суретке жан бітіреді, өз ойын ақ қағазға түсіреді.
– Суретші қандай жанрда сурет салады?
– Суретші тарихи, батальдық, тұрмыстық, анимастикалық, портреттік жанрда сурет салады.
– Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
– Бейнелеу өнерінің түрлері – мүсін өнері, ,кескіндеме өнері, графика өнері, дизайн өнері, сәулет өнері.
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
В наше время у многих людей появилась возможность строить дома и приобретать новые квартиры. Самим или с помощью дизайнеров и художников создавать индивидуальные интерьеры. Неотьемлимой частью современного интерьера являются росписи стен и потолков, декоративных панелей. Особый шарм, неповторимость и изысканность придаёт интерьеру расписная мебель. Возвращение к традициям украшения интерьеров расписной мебелью, открывает возможность выполнения самых, необыкновенных идей. Расписная мебель является ярким акцентом в интерьере, придавая дому изысканность и теплоту. Натюрморт на протяжении многих веков является неотьемлимой частью интерьера
4. «Натюрморт»сөзіне синквейн құрастырыңыз.
5.Мәтін бойынша Венн диаграммасын құрастыру.
Практикалық сабақ№24
Мақсаты: морфология саласы бойынша білімдерін қорытындылау..
Көрнекіліктер : бақылау парағы,сөздік
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Бақылау жұмысы.
3.Сабақты қорытындылау.
1. Берілген зат есімдерден сын есімдер жасаңыз:
бейне, шығарма, ақыл, өнер, көңіл, құрғақ, ұнтақ тәрізді, қамыр тәрізді.
2. Мына мақал – мәтелдерді жалғастыр.
а) Өнерлінің өзегі ..........
ә) Сабағы жаман жемістің ..... ........
б) ....рет өлшеп, ... рет піш.
3.Сөйлемдерді аяқтаңыз, орыс тіліне аударыңыз :
а) Живопись станоктік және монументтік деп ... ...
б) Мұндай әдісті ... ... ....
в) Қайта өрлеу дәуірінің ....
г) Живопись - ең бір ... ...
4. Берілген сөздерді септеңіз:
оқымысты, қарындаш ,суретші.
5.Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз:
құстар, сүйсіне, азаттық, жаппай, дағдылы, тәсіл, басқыншы, табиғат,сүйіспеншілік.
6. Берілген сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріңіз:
Биік, ақ, табиғи, жасанды, ұлғаймалы, материалдық, жақсы, белсенді, күшті, құрғақ, ұнтақ тәрізді, қамыр тәрізді.
7. Мына етістіктерді мақсатты, болжалды, ауыспалы осы шақта жіктеңіз:
орындау, салыстыру, бейнелеу,дайындау.
8. Есімдіктерді септеңіз:
ешкім, барлық
9. Қазақ тіліне аударыңыз:
Пятиэтажный дом, семь литров, тридцать килограмм, пятый в очереди, двадцатый день, несколько человек, восьмой этаж, третий подъезд.
10.Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті етістікті қойыңыз:
Пейзаж – табиғатқа қарап... , айнытпай сурет салу емес, оның мағынасын ашу, шебердің ойын, сезімдерін, көңіл күйін.... . Табиғат еш уақытта ... . Мыңдаған жылдар бойы сол бейнесінде ... . Тек суретші оны уақытына қарай ... мүмкін. Әр ғасырда әр суретші оны өзінше ... , өмір сүрген уақытына қарай, сол уақыттың қоғамдық құрылысына байланысты ... .
Практикалық сабақ№25
Мақсаты: синтаксис саласы бойынша білімдерін қорытындылау;сөз тіркесінің грамматикалық қасиеттерін жатттығу арқылы жетілдіру;
Көрнекіліктер : қима қағаздар,сөздік,мәтін
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Жаттығу жұмысы.
3.Сабақты қорытындылау.
1 нұсқа
1.Синонимдік қатарды табыңыздар.
1.уақыт-әйгілі-әлпет
2.қария-қарт-кәрі
3.атақты-ант-заман
4.уәде-жүз-танымал
5.бет-мезгіл-серт
2.Антоним сөздерді жұптастырыңыздар
1.соғыс аласа
2.биік ояну
3.қате жоқ
4.бар дұрыс
5.ұйықтау бейбітшілік
3.Омоним бола алатын сөзді табыңыздар, мысал келтіріңздер
1.бас
2.кітап
3.жастық
4.жас
5.патша
4.Сөздердің қайсысы тура, қайсысы ауыспалы мағынаға жататынын ажыратыңыздар
5.Зат есім түрлерін ажыратыңыздар
мысалдар
|
түбір
|
туынды
|
күрделі
|
жалпы
|
жалқы
|
Нұргүл
|
|
|
|
|
|
оқушы
|
|
|
|
|
|
қала
|
|
|
|
|
|
Ақтөбе
|
|
|
|
|
|
етікші
|
|
|
|
|
|
6. Үлгідегідей жалғастырыңыздар
Үлгі: әнші (жіктік жалғау, 2 жақ) әнші+сің
1.үй (тәуелдік жалғау, 1-жақ жекеше+ілік септігі)
2.құрылысшы (көптік жалғау+тәуелдік, 2-жақ сыпайы+барыс)
3.мектеп (көптік+тәуелдік, 3-жақ көпше+шығыс септік+жіктік, 1-жақ, көпше түр)
4.ойыншық (тәуелдік, 1-жақ, жекеше+барыс септігі)
5.қала (көптік+тәуелдік, 3-жақ+жатыс септік)
1.ашық есік
2.ашық мінез
3.жылы сөз
4.жылы су
5.темір тәртіп
6.темір күрек
7.ауыр жүк
8.ауыр мінез
7.Сөйлем мүшесіне талдау жасаңыздар.
Ертең досымен қонаққа барады. Төменде інісі күтіп тұр. Мектепте Айман апасына көмектесті.
8.Есімдік түрлерін ажыратыңыздар
мысалдар
|
жіктеу
|
сілтеу
|
сұрау
|
өздік
|
белгісіздік
|
жалпылау
|
болымсыздық
|
сіздер
|
|
|
|
|
|
|
|
неше?
|
|
|
|
|
|
|
|
осы
|
|
|
|
|
|
|
|
біреу
|
|
|
|
|
|
|
|
9.Кестені толтырыңыз
Тәтті, таулы, қатты, қышқыл, кең, сары, биік, көгілдір, жап-жасыл, мықты
10. Кестені толтырыңыз.
|
реттік
|
жинақтық
|
топтау
|
болжалдық
|
2
4
6
10
|
екінші
______________
______________
______________
|
______________
______________
алтау
____________
|
______________
______________
______________
он-оннан
|
______________
төрттерде
___________
______________
|
II нұсқа
1.Синонимдік қатарды табыңыздар
зақ-шалғай
2.сөз-аспан-сабыр
3.уақыт-мезгіл-дәуір
4.жаңа-жанар-жақсы
5.тәуелсіздік-егемендік-дербес
2.Антоним сөздерді жұптастырыңыздар
1.салқын алыс
2.жақын төмен
3.жаңа арық
4.семіз жылы
5.аласа ескі
3.Омоним бола алатын сөзді табыңыздар, мысал келтіріңздер
1.бет
2.салқын
3.ара
4.жүз
5.кітап
4. Сөздердің қайсысы тура, қайсысы ауыспалы мағынаға жататынын ажыратыңыздар
.өткір көз
2.өткір пышақ
3.қатты ағаш
4.қатты нан
5.суық сөз
6 суық күн
5.Үлгідегідей жалғастырыңыздар
Үлгі: оқушы (жіктік жалғау, 2 жақ) оқушы+сың
1.дәрігер (тәуелдік жалғау, 1-жақ жекеше+ілік септігі)
2.мұғалім (көптік жалғау+тәуелдік, 2-жақ сыпайы+барыс)
3.көмекші (көптік+тәуелдік, 3-жақ көпше+шығыс септік+жіктік, 1-жақ, көпше түр)
4.доп (тәуелдік, 1-жақ, жекеше+барыс септігі)
5.жастық (көптік+тәуелдік, 3-жақ+жатыс септік)
6.Сөйлем мүшесіне талдау жасаңыздар.
Әжесі немересіне күлімсірей қарады. Атасы тоқсанында шөбере сүйді. Үй-іші ауылдан бүгін оралды.
7.Етістік түрлерін ажыратыңыздар
мысалдар
|
дара
|
күрделі
|
болымды
|
болымсыз
|
келген едім
|
|
|
|
|
дайындалмады
|
|
|
|
|
естіледі
|
|
|
|
|
барған жоқ
|
|
|
|
|
айтылды
|
|
|
|
|
8.Кестені толтырыңыздар.
Жай шырай
|
салыстырмалы
|
күшейтпелі
|
асырмалы
|
аласа
жеңіл
көк
ескі
|
аласалау
______________
______________
______________
|
______________
______________
____________
______________
|
______________
______________
______________
______________
|
9.Төмендегі сөздерді дұрыстап жазып, сөйлем құраңыздар
1.бүгүңгү______________________________________
2.жұмұшшы____________________________________
3.күндүзгү ______________________________________
10.Көп нүктенің орнына үстеу сөздерді қойып, түрлерін ажыратыңыздар
1.........ауылға қонақтар келетін болыпты.
2.Марат .........білмегенсіді.
3.Ол......... отырды.
4.Мен ........әуре болыппын
5.Антон..........жақсы сөйлейді Керекті сөздер: (жорта, төмен, бекерге, қазақша, ерт
Практикалық сабақ №25
Достарыңызбен бөлісу: |